Туған тіл мәртебесін көтеру жолында

                                                          «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды».

Сәкен Сейфуллин

    ПМПИ тіл мәселесі   Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы Қазақстан Республикасының Тіл Заңында да, тілдерді қолдану мен дамытудың әр кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламаларында да, сондай-ақ Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөздерінде, түрлі басылымдарға берген сұхбаттарында да көрініс тапқан.

Мемлекеттік тілдің қолданылатын орындарының бірқатары жоғары оқу орындарына тікелей қатысты. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Тіл Заңында тұжырымдалған талаптарды орындау барысында біршама іс- шараларды атқарып келеді. Осы талаптардың бірі – іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу.

Жоғары оқу орнында іс қағаздарын жүргізумен алты факультет және бір колледж хатшысы, басқа құрылымдық бөлімшелерде осы іске жауапты қырыққа жуық маман айналысып келеді. Бұл хатшылар мен мамандардың білім деңгейлері біркелкі жоғары болғанымен, жұмыс өтілдері әртүрлі, сондықтан олардың осы саладағы біліктіліктерін арттырып, қазақ тіліндегі құжаттарды өз беттерімен дайындау дағдыларын жетілдіре түсуге баса назар аударылып келеді.

2005-2006 оқу жылының аяғында іс жүргізу мен ресми құжаттарды дайындауды жолға қойған жекелеген құрылымдық бөлімшелер белгілі бола бастады. Енді жұмысқа жаңадан орналасқан мамандарды осылардың іс-тәжірибелерімен таныстыру қолға алынды.

2006 жылғы 25 желтоқсанда ректордың арнайы бұйрығымен «Институтта іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығы» бекітілді де, барлық құрылымдық бөлімшелердегі іс жүргізуші мамандарға таратылып берілді. Оның талаптары бірнеше нұсқаулық кеңесте мамандармен кеңінен талқыланды.

Жоғары оқу орнында  2006-2007 оқу жылынан бері іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіліп келеді. Күнделікті жұмыста әр маман қазақ тілінде дайындаған құжаттарын мекеменің мемлекеттік тіл жөніндегі мамандардың сараптамаларынан өткізеді. Осылайша олар бірте-бірте бұл іске біршама жаттыға, үйрене бастады.

ПМПИ тіл мәселесі  Мамандарды хат-хабарларды, бұйрықтарды, ақпараттық материалдарды сауатты дайындауға себі тиетін көмекші құралдармен жақын таныстыру – оларды іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге үйретудің бір сатысы. Ондай құралдар: қазақ тілінің негізгі емле ережелері; мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің атауларын жазудың негізгі ережелері; мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау мен құжаттаманы басқарудың бірүлгі ережелері; мемлекеттік терминология комиссиясының соңғы жылдары бекіткен терминдері; ресми құжаттар тілінде қолданылатын тұрақты сөз орамдары; мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтар және қазақ тілінің орфографиялық сөздігі.

Осы жылдары іс жүргізуші мамандарға арналып «Мемлекеттік тіл – іс қағаздарын жүргізу тілі», «Ана тілімізде іс қағаздарын сауатты жүргізейік!», «Ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде ресімдеу» және «Аударма және құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу мәселелері» атты әдістемелік және көмекші құралдар шығарылды.

Мамандар – іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуде іс тетігін шешетіндер. Күні бүгін жоғары оқу орны құрылымдық бөлімшелерінің денінде қолдарынан іс қағаздары мен кеңсе құжаттарын рәсімдеу келетін қызметкерлер құрамы қалыптасты. Ғылыми кітапхананың, физика-математика факультеті деканатының, археологиялық-этнографиялық зерттеулер ғылыми орталығының, спорттың бұқаралық түрлері және дене тәрбиесі; шет тілдері; дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі және бастапқы әскери дайындық кафедраларының мамандары Шынар Сәрсенова, Зәуре Қожамұратова, Еңлік Әбеуова, Салтанат Бейсенова, Шолпан Омарова, Зейнеп Қожмулдинова және т.б. өздерін осы саланың білгірлері екендіктерін көрсетіп келеді.

ПМПИ тіл мәселесіБұлардың қатарын сондай-ақ тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасындағы Дарья Зарипова, сапа менеджменті және мониторингі; кадрлар; мемлекеттік сатып алу бөлімдеріндегі Гита Эшчанова, Ольга Драбинога мен Татьяна Нүркенова, бухгалтериядағы Игорь Ощепков пен Елена Корконосова, шаруашылық басқармасындағы Светлана Федотовалар секілді өзге ұлт өкілдері де толықтыра түсуде.

Мамандарды атқарып отырған қызметтеріне ынталандыру мақсатында өткізілетін тақырыптық байқаулардың да рөлі ерекше. Бөлімде жыл сайын мамандардың байқауын өткізу дәстүрге айналды. Мұндай байқаулар мамандарды іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге ынталандыру және ресми құжаттарды дайындау сапасын арттыру мақсатында факультеттер хатшылары, ғылыми орталықтар мен кафедралар, басқармалар мен бөлімдер мамандары арасында жеке-жеке өткізіліп келеді.

ПМПИ тіл мәселесіИнститут басшылығы іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуінің жай-күйін әркез назарда ұстап келеді. Ғылыми кеңес отырыстарында бұл мәселе үнемі қаралып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған шешімдер қабылдануда. Іс жүргізуші мамандарға көрсетіліп отырған осындай жүйелі әдістемелік және тәжірибелік көмек нәтижесінде құжаттардың ресімделу сауаттылығы арта түсуде. Қазіргі кезде ректордың бұйрықтары мен өкімдерінің 100 %-ы, Білім және ғылым министрлігіне жіберілген хат-хабарлардың 94 %-ы, басқа мекемелер мен ұйымдарға жіберілген құжаттардың 75 %-ы және ішкі қызметтік жазбалардың 70 %-ы мемлекеттік тілде ресімделуде.

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді жетілдірудегі бұл атқарылып жатқан іс-шаралар – жоғары оқу орнының беделін асқақтата түсер игі істер. Бөлімнің шығармашылық, кәсіби әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген әр жылдары жұмыс істеген Қымбат Смағұлова, Торғын Ғинаят, Әсел Шайхимова, Бибігүл Шәріпова және күні бүгін тер төгіп жүрген Жанбота Есепбай, Әсемгүл Мигранова және Анар Кәкімовалар сияқты мамандардың қажырлы еңбектері өз нәтижелерін осылайша бере бастады. Бөлімнің мемлекеттік тіл жөніндегі мамандарының бұл жұмыс көрсеткіштері білім ордасының 50 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Ульян МАҚҰЛ,

ПМПИ мемлекеттік тіл

және құжаттамамен қамтамасыз

ету бөлімінің маманы.   

 «Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


7 − = 1

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>