Құтжан ӨМІРБЕКОВА: Дефектолог мамандардың аздығына алаңдаймын

Құтжан ӨмірбековаӨмірдерек:
Құтжан Құдайбергенқызы Өмірбекова 1942 жылы 3 желтоқсанда Павлодар облысы Арбиген  ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Павлодардағы медициналық училищеге оқуға түседі. Ауылда 2 жыл фельдшер-акушер болып жұмыс істеген Құтжан Құдайбергенқызы 1963 жылы Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің дефектология факультетіне қабылданып, 1967 жылы аяқтайды. 1967-1976 жылдар аралығында тілі кеміс және ойлау жүйесі бұзылған балаларға арналған арнайы мектептер мен балабақшаларда логопед болып жұмыс істейді. 1976 жылы Республикалық Мұғалімдер білімін жетілдіру орталығында ашылған дефектология кабинетінің әдіскері қызметіне арнайы шақырылады. Ал 1979 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында қызмет атқарады. Бүгінде осы университеттің құрметті профессоры.

– Ол жылдары елімізде дефектолог маман өте аз болатын. Қазір де бұл маман өте тапшы, – деп бастады әңгімесін Құтжан апай. – Бізді өкімет осы мамандыққа оқыту үшін арнайы  Мәскеудің  мемлкеттік  педагогикалық институтына жолдамамен оқуға жіберді. Бірнеше бала қабылдандық. Оқи алғанымыз оқыдық, оқи алмағандар шығып кетті…
Құтжан Құдайбергенқызы бар қиыншылықты жеңіп, осынау күрделі мамандықты оқи алған санаулы кәсіби логопед мамандардың қатарында жоғары оқу орнын тәмамдап, 1967 жылы елге оралады. Бала оқытудың, бала тәрбиелеудің, баламен жұмыс істеудің қызығынан гөрі шыжығы басымырақ екені белгілі. Ал кемтар балалармен жұмыс жасаудың ауыртпалығы қандай екені айтпаса да түсінікті. Құтжан апай тек тілі мүкіс балалармен ғана емес, зияты бұзылған балалармен де жұмыс істей бастайды. Ол кезде қазақ тілінде оқытатын арнайы балабақшалар мен мектептер жоқтың қасы. Сонымен қатар, арнайы мектептерге арналған оқулықтар, бағдарламалар мүлдем болмаған. Ауылда туып-өскен, өмірінде бір орыс көрмеген, орыс тілі түгілі қазақ тілінде сөйлей алмайтын балалар орыс тілінде оқуға мәжбүр болатын.
Құтжан Өмірбекова– Ондай балаларды оқытудың жолы, әдісі мүлде бөлек екенін білесіздер. Оларға кәдімгі бастауыш мектептерде оқытатын «Әліппені» оқыта алмайсың, жазу-сызуды үйретудің тәсілдері де басқаша.  Қазір арнайы мектептерге арналған оқулықтар, кітаптар біршама басылып шығып, Республика мектептерінде қолданысқа енді.  Ал біз осы салада жаңадан жұмыс істей бастаған жылдары оның бірі де жоқ еді. Сондықтан өз тәжірибемізге сүйене отырып, керекті оқу құралдарын өзіміз жазуға мәжбүр болдық, – деп еске алады дефектолог-ғалым.
1981 жылы Құтжан Құдайбергенқызы КСРО Педагогикалық Ғылым академиясына қарасты Дефектология ғылыми-зерттеу институтының аспирантура бөліміне қабылданып, 1985 жылы кандидаттық диссертация қорғайды. Ол өзінің ғылыми жұмысын денсаулығында әртүрлі ауытқушылығы бар балалардың ойлау жүйесін дамытуға, әсіресе оларға тіл үйрету мәселесіне арнайды. Тәуелсіздік алғаннан кейін ел аумағында кемтар балаларға арналған арнайы мекемелер саны артқанымен, қазақ балаларының тілдік ерекшеліктеріне арналған зерттеулер жүргізілмеген, бұл салаға көңіл бөлінбеген еді. Құтжан Құдайбергенқызының ғылыми-зерттеу жұмыстары осы өзекті мәселеге бағытталды. Ол кісінің бұл жұмысы инемен құдық қазғандай еді. Міне, сол кезде Құтжан апайға жұбайы Жеңіс Өмірбекұлы көмекке келді.
– Әйел адамның өмірлік жары тек отбасы, ошақ қасында ғана емес, өмірдің әрбір кезеңінде, әр сәтте, әрбір жағдайда сүйеніш, тірек бола білуі керек. Әсіресе, ғылым жолын қуған әйелдерге жан-жолдасы жан-жақты қолдау танытпаса, ғылыммен айналысу мүмкін емес. Жолдасым Жеңіс Өмірбекұлы менің жұмысыма әркез түсіністікпен қарады. Аспирантураны сырттай оқығаныммен, Мәскеуге жиі іссапарға шығуға тура келетін. Емтихан тапсыратын кездер тағы бар. Сол кездері «бізге алаңдама, балаларды уайымдама, жұмысыңды істе…» деп,  балаларға өзі ие болып қала беретін. Өзі де ғалым адам болғандықтан, ғылымның не екенін жақсы білетін…
Мұрат ӘуезовҚұтжан Құдайбергенқызы Жеңіс Өмірбекұлымен Мәскеуде оқып жүргенде кездеседі. Құтжан апай Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының, ал Жеңіс ағай Мәскеу энергетикалық институтының студенті. Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастарының әртүрлі мерекелік іс-шаралары мен басқосулары өтіп тұратын. Сондай жиындардың бірінде Құтжан апай болашақ жарымен танысады.
– 60-жылдары Мәскеуде оқыған қазақ студентері өте ұйымшыл едік. Естуіңіз бар шығар, сол жылдары қазақ жастарының «Жас тұлпар» деген ұйымы құрылды. Бәріміз сол ұйымның белсенді мүшесі болдық. Ол ұйымды құрған Болатхан Тайжан, Аймұхан Таужанов, Мұрат Әуезов деген қазақтың маңдайалды азаматтары еді. Ұйым алғаш құрылған жылы сол уақыттағы қазақ ұлтының өзекті әлеуметтік мәселелері көтерілді. Мысалы, қазақ балалары мектеп бітірген соң міндетті түрде шопан бригадаларында жұмыс істеу мәселесі, Мәскеуде оқып жүрген қазақ студенттері қазақ тілін неге білмейді деген мәселені, басқа да көптеген ұлттық мәселелер көтерілді.. «Жас тұлпар» – Мәскеудегі әртүрлі жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақ жастарының басын қосып қана қоймай, қазақ ұлтының жоғын жоқтаған, студент жастардың алғашқы демократиялық ұйымы болып еді. Кейіннен ол ұйым жабылды…
Жеңіс Өмірбекұлы мен Құтжан Құдайбергенқызының  әлеуметтік көзқарастары, өмірлік қағидалары ұқсас болғандықтан шығар, екеуі тез тіл табысады. Соңғы курста оқып жүргенде студенттік той жасап, шаңырақ көтереді. Жолдасы Өмірбеков Жеңіс Өмірбекұлы 1969 жылы Мәскеудің энергетикалық институтын тәмамдап, қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетіне жолдама алады. Туған жерге келіп, екеуі де қызмет жолын бастайды.
Құтжан Өмірбекова– Ол уақытта бүгінгідей қиыншылық жоқ, өйткені жас отбасын қолдау, жас маманды қолдау мәселелері жақсы жолға қойылған еді. Мәскеуден келгенде бір айдай пәтер жалдап тұрдық та, онан соң политехтың жас отбасыларға арналған жатақханасынан бөлме берді. Екі жылдан соң Жеңіс Ортаазия әскери гарнизонына офицерлік құрамға әскерге шақырылды. Сол кезде екі бөлмелі пәтер алдық.  Жеңіс әскерден келген соң қайтадан қызметіне орналасты. Сондықтан біз жұмыссыздық мәселесін, пәтер қиыншылығын көп көрген жоқпыз…
Жеңіс Өмірбекұлы көп ұзамай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне ауысып, бар өмірін бала оқытып, шәкірт тәрбиелеуге арнайды. Кандидаттық диссертациясын қорғаған ол өмірінің соңына дейін осы қарашаңырақта еңбек етеді.
–  Екеуміз де ғылыми жұмыспен шұғылданып, жоғары оқу орындарында қызмет жасағандықтан өзіміздің де, туған-туысқандардың да баларының жоғары білім алуына, ғылыммен шұғылдануына көп көңіл бөлдік. Жеңістің аға-қарындастарының балалары, өзімнің сіңлілерім жоғары оқу орындарын бітіріп,  әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүр…
Құтжан апайдың қызы Салтанат Жеңісқызы анасының жолын қуып, Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің дефектология-психология факультетіне оқуға түседі. Ол бүгінде психология ғылымдарының кандидаты. Ал Мұрат Жеңісұлы Алматыдағы Жәутіков атындағы физика-математика мектебін бітірген соң әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің физика-математика факультетіне оқуға түседі. Жоғары оқу орнын үздік аяқтаған Мұрат 25 жасында математика ғылымдарының кандидаты атағын қорғап шығады. Алайда, ғылымның ешкімге керегі болмай қалған сонау 90-шы жылдардағы тоқырау кезеңінде Мұрат өндіріске жұмысқа тұрады. Содан бері Ақтау қаласындағы өндіріс орындарының бірінде қызмет етіп жүр. Саят әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің физика факультетін бітіріп, бизнес саласында, Талғат әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітіріп, ішкі істер министрлігінде қызмет атқарады. Сіңлісі Қайыркен Құдайбергенқызы тарих ғылымының кандидаты.
Құтжан Құдайбергенқызы 30 жыл бойы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында еңбек етіп, оның 20 жылында логопедия, кейіннен арнайы педагогика кафедрасына жетекшілік етті. 140-тан астам ғылыми еңбек жазды, соның ішінде қазақтілді арнайы мектептерге арналған 15 оқулықтың, жоғарғы оқу орындарына арналған 30-ға жуық оқу-әдістемелік құралының, типтік оқу бағдарламаларының авторы. Оның арнайы мектептерге арналған «Әліппе» оқулығы 1992 жылы «Жыл кітабы» атанса, 1996 жылы «Отантану» атты оқулығы «Сорос» қорының грантын; 2006 жылы «Дыбыс айтылуының бұзылуы және оны түзету жолдары» кітабы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бәйгесін жеңіп алған. Ал «Логопедия» оқулығы 2011 жылы Қазақстан жоғары оқу орындары Ассоциациясының бәйгесіне ие болды. Құтжан Құдайбергенқызы көптеген ғылыми жобаларға, төрт кандидаттық диссертацияға және көптеген дипломдық, магистрлік жұмыстарға жетекшілік еткен ғалым-ұстаз.
– Қазақ жерінде кемтар балалардың саны күн сайын артып отырғанына жүрегім сыздайды. Әртүрлі дәрежедегі кемтар балаларға арналған арнайы мектептер мен кәсіби дефектолог мамандардың жетіспеушілігіне алаңдаймын. Осы мамандыққа мемлекеттік грант көбірек бөлінсе, жас талапкерлер де осы мамандықты оқып меңгерсе деген тілегім бар…
Құтжан Құдайбергенқызы Қазақстандағы ұлттық дефектология саласының қалыптасуына және дамуына өз үлесін қосып жүрген білікті ұстаз. Кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін «Шапағат», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Оқу-ағарту ісінің үздігі», «Құрметті қызметкер» төсбелгілерімен  марапатталған.
«Қазақ төлінің санын айтпайды». Бүгінде жетпіске келген Құтжан апай оннан аса немере сүйген, құлыншақтарының тілеуін тілеп отырған әже, қарашаңырақтың тірегі, құт-береке, ырыс-ынтымақтың ұйытқысы.

С. Әбілдаханқызы

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

38 комментариев

  1. Жанпейісова Айман :

    Құтжан Құдайбергенқызы өте сауатты,білімді,жан жақты,өз мамандығының нағыз маманы. Ол кісіні құрметтемеу мүмкін емес. Рухани жағынан да, адамгершілік жағынан да бай адам, менің ұстазым. Олкісіге алғысым зор.

  2. САУЛЕ МЕЙРМАНОВА :

    В 2013 году проучилась на курсах в национальном научном центре коррекционной педагогики в алматы. Құтжан ӨМІРБЕКОВА читала нам логопедию, рассказывала о студенческих годах, о своих преподавателях в москве…., дала очень много. Педагог с Большой буквы…, очень очень благодарна!

  3. Айнур :

    Арбiр Адам,мамандыгын жаксы угынып бiлсе гана,оз жумысынан натиже коре алады.Бiзге бiлiм мен тарбиенi катар Берген устаздарымызга мын алгыс!!

  4. Aaronswemy :

    wh0cd218820 levitra

  5. CharlesGoppy :

    wh0cd381672 augmentin

  6. Aaronswemy :

    wh0cd381672 abilify

  7. Kennethjeofe :

    wh0cd381672 Tadacip

  8. BillyOscit :

    wh0cd373000 link

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


9 + = 16