Талаптың мініп тұлпарын…

Дәулет Даниярұлы, дзю-додан жасөспірімдер арасында  республикалық жарыстардың 2 дүркін чемпионы

Дәулет Даниярұлы, дзю-додан жасөспірімдер арасында республикалық жарыстардың 2 дүркін чемпионы

Қуаныш Дәуренұлы, күміс жүлдегер

Қуаныш Дәуренұлы, күміс жүлдегер

Дәулет Айдынұлы, қола жүлдегер

Дәулет Айдынұлы, қола жүлдегер

Кез-келген мемлекеттің болашағы – жастар, егер жастары намысты, білімді, өнерлі болса, ол мемлекеттің болашағы жарқын. Қазақ елі өнерлі, білімді жастардан кенде емес. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын ізгілік, адамгершілік, үлкенді құрметтеу, ұяңдық, батырлық сияқты халқымыздың асыл қасиеттері атаның қанымен, ананың сүтімен бойымызға сіңген. Ұлы ғұлама әл-Фараби «Бақыт – әрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені ол белгісіз бір жетілу болып табылады» дейді. Кез-келген адам діттеген мақсатына жету үшін қажымас қайрат, білім мен ізденімпаздық, адал еңбек қажет десек, жас ұрпақты еңбекке баулып, жақсы іске дағдыландыру – ата-ана мен ұстазға, қоршаған ортаға жүктеледі. Біз сіздерді сондай ортада өсіп жетіліп келе жатқан балғын жастармен таныстырсақ дейміз. Олар – болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшылар. Балғындардың жеткен жетістігіне қарап көңіл қуанады. Тай-құлындай тебісіп өсіп келе жатқан үш балдырған – «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі ашып, өкшесі тиген №176 мектеп-гимназиясында білім алып, оқу озаттары болып жүр. Бұл талантты балдырғандар тұла бойларына кішіпейілділік пен сыпайылық қасиетті жиып өскендіктен болар, «Ассалаумағалейкум, аға!» деп алдыңнан шығып, қос қолдап амандасуының өзі ерекше. «Болар елдің баласын сәнінен емес, сәлемінен танимын» деген қариялар сөзі осындайда айтылған болар.

Бір-бірімен таласа өсіп келе жатқан үш балдырған – Табылды Дәулет Даниярұлы, Омарбек Қуаныш Дәуренұлы және Болатов Дәулет Айдынұлының жас та болса, жеткен жетістіктері аз емес. Дәулет Даниярұлының дзю-домен айналысқанына небәрі 2 жыл болса да, ол жастар арасындағы қалалық, республикалық жарыстарда екі дүркін чемпион атанды.
Қуаныш Дәуренұлы да аз уақыттың ішінде көптеген жүлделі орындардан көрініп жүр. Клубтар арасындағы жарыстан қола жүлденің және өз клубтары арасындағы іріктеу турнирінде күміс жүлденің иегері атанды. Спорт түрімен енді ғана айналысып жүрген Дәулет Айдынұлы да құралақан емес, клубтар арасындағы жарыстан қола жүлдегер атанып отыр. Бұл балдырғандар жайлы сынып жетекшісі – ұлағатты ұстаз Ардақ Байғожина былай дейді:
– Менің қос Дәулетім, бір Қуанышым бар, олар сыныптың ғана емес, мектебіміздің мақтанышы. Үшеуі де өз істеріне жауапты қарайтын, міндеттерін жақсы түсінетін оқушылар. Адам баласының тұлға болып қалыптасуына қандай ерекшеліктер тән болса, осы ерекшеліктің бәрі менің шәкірттерімнің бойында бар. Бүгінгі талшыбық, жас өскіндер, алла қаласа, әлі-ақ  қазақ елінің әнұранын шырқатып, көк туын көкте желбіретеді деп үміттенеміз.

«Мұғалімнің мақтанышы шәкіртінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде» деген екен атақты орыс ғалымы Д.И.Менделеев. Иә, ұстаз үшін өз шәкіртінің биіктен көрінгенінен асқан абырой бар ма?!.
Жас балғындардың ата-аналары балдырғандарға дұрыс жөн сілтеп, ертеңгі ел мақтанышына айналар дарынды ұрпақ тәрбиелеу арқылы қазақ халқының болашағына өзіндік үлесін қосып отыр. Көкірегінде еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі жоғары ұрпақ өсіруді алдына үлкен мақсат етіп қоя білген, ұрпағының болашақта халқына қалаулы, еліне елеулі азамат болуына ықпал етіп отырған ата-аналарына мың да бір рахмет. Біз де бұл балдырғандардың алға қойған мақсатына жетіп, қазақ халқының бір кірпіші болып қалануына тілектеспіз! Болашағы жарқын болып, қазақ халқының мүддесіне қызмет ететін ұлтжанды азаматтар болып қалыптасатынына сенімдіміз.

Әли БАТЫРХАНҰЛЫ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


8 − = 4

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>