Бақыт – бақыт үшін жаралған жан…

Қарбалас өмірде өзімізге қарауға уақыт бола бермейді. Жан-дүниемізге, болмысымызға, сырт келбетімізге де бір сәт үңілген сәттерде өз-өзімізге көңіліміз толмай жататын кездер болады. Өз өмірімізді өзгертуге қаншалықты бейілміз?  Осы сұраққа жауап табуға тырысып көрдік. Ол оңай шаруа емес екен. Бірақ, кәсіби мамандар біріксе, мұны да қолға алуға болатын сияқты.

Редакциямызға келіп, өз өмірінің көлеңкелі тұстарымен бөліскен кейіпкеріміздің өмірге өкпесі бар екен. Тағдыры туралы ашып жазбауымызды сұраған Бақыттың өтінішін орындадық…


Бақыттың өзіне деген сенімін, өмірге деген құштарлығын арттыруға бар күшімізді салдық.  Ең алдымен кейіпкерімізді психологпен жолықтырдық…

Күлмәш ЕЛШІБАЕВА, психолог:

– Бүгінгі кейіпкер жеке басындағы біраз мәселелермен бөлісті. Бақыттың сөзінен байқағаным, оның жолдасы жауапкершілігі мол, тамаша жігіт көрінеді. Екі баласы бар екен.
Жалпы алғанда, Бақытты психологиялық күйзеліске түскендердің қатарына жатқызуға болмайды, тек аздаған мазасыздану, уайым, қорқыныш бар. Менің міндетім – жұмыс барысында Бақыттың бойындағы осы қорқынышты сейілту, ішкі қайшылықтарын жою, өз-өзіне деген, жақсы өмірге деген сенімін арттыру. Осы бағытта жұмыс жасаймыз. Кейіпкеріміз өз-өзін өзгертуге, ішкі қайшылықтарымен күресуге дайын. Оның ішкі өзегі берік.
Бақыт – бақыт үшін жаралған жан…

Бақыт өзінің сүйікті әншісі  Мақпал Жүнісовамен кездесіп, суретке түсуді армандайды екен.
Біз Бақытты сүйікті әншісімен жолықтырдық…

«Жібек жолы» сұлулық салонының стилисі Арай Мұсатаева
Бақыттың шашын сәндеді…

Жанар Қуандыққызы  Бақытқа маникюр жасады…

Әмина Тоқтарқазы  Бақыттың бетін әрледі

         

 

 

 

 

Жеңісгүл КӨШЕКБАЕВА Кейіпкерге киім ұсынды…

(Өзіңізге жарасымды, көңіліңізге қонымды сәнді де эксклюзив киім іздесеңіз “Адем-1”, 2-қабат, А2 секторы, 226 “Styles” бутигіне барыңыз!)

Ал зергер Естай Дәубаевтың әшекей бұйымдары, суретші-коллекционер Бауыржан Байділдәнің декорациясы Бақыттың жаңа келбетіне шырай үстеді…     Фотограф Алуа Бауыржанқызы да ерекше ықыласпен жұмыс жасады…

НӘТИЖЕСІНДЕ…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иә, бүгін Бақыт өзіне-өзі көңілі толып, сәл де болса өзгеріп, өзін бақытты сезініп қайтты.


Егер өміріңізге шуақ енгізгіңіз келсе, «Ақжүніс – Астана» журналының редакциясына хабарласыңыз немесе өзіңіз туралы шағын хат және біздің журналға жазылған түбіртегіңізді қоса салып жіберіңіз.

Редакцияда сізге кәсіби мамандар: психолог, стилист, фотограф, визажист қызмет көрсетеді.
Стилист сырт келбетіңізді өзгертуге, ал психолог жан-дүниеңізге үңілуге көмек береді. Оған қоса жаңа келбетіңіз журналымызда жарық көріп, akjunis.kz сайтында жарияланады.


Әрбір әйел сұлу болуға, бақытты болуға лайық!

«Өзіңді өзің жатша сыйла, жат жанынан түңілсін!»

 

Ұмытпаңыз, адам өз өмірінің суретшісі!

 

 

Доктор Уэйн У.Дайер: Өз өміріңізді өзгертудің 101 жолы

(Жалғасы. Басы өткен сандарда)
52.    Өз ойларыңызды сезініңіз. Ойлаудың ең қарапайым тәсілінің өзі сіздің өн бойыңызда көзге көрінбейтін күш бар екендігін көрсететінін ұмытпаңыз.
53.    Құдаймен жиі сөйлесіңіз. Әңгіме барысында ерекше бірдеңе сұрағаннан  гөрі, бар ниетіңізді, ішкі күш-жігеріңізді сол шешімді іздеуге  бағыттаңыз.
54.    Ішкі сезіміңізді дамытыңыз. Бұл кітапта мен сипаттаған сенім дінге немесе қасиетті кітапқа мұқтаж емес. Ол сіздің құдайды тікелей және іштей сезінуіңізден туындайды.
55.    Әлемдегі қорқыныш пен қайғы-қасіреттер жайындағы қайталана беретін ішкі әңгімеден (монологтан) азат болыңыз. Жандүниеңізді не болса да, тіптен сізге ұқсасын-ұқсамасын, табиғи құбылыстар екенін ұмытпаңыз. Мұнда сіздің пікіріңіздің ешқандай рөлі жоқ, себебі дүниедегі құбылыстың бәрі құдайдың еркімен жүреді.
56.    Жеке өмір тарихыңызды өткен кезеңдегі сападан бөліп алу мүмкіндігін қарастырыңыз да, жай ғана қазіргі кезеңмен қалыңыз. Сонда сіз жаңа еркіндік аласыз.
57.    Пайымдаушылық, тыныштық үшін өзіңізге үзіліс жасаңыз. Бұл – ештеңе істемеу деген сөз. Қандай сәтте де өз тәніңізді, бүкіл дене күшіңізді бағалаңыз. Өзіңіз түйсінген шаттықтың ішкі толқындарын сезініңіз.
58.    Сіз тән мен жаннан емес, ең бірінші жан мен тәннен тұратыныңызды біліңіз. Сіздің жаныңыз материалдық дүниені бақылағандай тәсілдермен анықтала бермейтінін ұмытпаңыз.
59.    Жүзеге аспаған  қарым-қатынас сізді өзгелердің алдында жолы болмайтын етіп көрсетеді деген ойдан аулақ болыңыз. Бұл – қиналып, уайымға салынатын мәселе емес. Сіздің өміріңізге келіп, не кетіп жатқан әрбір адам сіздің болашақта адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білуіңізге сабақ болады.

(Жалғасы келесі санда)

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

4 комментария

  1. Thankfupneѕs to my father whho informed me regarding this
    Ьloɡ, this web site is actuаlly remarkabⅼe.

    My homepage; Hack

  2. Greеtings I am sⲟ happy I foᥙnd your website, I really found
    уou by mistake, while I was searching on Yahoo for something else,
    Anyhow I am here now and woulԀ just like to saay many thaкs for a
    incrediƅle ost and a all гound interesting blog (I
    also love the theme/design), I don’t have tike ttо
    look over іt all at the minute but I have saved it аnd alsߋ
    added your RSS feeds, so ᴡһen I have time
    I wіll bbe back to read much more, Please do keep up the great work.

    Mʏ homepage Psychiatra; Angelia,

  3. naturally liike your web-site but you have to check
    the spelling on quite a few of your posts. A number of them are
    rife with spelling issues and I iin finding it very troublesome to inform the truth however I’ll definitely come back again.

    Here is my page — Pozycjonowanie

  4. Your way of describing thhe whole thing in this post is genuinely pleasant, all bbe able to without
    difficulty understand it, Thanks a lot.

    my web-site … https://www.seobryta.pl/stacje-mycia-cip

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


3 + 6 =