Қызғаныштың ұясы – күдік

Қызғаныш

Қызғаныш

«О, қызғаныш! Адамзаттың серігі.
Саған төтеп бере алмас, темірдің де темірі…»
«Карменсита» қойылымынан.

Өмірде өз адамын тапқан адамның жалғыз қорқынышы – мәңгілікке бірге болуды тілеген махаббатынан айырылып қалу болса керек. Және әрқайсысымыз сүйіктіміздің де бізді сүйгенін қалаймыз. Егер де ессіз ғашық болған жанға үшінші біреу келіп киліксе ше? Өзің сүйетін адам өзіңді сүймесе ше? Қолың жетпей жүргенде басқа біреу табылып, бұрылмай кетсе ше? Қызғанышты тудыратын осы қорқыныш.
Ал әйел мен еркектің қызғанышының айырмашылығы бар ма? Көбінесе ер адамның қызғанышы «ол туралы өзгелер қалай ойлайды… жұрт не деп жүр екен?..» дейтін қауіппен қосарланып жүретін болса, әйел адамның қызғанышы ерінен айырылып қалу қорқынышымен қатар жүреді екен.
Қызғаныш деген дерттің ұясы – күдік, сенбестік екеніне көзіміз түпкілікті жеткен. Сол сияқты, қызғанышты сүйіктіңнің нақты бір қылықтары, яки әрекеті де тудырады. Жаныңда жатқан жарыңның салқын тартуы, ол үшін сенің бар-жоғың енді бәрібір болып, сені көргенде бұрынғыдай жүзі жайнап, күлімдеудің орнына қабағы қарс айырылып шыға келуі деген сықылды сан алуан себептер көп-ақ. Онда ол, мүмкін, сенің көзіңе шөп салып жүрген шығар? Қызғаныштың көкесі осы жерден басталады. Күдік пен сенімсіздіктен…

Қызғаныш

Қызғаныш

…Бірде ұлан-ғайыр еліміздің келесі бір бұрышына пойызбен баруға тура келгені. Теміржол көлігі жүруге таяғанша купедегі көршілердің төрт көзі түгел жиналды. Соңғы болып сүйріктей сұлу қыз келді. Жер сыпырған ұзын хиджабы қолайсыздық тудыратын болар, жүктерімен артынып-тартынып әрең кірді. Ұялы телефонымен тынымсыз біреуге есеп беріп жатыр. Жабылып сөмкелерін жайғастыра қойдық. Пойыз жылжығанда ол да айналасындағы көршілерге дұрыстап қарап шығып, терең күрсініп қойды. Келесі стансаға дейін кезегімізбен жол киімімізді ауыстырып алдық. Хиджаб киген қыз да сөлпеңдеген киімін сыпырып тастағанда астынан құлын денесіне жабысқан қара трико мен қара кеудеше шыға келді. Құдды бір биге дайындалуға жиналған балерина сияқты. Қызықтың көкесі сәлден кейін басталды. Хиджаб киген қызымыз келіншек болып шықты. Телефонға тыным жоқ. Сәт сайын ар жағындағы адамға есеп береді. Қасымда өңшең әйел адамдар дегенге сенбеген соң, ұялы телефонмен әлгі адаммен біртіндеп танысып шығуға мәжбүр болдық. Әлгі адам келесі стансада тағы хабарласқанда өзін емшімін деп таныстырған апаға телефон беруді сұрады. «Әйелімнің үстінде хиджабы бар ма? Басқа адамдармен сөйлесіп жүрген жоқ па? Тамбурға жиі шыға ма?» дегендей сұрақтардың астына алды. Келесі хабарласқанда «Құдайдың жолында жүрген адамсыз, мені алдамауыңыз керек» деп тағы да шегелеп қойды. Осылайша, бір жарым тәулік бойы әйелі діттеген жеріне жеткенше қадағалаумен болды. Осының бәрін бақылап отырған кексе судья өзінің өмір бойы азаматтық істермен айналысқанын, ажырасуға көбінесе ене мен келіннің араздығы мен қызғаныш себеп болатынын алға тартты.
– Бөтен еркектің бетіне қарамаймын, күліп қарасам – бітті, көзіне шөп салғаннан бетер астаң-кестеңімді шығарады, – деді әлгі келіншек.
– Қарағым, қызғаныштың әртүрлі формалары болады. Бір біріне сенбеген адам түбінде ажырасып тынады. Мен шын мәнінде некеге қиянат жасамағандарды қызғаныш ажырастырғанына талай куә болған адаммын, – деді судья да ойға шомып.

Қызғаныш

Қызғаныш

Расында да, қызғаныштың да түр-түрі болады екен. Біреулер жұбайына деген қызғанышын айғай-шумен, ұрыс-таласпен, ойында жүрген барлық күдігімен ақтарып білдірсе, екінші біреулер күмәнін жылдар бойы ішіне жинай береді. Өкпесі, қызғанышы мен күдігі өсе келе, қараптан-қарап еш дәлелсіз-ақ жартысын жек көре бастайды. Басқа біреуі бар шығар деген ой осыған сендіріп, сүйгенін тастап жүре береді. Ал өзі шын мәнінде жақсы көрген, көңілі қалмаған қосағымен айырылысуының түпкі мәнін өмір бойы білмей өтуі де ғажап емес.
Мәселен, бұрын психологтар еркектерге қара-
ғанда әйел адамдар әлдеқайда қызғаншақ деп есептеп келген. Өйткені, отбасында, ошақ қасында отыратын әйел жұмыстан кешігіп келген күйеулерін қызғанып, ұрыс-керістің басталуына бірінші себепкер болады деп келген. Ал бүгінгі өмірдің шындығы басқа. Сол сияқты ер-азаматтар жарының некеге дейінгі қылтың-сылтыңын еш кешіре алмайтын болса, әйел адамдар күйеуінің бойдақ кезіндегі сері жүрістеріне көз жұма қарайды деп есептелінеді. Бірақ, қызғаншақ адамдар екінші жартысының бұрынғы махаббаттарын бетіне басып отыруды еш ұмытпақ емес. Қит етсе, келмеске кеткен күндерді еске салып, ұрыс шығарып отыруды әдетке айналдырады. Сондықтан да көп некенің түбіне жеткен қызғаныш деп біліңіз. Тіпті, отбасының ойранын шығарып, ажырастыруға апармаса да, талай жүйкелерді жұқартып, өмірлерді қысқартатын да – қызғаныш.
Жарының жүрген ізін аңдып, өзінің жеке мүлкі сияқты көзінен таса қылмай, барынша өзгелермен араластырмауға күш салу – Алла жаратқан әрбір адамға ауаның өзін сығымдап жұттырғанмен бірдей емес пе?! Замандастарына, көршілеріне, қала берді туысқандарына жолатпай, жартысын билеп-төстеуге, тек өз ырқына көндіруге тырысудың махаббатқа ешқандай қатысы жоқ. Мұндай адамдардың әйелінің, яки күйеуінің көзіне шөп салу туралы мүлде ниеті болмауы мүмкін. Алайда, қызғаныш дертіне шалдыққан адам күн сайын ілік іздеп, бірдеңені дәлелдемек болып, тергеп-тексеруді доғармайды. Бітпейтін де қоймайтын күдік пен тексеруден құтылу үшін әйел байғұс азар да безер болып ақталып жатқаны. Ештеңе болмағандығын, алаңдауға себеп жоқ екенін логикалық тұрғыда дәлелдеп, түсіндірмек болса, басы одан да әрмен бәлеге қалады. Қызғаншақ адам мұның бәрін болған іске ақталу деп қабылдайды.
Өкінішке қарай, мұндай адамдар өзін өзгерте алмайды. Өзінің адам төзгісіз қылықтарын сүй-
гендіктен бола беретін қалыпты жағдай деп қабылдайды. Ал түптеп келгенде, екінші жартысын есепсіз қызғана беретін, ұрыс-керіс шығаруды үдетіп, қол жұмсауға дейін баратын адамдар – әйелінің, яки күйеуінің көзге шөп салуына өзі себепкер болады екен. Негізсіз таяққа жығылу немесе күн сайын жүйкеге тие беру, айналып келгенде, адалдықты әлсіретеді. Бостан-босқа кінәлі болып, жасамаған күнәсі үшін жауап бере беру кез-келген адамды қажытады. Өмірде болмаған көңілдесі үшін зардап шегу кімге оңай дейсіз…
Айтқандай, Проспер Мерименнің «Кармен» повесінің желісімен қойылатын «Карменсита» қойылымында сәуегей сыған кемпірінің: «Сүйгеніңді қызғанышпен суарсаң – гүлің сенің тікенек боп өседі» деп зарлайтыны бар ғой. Сол спектакльде жалғыз қызғаныш сезімі талай адамды жер жастандырады…
Иә, ажал құштырмаған күннің өзінде, көп некенің түбіне қызғаныш жеткен…

Айнаш ЕСАЛИ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

1 465 комментариев