Қазақтың қасиеті мен қасіреті

Шал фильміЖарықшақтанған жер, ескі қағаз бейнесіндегі титр. Қаладан келе жатқан  аңшылар. Жол жағалай жүргірген түз тағысы… Қазақтың тарапынан емес, әлемдік үдерістің әсерінен технологияның санаға әсер еткен тұсында түсірілген фильм, міне, осылай басталады.

Идея авторы: Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев
Сценарий авторы әрі қоюшы режиссері: Ермек Тұрсынов
Операторы: Мұрат Әлиев
Композиторы: Қуат Шілдебаев
Монтаждаған: Дмитрий Слобцов
Дыбыс режиссері: Сергей Лобанов
Продюсері: Александр Вовнянко

Рөлдерде: Ерболат Тоғызақов, Орынбек Молдахан, Гүлбахрам Байбосынова, Ісбек Әбілмәжінов, Оңдасын Бесікбасов, Ержан Бесікбасов, Ержан Нүсіпақынов, Олег Полторацких, Диана Мұқашева, Аман Малдыбаев, Игорь Горшков,
Сюжеті: Кәдімгі қазақ ауылында қарапайым, қоңырқай тіршілік кешіп жатқан отбасы. Жалғыз баласы өмірден ерте озып, келіні мен немересінің қас-қабағына қарап қалған қария. Көпті көрген ақсақалдың мұраты – өмірден көргенін, көкірегіне түйгенін немересіне үйрету, жас шыбықтың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру. Қарттың ойынша, пенде қашанда ақ жолдан таймауы тиіс. Ұлы далада ескіден келе жатқан ұлы низам бар: жақсылықтың өтеуі – алдағы өмірде, тіршіліктің темірқазығы – ар-ұят, абырой-бедел, қанағат-сабыр. Ұлы даланың ұлы дәстүрі ешқашан үзілмеуі тиіс. Қарияны осы толғандырады…

Ал біз картина табиғатына үңіліп, сценарийді режиссердің өзі жазғандықтан мақсаты мейілінше айқын деп бағаладық. Адасқан шал арқылы тоны теріс аударылып адасып бара жатқан бүгінгі заманды анық көреміз.
Бұл картинада ата мен бала арасындағы диалогтан және  бір-біріне деген көзқарас арқылы қоғамның әлеуметтік әлеуетін тұжырымдауға болады. Ата мен немере арасындағы шағын әңгімелерден ұрпақ сабақтастығы жоғалғанын байқаймыз. Бір-бірін түсіне алмайды. Қарым-қатынастары дөрекілеу. Тіпті, ата мен немере емес, бір-біріне жат адамдар ма деп қаласыз. Алайда, олардың «жасырын» қамқорлықтарын бір-біріне жапқан күртеше арқылы байқауға болады. Осынау үлкен сезімдер тоғысын осы бір деталь арқылы алып шықса, қойды қоздату арқылы қасқырмен арпалысып жатқан қатқыл тұсқа нәзік линия қосқысы келгендей.
Шал фильмі

Ал актерлер ансамблінің жұмысына келер болсақ, Тоғызақов рөліне тағылар айып жоқ. Мұнда «Шайтанбек» – Ералы рөліндегі Орынбекке біраз көрермендер наразы. Оның Данияр Саламат түсірген «Бәйтеректегі» басты рөлі ұтымдырақ шыққан, ал «Шал» фильміндегі кейіпкері жасандылыққа көбірек бой алдырған. Бұл олқылықты Орынбектің есейіп қалғандығымен байланыстыруға болатын сияқты. Бұрынғы тәтті балалығынан бозбалалық өмірге аяқ басып келе жатқандықтан, не «Бәйтеректегі» образын сақтай алмаған, не жаңа кейіпкер болып қалыптасуға шеберлігі жетпеген жас актер ретінде қабылдадық.
Сценарист тапқырлығының бір қыры – машина арқылы оқиғаның ұзара түсуін қатар өрген. Ондағы табылған заттар арқылы картинаға шынайылық эффекті қосады. Шалға арақ-шарап, киім-кешек, қару-жарақ беріп, одан кейінгі өмірінің ұзаруына түрткі болды, яғни көрерменді сендіру үшін қосылған қисынды іс-әрекеттер деп бағаладық. Қасым шалдың астындағы атын өлтіріп,  оқиғаны одан әрі шиеленістіре түседі. Ал шалға арақ беріп мас қылу арқылы картинаға комедиялық элемент қосады. Өзін діннен хабарсыз санаған шал мен дүдамал ақсақ «аңшы» арқылы мешіт, дін жайлы диалогтармен бүгінгі күннің қанды жарасын тырнаған.
Ал біздіңше,  шығарманың өзегі, негізгі фабуласы да Хемингуэйден көп алыс кетпеген. Хемингуэй шалы Куба жағалауында, Тұрсыновтың шалы –  Қазақстанда. Повесте балық аулап күн көрсе, фильмде қорасындағы малды қорғап, немересіне жаратпақшы. Шығармада бейсболды жақсы көрсе, картинада  футбол десе «жанын береді».  Тағы бір ұқсастық – повесте шалдың балығы акулалар қорегіне айналса, фильмде шалдың қойын қасқырлар талап жатады. Повестегі шал акулалармен арпалысып жүріп, жағалауға жетеді, фильмдегі шал қасқырлармен жағаласып жүріп  малын, жанын, онымен қоса өзінің арын да сақтайды.

Шал фильмі
Сюжеттік линиядағы образдарды ашуда, фильмге жалпы көркемдік әсер қалыптастыруда операторлық жұмыстың орнын атап өтуге болады. Тұманда адасқан шал бір жүрген жеріне қайта айналып келіп, алдында өзі шүберек байлап кеткен әулиеағашты қайта көрген тұсындағы ашу-ызасын камера қозғалысы арқылы әсірелей білген  оператор Мұрат Әлиев жұмысының тапқыр тұсын байқадық.
Фильм соңында қанша қиындықтарды артқа тастап, тірі қалған қозы ұрпақ жалғастығынан сыр шертеді. Адамның адамшылық қасиеттерін оятып, жанын нұрландыратын, оны рухани байытатын өресі биік жарқын дүниелерді ғана өнер деп атасақ, бұл киноны әркім әрқалай бағалап, әрқайсысы өз кездігімен өлшеуде…

Сауытбек Абдрахманов, журналист,
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті»
АҚ президенті:
– «Шал» фильмі Эрнест Хемингуэй шығармасының әлем мәдениетіне әсер-ықпалын тағы да бір таныта түсті. Оған қоса, «Шал» фильмі қазақ мәдениетінің әлемдік арнада дамып жатқанын да дәлелдеп берді.
Тұрсынов фильмі Хемингуэй хикаясына да, ол бойынша ертеректе түсірілген Джон Стерджестің, Джад Тейлордың фильмдеріне, Александр Петровтың бертінде жасалған  мультфильміне де  ремейк. Бұл өзі қазір жиі қолданылып жүрген тәсіл. Никита Михалковтың «12» фильмі америкалық режиссер Сидни Люметтің «Ызаланған он екі еркек» фильміне ремейк екенін де  барша жұрт біледі…

Ернар Бекенов, журналист:
– Бұл жерде көркем әдебиеттер мен патриоттық кинода айтылатын «қазақтың кең сахарасы», «бабалардың мұрасы», «қазағымның ұшы-қиыры жоқ даласы» дегендей әсіре суреттеу мен бос мақтанышты емге таппайсыз. Дала мен онда тіршілік ететін жан-жануар мен адамын шынайы кейпінде көресіз. Бір көргенде тым-тырыс секілді даланың дамыл таппаған өміріне куә боласыз. Ұшы-қиыры жоқ өлі даланы елестетсеңіз, қателесесіз — қайнаған өмірдің бәрі далада екен. Дала да бұл жерде кейіпкер, өйткені оқиғаның өрбуі мен шарықтау шегі осы далада орын алады.
Фильмге арқау болған Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесін оқымаппын. Қазақ қоғамына бейімделген кинотуындының көрерменге ерекше әсер еткенін байқадым. Ол «мықты туынды, күшті түсірілген» дегендей бір сөзбен бағалауды аздық ететін фильм. Бұл бөлек әлем: Тұрсыновтың әлемі, қазақ киносының жаңа тарауы.

Сәуле Әбединова, журналист:
– Ермек Тұрсыновтың «Келіні» де, «Шалы» да – кәсіби деңгейі жоғары, тұшынып көретін көркем фильмдер. Бұл картиналардан жас пен кәрінің (ескі мен жаңаның) бітіспес қайшылығын, тайталасын көреміз. Екі фильм де қасиет пен қасіреттің неде екенін таразылайды. Екі фильмдегі екі кейіпкер – «Келіндегі» қасқырды сауған кемпір пен «Шалдағы» қасқырларды жайратқан қария – бұл екеуі де қазақтың киесі. Қасиеті. Екеуі де символикалық тұлға. «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деген қазақ өзін Көк бөрінің ұрпағымыз деп есептейді. Киелі Көк бөрі –  қасиетіңді жоғалтпасаң сүтін береді, қасиетіңнен айырылсаң жайратып салады… Ал араққа сылқия тойып алған, уәдесін ұмытқан, бөлтіріктерге оқ атқан, атамен тайталасқан… жаңа ұрпақ – жаңа өркениеттің «жемісі». Қазақтың қасіреті. Екі фильм де тіршіліктің мәні – ұрпақ үшін күрес екенін көрсетеді. Ал сол ұрпақ шалды, кемпірді, ата-бабасын (тілін, ділін, дінін, дәстүрін т.б.) өз кие-
сін сақтап қала ала ма, өз қасиетін аман алып қалуға қауқары жете ме? Мәселе осында. Фильм авторы таңдауды кейінгі ұрпақтың өзіне қалдырады…

Қызықты деректер:
•    Бір эпизодта қасқырлар үйірін түсіру керек болған. Қазақстанда қолға үйретілген жыртқыштардың қажетті мөлшері табылмаған соң, Ресейдің Брянск қаласынан көкжалдарды әкелуге тура келген. Бұл қасқырларды ұшақпен де, пойызбен де тасымалдауға рұқсат бермеген. Сондықтан микроавтобуспен Алматы облысына дейін тиеп әкеліпті.
•    Қасқырды «рөлге» қосқан кезде біраз қиындықтар болыпты. Фильмнің жартысы қалың тұман ішінде түсірілуі тиіс болады. Бірақ тұманға «тапсырыс беру» мүмкін болмағандықтан, қарапайым түтін пайдаланылған. Ал қасқырлар түтінге жоламайды екен.
•    Басында басты рөлге Қасым Жәкібаев шақырылады. Бірақ, актер сырқаттанып, дүниеден озды. Осыдан кейін қарияның рөліне 63 жастағы Ерболат Тоғызақов таңдалып алынды. Бірақ басты кейіпкердің аты Жәкібаев құрметіне Қасым деп өзгертілді.

Айдана АЛАМАН

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

8 комментариев

  1. Ақерке Жүнісова :

    «Шал» жайлы жазылған соңғы мақалалардың бірі осы болар) Әрине, кейіндеу кинотанушылар талдауды бұдан да тереңдетіп зерттеу жұмыстарына қоспаса, журналистер шаршады-ау деймін.

  2. Айгерім :

    шал жаксы кино озіме унады

  3. Бұл фильмдегі образдарды келтіру, қасқырлармен жұмыс істеу оңай жұмыс емес. Өте тамаша жұмыс атқарғандарыңыз көрініп тұр. Түпкі идеялары да нақты берілген. Алғысым шексіз. Құрметті ағайын- бауырлар менің мамандығым тарихшы. Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері көптеген фильмдер түсірді. Олар маған сабақтарымды қызықты өтуіме үлкен көмегін тигізеді. Салт- дәстүр, тарихи оқиғалар және т.б. Айтқым келгені біздің ұлттың басынан қандай қайғы- қасіреттер өтпеді, оның барлығын бүгінгі таңда көре аламыз және жас ұрпаққа көрсете, айта да аламыз. Кейбір фильмдерді көргенде жаның ауырады. Оқушылардың үлпілдеген жүректерінің соғуы да өзгереді. Себебі бұл фильмдердегі оқиғалар өз халқының, ата- бабаларының тарихы. Ұлтына, халқына сүйіспеншіліктері одан ары артады. Ол үшін үлкен рақмет сіздерге. Ұсыныс ретінде айтқым келгені «Көшпенділер» деген фильмдерді көрсетпеңіздерші. Шынайы түсірілген фильмдерге не жетсін? Тарихи фильмдерге өтірік қосудың қажеті жоқ

  4. Медина :

    керемет кино екен!

  5. Айдана :

    жақсы кино

  6. Тұрсыновтың кинолары ұлтық моральдың бетін тырнайтын өрескел дүниелер. Ұлттық болмысынан жырақтап, оқығанын талғамсыз қабылдаған американдық типтің кинолары мың жерден мақтап, аспанға ұшырғанмен өзін анық қазақ ретінде тани білетін көрермендерге құнсыз, далбаса туынды ретінде сезіледі. Қазақ халқы өнерге, көркемдік әлеміне өз көзқарасы бар халық. Сөндықтан, «Шал» мен «Келін» біз үшін «Бораттың» жалғасында боп қала бермек.

  7. Фильмде күман тудыратын тұсы жетерлік. Аха дұрыс айтады. Хэмингуэйдің шалы шынайы, сенімді ғой. Ал фильмде шалдың әрекеті қазақтыққа жат. Мысалы шал адам сол жерде туып өссе тұман тұрмақ тастүнек қараңғы болса да адаспайды. Хэмингуэйге еліктеймін деп осындай жаңсақтыққа барған. Сосын үш азамат, қолында мылтығы, астында машинесі, сөйте тұра қасқырға әлі келмеді дегенге кім сенеді. Қолында алтыатар мылтығы бар жан жаяу жүріп те қасқырларға бой бермейді. Ермек талантты екені дау жоқ, бірақ қазаққа ұнайтын фильм әлі түсірген жоқ. Қайта қарабайырлау болса да Еркін Рақышевтің фильмдері қазақтың жүрегіне жылы тиеді. Ермек шын талантты болса қазақтың рухын көтеретін, жігерін жанитын, міне біз осындаймыз деуге тұрарлық фильм неге түсірмейді. Қазақтың келіні мен шалын мазақ еткенше.

  8. Could Amoxicillin Cause Hives Peut Acheter Baclofene Amoxicillin Dosage For Urethritis cialis Kamagra Daily Use Cialis Acquisto In Italia

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


9 + 9 =