Данияр ҮРКІНБАЕВ, психолог, биоэнергетик: Суицид — жұқпалы дерт

Данияр Үркінбаев

Данияр Үркінбаев

– Данияр аға, психолог ғалымдар суицидті қазіргі таңда адам бойындағы дерт ретінде қарастырып жүр. Меніңше, бұл жалғыз адамда ғана кездесетін дерт емес, қоғамның дертіне айналып отырған сияқты?..
– Иә, ащы да болса, бұл – шындық. Барлық психолог-мамандар, мұны психологиялық дерт ретінде жеке адам бойынан, сол адамның сол сәттегі көңіл күйінен немесе айналасындағылардың сол адамға тікелей әсерінен деп ойлайды. Жалпы, халық арасында бұрыннан қалыптасып қалған көзқарас та солай. Бұрындары сирек кездесетін «аспа кеселді» зерттемек түгілі, тіпті, атын атауға қорқып, «жаман аурудан қайтыс болыпты» деп, ел сыбырлап айтып, жылы жауып қоятын. «Ауруын жасырға – өледі», «жасырған дерт асқынар» дегендей, жасырған дертіміз қазіргі күнде біздің елде, тіпті, «эпидемияға» айналып отыр.
– Бұл тақырыпты зерттеуге қандай да бір себеп түрткі болды ма? Не себепті бұл тақырыпқа тоқталып жүрсіз? Қанша жылдан бері бұл салада зерттеулер жүргізіп келесіз?
– 1978 жылы әскерден келіп, тарихшы-халықаралық байланыс маманы боламын деп, болашаққа жоспар құрып, оқу мезгілі басталғанша колхоз тірлігіне араласып кеттім. Ол кезде ауыл адамдары да, қала тұрғындары да көңілді, бір-біріне мейірімді, абайсызда сүріне қалсаң жәрдемге дайын, ақпейіл, ақжарқын мінездері жадырап жүздерінен көрініп тұратын. Өмір болған соң, өлімсіз болмайды. Бірақ, соңғы кездері кәрі демей, жас демей, бір өкініштісі, жақсы-жайсаң, дарынды, талантты жас жеткіншектердің арасынан «аспа кеселдің» тырнағына ілініп, түрлі жолдармен мезгілсіз кетіп жатқандары мені қатты толғандырды. 80-ші жылдары мектептерде психология деген сабақ та жоқ, оны оқытатын психолог-маман да жоқ. Қазіргідей бір сәтте мәлімет ала қоятын компьютер де жоқ. Баспа бетінде «неге бұлай», «қалай ойлайсыз» деген сұрақпен бітетін кіші-гірім тақырып болмаса, радио-телевидениеде көп айтыла бермейтін. Ал басына қайғы түскен қаралы үйге барып, «неге, қайда болды, қашан болды, қалай болды?» деп сұрай алмайсың. Содан, керекті, түрлі саладағы кітаптарды іздеп тауып, мәліметтер жинадым. Осы арада, басқа көрші елдерде де мұқтаждық туып, түрлі әдебиеттер шығып, ақпарат көбейе бастады. 1990-шы жылдары әртүрлі оқу орындарында парапсихология (тылсым дүние туралы ғылым) бөлімдері көптеп ашыла бастады. Мен оның керекті екі курсын оқып бітіріп, іздену-зерттеу жұмыстарымда пайдаландым. 1999-2002 жж. Көкшетау мемлекеттік университетінде психология мамандығын алып шыққан соң да, сол дерттің соңынан қалмай, сырын іздеп келемін. Бір білетінім, табиғат заңдылығында қателік болуы мүмкін емес. Себебі, оны Құдай басқарып тұр. Демек, қолында, оны да болса Құдай берген, аз ғана «еркі» бар адамзат бір жерден қателік жіберген болар және сол үшін Табиғат тарапынан жіберілген жаза екендігін ескеріп, қоғам тіршілігін реттемесе, дертке дауа табыла қоймас. Мені бұл саланы зерттеуге бұрған себептің және бірі – мұсылман елдерінің ішінде менің қазақ ұлтымның көбірек дерттенуі.

суицид

суицид

– Ертеде атын айтуға тыйым салынған «аспа кесел» – «суицид» аталып жүрген аурудың бұл түрі баяғыда он жылда бір кездеседі екен. Ал қазіргі таңда жыл санап бұл көрсеткіштің өсуіне нендей себептер бар?
– Негізінде, қандай ауру түрімен болмасын, адам уақытша дерттенуі мүмкін. Дерттің сауығуы немесе асқынуы емдеуші мен емделушінің сол дертке деген көзқарасына байланысты. Шынын айту керек, біздің «еліктегіш» ұлтымыз, өзінің заман өткелінде жіберіп алған қателігін мойындай бермейді. Бекер деймін. «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деген. Біз рухани құндылықты екінші үшінші… оныншы қатарға ысырып тастап, бірінші кезекке тек материалдық байлықты қойдық, осыдан келіп бүтіндей бүр ұлттың психологиясы, менталитеті өзгерді, дағдарысқа ұшырады. Ойымызға да, бойымызға да күллі дерттен қорған болатын «иман» деген, асыл дүниені, ата-бабамыздан берілген қабілет-қасиетті жоғалтып алдық. Әлеуметтік қабілет және гендік қабілет болады, солардан айырылып қалдық. Суицид – сырттан келген, көзге көрінбейтін дерт. Қан арқылы берілетін жағдайлар да кездеседі. Көрші елдермен салыстырғанда неге біздің елде бұл дерт асқынды? Небәрі 16 млн халқымыз бар, ал осы дерт бойынша көрсеткіштен бүгінде әлем бойынша 3 орында тұрмыз. Бұл – дабыл қағатын жайт. Неге араб елдерінде бұл көрсеткіш нөлге тең? Араб елдері сабырлылықты, имандылықты ұстап қалды. Мысалы, Египетте, Сирияда жүз мың адамға шаққанда бір-ақ адам осы кеселден көз жұмады, көрші елдер – Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанда – 4-8 адам, ал біздің елде 25-30-ға жетеді.

суицид

суицид

Боймыздағы алла берген қасиетті – ақкөңілділік, ақ пейілділік, ізгілік, төзімділік, күрескерлік қасиеттерінен айырылдық, бойымызға, ойымызға қорған болатын асыл қасеиттер еді бұлар. Теледидарды қарасаңыз, қантөгіс, атыс-шабыс… Жоғарыда отырғандар телевидение, интернет деген нәрселерді неге сүзбейді? Мысалы, бізге неге күнде таңертең теледидар арқылы қарт абыздардан бата алмасқа? Ұлттық дәстүрді келешек жастарға аманаттап қалдыруымыз керек…
Зертеу барысында көзім жеткен бір айғақ – аспа ауру деген – қате термин, бұл ауру емес, ұлтқа жабысатын тірі нәрсе, дерт… оның да жаны бар… санамызды қайта ретке келтірмесек, бұл процесстің тоқтауы қиын. Бұған үкімет араласпаса болмайды. Жақында ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Дариға Назарбаева үкімет алдына осы мәселені қойды, бірақ әзірше жауап жоқ. Бұл көкейкесті мәселені тек білім саласы мен банк саласына жауып қоймай, жан-жақты қарастыру керек.
Діни тұрғыдан қарасақ, осындай дертпен ауырып дүниеден өткендерді жаназа шығармай, бөлек қояды, жаназасын шығаруға, жалпыға ортақ қорымға қоюға шариғат рұқсат етпейді. Осының себебін терең зерттей келе, мынадай қорытындыға келдім: бұрын молдалар қайтыс болатын адамның қасында отырып, иманын үйіретін, қазір сол қалып қойды. Яғни, жаназа – қайтыс болған адамның тәніне емес, жанына оқылады, сондықтан оны «жан азасы» дейді. Ислам діні өз-өзіне қол жұмсаған адамға жаназа шығаруға тыйым салады, себебі, алла өзі берген жанды өзі алмағандықтан, физикалық түрде демі тоқтағанымен, жан сол тәннің ішінде қалып қояды…
Дәл қазір біздің қазақ бұл дерттен өзін-өзі қорғай алмай отыр, жаман аурудың торына топырлап түсіп жатырмыз. Жақында Өзбекстанда болдым, сонда беделді ақсақалдар, «өз-өзіне қол жұмсағандар көбейіп отыр, бәрі қазақтар, соған қатты намыстанамыз… бұл ұлттық дерт…» дейді. Мен ол кісілермен келісемін. Кез келген нәрсенің «иесі» бар, демек, аспа кеселдің де иесі бар… Ойды тазалау, тұрған үйді тазалау, қажет болса, ұлтты «жамандықтан аластау» керек деп ойлаймын.

суицид

суицид

– Жұқпалы дерт ретінде қарастыруға бола ма?
– Жоқ десем, жылдан-жылға айла-тәсілі артып, көрсеткіші көбейіп, эпидемияға айналып бара жатқанына көпшілік қауымның өзі куә. Қалай десек те, жаба-жасыратын дерт емес екендігіне көз жетті. Кешіктіре бермей, жұмыла-жабылып іске кірісу керек.
– Орта буын өкілдеріне қарағанда жасөспірімдер арасында кеңінен таралуына заман кінәлі деп ойламайсыз ба? Немесе, отбасында қандай да бір тәрбиенің жетпегендігі себеп бола ала ма?
– Өте күрделі де орынды сұрақ. Енді, бір сәт ел аумағынан шығып, арғы-бергі мұсылман көршілеріміздің жағдайына көңіл аударайықшы. Заман ағымымен, алып ммпериядан еншімізді бөліп алдық. Әрбір егемен ел, өз шама-шарқымен, қаншама қиындықтарды жеңіп, аяққа тұрып, басқа елдермен терезесі теңеліп, даму жолына бағыт алды. Осылай әрбір ел тағдыры кезекті сын таразына түсіп жатты. Осы тұста кім не жоғалтты, не тапты? Аталмыш дерттің дерегіне сүйенсек, көршілердің ешбірі, біздің ел жағалаған «үштік» емес, тіпті «ондыққа» да кірмейді екен. Болмысы ерекше жаралған ұлтымыздың бұлай дерттенуі бекер емес. Менің болжауымша, мұның сыры, бір сөзбен айтқанда, «ұлттық-болмыстық қасиеттер» мен «әулеттік-гендік қабілеттердің» шатасуында, жоғалуында. Экономикалық, техникалық, әлеуметтік өзгеріске жету жолында бірыңғай жүріп, «саналық өтпелі кезең» ескерілмей қалды. Оның үстіне «еліктегіш ел» екендігіміз тағы бар.
Жас жеткіншек үшін тәрбие басы – талбесік. Сол талбесікті кім тербетіп отыр. Әрине, бес саусақ бірдей емес. Әлі де болса, әлдиін айтып, ұлағатты ұлдар, ибалы қыздар тәрбиелеп отырған отбасылар көптеп табылады. Ел болған соң, естісі болады, есері болады дегендей, кешегі өтпелі кезеңде, бабадан қалған дара үрдіске, салт-дәстүрге шошына қарап, еуропаға еліктеп, ойы да, санасы да шатасып біткен аға буыннан туылған қазіргі жеткіншек-жастардың мінез-құлқының, тәртібінің шалыстығы – саналық шатасудың айғағы.

суицид

суицид

– Суицид дертіне шалдығып, бір өлімнен аман қалған адамның екінші бұл әрекетін қайталауы мүмкін бе? Әлде, емделіп кетуіне мүмкіндіктер бар ма?
– Мамандығыма байланысты, өз өміріне қол жұмсаған, түрлі себептермен ажал аузынан аман қалған, медицина, психолог мамандардың емінен денсаулығын қалпына келтіріп, тіршілігін жалғастырып жүрген көптеген үлкен-кіші азаматтармен кездестім. Өкінішке қарай, көп жағдайларда, есіне сала бермейік дейді де, ұмытса қалып қояр деген үмітпен, өткен іс деп, ары барса, бір-екі апта күзетіп, кейін ата-анасының өздері де ұмытып кетеді. Мұндай жағдайда, баланың ішкі жандүниесіндегі негізгі себеп шешілмей қалады да, уақыт өте қайта қозып, сол әрекетке қайта итермелейді. Әрекет үшке дейін қайталануы мүмкін. Үшінші әрекеттен алып қалу қиын. Егер, белгісі байқалғанда немесе бірінші әрекеттен кейін, кешіктірмей тиісті психолог-маманға көрсетілсе, емделіп кетуіне толық мүмкіндік бар.
– Аталмыш дерттің қан арқылы ұрпақтан ұрпаққа берілуі мүмкін бе?
– Дерттің ұрпақтар арасында жалғасуы мүмкін. Әкесінің ісін жылдар өтіп балаларының бірі қайталаған жағдайлардың болғанына куә болдым. Бірақ бұл дерттің «рухани дерт» екендігін ұмытпағанымыз абзал.
– Басқа да дерттер сынды, бұл дерттің қандай да бір белгілері бола ма? Дертке шалдыққандар қоғамда өзін-өзі қалай ұстайды?
– Қазіргі таңда, ғылым қаншалық дамыды десек те,ешқандай маман суицид дертінің белгісі мынадай деп дөп басып айта алмайды. Олай болса, ондай белгі берген адамдарды тездетіп есепке алып, тиісті мамандар емдеген болар еді. Дегенмен, кейбір белгілерін байқауға болады, ондайда уақыт өткізбей, тиісті психолог-маман шақырылса, дерттің алдын алуға болады. Кейбір қыз балалар істің орындалуына бір-екі күн қалғанда, өзіне қымбат заттарын құрбыларына сыйлайды және әңгіме арасында «мен ол кезде болмаймын», кейде, «өмір сүргім келмейді» деген сынды сөздер айтып қалады. Ал ұл балалардың кейбірі тұйықтала бастайды, дегенмен көпшілігі ешқандай белгі нышан сездірмейді. Ал қоғамда, бірі тұйықтыққа кетсе, бірі, керісінше, өте белсенділік танытады. Екі жағдайда да, халық мұны «өздерінің мінезі» деп, байқамай қалады. Құрбы-құрдастары байқағанның өзінде, «жаман ырым жасамайын» деп, айтуға қорқады, тіпті сол сәт ойынан шығаруға әрекет жасайды. Бұл қазірге сыры ашылмаған, атын атауға қорқатын «аспа» деген аурудың сыртқы көрінісіне шошына қараудың әсері.
Суицид – бұл дерттің бір сұмдығы, жасты да, жағдайды да талғамайды.

суицид

суицид

– Еш себепсіз ажал құшып кеткендерге қатысты зерттеулер жүргізіле ме?
– Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мамандарының зерттеу қорытындысына сүйенсек, дерттің пайда болуының 800 себебі бар екен. Ал осы дертпен өмірден кетудің 80 түрлі жолы бар деп тауыпты. Және 41%-ы ешқандай себепсіз дүниемен қоштасады екен. Тірі кезінде ешқандай белгі бермеген, дені сау, ешнәрсеге арызы, ешкімге қарызы жоқ адамға қазіргі таңда, медицина саласы да, психолог мамандар да, тіпті арнаулы орындар да соңынан ешқандай зерттеулер жасамайды. Ешқандай күмән-күдік болмаса, «өзіне-өзі қол салған», яғни, «аспа кеселмен ауырған» деп жерленеді. Негізінде, дені сау, ақыл-есі бүтін, көңілі тоқ адам жайдан-жай «аспа кеселмен» ауырмайды. Сау адамды, тіпті, қинап арқанға сала алмайсыз. Себебі, ол асылудың қандай азапты өлім екенін біледі. Сондықтан, мезгілсіз және осындай жолмен өмірді қиған «дертті» себепсіз келді деуге болмас.
– Қоғамда, әсіресе қазір Ұлттық бірыңғай тест жақындаған шақта суицидтің алдын алу мақсатында қандай іс-шаралар өткізіледі?
– Білім алу ошақтарында психолог мамандар Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын түлектермен әңгіме-сұхбат жүргізеді. Түлектерден сұрақ-жауап түрінде психологиялық тестер өткізіледі. Негізгі мақсат – суицидтің алдын алу назарға алына отырып, жастарды ертеңгі, күрделі өмірдің соқпақты сүрлеуінде сүрінбей жүруге, сын сағатта қиындыққа төзе білуге, барды бағалап, жоққа сабыр етуге, жалпы өмір ағымына бейімделіп, жоғарыдан көріне білуге үйретеді. Тек ұстаздар, психолог мамандар ғана емес, ата-аналар да балаларына қолдау көрсетсе, келеңсіз нәрселердің алдын аламыз деп ойлаймын.
– Іс-шаралардың нәтижесі болып, адамдардың өз-өзіне қол салуы қаншалықты бәсеңдеді деп ойлайсыз?
– Қазіргі таңда «өз-өздеріне қол салу» дерті өршімесе, бәсеңдеді деп айту артығырақ болар. Тек жастар арасында емес, елімізде тамырын терең жайып бара жатқан дертті тоқтатуға үкімет тарапынан жедел де, нақты шара қабылдау керек дер едім.
– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен
Еркеназ ШОҚАН 

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

284 комментария

  1. рысжан Муратбеккызы :

    Оз-озине кол салуды алдын алу керек шыгар булда бир ауыру гой емдеу керек

  2. ___123___Данияр ?РКІНБАЕВ, психолог, биоэнергетик: Суицид — ж??палы дерт___123___

  3. cheap cialis for sale
    viagra without a doctor prescription online
    is cheap cialis safe

  4. cheap cialis au
    generic cialis
    where can i buy cialis in london

  5. buy cialis non prescription
    buy generic viagra
    cialis discount canada

  6. how to buy generic cialis
    cialis no prescription
    splitting cialis pills

  7. buy viagra tablets uk
    viagra generic
    viagra buy south africa

  8. cheap viagra for sale
    viagra pills
    cheap viagra online australia

  9. order viagra mail
    viagra price
    cheap viagra prices

  10. over the counter in south africa :

    cost per pill rite aid https://www.ning.com/?p=10094 can you buy over the counter in canada.

  11. best discount card for :

    generic online overnight shipping http://doubledubs.com/UserProfile/tabid/82/userId/14066127/Default.aspx where can you buy over the counter.

  12. GlennApoto :

    generic cialis soft 40mg
    cialis price vs viagra onset of action
    onhoxte@mail.ru
    cialis coupons walgreens groupon

  13. Aaronswemy :

    http://indocin.guru/ — indocin 50 mg tablets

  14. Aaronswemy :

    http://tretinoin.network/ — tretinoin cream 0.05 price

  15. BennyPneup :

    [url=http://albuterol007.com/]albuterol[/url]

  16. Aaronswemy :

    http://furosemide.us.com/ — recommended reading

  17. CharlesGoppy :

    [url=http://furosemide40mg.top/]furosemide[/url] [url=http://cymbalta.science/]cost of cymbalta without insurance[/url] [url=http://tadalafilcheapestoffers.com/]order tadalafil[/url] [url=http://cialisfordailyuse.us.com/]cialis for daily use[/url] [url=http://ventolinnorxprice.com/]ventolin discount[/url] [url=http://levitranorxprice.com/]levitra[/url] [url=http://allopurinol365.us.com/]Allopurinol[/url] [url=http://albuterol.us.com/]Buy Albuterol[/url] [url=http://baclofennorxprice.com/]buy baclofen online[/url] [url=http://viagracompareprices.com/]viagra[/url] [url=http://lisinoprilcompareprice.com/]Lisinopril[/url] [url=http://viagranorxprice.com/]viagra pills for sale[/url] [url=http://sildenafilnorxovercounter.com/]sildenafil generic[/url] [url=http://methotrexate365.us.com/]methotrexate[/url]

  18. Aaronswemy :

    http://buykamagra.network/ — kamagra oral jelly 100mg

  19. Aaronswemy :

    http://diflucan.joburg/med/ — fluconazole without script

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 4 = 10