Күйеуімнің досына ғашықпын…

Jumbaq qyzСәлеметсіз бе, Ақжүніс!

Осы журнал жарыққа шыққалы әр санын алып, оқып жүрмін. Басылымдарыңыз адам тағдырына көбірек мән береді, сонысымен қызықты. Өмірде әртүрлі тағдырды көріп, естіп жүрміз. Өмір жолдары шиырланған, тағдыры бұралаң адамдарға жаным ашиды. Ал бақытты адамдардың баянды өмірлеріне қызыға қараймын…

Менің тағдырым да кіші-гірім хикая. Сол өмірімнен сіздерге қысқа ғана баян етейін, қалғанын өздеріңіз таразылай жатарсыздар…

Мен бір ұл, бес қыздың ортаншысы болып өстім. Алла тағала маған көрік, сымбатты аямай берген. Бұған мың алғыс. Шынымды айтсам, ер адамдардың көзінің құрты болдым. Қыдыруға  әуес болғандықтан жұрт мені жеңіл жүрісті бикештердің қатарына қосты. Бірақ мен ондай болған жоқпын. Өзімнің не істеп жүргенімді жақсы білемін. Жаным, тәнім нені қалайды, соны істеймін. Өзімді ештеңеден шеттеткім келмейді. Елдің өсегіне қаламын деген ой менде ешқашан болған емес. Өзіме ұнаған жігіттермен еркін сөйлесе беретінмін.

Мектепті бітірген соң өзімнен алты жас үлкен жігітпен жүрдім. Екеуіміз бір-бірімізді өте қатты жақсы көрдік. Ол азаматты сүйгенім соншалық, қыздардың асылы саналатын абыройымды, пәктігімді сыйладым. Сонымен, не керек, сол сүйген жігітіммен келіспей қалып, сөз айтып соңымнан қалмай жүрген өзімнен үш жас үлкен көрші ауылдың жігітіне тұрмысқа шығып, махаббатымды сатып кеттім. Уақыт өте келе  бір ұл, бір қыз таптым. Күйеуіме өліп-өшкен махаббат сезімі болған емес, тек сүйгеніме ерегісіп шыға салдым. Осылайша, енді менің өмірімде махаббат деген ұғымға жол жоқ, ондай сезімді ендігәрі сезінбеймін деп жүргенде, тұрмыс құрғанымызға алты жыл уақыт өтіпті. Бірақ осы алты жыл мен үшін қызықсыз өткендей. Бірқалыпты, сүреңсіз де суық өмір. Тек екі балам үшін өмір сүргендеймін. Өзіме жылу сыйлайтын тәтті сезім жоқ. Неткен жалықтыратын, қызықсыз өмір…

Мен сол өміріме көнгендей болғанмын. Бірақ, жүрек шіркін көне алмапты… Күндердің күнінде күйеуімнің досына ғашық болдым. Ол азамат мені несімен баурап алғанын білмеймін. Сөйтіп, ол жігітпен көңіл қосып, бірге жүрдік. Күйеуімнің досы болғандықтан жұрт бізді елемеді. Той-томалаққа, отырысқа тек сол үшін баратын болдым. Ол жоқ болса елегізіп, жалғызсырап қаламын. Ол азаматты кез-келген адамнан, тіпті туған қарындасынан қызғанатын жағдайға дейін жеттім. Біздің көңілдес екенімізді ешкім білген жоқ. Ол жігіттен аяғым ауырлап, дүниеге кішкентай қыз әкелдім. Босанғаннан кейін әлгі азаматтан жыл жарымдай қашқақтап, кездесуден бас тартып жүрдім. Ал ол болса мені аңдып, баласын көру үшін кездесудің жолын іздеді. Ол жігітті қатты сүйгендіктен, бір күні қайта кездестім және сол күннен бастап бұрынғы жүрісімізге қайта бастық. Ал өмірге әкелген баламды өз күйеуім өзгенікі екенін білмеді. Оның қуанышында шек болмады. Мені бұрынғыдан да қатты жақсы көрді. Ал мен, керісінше, оны көрсем құбыжық көргендей әсерде боламын. Өзім сүйген жігіт екеуміз бір-бірімізді жақсы көреміз. Ол менің өміріме жаңа тыныс әкелгендей болды. Қазір ол екеуміз анда-санда кездесіп тұрамыз. Ол маған «сені екі балаңмен аламын… үшіншісі онсыз да өз балам…» дейді. Күйеуіммен ажырасып, өзіне тұрмысқа шыққанымды қалайды. Өзі мен жайында үй-ішіне айтып қойған да екен. Бірақ мен оның отбасынан қатты қорқамын, ұяламын, ынғайсызданамын. Ертең мені қабылдамай қойса қайтемін? Ал өзімнің күйеуім бұл жайында әлі білмейді. Егер ол естісе не боларын кім білсін?!. Иә, сұмдық!..

Бірақ әйтеуір күндердін күнінде біледі ғой бар шындықты. Өзімнің қателік жасағанымды жақсы білемін, күнәлі екенімді де білемін. Бұл жүрісімнің түбі жақсылыққа апармайтынын да білемін…

Не істеймін?..

Сәлеммен,

Жұмбақ қыз

«Ақжүніс-Астана» журналы

* * *

Жибек АбдилхановаЕсіңді жи, Жұмбақ қыз!

Жұмбақ қыз! Сенің хатыңды оқып отырып, қайран қалдым…
Қазақ қыздарының бойындағы қайран асыл қасиеттер-ай! Бұл өмір не боп барады? Жарық күнде адасып, енді қайтсем екен деп жол таба алмай тығырыққа тірелуіңе өзің кінәлі емессің бе? Есі дұрыс адам ай-күннің аманында өз өміріне өзі балта шауып, кек алу мақсатында тұрмысқа шыға салушы ма еді? Өз тағдырыңды өзің ойыншық етіп, өмір сүруге немқұрайды қарауға болмайды ғой, қарағым. Өз өміріңді ойран еткеніңмен қоймай, сен қанша адамның тағдырымен ойнап отырғаныңды түсінесің бе? Қазір балаларың жас, ешнәрсе түсінбейді. Ертең ұл-қызың өскенде олардың бетіне қалай қарайсың? Оларға қандай тәрбие бересің? Басқаны былай қойғанда, өз арыңның алдында, Алла алдында жауап беретін кез келетінін түсінбейсің-ау, сірә?
Тағдырыңмен жақсылап ойнаған екенсің, енді тағдырың сенімен есеп айырысатынын білгейсің… Қазір үш баланың анасысың, сенің басыңда осы балаларды қалай дұрыс тәрбиелеп, мықты азамат етіп шығарамын деген ой тұруы керек.
«Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтылмаған. Ананың арқалайтын жүгі өте ауыр. Баласы үшін бар өмірін сарп еткен аналар өмірі мен тағдыры саған үлгі болуы керек. Өмірде өз орныңды таба алмай адасқан екенсің, енді есіңді жи. Жіберген қатеңді түзеп, нәпсімен күресіп, оны жеңіп шығу да ерлік. «Он еркек толтыра алмаған үйді ақылды бір әйел толтырады» дейді екен. Шаңырағыңды шайқалтпай, жарыңа адал, балаларыңа тірек бола білгейсің, қарағым.

Жібек ӘБДІЛХАНОВА

* * *

Бақытыңды бағала…Жарыс Оразбайулы

Аяулы Жұмбақ қыз!

Алла Тағала «адам баласының санасын өзіне қалдырдым» дейді. Бізге сынақ етіп берілген қамшының сабындай қысқа өмірде  сан алуан тағдыр жатыр емес пе?! Өмірге әкелу мен әкетуді Алланың жазуы десек, ал тағдыр – адамның өзіне байланысты дүние. Сіз «махаббатымды сатып, сүйгеніме ерегесіп, басқа біруге күйеуге шыға салдым…» дейсіз. Бәлкім, сол кезде сабырлық танытып ақылға жеңдірсеңіз, өмірдің өрнегі басқаша болар ма еді, кім білсін?! Бірақ өткен іс өтті. Енді келер күннің таңы несімен тәтті дерсіз? Бауырыңызда бала, қасыңызда өзіңізді өлердей сүйген жар тұрғанда, басқа бақытты аңсаудың қажеті қанша?
Жарайды, күйеуіңізбен ажырасып, оның досына күйеуге шықтыңыз делік. Өзінің жан досына қиянат жасап, оның келіншегіне көз сүзген адам, ертең сіздің де жан құрбыңызға көз сүзбесіне кім кепілдік бере алар дейсіз? Сонда ол қандай әке болмақ?! Ажырасу жайлы және оның себебі жайлы сөз болғанда күйеуіңіздің ғана емес, үш баланың да өмірі ойран, тағдыры талқан болуы мүмкін ғой. Сонда екі балаңыздың әкесінің шәйі орамалдық құны болмағаны ма? Мен сізді зәредей де кінәлайын деп отырған жоқпын. Ертең ұлыңыз ержетіп, қызыңыз бойжеткенде қандай тәрбие бересіз?! Ендеше өзімшіл мүдде мен нәпсіге ерік бере бермей, күйеуіңіздің көзіне шөп салуды тоқтатып, алып-ұшқан желөкпе ойлардан арылып, ақылға салып, сабырға жеңдіріңіз. Басыңыздағы бақытыңызды бағалай біліңіз…
Мен сізге сенемін! «Араларыңыздағы мен жақсы көретін адам – өзін-өзі ұстай алатын мықты адам» дейді пайғамбар өз хадисінде…

Жарыс ОРАЗБАЙҰЛЫ

* * *

Перзенттеріңді ойла…

Сәлеметсің бе, Жұмбақ қыз!
Хатыңды оқып, саған жаным ашып отыр. Өткен іс өтті. Өкінішпен еш нәрсе шеше алмасың анық. Сондықтан еңсеңді көтеріп, әрі қарай өмір сүр. Бұл жағдайға кінәлі екенмін деп нали берме. Әлі-ақ бәрі жақсы болып кетеді. Біздің қолымыздан келері – тек жұбату.
Жаның қаламаған жігітпен өмір сүру қиын, әрине. Бірақ сен бұл туралы ол адамға тұрмысқа шықпай тұрып ойлануың керек еді. Онымен бас қосқан екенсің, одан екі перзент сүйген екенсің, ендігі жерде сен ол адамға балаларыңның әкесі ретінде, шаңырағыңның иесі ретінде құрмет көрсетуің тиіс. Егер оның саған ешқандай қиянаты болмаса, сені сүйіп, сыйлап, алақанында аялап жүрген болса, сол қасиеті үшін ол азаматты сыйлауға міндеттісің. Эгоистікке салынып, қара басыңның рахаты үшін балаларыңды тірі жетім етіп, зарлатпа. Бөтен адам, ол қанша жерден керемет болса да, ешуақытта туған әкесінің орнын баса алмайды. Ойлаңызшы, бүгін “үшінші бала онсыз да өзімдікі…“ деп бөліп отырған адам, ертең “өзінікі емес“ екі балаға не көрсетуі мүмкін? Ажырасқан күнде, ол екі баланы әкесі сізге беріп қояды деп ойламаймын. Тіпті, сізді “жеңіл жүрісті“ деп аналық құқығыңыздан айырып, екі баланы тартып алуы да ғажап емес. Ата-анасының ажырасқаны балалар үшін ауыр соққы. Тіпті, болашақта олардың тағдырының бүлінуі де ғажап емес. Сонда бармағыңды шайнап өкінерің кәдік, өйткені бала болашағының негативті қалыптасуына көп жағдайда ата-анасының ажырасуы басты себеп болады. Соларды ойла.

Сәлеммен, Аида

«Ақжүніс-Астана» журналы

 

 

 

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

77 пікір

  1. Окып отырып, мен сизди тусинемин. Бирак бул журисинизди куптамайды екенмин. Барининде сурауы бар гой. Неге соншалыкты оз омиринизге бей жай караганынызгы шыны керек таным бар…Бирак мен сизге ИншАлла бакыт тилеймин.

  2. карадомалак :

    Сумдык екен, мынаны окып отырып, кандай ойга кетпейсин. Еркектер босансып, айелдер азгындаган заман, келди, бейшара Казактын Еркектери, осындай бетине маска киып алган салдакыларга кор болган. бунын укимин Алланын ози берсин…

  3. Құрметті Ақжүніс сайтының әкімшілері осы мақаланың жоғары жағындағы Сәулелі ғұмыр деген сілтемені басқа орынға ауыстырсаңыздар екен. Оның орынына Жиіркенішті өмір деген сілтеме қойыңыздар. Мүмкін басқаларға үлгі болар.

    • «Сәулелі ғұмыр» айдарының бұл мақалаға қатысы жоқ. Бұл мақала «Ақжүністің қоржынынан» — «Жұмбақ кейіпкер» айдарына қатысты.

  4. Ақбөбек :

    Cұмдық оқиға! Масқара жайт! Басқаша айтатын сөз де жоқтай. Сонда бұл келіншек не ойлағанына (қай жерімен)таңмын. Істеген істерін не жеңілтектік (не боларына көзі жетпей тұрып, абыройын сыйлай салуы), не өз тағдырын өзі ойыншық ету (ерегісіп сүймеген адамына тиюі) , не ана ретінде жауапсыздық (өзі туған балаларын ойламауы) — тіпті қалай бағаларымды білмеймін. Әжелеріміз «мал құлағы саңырау», «ұлдың ұлы, қыздың қызы естімесін» дейді осындайда.

  5. бІРЕУДІ ДАТТАУДАН АУЛАҚПЫН. БІРАҚ. МЫНА КЕЛІНШЕКТІҢ ЖАСАҒАНЫ ЕРТЕҢ ӨЗ БАЛАЛАРЫНЫҢ АЛДЫНАН ШЫҚПАСЫНА КІМ КЕПІЛДІК БЕРЕДІ !? «СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР» ДЕЙДІ ЕМЕС ПЕ!? СӨЗІНЕ ҚАРАҒАНДА ЕР-АЗАМАТЫ ӨТЕ ЖАҚСЫ АДАМ СИЯҚТЫ.ОНЫҢ ҚАНДАЙ КІНӘСІ БАР? СҰМДЫҚ-АЙ ОСЫНДАЙ ЕУРОПАЛАНҒАН СІҢЛІЛЕРІМНЕН ҚОРҚАМ… ЕҢ БАСТЫ ОРЫНҒА ӨЗІН, ӨЗІНІҢ НӘПСІСІН БИІК ҚОЙҒАН. СОНДА ОЛ ӨЗІНІҢ НӘПСІСІН ТОЯТТАП КЕЛГЕН СОҢ, БАЛАЛАРЫНЫҢ КӨЗІНЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙДЫ? ОЛАРҒА ҚАНДАЙ ТӘРБИЕ БЕРЕДІ? СҰМДЫҚ, СҰМДЫҚ. АЙТАРҒА СӨЗ ЖОҚ…

  6. Жанай :

    Бiреуге бауыр басып калуын мумкiн жане адеми адамды коргенде iшкi напсiн оянуы мумкин.Гашыктык,махаббат олар жай угым гана.Осы угымдар аркылы озiмiздi кунамiзден актауга азiр турамыз.Салдары-зина.Нагыз сезiм деген ансар мен сагыныш кой.Басканын барi астамшылык.Таубага келу керек кой адамдар…

  7. Сумдық екен! Бейшара күйеуіңізді аяп отырмын. Ол кісінің жазығы не?

  8. Гулсара :

    Тусiнбеймiн сiздей жандарды,казактын кыздары деген атымыз бар емес пе?

  9. Күйеуіңе обал жасадың ғой… Обал ай…

  10. алеке :

    бул келиншек АЛЛАНЫН алдында куна жасаганы акикат. Бирак биз адам баласы бул кейпкерге тореши немесе сот болудан аулак болуымыз кажет. Аллах кана бул кейпкерге жазасын не укимин беруге кукылы. Ал биздин казак кыздарына осы кейпкер сабак болуы миндетти.

  11. алеке :

    таубага кел, карындас, таубага. Аллах рахымды да кеширимди. Иман жолын уста. Сонда адаспайсын жане де осындай ынгайсыз жагдайда ел журтка мазак болмайсын.

  12. Ботагоз :

    Мен сизди тусинемин! Айел адам оте назик кой, оз сезимине тез берилгиш. Жаксы кору, бауыр басу деген кушти нарсе, одан ерки мен жигери мыкты адам гана бас тарта алады. Дегенмен, сиз бас тартуыныз керек! Балаларынызды ойланыз, оларга оз акеси керек, осы кезге дейин озиниз ушин омир сурсениз, енди балаларыныз ушин омир суриниз, олар билсе сизди жек корип кетуи мумкин! Сондыктан. бунын барлыгын корген тустей умытып, Алладан кеширим сурап, ары карай аяулы ана ретинде бакытынзы багаланыз демекпин. Алла Тагалам оте кен гой, сизге кеширимин берсин, бакытты болыныз!

  13. айгуль :

    сизди тек кудай аясын дим ойткени жаксы корип турган куйеуинизди жииркенип сыйламау деген мига сыймайтын нарсе, из насырга шаппай турганда куйеуинизге тусиндирип айтканыныз жон,мумкин катты жаксы корсе тусинер отириктин арты бир тутам деген, ойланыныз, еки ортада балаларыныз зардап шегетин болды,

    • Акбота :

      мен жумбак кызды тусинем. менде жас кезимде,бурын журген жигитимен урысып калып. баска ауылга турмыска шыктым , ол менен 5 жас улкен еди. мен одан бир кыз котердим. содан сон , мен бала котерген жокпын куйеумнен, ал баска озиме унаган конилдестеримнен бир неше рет бала котерип, аборт жасаганмын.куйеумди жаксы корем деп айта алмаймын. Бырак бурын журген жигитимди али умыта алмаймын. ол жигитим бир неше айел алган, казир алматы каласында бир айелмен турып жатыр. мен жас кезимде бир неше жигиттермен улкен жигиттермен журис жургем. Оларман анда санда кездесип журем. Бырак казирги куйеумнен ажыраскым келмейди, себеби баска киммен турамын ойнастарымнын семьясы бар.мен ушин семьяларынан ажыраспайды гой.

  14. Оқырман :

    «Жаным, тәнім нені қалайды, соны істеймін…» дейді ғой… Шүкірсіз жан екенсіз. Абыройыңыздан айырылғаныңызбен, басқа бір жанның сүйген жары болу бақытына ие болдыңыз… Енді ол адамнан құбыжық көргендей тітіркенеді екенсіз?! Дендері сау балалар дүниеге әкелдіңіз… Бірақ оларды масқаралап жүрсіз… Бұны астамшылық дейді. Иманы, адамгершілігі бар ер адам күйеуі бар әйелге көз салмайды. Ол сіздің жылтыраған келбетіңізге құмартқан жай бір нәпсіқұмар болуы ғажап емес. Ертең әріңіз тайғанда не дерін кім білсін. Қатты айтсам, кешіріңіз.

  15. Жанай :

    Жабылып урсееп-урсып тастадык па?)
    «Бари маган акыл айткыш,Тусинбейди олар дым»деп отырган шыгар…

  16. Жаннұр :

    Масқара!Сізде уайым-қайғы жоқ. Жейтін тамағын таба алмай жүрген адамдармен өзіңізді салыстырыңыз. Тәубеге келіңіз!

  17. Жасарал :

    Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы, адам азса махаббаттың жоқтығынан азады. бұл келіншекті еш кіналап керегі жоқ, ол махаббаттың жоқтығынан азып отыр сүйгеніне қосылуына тілектеспін

  18. Оқырман :

    Ауыр күнә істедің. Енді тәубеңе кел.
    Тез есіңді жи да бір шешімге кел. Дұрыс жолды таңда. Сезімге емес ақылға ерік бер. Құдай тура жолды нәсіп етсін!

  19. Еркек болып досынын жұбайына сөз салған заман!
    Күйеуінің досына көз салған заман!
    «Қазақ қызы» деген атқа лайык па ози?
    Осынша масқаралық жасаған жан!!!!!!
    НЕ АҚЫЛ СҰРАҒАНЫҢЫЗДЫ, НЕ ЕСТІГІҢІЗ КЕЛГЕНІН ТҮСІНБЕДІМ ӘРИНЕ….БҰЛ БІР КҮЙЕ……СІЗДІҢ НЕ ОЙЫНЫҢЫЗ БАР?????

  20. Айжока :

    Адам тағдырына таразы болар тек Алла ғана. Біреудің кінәсін бетіне басатын да адам емес. Жұмбақ қыз! Еш кінәсі жоқ бейкүнә балаларыңыздың тағдырын, болашағын ойлаңыз.

  21. Аружан :

    Қазақ айтады: «Өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді бағала»-, деп. Мына «Жұмбақ қыз» (қыз емес, адам баласының бір заты) неменеге мұң шағып отырғанын білмеймін. Бұл адамнан ақыл сұрайтын жағдай емес, ол қыздың анасы, жеңгесі дегендер бар ма екен? Неге о баста ерегесіп күйеуге шығарда осыны ойламады екен? Менің бір ғана айтарым бар, хаттың басында өзіме табиғат сұлулықты бәрін аямады дейді, көп жерлерге қыдыратын болғасын жұрт мені жеңілтек, жүргіш деп ойлайтын, мен олай емес едім, өзім білетінмін не істеп жүргенімді дейді де, мектеп бітіре сала абыройымды бере салдым, сыйға тарттым дейді бейбағым! Қанша жерден махаббаты жанып, ғашық оты алаулап тұрса да қызым нәпсісіне ие бола алмапты. Сөйте тұра, соған қарамай жар етіп алған күйеуін сыйламай, адам ретінде қабылдамай, қазір әркімнен бала тауып жүргенін мақтан етіп отыр ма? Кейіін тағы 6 жылдан соң апам басқа бір досына махаббат сезімі оянып жатса, мен таңданбас едім. Солай, бұл қызға ақыл айтып, жанашырлық танытудың өзі біз үшін ұяттау. Себебі, аюға намаз үйреткен — таяқ, — дейді. Бұл жатырынан қағынған бәленің алдағы уақытта бір нәтиже шығарары күмәнді-ақ.

  22. Шыымен де «жатырынан қағынған» қатын екен… оө басын ғана ойлаған, куйеуинин досы да «онбаған» … бирак оган не дейсин…»тана көзін сүзбесе, буқа бүйдасын узбейди» не шыкса да қатыннан … «бир катыннын кесири кырык есекке жүк бопты»

  23. Каламкас :

    Жумбак кыз!
    Бояуы сiнген жайтка сын айтудан аулакпын. Озинизден артык жегидей жеу артыктык деп тусинемин.
    Сiз баяндаган жайдан тyсiнгенiм мынау. Сiз басынызга киындык тускенде «кашып кутылуга» ауес екенизди корсетким келiп тур. Ен алгаш ерегисип «каштыныз», ендиги уакытка дейин кашып кетпесениз кем дегенде соган дайынсыз. Менин ойымша озинизден кашып журсиз, соны ескерсениз. Жагдайыныз келсе психолог маманына барганыныз куба куп болар еди. Басынызга тускен проблеманы кашып шешуiнiзге не себеп? Соны аныктап зерттемесенiз, гашыгынызга косылганнан кейiн, одан да себеп тауып ески адетке салынуыныз мумкiн…

    • إِنَّ اللّٰهَ تَعَالٰى يَبْسُطُ يَدَهُ بِاللَّيْلِ لِيَتُوبَ مُسِيءُ النَّهَارِ وَيَبْسُطُ يَدَهُ بِالنَّهَارِ لِيَتُوبَ مُسِيءُ اللَّيْلِ حَتّٰى تَطْلُعَ الشَّمْسُ مِنْ مَغْرِبِهَا

      Аллаһ тағала күндіз күнә жасаған құлы тәубе етсін деп, түнде кешірім қолын ашады. Сондай-ақ, түнде күнә жасаған құлы тәубе етсін деп, күндіз кешірім қолын ашады. Осылайша (Аллаһ тағаланың тәубе етуші құдарын жарылқауы) күн батыстан шыққанға дейін жалғасады.

  24. Гүлмира :

    Махаббат деген жоқ! Оны уақыт емдейді. Жолдасыңның досы кетіп қалса болды. Бәрі де ұмытылады. Сондықтан ол да үйленіп өз отауын құрып, басқа жаққа кетсін. Еңбек ет жұмыс жаса, балаларыңды жақсылап оқыт үй шарусын қара сонда басқаға көңіл аудармақ түгелі өз байыңа да қарайтын уақыт болмайды. менің ойымша сен жұмыс жасамайтын жалқау еріккен әйелсің, Бүгіннен бастап балаларыңның жақсы білім алып, жағдайын ойла. Болды құтыр ма! Махаббат ол ананың балаға деген махаббаты! Бітті! Доғар! Жап етегіңді!

  25. отбасына, әйеліне жөндеп көңіл бөле алмаған бос белбеу күйеуінің де кінәсі бар бұған

  26. Осындай санасыз қыздар мен иіс алмас жігіттер қалай Қазағымда көбейіп кеткен, аузыма өте жаман сөздер келіп отыр зығырданым қайнап… Әттен…

    • Бақытгүл :

      Баласаның жан-дүниесінде не болып жатқанын зерделеуден гөрі қонағының көңіл-күйін тапқанды артық көретін (қазақтың 90 пайызы сондай), баласының ой-өрісін дамытудың орнына ақыл-саналары күйкі-тірліктен аса алмайтын ата-аналар тұрғанда осындай ақылсыз, санасыз жастардың жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаулап шығары анық. Қанша жерден зығырданыңыз қайнаса да, санасыздық улы дерт, жалғыз өзіңіз оны түзете алмайсыз……

  27. Ләззат :

    Мен де біреуге ақыл айтып не жамандаудан аулақпын, тек пікірімді білдірейін… Өткен іс өтті, тіпті оны ойламағанның, баланың жағдайын айтпағанның өзінде, көңілдесіңізге тұрмысқа шыққан соңы бәрі ойдағыдай болмайтынын білесіз ғой. Отбасы болған соң реніш болады. Сіз арасында бір кездескендегі тірліктеріңізге қарап, өмір бойы солай құшақтасып өтеміз деп ойлайсыз ба? Бұл Сіздің эгоисттігіңіздің ең жоғарғысы дер едім… Бала тіпті есебіңізде де жоқ қой. Жібек апайға ризамын, өте дұрыс ақыл айтып отыр. Көп нәрсе ойыма оралып отыр, бірақ далаға айтқанмен бірдей ғой… Өзіңіз жаққан отқа өзіңіз жылынатыныңызды не өртенетініңізді ұмытпасаңыз болды.

  28. Алмас :

    мына келіншектің оқиғасымен кино түсіруге арналған оқиға екен

  29. عَنْ أَب۪ي هُرَيْرَةَ : سَمِعْتُ رَسُولَ اللّٰهِ يَقُولُ: كُلُّ أُمَّت۪ي مُعَافًى إِلَّا الْمُجَاهِر۪ينَ، وَإِنَّ مِنَ الْمُجَاهَرَةِ أَنْ يَعْمَلَ الرَّجُلُ بِاللَّيْلِ عَمَلًا ثُمَّ يُصْبِحَ وَقَدْ سَتَرَهُ اللّٰهُ عَلَيْهِ فَيَقُولُ: يَا فُلَانُ عَمِلْتُ الْبَارِحَةَ كَذَا وَكَذَا، وَقَدْ بَاتَ يَسْتُرُهُ رَبُّهُ وَيُصْبِحُ يَكْشِفُ سِتْرَ اللّٰهِ عَلَيْهِ
    Әбу Һурайра (р.а.):
    «Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.): Істеген күнәсін жар салып, жария еткендерден өзге үмбетім түгелдей кешіріледі. Күнәні жария ету дегеніміз – пенденің түнімен күнәға батып, Аллаһ тағала таңға дейін күнәсін жасырғанына қарамастан ертесі күні: Әй, пәленше! Кеше мен ананы-мынаны істедім – деп айтуы. Раббысы оның түні бойы жасаған күнәсін жасырды. Ол болса, Аллаһтың өзгелерден жасырғанын жария етіп таң атыруда – деп айтқанын естідім» – деген.
    (Бухари, Муслим риуаят еткен)

  30. «Зинақор зина жасап жатқанда, ол мүмін емес, ұры ұрлық істеп жатқанда, ол мүмін емес, адам арақ ішіп тұрғанда, ол мүмін емес, ал кейін (бұларды істегеннен соң) тәубәға келуі тиіс».

    (Бұхари, Мүслім)

  31. Әнәс (р.а.): «Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.): Аллаһ тағала: “Ей, адам баласы! Маған дұға етіп, Менің кешірімділігіме үміт артудан танбағаныңша, істеген күнәларыңа еш көңіл аудармастан кешіре беремін. Ей, адам баласы! Егер аспандағы бұлтқа жететіндей күнә жасап, Менен кешірім тілесең, жарылқап кешіремін. Ей, адам баласы! Маған еш серік қоспастан, алдыма таудай күнәмен келсең, дәл сондай таудай кешіріммен қарсы аламын” – деп айтты дегенін естідім» – деген.

    (Риязус-салихин кітабынан)

  32. нуртас :

    жарайсын жумбак кыз!осы бетiннен кайтпа,тагы 2-3 еркекпен жатып,балаларынды ягни халык санын кобейте бер жарай ма?

  33. С.Т.Т. :

    Біз қазақ ұят болады-деп өз ауруымызды өзіміз жасырамыз «ауруын жасырған өледі»-деген.Бұл жұмбақ қыздың аты жөні мекен жайы толығымен ғаламторға жария етілсе қалғандары мұндай іске бармас еді деп ойлаймын.»Бас жарылса бөрік ішінде-қол сынса жең ішінде»-деп бұндай әйелдер жүре береді,Бұл келіншектің күйеуін бос белбеу-деп жазғырудың қажеті жоқ.Кім ойлайды қойнындағы қатыны сондай жиіркенішті іс жасайды деп,кім ойлайды жан жолдасы өзіне иттік жасайды деп.Дос болса досына неге айтпайды? дос көңіліммен саған айтайын әйелің маған көз салып жүр деп.Ол байғұста арам досын досым деп жүрді ғой.

  34. «…Е,Алла, бала бер, Бала берсен сана бер, Сана бермесен шетинен ала бер…»дейди екен.»Озимен кетсин»деймин. Биздердин, сиздердин акылдарынызды тындап натиже шыгарады деп ойламаймын…

  35. Гүлпатша :

    Қазір әйелден ұят, еркектен ар кеткен. Жап-жас болып жасамыс, кәрі еркектердің ермегіне айналған жас қыздар (қыздар деп айтуға да ауыз бармайды) ертеңгі күнін қалай елестетеді.. Арын нәпсінің жетегіне жіберген еркектер. Сондай еркектің бірі менің күйеуім. Ұзақ жыл оттастық. Оған сендім. Сол қызмет істесін деп отбасының бар тірлігін мойныма алдым. Араққа салынса емдеттім. Қысылса көмектестім. Балаларымызды өнегелі етіп тәрбиеледім. Осының бәрін өзім жауапты қызметте жүріп атқардым. Сөйткен сабазымның іссапарлары — саунадағы жезөкшелер болыпты. Ал ауылға келгендегі күндіз-түнгі ойнасы баласынан кіші, жас ұрпаққа тәрбие беріп жүрген жеңіл жүрісті келіншек болыпты. Сүйтіп қазір неше түрлі жыныстық ауруларды жұқтырып беті белдей болып дым болмағандай жүріп жатыр. Қуып жіберейін десем арсыздың жасы алпысқа таянып қалған. Қара жер де мықты ғой осындайларды көтеріп жүрген. Алла тағаладан өзіме шыдам сұрадым.

    • Гүлпатша, қандай қайратты әйелсіз! Сізге берер кеңесім- «прощение» деген дискіні сатып алыңызшы. Кино емес психологиялық тренинг. Бойыңыздағы өкпе-ренішіңізден арылып жеңілдеп қаласыз. Маған қыздар сыйлап еді біраз стрессте жүргем жақсы болды.

  36. Ерлан :

    астагфируллах

  37. Жаннат :

    Масқара! Не деген сұмдық, тұрмысқа шығар алдында ойлану керек еді. Ал қазір екі баланың анасы болып, істеп жүргенің не сұмдық? Басқа еркекпен, жақын жолдасымен көңіл қосып жүргеніңді, қалайша күйеуің байқамай жүр? Мүмкін емес, бір үйде тұрып. Сендейлерге , яғни жеңіл жүрісті келіншектерге айтарым жоқ.

  38. Менің өмірім кiшiгiрiм хикая деп қояды. Не iстеп жүргені, қандай күнә жасағаны басына кiрiп-шыгып отырған жоқ. Мектепте де бестiк бағалары болған адамға ұқсамайды. Ажырасу көбіне еркекті кінәлап жатамыз. Не дегенмен қатынның кінәсі, өмірге немқұрайлылыгы қазір белең алған. Топас, торғайдың миындай ми жоқ. Оз атымен атайын. Жұмбақ кейiпкерге ақыл айту кеш. Ендiгi қысатын жерлерiн кысылса соны жасау ғана калды саған. Арсыз екенсін.
    Бұл жазылған пікірлер басқа да жастарға үлгі болсын, сабақ болсын деп жазылып жатыр. Адам болыңдар! Өз өмірлеріне немқұрайлы қарап қоймай басқа адамды, жануяны, балалардын өмірiн бүлдірмендер. Оқып отырғандардың арасында сондай адамдар бар екенi түсінікті.

  39. Мына жұмбақ қатынның арзымайтын өмірі түкке тұрмайды. Бастысы күйеуінің өмірін, екі баласының және ойнастан туған қызының өмірін ойыншық қылған екен. Жиіркенішті қылығына мақтанатын көрінеді.

  40. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген осы шығар. Жұмбақ қыз, сенің пәктігің болмаса да жан жары етіп, алақанына салып аялап отырған күйеуіңізге обал емес пе! Ол саған қатты сенеді, сондықтан досынан күдіктенбейді. Онымен ажырасып досына күйеуге шықсаң, досының ертең сені қызғанып басыңа әңгір таяқ ойнататынына күмәнім жоқ. Өйткені менің де көзіме шөп салуы мүмкін деген күдік тұрады ойында. Себебі ол өз көзімен көрді жүрегеш екеніңді….

  41. рысжан Муратбеккызы :

    Сумдык гой мынау!

  42. Айман :

    Жұмбақ қыз емес — топас қыз дее қою керек атауын.

  43. маскара гой мынауы енди уят

  44. Бул омирде неше турли тагдыр кездеседи. Кейбир адамдарга ау бастан сынак бериледи, биреулерге бак бериледи. Тек бекем болу керек. Сен екеуин казир бир бирлеринди суйип турсындар. Ажырасып сонымен косылган жагдайда бакытты болам деп ойлама. Еки адамнын биреуи обязательно суиды. Ол жигиттин саган жаксы жар болады дегенине сенбимин. Ол адам ози азганымен коимай сизди аздырыпты. Уакытша сезимдер тек бул. Енди куйеуинизге жаксы жагнан онын иги истерин оилап оган жаксы караныз мумкин сол уакытта жаксы корип суйип кетерсиз.

  45. Мынау жұмбақ қыз ды таспен атқылап өлтіру керек, Анау күйеуінің досы сымақты піштірп тастап, сосын аттың құйрығына байлап сүйрету керек.

  46. Сәкен :

    Алла кешірсін сізді,әрине сұмдык оқиға! Ес тоқтатыңыз!

  47. Мықтыбек Оразтайұлы :

    Мұның бәрі «жұмбақ кейіпкердің» әлсіздігі. Сондай-ақ, сүйгенінің де… Абай болу керек. Әлі де кеш емес, бәрі бүлінбей тұрғанда тоқтату керек. Сүйе білген адам қаншалық қиын болса да ұмыта да білу керек деп ойлаймын.

  48. Асланбек :

    Жұмбақ қыз. . Басыңдағы бағыңды бағалай біл. сеніде біреу әйелім балаларымнын анасы деп жур ау

  49. Бибіжан :

    Әркімнің маңдайына жазған тағдыры бар!Болар іс болды!Өкінгенмен не пайда?!Жұмбақ қыз!көпшілікке жарияғылып жеңілдеп қалған шығарсың?Басқаларға сабақ болсын!Өмірде неше түрлі сұмдықтар бар,бірақ дәл осындайды көрмеппін.

  50. Багдат :

    Ер азаматтарды Құдай осындай әйелден сақтасын. Культурный жезөкше әйелден сақтасын деп тілеймін. Мұсылмандар бекерге әйел адамға қатал болмаған ғой. Басқа мұсылман елдері сияқты күйеуіне шөп салған әйелдерді тас лақтырып өлтіру керек бізде солай болса Қазақстанда әйел адамынын жартысынан көбі таспен өлтірілетын шығар. Ақылдың емес тесіктін айтқанымен жүретін әйелдер көп қазір
    ,

  51. не истеп койдыныз..откенге окингенмен пайда жок енди,откен ис отти енди болашагынды ойла озиннин болашагынды айтпаймын сенин болашагын белгили гой,балаларыннын болашагын ойла.Бала деген керемет кой омирлерин быт-шыт кылуга калай датин барды озиннин де куйеуиннин де балаларыннын да омирин куртасын гой.Енди куйеуге шыгам деген ой бар ма сенде сонда алги жигитке,ондай ойдан аулак бол,ол 3-ши баланды жаксы коретин шыгар озиники болган сон.,ал 2 баланды кайтесин акесиз жаутендетесин бе сол еркек ушин.Оданда сол еркектен кутылып куйеуиннен айырылып калмаудын амалын ойла енди.айырылыссан озине обал болады,озинди койшы еркек табылады балаларга обал гой,оз акесиндей ешким бола алмайды,акылга кел тузел напсинди жене бил канша кумартып турсан да баска еркекти.Бул шындыкты куйеуиннен омир бойы да жасырып журе алмайсын,балалар да оседи ертен-ак,каз кишкентай болган сон билинбейди.Сондыктан ертерек камдан ертерек шешилгени озине де жаксы,айтпесе мундай нарсени иштен тынып жасырып журудин ози ауыр гой.Киын болса да куйеуине айту керек барин,тек олтирип тастамаса болды.Ол кеширсе…сен де койсан кылыктарынды журисинди..балаларга жаксы болар еди.Жазуга онай бизге,сенде ниет бар ма екен ози барин жаксарткын келетин..

  52. казак :

    Бундайлардын бир жерлерине коргасын куйып олтиру керек.

  53. Пенде :

    Жумбак кыз сенин саткын адам екенин белгили. Озине де озгегеде жаксылык жасамаган екенсин, ертен баскага немесе халкыма жасаймын дейсин бе? Сени кеширетин де, жарылкайтын да бир Алла!ози корип тур гой, Алла ози биледи!
    Ал енди жалпы айелдерге айтарым, казакта макал бар «кызга кырык уйден тыйым»- деген. «Сыйыр козин сузбесе буха жибин узбейди, ал буханын да бухасы бар»-деген. «Айелдин шашы узын акылы кыска» — дегендей еркектер айелдерге катал болындар. «Жылкынын ерни кеппес, сулудын коти кеппес»- дегенди умытпандар.

  54. Пенде :

    Айелди катал устап, сабасына тусирип турган екен ата-бабаларымыз. Сонда гана айел адамдар таубесине келип, шукиршилик етеди екен. Арине иман жолындагы журген айелдерден баскаларыны айтамын.

  55. Пенде :

    Ал иманды айелдер омир баки Аллага шукиршилик етип, куйеулерини ягни, нагыз ер азаматтарды оздеринен жогары туткан. Ал нагыз ер азамат болу да иманнан турады.

  56. мария :

    2жыл бурын окып едим. Тагдыры не болды екен?

  57. Жолдасы устап алып быт шытын шыгарган шыгар

  58. Лобре Воказриму Чивеилариму. :

    Қазақ апа қарындастар не болып бара жатыр мына жалган.Алла разы болсын ондаи кешірілмес күна жасаманыздаршы өтінем сіздерден.Уйленгенімізде алла алдында Имам некемізді қйып жатқанда екі жақтыңда алла алдында уадесін алады.Ерлі заиыптылардын ен кешірілмес кунасі ал көзге шөп салу деп.Соган біз алла алдында ант береміз гой.Озімізден корыкпасакта бір сатке алланы еске алаиыкшы сондаи киянат жасамас бурын.Жумбак кыз мен 87 жылгы ер азаматпын егер менен улкен болсаныз апкетаиым ал кіші болсаныз карындасым ол сіздің кеуінізде не куна бар.Онын кунасі сізді жаксы коріп сүигеніма?Бір сат оиладынызба абыроисыз барсанызда сізге уйленді ондаи ер азаматты сіз оле олгенше кадірлеп алаканынызда аялап отуіңіз керек кои.Кыздыгымды алган жігітіме ерегістім деп басканын омирин оирандау куна гой.Алла куа гой оган.Мен сіздің жазганынызды окып ер жігіт болсамда козіме жас келді.Неге бұлаи алладан безіп бара жатырмыз деп.Осы киянатынызды алла кундердің кунінде сынак кылып алдынызга алып келсе не істеисіз ол кезде барі кеш болады сол ушін отінемін олаи жасаманызшы.Ардакты еріңізді мангі силап оту ол сіздің парызыныз гой.Ер адам аиелин шынаиы суисе аяулы жарына аллам жаннат есігін ашады диді.Сол ашылып жаткан есікті оз колынызбен жаппаи кеуіңізді мангі суиіп отіңізші отініш.Барлыктарынызга алла разы болсын.Коп жазып кетсем кешірім сураим.

  59. алтын :

    Қайдағы жұмбақ қыз? Жұмбақ қатын деген аттанда садаға кет!

  60. Əу баста көршілерің сен туралы дұрыс ойлаған екен

  61. Көршілерің дұрыс ойлаған екен

  62. KenntupeTror :

    Amoxicillin False Positive Drug Test Cocaine cialis Cialis Et Effets Secondaires

  63. cash drawer slots
    casino online
    virtual casino promo codes

  64. Kelchoolo :

    Buy Silagra Uk viagra Tadalis Sx Achat En France

  65. viagra men cheap
    generic viagra coupons
    buy viagra without prescriptions uk

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


9 − = 0

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>