Шолпан МӘЖИТОВА: Анам өте еңбекқор адам

Шолпан Мәжитова

Шолпан Мәжитова

Кез келген адам үшін өзін өмірге әкелген ата-анасы – ең қасиетті, ең киелі адам екені бесенеден белгілі. Ал енді сол ата-анаң ел сыйлайтын, ел құрмет тұтатын жандар болса, ол алланың пендеге берген ерекше сыйы деп  білемін. Халық алдындағы абыройды, құрметті сатып ала алмайсың. Елдің алғысын, көптің батасын алу – кез келгенге бұйырмайтын сыбаға. Адамның қадір-қасиеті өзі өмір сүрген ортада істеген қызметі, жүрген жүрісі, адамдық қасиетімен өлшенері даусыз.
Әке-шешеміз әркез: «Ешуақытта өздерің туралы мақтанып сөйлемеңдер, кімнің кім екенін, бағасын халық береді» дейтін. Десе де,  Анамыз туралы айтылып жатқан елдің жылы пікірін естігенде қашанда жүрегімізге мақтаныш ұялап, өзіңді әркез дұрыс ұстап, аяғыңды шалыс басуға хақың жоқ екенін сезінесің.

Ардақ Мәжитова

Ардақ Мәжитова

Неге біз, адамдар, өзіміздің жақын адамдарымыз туралы айтуға сараңбыз деп ойлайсың  кейде. Неге адамның жақсылығын  бұл дүниеден өткен соң айтуымыз керек? «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демеуші ме еді? Мамамның өзі туралы жазып берген жарты беттік  өмірдерегіне  қарап отырып, бұрын-соңды қолыма қалам ұстамасам да, анамыз туралы өз ой-пікірімді, жан тебірентер толғанысымды жеткізуім керек деп шештім. Анаң туралы айту, жүрегіңдегі тұнып тұрған сезіміңді бір деммен жеткізу қиын екен. Дегенмен, анамның бойындағы басты  қасиеттеріне  тоқталайын:
Біріншіден, мамамның ата-енесіне деген құрметін сөзбен  айтып жеткізу мүмкін емес. Өзі өмірде қол жеткізген табыстарына, жақсылықтарына қуанғанда қашанда «әуелі алланың, қала берді, ата-енемнің батасының арқасы» деп тәубе қылудан  жаңылған емес. Мамам үшін ата-енесі – дүниедегі ең жақсы, ең таза, ең тура адамдар. Атам мен апам туралы  ерекше құрметпен айтылатын әңгімелерінің құлаққа сіңгені соншалық, немерелері – біздер де жақсы-жаманға баға берерде атамның бағасын қолданатынымызды  сеземіз. Әлі күнге дейін мамам бізге маңызды бір мәселе туралы айтарда сөз басын «Атам айтып отырушы еді…» деп бастайды. Қазір ойлап қарасам, ата-апамыз бен, анамыздың  арасындағы шынайы сыйластық, мейірім-шапағат  бізге, балаларына берілетін тәрбиенің мөлдір  бастауы екен ғой.

Ардақ апа

Ардақ апа

Екінші, ол кісінің ерін сыйлауы  ерекше еді. Балаларының көзінше   папам туралы ешқашан  теріс пікір білдіріп, кейбіреулер сияқты кемшіліктерін айтып отырғанын көрмеппіз. Отбасында, қонақ күтуде, той-томалақта, ағайынның  мәселесінде барлық нәрсенің алдын алып, папамның алаңсыз жүруін  өзінің міндеті санайтын. Әкеміз  де бұл тірлікке әбден риза болатын. Олардың бір-біріне деген риясыз сыйластықтарын көзімізбен көріп, жүрегімізбен сезініп,  мейірім дариясына бөленіп өстік. Папам үйде бар болсын, жоқ болсын, бір нәрсені дұрыс істемей қалсақ, «әкең ренжіп қалады» деп қорқытатын. Бізге «әкенің ризалығы – алланың ризалығы» дегенді ұғындырған анамыздың осындай тәрбиесі.
Үшінші, ол кісінің ерекше еңбекқорлығы. Біз көзімізді ашқаннан көргеніміз – анамның таң алакеуімнен тұрып, үйдегі таусылмайтын күйбең тіршілікті де, одан басқа қоғамдық жұмыста да, тірліктің қандай түрі болсын, қаймықпастан бел шеше кірісіп, кез келген жұмысты дөңгелетіп әкете алатыны. Үлкен үйдің, ата-ененің, шиеттей бала-шағаның, үнемі түзде, көптің  алдында жүретін ерінің, ешқашан үзілмейтін қонақтардың бабын таба білді. Ол кісі кетпен де шапты, кесек те құйды, егін де салды. Анау-мынау ерлердің қолынан келе бермейтін қара жұмыстағы қайратына  ауыл адамдары  тәнті болып, құрметтеуінің арқасында ол кісі екі рет ауылдық, аудандық кеңеске депутат болып сайланды. Қай жерде, қандай жұмыс атқарса да, алланың берген қуатының, адал еңбегінің арқасында жүрген ортасында сыйлы болды.

Ардақ апа

Ардақ апа

Төртіншіден, қай істе, қандай жағдайда да  қара жердей сабырлылығы –мамамның құдай берген бір ерекшелігі. Істің мәнісіне  бармай байбалам салу,  айқайлап ұрсу, не болса соған мыжыңдап сөйлеу ол кісіге жат нәрсе. Қандай ширыққан мәселе болсын, тыңдап, біраз уақыт ақыл таразысына салғандай үндемей отырып, соңында өз кесімін айтқанда барлық нәрсе орнына келеді. «Кешірімшіл  болсаң, кем болмайсың», «Кең адамға – кең дүние, тар адамға – тар дүние»,  «Таспен ұрғанды – аспен ұр», «Бермегенді беріп ұялт»,  «Сабыр түбі – сары алтын», «Сабырсыз сырын  алдырар» деген мәтелдер мамамның өмірбақилық ұстанымдары.
Бесінші, ол кісінің бауырмалдығы, мейірімділігі. Отбасы мүшелерінен басқа, үлкен әулеттің барлық туыстарының көңілін табу,  әрқайсысына  жасалуға тиісті жол-жоба, жөн-жоралғыдан жаңылмай, ризашылықтарын алу арқылы ерінің мерейін көтеруді  өзіне қашанда мұрат тұтты және балаларын да осы жолға тәрбиеледі.

Ардақ апа

Ардақ апа

Өзінің осындай қасиеттерінің арқасында  келін болып түскен ортасынан бастап, жүрген жерлерінде, жұмыс істеген ортасында, тіпті емделіп жүрген, демалып жүрген жерлерінен өзіне  апа-сіңлі, қыз-келін  тауып алып, олармен шынайы сыйластықпен қатынасатынын айналасындағы ел түгел біледі.
Өзінен шыққан небәрі екі-үш ұл-қыздың есебін таба алмай жүрген жандар қаншама. Мамамның өзінің балаларынан басқа, әр қалада оқып жүрген немерелерінің әрқайсысымен хабарласып, олардың келетін-кететін уақыттарын есепке алып, демалыс уақыттарында олардың қара шаңырақта  бастарын қосып отыру – дағдылы жайтқа айналғалы қашан!.. Немерелердің алды оқу орнын бітіріп, әрқайсысы әр салада еңбек етіп жүрген болса, 5 немере ұлын үйлендіріп, 5 немере қызын ұзатып, оларға да әжелік мейір-шапағатын  көрсетуден әсте шаршаған емес.
Бақыт деген ұғымды әр пенде өзінше бағамдайтыны белгілі. Анамыздың бақыты – ешкімді байлықпен, барлықпен, билікпен  таңқалдыра алмайтын  мына аласапыран дүниеде пешенесіне жазылған тағдырға, барға да, жоққа да қанағат қылып, бәріне шүкіршілік жасап отырғанының арқасы шығар деп  ойлаймын. Тіпті, кейде денсаулығы сыр беріп,  қан қысымы  қатты көтеріліп  тұрса да,  «құдайға шүкір, жағдайым өте жақсы» деуден бір танған емес.
Бұл күнде балалары, келіндері мен немерелері алақанындарына  салып аялап отырған қажы  анамыз: «Бақытты болу адамның өз қолында. Қазір барлық нәрсе жердің бетіне шыққан, не сөйлесең, сол болады. Қандай   жағдайда  да тек жақсы болады деп сену керек. Пендеге берілген аз ғана уақытта қолыңнан келгенше жақсылық жаса, жақсы сөйле, тіпті қолыңнан ешнәрсе келмесе, жамандық жасама. Адалдық қана түбінде  адамды мұратқа жеткізеді» деген сөзін әркез құлағымызға құйып отырады.
Расында, жетпістің бел ортасына келсе де бұрынғы ширақ қалпынан айнымаған, әлі де қайратты, жүрген ортасын, жан-жағын мейірім шуағымен  нұрландырып, бала-шағасымен қатар төңірегінің  түгел амандығын, ел-жұртының тыныштығын  бес уақыт намазында тілеп отырған  аяулы анама қарап отырып,  балаларыңыздың рахатына бөленіп, жасай беріңіз, анашым, әкемнің де  көре алмай кеткен қызықшылықтарын  көруді алла Сізге нәсіп етсін деп тілеймін!

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

25 комментариев

  1. тамаша жазылған мақала

  2. viagra cheap fast delivery
    viagra generic availability
    buy viagra bangkok

  3. Hildegarde :

    how to buy viagra online
    viagra without prescription
    viagra sale adelaide

  4. generic viagra buy uk
    viagra coupon
    buy viagra portland

  5. woman cialis pills
    generic cialis online
    canadian generic cialis
    =http://cialisdenrx.com/#»>buy generic cialis

  6. online buy tadalafil
    cialis
    buy cialis online
    =http://cialissknrx.com/#»>cialis

  7. generic cialis tabs
    buy generic cialis online
    get cialis online
    =http://buycialisgennrx.com/#»>generic cialis

  8. viagra more health continuing education cialis 20mg cialis
    buy generic cialis
    uk prescription cialis generic
    =http://buycialisgennrx.com/#»>buy cialis

  9. mix viagra and alcohol cialis pill
    generic cialis online
    what company makes viagra cialis 20mg
    =http://buycialisgennrx.com/#»>buy generic cialis

  10. buy tadalafil cialis
    buy cialis online
    generic cialis 20mg
    =http://buycialisgennrx.com/#»>generic cialis

  11. viagra pill photo cialis 20mg
    buy cialis online
    viagra pronunciation cialis generic
    =http://buycialisgennrx.com/#»>buy generic cialis

  12. splitting cialis tablets
    cheap cialis online
    buying cialis
    =http://buyhcialisrx.com/#»>generic cialis

  13. brand cialis online pharma
    generic cialis
    sample cialis pills buy
    =http://buyhcialisrx.com/#»>cialis online

  14. Domenicviaph :

    You Keep Problems in getting the required scores in Ielts,Toefl, Pte, Esol, Toiec, Oet, Gmat, Gre, Nebosh, SAT, FEIGNING, GED, Usmle, Psat, lsat, Celban, FCE, CAE,CPE, BEC, Fle, Tesol,???
    Need Ielts certificate urgently in Australia, Saudi Arabia, Oman, Lebanon, Qatar, Canada, India, Dubai, Iran, Pakistan, Belarus, Kuwait, Germany, France, Egypt, Russia, Malaysia, UAE, Jordan, Yemen, Iraq, China, Canada, UK, USA, Uncharted Zealand,cours bitcoin en temps réel Anywhere… From British ministry or IDP certified without attractive the test?

  15. MichaelCob :

    Our organisation is proficiently connected with a variety of invigilators, British directors materials
    worthless managers and assay centers, which enables us to register your scores in any ielts
    center around the earth . All our certificates are original and British Council
    certified. If you fancy to cours bitcoin btc euros induce an inquiry gladden speak below details to contact us.

  16. RodneyAdano :

    For example, it will often make sense for someone earning $50,000 a year without a large portfolio meilleure plateforme bitcoin to forgo an investment advisor altogether,

  17. pharmacy online
    genuine viagra for sale
    canada pharmacy online

  18. EsperFinna :

    online order to nigeria

    86af online fre

  19. GlennApoto :

    cialis 5mg price walgreens
    cialis 20 mg 8 film tablet
    onhoxte@mail.ru
    cialis side effects leg cramps

  20. EsperFinna :

    we choice online canadian cost

    86af mgus online

  21. LikaFinna :

    do women take online

    19d8 onlineing online in online

  22. AntuanettaFinna :

    click now onlineing online online

    645a online cheap online online now uk

  23. VadimFinna :

    acheter online descuento

    8c5f online nach herzinfarkt

  24. VadimFinna :

    good price for online

    8c5f standard dosage online

  25. VeselinaFinna :

    kanada online preis

    3a33 online lowest best price

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


5 − = 1