«Мемлекеттік тіл – мәртебеміз!»

Сарыарқаның төрінде Астана қаласының қақ ортасында Қазақ-Ресей университетінде өзге ұлт балалары мен жастары арасында «Мемлекеттік тіл – мәртебеміз» memlekettik tilатты республикалық байқау өтті. Байқауға он төрт облыс орталықтарынан топ жарып шыққан 14 жасқа дейінгі және 15-22 жас аралығындағы  жасөспірімдер қатысты. Барлық қатысушылардың мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігі, олардың барлығы дерлік бұл байқауға өте жақсы дайындалғандығы айқын көрініп тұрды.

Кең байтақ қазақ жерін мекен еткен әрбір ұлттың балалары туралы қызықты әңгіме өрбіту көптен ойда жүрген. Әсіресе, кішкентай балалардың қазақ тілін қазақтан кем білмейтіні, сөйлегенде мақалдатып, мәтелдетіп, өзіңді жаңылдырардай «жұмсақ» тілді өзге ұлт өкілдерін көргенде солар туралы біле түскің келеді. Қазақша сөйлеуді өзіне ар санап немесе қиынсынып жүрген қандастарды көргенде, мына балаларды үлгі тұтқың келеді. Бүгін соның реті келген сияқты. Соның бірі –Қызылорда облысынан келген 10 жасар Фролова Валерия бірінші орынды ұтып алып, ноутбукқа ие болды. Ұлты орыс болса да, ол сөйлегенде қазақылықтың лебі есіп тұрды. Шығыс Қазақстан облысынан келген 11 жасар Дураченко Галинаға екінші орынды ұтып алғаны үшін бейнекамера бердік. Павлодар облысынан келген 12 жастағы  Котельников Артем үшінші орынды жеңіп алып, фотоапаратты қанжығасына байлады.

15-22 жас аралығындағы қатысушылар арасынан Шығыс Қазақстан облысынан келген шешен ұлтының өкілі – 16 жастағы Махмудов Леча бірінші орынды ұтып алды. Солтүстік Қазақстан облысынан келген 15 жастағы Гедзур Екатерина екінші орынды алcа, 17 жастағы атыраулық Жандина Светлана үшінші орынды иеленді. 1-ші айналымда «Өзін-өзі таныстыру», 2-ші айналым «Сұрақ-жауап сайысы», 3-ші айналым «Көркем сөз оқу» сайысы, 4-ші айналым «Дыбыстық өңдеу» сайысы, 5-ші айналым «Өнер сайысы» болды. Бір-бірінен асып түсетін қатысушыларға әділ баға берудің өзі оңай емес екен. Бәйгеге қатысушылардың кейбірі қуанғанынан төбелері көкке жеткендей мәз-мейрам, кейбіреуі жеңіліп қалғандарынан жылап жүр. «Қазақ тілін мен жақсы білемін» деп жылаған өзге ұлт өкілін көргенде, біртүрлі ішің жылып сала береді екен. Қалай болғанда да барлығына мақтау қағазы мен әртүрлі кітаптар сыйладық. Ешқайсысын ренжітпеуге барымызды салдық. «Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады» демекші, оларды алып келген апайларға «Елбасы және Мемлекеттік тіл» атты кітап сыйладық.

«Мемлекеттік тіл – мәртебеміз» конкурсының ұйымдастырушылары – Қазақ-Ресей университетінің әкімшілігі Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген memlekettik tilқатысушыларды қонақ үйге орналастырып, Астана қаласының көрнекті жерлерін, сонымен қатар, Астанадан 35 шақырым жердегі Ақмоладағы «АЛЖИР» мұражайын көрсетті. Осылай өзге ұлт балаларына қамқорлық танытып, олардың мемлекеттік тілді үйренуіне жағдай жасап, әртүрлі байқаулар ұйымдастырып, іс-шараларға қатыстырып, өз ортамызға тарту қажеттігіне тағы бір көз жеткіздік. Сонда ғана олардың арасынан нағыз Қазақ елінің патриоты шығуы ықтимал. Осы елдің егесі қазақ болғанымен, арамызда өзге ұлт өкілдері бізбен бірге өмір сүріп жатқанын ұмытпауымыз керек. Өйткені бүгінгі таңда, жаһандану кезеңінде ұлттық тіліміздің ата-бабамыздан келе жатқан сыры мен сипатын бірте-бірте жоғалтып алмаймыз ба деген үлкен қауіп жоқ емес. Бүгінгі қазақ қоғамының билік жүйесінде де қазақтарды орыстанған қазақтар арқылы тұқырту саясаты жүзеге асырылып жатыр. Өз тіліне, рухани мәдениетіне бейқам қарай алмайтын нағыз ұлтжанды, елжанды, мемлекетшіл азаматтарға «құлағың қайсы?» десе, мұрнын көрсететін, ана тілінде екі ауыз сөздің басын құрап айта айта алмайтын орыстілді қазақтар бастық боп отыр. Бұл рухы, жаны қазақ азаматтарды рухани өлтіру деген сөз. Өйткені, олар бастығының ыңғайына жығылып, орысша сөйлеуге мәжбүр. Бұл өте сұмдық жағдай. Әйтпесе, оңтүстік көршіміз Өзбекстанда өзбек тілін білмей тұрып лауазымды қызметке қол жеткізген бір адам бар ма? Әрине жоқ. Бұл үрдіс әлемнің барлық елдерінде толық қалыптасқан. Тек бізде ғана баласын қазақ мектебінде оқытып жатқан бірде-бір министр немесе әкім-қара жоқ. Өйткені оларға қазақ тілінің керегі шамалы. Қазақша сөйлемейтін елді Қазақстан деп айтуға тілім бармайды. Бүгінгі жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге ұлттардың да қазақ тіліне деген құрметін көре тұра, біле тұра, қазақ тілін өз тұғырына қондыруға неге құлықсызбыз деген сауал тұрды…

Қазақ-Ресей университетінде өткен байқау ғалым-ұстаздар арасында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – мәртебеміз» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты.

 Жұмамұрат  Шәмші

 

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

25 комментариев

  1. Ержанова Клара :

    Міне, кеше ғана Бейбітшілік және келісім сарайында концертте қасымда осы Жұмамұрат Шәмші деген азамат отырды. Ой айналайын керемет мақала жазады екенсің. Нағыз қазақ домбыра емес, сен екенсің. Мұхтар Шаханов сияқты қазақ тілін қолдап жүрсең, жаман болмайсың балам. Менің жасым 78-де болсадағы әлі шауып жүрмін қазақ үшін, әнші әжелер ансамблін басқарамын.
    Саған балам шығармашылық табыс тілеймін. Көп жаса, өркенің өссін.

  2. Жадыра :

    Өте маңызды тақырыпты көтергеніңізге мың алғыс. Біз сондай қазақпыз, өзге ұлттың екеуі қазақша сөйлегеніне бола бөркімізді көкке лақтырған, біз сондай қазақпыз өзге ұлтқа жалынып тілімізді уйреткен, ия біз сондай надан халықпыз! Не себепті біз осындаймыз деген ой әр қазақтын журегін ауыртқанымен, орыстанған қазақтарымыздың ойына да келмейтін құбылыс. Тәрбиенің отбасынан басталатынын ескерсек, болашақ ұрпақтың ана тілін суйіп, насихаттауына үлкен үлес қосу әр ата ананың парызы деп білемін! Қарапайым мысал: менің інім бала бақшанының орыс тобына барады, (қазақ тобында орын болмауы себепті) бірақ, бала екі тілде еркін сөйлейді, ойын алдымен қазақ тілінде, содан кейін, орыс тілінде жеткізеді. Не себепті сен бірінші қазақша жауап бересің деген тәрбиешісіне, мен ҚАЗАҚпын, ол менің АНА ТІЛІМ деп жауап берген. Бұл ұлтшылдық емес, бұл баланың санасына, тәрбиемен келген насихат. Сөзімді түйіндей отырып айтарым, өз тілімізге деген құрметті, өз міндетіміз деп білейік!

  3. Order Canada Amoxicillin 500mg Capsule Buy Now Tab Isotretinoin Isotret Mastercard Cod Cialis A Vendre cialis Priligy Dapoxetina Generico 60 Mg Donde Comprar Cialis Lilly Viagra Einzelne Pillen Kaufen

  4. buy cialis online us
    [url=http://cialisgengrx.com/#]cheap cialis[/url]
    mexico cialis generic
    buy cialis online

  5. which viagra is right for me
    http://viagragenups.com/#

  6. VianorFinna :

    online daily better erections

    85d3 online virginia

  7. LeonidaFinna :

    i use it wholesalers of online

    370d online price in jeddah

    370d

  8. VadimFinna :

    online from india

    8c5f prix de online le ru

  9. NordFinna :

    online para aguantar mas

    0da9 cheap online tesco

  10. NordFinna :

    se il online non fa effett

    0da9 online onlineo svizzera

  11. NordFinna :

    commander du online en ligne

    0da9 onlineo online espana

  12. NordFinna :

    online rx in canada

    0da9 online fur frauen kaufen

  13. DorianaFinna :

    will 25 mg is work

    1a96 being is ohne rezept

  14. DorianaFinna :

    is jet lag cure

    1a96 free find is be

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


6 + = 7