Біз сізді үлгі тұтамыз!

Мекебай Бұзаубеков

Мекебай Бұзаубеков

Ұлылық пен дархандықтан тамыр тартқан халқымыз «білімдінің мыңды жығатынын» ежелден-ақ ұрпағына ескертіп кеткені белгілі. Тағылымға толы өсиет беретін, оқушылардың рухани өміріне ықпал етіп, педогогикалық арман-тілегі елінің, халқының тілегімен ұштасып жататын азамат ұстаздарымыз қаншама! Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. «Ғалым да, шахтер де бас иетін, Ұстазым, мол сенің қасиетің» деп ақын жырлағандай, ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Ұстаздың қоғам алдында, болашақ ұрпақ алдында, Отан алдында алатын орны ерекше. Иығындағы батпандай жауапкершіліктің салмағын жан-тәнімен сезініп, адал еңбек ететін ұстаздар қауымына қандай марапат айтсақ та лайық. Ал ұстаздық жолды таңдаған ер-азаматтарға деген құрметіміз одан да зор.
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің мәні, көңілдің сәні, жүректің сыры, бақыттың жыры, әр отбасының алтын қазығы. Осы орайда отаны-
мыздың да, отбасының да қорғаушысы, нағыз ер-азамат, ардақты ағамыз, білікті ұстаз, Түрксіб аудандық білім бөлімінің бастығы Бұзаубеков Мекебай Қуанышбекұлын шын жүректен құттықтап, көңілдегі ізгі тілегімізді жолдасақ дейміз.
Бұзаубеков Мекебай Қуанышбайұлы 1951 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Қос-Құдық бекетінде теміржолшы отбасында дүниеге келген. Алты бала өсіріп тәрбиелеген әкесі Қуанышбай 1972 жылы, шеше-сі Битай 1961 жылы дүние салған. 1957-1965 жылдары

Мекебай Бұзаубеков ұжыммен

Мекебай Бұзаубеков ұжыммен

арасында Қос-Құдық ауылында сегізжылдық мектепті бітіріп, 1965-1967 жылдары арасында Алматы қаласындағы №2 эксперименталдық қазақ мектеп-интернатында оқуын жалғастырып, орта білім туралы аттестат алды. 1968-1973 жылдар арасында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының физика факультетінің жалпы техникалық бөліміне түсіп, физика және еңбек пәндері мұғалімі мамандығын алып шыққан. Бұдан кейін 1973-1974 жылдар арасында Семей қаласында әскерлік борышын атқарған. Еңбек жолын 1974 жылы Іле ауданы Қарасу ауылында №49 сегізжылдық мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастап, одан кейін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бірнеше мектептердің директоры қызметін атқарды. 1993-1997 жылдар арасында Алматы қаласы Алатау аудандық білім бөлімінің, 1997-2008 жылдар арасында Әуезов аудандық білім бөлімінің бастығы, 2008 жылдан бастап, Түрксіб аудандық білім бөлімінің бастығы. Мекебай Қуанышбайұлының алдынан қанат қағып ұшқан қаншама шәкірттері өмірдің бір-бір кірпіші болып қаланғаны даусыз. Ол білім саласына қосқан зор үлесі үшін «Оқу-ағарту ісінің үздігі» белгісімен, Ы.Алтынсарин атындағы медальмен, ҚР Білім саласындағы «Құрметті қызметкері» белгісімен, «Ерен еңбегі үщін», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған. 2010 жылы Мекебай Қуанышбайұлы «Қапшағай қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды.
Бұзаубеков Мекебай Қуанышбайұлы аудандық білім мекемелері мен педагогтар арасында үлкен абырой мен сый-құрметке ие, сондықтан ұлағатты ұстаз, айбынды азамат Мекебай Қуанышбайұлына құрметпен бас иеміз.
Құрметті Мекебай Қуанышбайұлы! Өскелең ұрпақты тәрбиелеу қызметіндегі айтулы үлес-теріңізді біз әрқашан үлгі тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!
Отанымыздың игілігі үшін әлі де жемісті қызмет ете беруіңізге шын жүректен тілектеспіз! Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны, ел қорғаны – ерлердің даңқы арта берсін!

Ізгі ниетпен,
Түрксіб ауданының мектеп директорлары

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

1 516 комментариев