Алтын балалық (немесе зымырап өткен 20 жыл…)

Қоңырөлең мектебі

Қоңырөлең мектебі

(Қоңырөлең мектебінің 1993 жылғы  түлектері туралы бір үзік сыр)

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманда мереке-думанның көп болғанына не жетсін! Жалпы, мамыр айы – еліміз үшін мереке айы. Бірінен соң бірі келетін мерекелер шеруі 1 мамырдан басталып, 7 мамыр, 9 мамыр мерекелеріне ұласып, 25 мамырдағы соңғы қоңыраумен аяқталады. Бұлардан басқа, әр ұрпақ кезектесіп тойлайтын бір мереке бар – мектеп бітірушілердің 5 жылдық, 10 жылдық, 20 жылдық кездесуі. Әдетте көпшілік 5 жылдық пен 10 жылдыққа аса көп мән бермейді, ал 20 жылдыққа жұрттың бәрі ерекше дайындалады. “Кім қайда екен, не істеп жүр екен, өзгерген бе, аман ба екен…” Он жыл бойы мектеп партасында қатар отырып, бірге сабақ айтып, бірге ойнап-күліп, бірге сабақтан қашатын достарыңа деген бір ғаламат сағыныш кеудеңді кернейді. Мөлдір шақты еске алып, сол кезге бір сәт қайта оралғың келеді. Қиялына ерік беріп, кездесу ерекше есте қалатындай етіп өткізуге тырысады. Өмірден өткен құрбы-құрдастарын, ұстаздарын, ата-аналарын еске алып, оларға құран бағыштауды да бір парыз санайды…
Біз Қоңырөлең мектебінің 1993 жылғы  түлектерінің небір қызықтарды ұйымдастырып жатқанына куә болдық та, олар туралы жазғымыз келді.
Осыдан тура 20 жыл бұрын бiр топ қыз-жiгiт Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылындағы Қоңырөлең орта мектебінен (қазіргі Қошбамбет би атындағы орта мектеп) түлеп ұшқан едi. Ауылдың өзге балалары сияқты, Қоңырөлең орта мектебінің 1993 жылғы түлектері де туған жердің саф ауасын жұтып, топырағын кешіп өсті. Жоңғар алатауынан бастау алатын «Көктерек» өзенінің мөлдір суына шомылып, талай рет қуаласпақ ойнады. Өзенде сирек кездесетін «фарель» балығын аулады, оны қуыратын немесе балық сорпа пісіретін. Көркем табиғат аясына, әсем Алатау бөктеріне жыл сайын «көкке» («маевкаға») шығатын, шүйгін шөбіне аунап-қунап, құлын-тайдай тебісіп, шаршап-шалдығып, кешке үйлеріне қайтатын…
Алтын балалық десеңші!..

Қоңырөлең мектебі

Қоңырөлең мектебі

1983 жыл. Мектеп табалдырығын аттаған шақтары кеше ғана сияқты еді. Арада отыз жыл уақыт зымырап өте шығыпты. Алғаш қолдарына қалам ұстатып, «Әліппе» үйреткен алғашқы ұстаздары Гүлзада Сыдықованың арайға толы мейірімді жүзі көз алдарында… 30 баланы өз балаларындай мәпеледі, еркелетті. Бұлар «ботақан, құлыншақ» деген ұстаздарының қолынан ұстауға таласатын. Бейне балапандарын ерткен мама қаздай, кіп-кішкентай бүлдіршіндерін жетектеп асханаға, спортзалға қаздай тізіліп кетіп бара жататын…
Гүлзада апайлары бастауышты бітіріп, қанаттары қатайып, бұғанағы бекіген шәкірттерін Әлтен тәтейге табыстады. Әлтен Имансейітова оларға 4 сыныптан бастап әрі сынып жетекшісі, әрі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болды. Өзі балалармен тіл табыса білетін нағыз педагог, аяулы ана, ардақты ұстаз еді. Ол кісінің мінезінің ерекшелігі, жайлылығы сонша, қу балалар сабақ айтқысы келмеген кезде Әлтен тәтейін өздерінше «алдайды». «Тәтей, «Құлагер» туралы айтып беріңізші», «Асан-Үсенді айтып беріңізші» дейді. Айтпаса, шулайды, сабақ тыңдамайды… Әлтен тәтей де балалардың бетінен қақпай, бір айтқан ертегісін оныншы рет қайталап айтып беруден жалықпайды. Асан-Үсенді тыңдағанда кейбір балалардың көздерінен жас сорғалап жылап отыратыны да естерінде… «Біз тәтейді алдадық десек, керісінше, тәтей бізді шуламасын, тыныш отырсын деп ертегімен, әдебиеттегі қызықты шығармалармен алдайды екен ғой…» деп күледі олар бүгінде.
Бұлар 8 сыныпқа көшкенде Әлтен тәтейлері, денсаулығына байланысты, сынып жетекшілігін Нұрғали Мылтықбаев ағайларына тапсырды. Нұрғали ағай – балалардың бойындағы қабілетін тани білетін, оларға әрі дос, әрі ұстаз бола алатын нағыз педагог. Қазір ойлап қараса, ол кісіні де біраз шаршатыпты…

Қоңырөлең мектебінің түлектері

Қоңырөлең мектебінің түлектері

«Әр сыныпта бір тентек болады» деуші еді, біздің сыныпта бәріміз «атып кеткен жындылар» болдық деп күле еске алады. Мұғалімдер күнде бұлардың – «б» сыныбының тәртібін, үлгерімін сынға алып, ұрсып, жиналысқа салатын, «а» және «в» сыныбын бұларға үлгі ететін. «Кейін өскенде бір қолдарыңда кетпен, бір қолдарыңда күрек, қаласыңдар осы күйі… адам болмайсыңдар!..» деп ашуланатын.
– Бірде ұлдар бізді «подставить» еткен» деп қыздар жағы күледі. «Сабақтан қашайық» деген ұлдар: «Қыздар, сендер у-шусыз, ақырын ғана сыртқа шығыңдар да, терезе тұсына келіңдер, біз портфельдеріңді терезеден лақтырамыз, сосын өзіміз терезеден секіріп, қашып кетеміз» деген «гениальная идея» айтады. Қыздар ұлдардың айтқанын істеп, терезе тұсына келеді. Үш қабатты мектептің екінші қабатынан қыздардың сөмкелері бірінен соң бірі төмен қарай зулайды. «Тез, қайқайыңдар, орталықтағы кафеге барып, анау-мынау тапсырыс беріп бізді күтіңдер» деген ұлдар қыздарын мектептен қашырып жібереді де, өздері түк болмағандай сабаққа қатысады. «Қыздар қайда?» деген мұғалімге, «қашып кетті» деп қарап отырады. Ал қыздар ақша жинап, тамақ алып, оларды кафеде күтіп отыр… Мұғалім директорға хабарлайды, директор келесі күні қыздарды жиналысқа салып, ал жігіттерді жер-көкке сыйғызбай мақтайды…
Ал бірде… тағы да жігіттер ұйымдастырған «вечерге» қыздар барып, ертесіне қыздар жағы «женсоветтен» қатаң сөгіс алған. Сонда қыздардың кейбірі «женсоветке» аналарын емес, әкелерін ертіп келіпті, «анамыздан қорықтық, ал әкеміз ұрыспайды…» дейді.
6-7 сыныпта болса керек, Сарпылдақ деген жерге жүгері жинауға барады. Соңдарынан көп кешікпей директор қуып жетеді. Сөйтсе, Әбілқасымов Қайсар, Мұхамедиев Сұлтан, Кенжебеков Айдын, Шаукеев Нұржан су жаңа парталардың болтын, бірін қалдырмай түгел шешіп алыпты. Ешқандай жаман ойсыз, таза балалық, шалалық, «қожалық» мінез. Жай ғана қызық үшін алған, «не болар екен» деп…

Қоңырөлең мектебінің түлектері

Қоңырөлең мектебінің түлектері

Мына бір оқиғаны қалай ұмытсын?!.
Жылда «көкке» шығатын. Төменірек сыныпта жүргенде мұғалімдерімен бірге, есейіп, ержеткенде мұғалімдеріне айтпай, өздері бара беретін болды. Таза ауада отырып тамақ ішкенге не жетсін! Тіскебасар анау-мынауларын ала барады. Бірақ жылда бастары түгел жиналмай, жартысы келсе, жартысы келмей қалатын. Мектеп бітірер жылы, 11 сыныпта «маевкаға» бірі қалмай бәрі келді. Бірінші рет бастары түгел қосылғанға өздері де қуанды. Жерге киіз, көрпешелерін төсеп тастап, дастарханды жайқалтып жайып, «1 сыныптан бері тауға шығу дәстүр болса да, ешқашан дәл бүгінгідей толық жиналып көрмеп едік. Ақыл тоқтатты, есейді деген осы…» деп, өз-өздеріне риза болысып, «инвайт, юпимен» тост айтып, мәре-сәре болып отырған. Қыздар жағы ет асып, тамақ дайын болғанда дастарханға әкеп қойғаны сол еді, Сұлтанның ортадағы дәу табақты көтеріп, қаша жөнелмесі бар ма?!. Біраз ұлдар оны соңынан қуа жөнеледі. Сөйтіп, тамақсыз, таудан аш қайтқандары бар…
Шашын желкесіне дейін қоя беретін осы бұйрабас Сұлтан бірде барлық баланың қаламсабын жиып алып, қалың, бұйра шашының арасына жасырып қойыпты. Бүкіл қаламсаптың қайда кеткенін білмей басқалар дал болып, мұғалім әр баланың сөмкесін жеке-жеке тексеріп тұрғанда, шашын қолымен тарап жіберіп, барлық қаламсапты шашынан шығарып, «фокус» көрсеткені бар… Айта берсе, бұл түлектердің «кереметі» таусылмайды.
«Сездіруге батпадым да,
Бала махаббатымды.
Терезенің жақтауына
Ойып жаздым атыңды» деп әндетіп жүріп, бір-біріне ғашықтық хаттар жазғандар да жоқ емес. Алғашқы махаббат боп табысып, бір-біріне өмірлік серік, адал жар болған жұп бұл сыныпта жалғыз – Аян Нартбаев пен Гүлфия Күмісбекова ғана «үйленген сыныптастар». Қалғандар да өмірден өз теңдерін тапқан, алды бес балалы, соңы екі балалы ата-ана. Бір заманда өздері портфелін сүйретіп, мұрынды бір тартып қойып, мектеп табалдырығын аттаған еді, бүгінде олардың балалары мектеп бітірудің аз-ақ алдында. Ұрпақ сабақтастығы деген осы болса керек.
Ұстаздары көп ренжитін 11 «б» сыныбынан жоғары оқу орындарына түскендер де, өзге сыныптарға қарағанда, әлдеқайда көп болды. Отыз төрт баланың бүгінде бірі – экономист, бірі – қаржыгер, бірі – мұғалім, бірі – есепші, бірі – кітапханашы, бірі – жеке кәсіпкер, бірі – шекарашы, енді біреулері – ішкі істер органдарында қызмет етіп, өмірден шын мәнінде өз орындарын тапқан кәсіби мамандар. Жігіттер жағы – бір-бір шаңырақтың иесі болса, қыздар жағы бір-бір шаңырақтың киесі. «Жақсы адам болып қалыптасуымызға жоғарыда аты аталған ұстаздармен бірге, Жанеш Бердібеков, Ерғали Шоқпаров, Балтабай Сауранбаев, Қазытай Таштахметов, Акмади Жетпісбаев, Тұрған Таштахметова, Серік Бейбітов, Нұрқайдар Іркітбаев, Жанахмет Жанболатов, Топатай Сүйінбаев, Тілеулес Құттыбаева, Гуля Төлегенова сынды пән мұғалімдерінің де сіңірген еңбегі зор. Біз осындай ұлғатты ұстаздардан сабақ алғанымызды мақтан етеміз. Жиырма жылдық қарсаңында аяулы ұстаздарымызға тағзым етеміз! Біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз! Ғұмырларыңыз ұзақ, өмірлеріңіз шуақты, перзенттеріңіз адал, шәкірттеріңіз дарынды болсын!..» дейді 93-жылғы түлектер.
20 жылдық кездесуді ұйымдастырып, тойдың бар ауыртпалығын, қызығы мен шыжығын өз мойындарына алған, Ғалым Лекеров пен Қайсар Әбілқасымов бастаған жігіттер жағына қыздар дән риза. «Қазақ жігіттерінің бәрі біздің жігіттердей болса, онда қазақ қыздары – әлемдегі ең бақытты қыздар болар еді!..» дейді олар.
Ауызбіршілігі жарасқан армандастарға қарап біз де сүйсіндік…

Жәмила АЙДОС

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

6 комментариев

  1. Гульнара :

    Қоңырөлең менің туып өскен жерім, ауылым. Өз ауылым тураы естелікті оқып бір ждырап қалдым ғой. Бірақ, қазір «Қоңырөлең» атындағы орта мектептің аты «Қошманбет» емес «Қожбанбет би» атындағы №34 орта мектеп.

  2. Назира :

    Туған ауылым Қоңырөлеңде кездесу болады деп естігенде сыныптас достармен қауышқанша асық болдым. Мектеп өмірін , сол кездегі қызықты да бал дәурен шақтарды еске алып, елестетіп, ұстаздардың әр айтқан асыл сөздерін, ақылдарын еске алып, бір жадырап қалдық. Өкініштісі әріп танытып өмірге көзімізді ашқан Гүлжан Лекерова апайдың ортамызда болмағаны. Ол кісінің қабіріне барып құран бағыштап , еске алып қайттық. Біздің әр қызығымыз бен тентектігімізді кешіре білген Ләззат апай, Тұрған апай екі күн бізбен бірге жүріп , қылықтарымызды айтып , сыр шертістік. 20 жылдық кездесу тамаша өтті. Бал-балалық шақтарды еске алып , ұстаздармен қауышып, бір марқайып қалдық. Бізде «в» класы екі күн тамаша демалып қимастықпен қоштастық.Қазіргі таңда бір -бірімізбен хат алысып хабарласып тұрамыз.

  3. I enjoy you because of all of the work on this blog.

    Betty really likes managing investigation and it’s really simple to grasp why.
    I know all relating to the compelling ways you
    provide very useful guidelines through your blog and as well invigorate response from other people about this issue so our own child
    is now becoming educated so much. Have fun with the rest of the new year.
    You have been conducting a terrific job.

    my webpage: barack obama stops

  4. Michaelnox :

    Interpult Studio
    комментарии

  5. Michaelnox :

    Interpult Studio
    Контекстная реклама в Яндекс.Директ и Google AdWords.

  6. Michaelnox :

    Interpult Studio
    Реклама в соцсетях
    Привлечение трафика из социальных сетей.
    Мы работаем как с таргетированной рекламой (показ рекламы с помощью внутренних инструментов социальных сетей),
    так и с блогерами напрямую, позволяя размещать нативную рекламу ваших товаров и услуг

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


− 1 = 1