Ғибраты мол лицей

Гүлжан Мырзалықызы, №169 лицей директоры– Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Ең бастысы – озық білім керек. Білімсіз даму мүмкін емес. Ал білім бастауының бәрі де мектептен басталады» деген болатын. Осыдан-ақ ұстаз бен мектептің болашақ ұрпақ үшін маңызын аңғаруға болады. Бітірушілердің білімін сарапқа салатын сынақ – ұлттық бірыңғай тест. Бұл әдіс алғашында әділетсіздікті болдырмау, нағыз білімді жасты іріктеу мақсатында қолға алынған еді. Биыл да мыңдаған шәкірт жүректері лүпілдеп, ҰБТ тапсырды. Білімді, жаңашыл және кәсіби білікті адам ғана өндірісті өркендетеді, қызметін адал орындап, еліне пайда келтіреді, – дейді Алматы қаласы Алатау ауданы Шаңырақ ықшамауданындағы №169 лицей директоры Гүлжан Мырзалықызы.

Гүлжан апайдың өзі де жаңашыл, білімді педагог. Ол кісі басқарып отырған лицей ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік бағыт-бағдары ерекше білім ордаларының бірі. Биыл бұл лицей жақсы нәтиже көрсеткен білім ошақтарының қатарынан табыла білді. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, білім көшін алға сүйреп жүрген ұстаздар қауымы 2012-2013 оқу жылын табысты аяқтағандарын зор қуанышпен жеткізді.
№169 лицей білім көрсеткіші жағынан биылғы оқу жылында Алатау ауданы бойынша ІІІ орын иеленді. Білікті ұстаз Дүмшебай Айжанның жетекшілігімен Республикалық «Үркер» төсбелгісінің иегерлері Мұса Аяулым биология пәні бойынша Республикалық ғылыми жобаға қатысып, ІІ орынды иеленсе, Тұрғыналиева Жазира география пәні бойынша ғылыми жобаға қатысып, ІІІ орын алды. Ал өз ісінің кәсіби маманы Амантаева Венераның жетекшілігімен Байқоңыр қаласында өткен Халықаралық ғылыми жобаға қатысқан Қаупен Гүлназ алгебра пәнінен ІІІ орынды иеленді. Швецияда өткен Халықаралық ғылыми жобаға осы білім ордасының 11 сынып оқушысы Амантай Жансая, Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғылыми жобаға Масат Айсара, Ө.Жолдасбеков атындағы халықаралық ғылыми жобаға Малден Малика, биология пәні бойынша Сайдуллаева Әсел қатысып, өз білімдерін сынады. Аудандық Пушкин оқулары байқауында Пушкин шығармаларын кез-келген өзге тілде мәнерлеп оқу номинациясын 5 сынып оқушысы Мұқан Төлеген жеңіп алды. 10 сынып оқушысы Ташмұханбет Тілеуберді «Туған күніңмен, сүйікті Сарайым!» атты қалалық сурет көрмесінде І орынды иеленді.

№169 лицей

№169 лицей

Аудандық «Сүмбіл шаш – 2013» байқауына 9 сынып оқушысы Ержанова Мөлдір қатысып, жүлделі І орынды иеленді.

Бұл ұжымда тек қана білім емес, тәрбиеге де көп көңіл бөлінеді. Өнерден де, спорттан да №169 лицейдің оқушылары жүлдесіз болған емес. Ал биылғы ұлттық бірыңғай тестте екі түлек «Алтын белгі» иегері атанды.
Біз №169 лицей директоры Гүлжан Мырзалықызынан осындай жетістікке жетудің сырын сұрағанымызда:
– Елбасымыз Н.Назарбаев бiлiм саласына баса назар аударып, мемлекетіміз болашақ ұрпақтың бiлiмдi болып өсуiне барлық жағдайды жасауда. Сол сенiмдi ақтап, елiмiздiң өркендеуi жолында еселi еңбек етеміз. Ең әуелі шәкірттердің ой-санасына, жан сарайына әсер етуге күш салдық. Бүкіл ұжым болып күн-түн демей, жатпай-тұрмай жұмыс жасадық. Нәтижесінде алдымызға қойған мақсатымызды орындап шықтық. Оқушылар әртүрлі деңгейдегі жарыстарда, ғылыми жобаларда, кешегі ҰБТ тапсыру кезінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Біздің лицейіміздің оқушылары – Мұхамет Әмина, Дүйсенбаева Әйгерім биылғы оқу жылында «Алтын белгі» иегері атанып, алдарына қойған мақсаттарына жетті. Бұл жерде оқу ісінің меңгерушісі Бақытова Шаттық, Жүнісова Бибігүл, Сағындықова Майра, Иманғожаева Майра тағы басқа ұстаздардың ерен еңбектерін атап айтқанымыз жөн болар. Олар уақытпен санаспай жұмыс істеді. Ұстаздарымыз шәкірттерді тәрбиелеуде олардың бойында жоғары жауапкершiлiкті жетiлдiруге қосқан еңбегi өз алдына бiр төбе. Енді міне, еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз, қуанышымызда шек жоқ. Алдағы уақытта бұдан да жақсы еңбек етіп, бұдан да үлкен жетістіктерге жетеміз деген сенім мен үміт бар бізде, – деп қуаныштан толқи сөйледі ұжым басшысы.
Рас, еліміздің еңсесі биіктеп, мемлекеттің алтын діңгегі мызғымауы үшін білім мен білік қажет. Сол білім мен білікті жас ұрпақтың бойына сіңіруде №169 лицейде атқарылып жатқан жұмыстар қыруар. Әсіресе, мектеп пен ұстаздар қауымына артылар жүк ауыр.

Бақытова Шаттық, оқу ісінің меңгерушісі:
– ҰБТ атты ауыр сынақ артта қалды. Жеткен жетістігіміздің бәрі тиянақты жұмыстың, мол еңбек пен қажыр-қайраттың арқасы. Тест болатын күні таңертеңнен бастап, университет ғимаратында болып, оқушылармен бірге қобалжып, бірге қуанған ұстаздар мен ата-аналарға рахмет! Бүгінгі шәкірттеріміз – ертеңгі болашағымыз. Сондықтан орайлы сәтті пайдаланып, өз шәкірттеріме даңғыл жол тілей отырып, бір ауыз лебізімді арнағым келеді: Айналайындар! Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Әрқашанда ұлт болашағы, ел ертеңі – білімдінің қолында екенін ұмытпағандарыңыз жөн. Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз. ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыздар! Талай қиын асулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер!..
* * *

Алтын белгі иегерлері

Алтын белгі иегерлері

Біз қуаныштан жүздері бал-бұл жанған оқушылармен және олардың ата-аналарымен де бір ауыз тілдескен едік…

Жанболат Дүйсенбайұлы, «Алтын белгі» иегері Дүйсенбаева Әйгерімнің әкесі:
– Иә, біздің қуанышымызда шек жоқ. Қызымның «Алтын белгі» алғанына бүкіл туған-туыс болып қуанып отырмыз. Болашақта халқына қалаулы, еліне елеулі азамат болып, қазақ халқы үшін қызмет етіп жатса, бізге одан артық не керек?!. Осы биікке жетуіне бар күш-жігерін аямаған ұстаздарына мың да бір рахмет. Білім ордасының басшысы Гүлжан Мырзалықызы иманжүзді, бетінен мейірімі төгіліп тұрған бір айналайын. Осындай басшылар көп болса, біздің Қазақ елі әлі талай асуды алатынымыз сөзсіз…

Дүйсенбаева Айгерім, «Алтын белгі» иегері:
– Бұл жеңіс жалғыз менің ғана емес, ата-анамның және мұғалімдерімнің еңбегі. «Еңбек бәрін жеңбек» демей ме?.. Ұстаздарыма, мен үшін жаны ауырған жанкүйерлеріме мың да бір рахмет. Алдағы кезде де биіктен көрініп, үміттерін ақтауға тырысамын…

Мұхамет Әмина, «Алтын белгі» иегері:
– «Алтын белгі» үміткері ретінде маған артылған жүктің екі есе ауыр екенін түсіндім. Сондықтан отбасымның, мұғалімдерімнің үмітін ақтау үшін барымды салдым десем болады. «Алтын белгімді» қорғап шықтым. Мен үшін аса қиын болған жоқ. Азырақ толқығаным рас. Болашақта журналист болғым келеді, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін таңдап отырмын…

* * *
Өз ісіне адал, жаңалықты жатсынбайтын, шәкіртінің жанына нұр құятын, өмірде өз бақытын ғана ойламай, өзгені де бақытқа жеткізсем дейтін №169 лицейдің ұстаздарына «мақтан етер білімді де білікті шәкірттеріңіздің қатары көбейе берсін!», ал жас түлектерге «қанаттарың талмасын, биіктерге самғаңдар!» дегеннен басқа айтарымыз жоқ.
Әли БАТЫРХАНҰЛЫ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


2 + = 8

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>