Әділ СЛАМХАН, әнші: «Әншіге үйленбеймін» дейтінмін…

Әділ Сламхан

Әділ Сламхан

– Балалық шағыңыздың Қытайда өткенін білеміз. Мектепте қандай оқушы болдыңыз? Сізді «оқу, білім жағынан шорқақтау» деп жатады…
– Оны кім, қалай, не үшін айтып жүргенін білмеймін және олардың пікіріне қосылмаймын. Қытайда оқуға өте қатал қарайтын. Соған қарамастан, сабақ үлгерімім өте жақсы болды. 1 сыныптан 8 сыныпқа дейін староста міндетін атқардым. Біраз мұғалімдердің сүйікті оқушысы атандым. Бізде сабақты 100 баллдық көрсеткішпен бағалайтын. 95-тен көп жинасаңыз жылдың соңында мақтау қағазымен марапаттап, шәкіртақы тағайындайтын. Бүгінгі күні, естуімше, Қазақстанда студенттерді осындай баллдық жүйемен бағалайды. Студент кезімде де алған бетімнен таймай, жақсы оқыдым. Қоғамдық жұмыстарға өте белсенді араластым. Мектепті де, университетті де «үздік» деген бағаға аяқтадым.
– Білуімізше, мамандығыңыз өнерден әлдеқайда алыс…
– Негізі, мен оқу бітірген жылдары мұнай өңдеу мамандығы жоғары сұранысқа ие еді. Екінің бірінің қолы жете бермейтін. Ең үздік деген оқушылар осы мамандыққа түсуді армандайтын. Марқұм әкем де осы мамандыққа түсуімді қатты қалады. Қазақы қағида мен әкеге қарсы шықпайтын тәрбиенің арқасында осы мамандыққа түстім. Ол кезде де студенттер ұйымына жетекшілік еттім. Спортпен айналыстым, волейбол, баскетбол ойнадым. Бір қытай ағайымның көзі түсіп, боксқа да баулыды. Сенбі-жексенбі күндері тойға шықтым, ән айттым дегендей, өте қызықты студенттік өмірді бастан кешірдім.
– Мұнайшылық жолды қусаңыз қалталы болатыныңызды біле тұра, неліктен әншілік жолды таңдадыңыз?
– Қалай да әнші болғым келді. Ол ес біліп етек жиған тұстан бастаған асыл арманым еді. Ағаларым әншілік жолда жүретін. Соларға ілесіп 8-сыныптан бастап ән айттым. Үлкен сахнаға алғаш рет 93-жылы шықтым. Ал ақша жағына келер болсақ, әр нәрсенің де түбіне жетіп, жан-тәніңмен еңбектенетін болсаң, байлық пен бедел өзі-ақ келеді. Өз өнеріме сендім. Бүгінгі күні сенімім мені алдаған жоқ. Құдайға шүкір, қара жаяу емеспіз. Өз ырыздығымызды жинап жүрген жайымыз бар…
– Үйде тәрбиелі бала, мектепте үлгілі оқушы, университетте үздік студент… Спорттан да, өнерден де құралақан еместігі тағы бар… Осындай жігітке қыздар жағы қалай қарады екен?

Әділ Сламхан

Әділ Сламхан

(Күлді) Ел мақтаған жігітті қыздар әрдайым да жақтайды ғой…
– Ендеше өзіңіздің алғашқы махаббатыңызды есіңізге түсіріп көріңізші?
(күліп) Сосын Дана ертең шаңымды қақсын дейсіз ғой… Қалжың… Дегенмен, мен үшін қиын сұрақ болып тұр… бұл жағын қозғамай-ақ қойсақ?!.
– Сіздің сұхбатыңыз жарияланатын айдарымыз «Алғашқы махаббат» деп аталғандықтан, қиын болса да, қолқа салғымыз келіп отыр…
– Ендеше былай ғана жауап бере аламын. Алғашқы махаббатымды Қытайда кездестірдім. Екі-ақ ай араласып жүрдік те қойдық. Бар болғаны сол ғана…
– Ол қыз кім болды екен? Тарқатып айтып өтсеңіз…
– Есімі – Айгүл. Сырттай көріп, қызықтым. Жалпы, өзіме қарапайымдылығы басым қазақы қыздар ұнайтын. Осы қасиеттерін бағаладым. Екі айдай араласып жүрдік. Сол екі ай аралығында спортпен шұғылданамын деп басыма зақым келтіріп алдым. Нәтижесінде шашымды тақырлап алып, ауылға барып қазақша ем қабылдап жаттым. Сол кезде Айгүл достарыма: «Басына зақым келсе ертең дұрыс адам бола ала ма?! Әрі қарай жүре аламыз ба?!» деген ойларын айтып, болашағымызға күмән келтіріпті. Түбегейлі сауығып, оқуға қайта барғанымда осы әңгімелерді естідім де, ол қыздан бірден суынып кеттім. Кейіннен қылықтары да, мінездері де түк ұнамай кетті ғой (күлді).
– Сырт көзге ауырлау мінезді, қатал адам көрінесіз… Махаббат сізді қаншалықты жұмсарта алды?
– Мені қатты өзгерткен – қазіргі өмірлік жарым, қыздарымның анасы – Дана ханым. Ал Айгүл тек кішкене алаңғасар сезімімді оятты десем, дұрыс болатын шығар. Өмірімде Данадан басқа ешкімге сезімімді білдіріп көрмеппін. Данаға бір көргеннен ғашық болдым. Сол көргеннен жатақханасынан шықпайтын болдым. 2007 жылы 8 наурыз күні Дана менімен жүруге келісімін берді. Содан бір жарым жыл қыз-жігіт болып қол ұстасып, судай тасып жүріп, шаңырақ көтердік.
– Қандай қасиетін бағалап, «жарым» деп таныдыңыз?
– Дінде «әйелдің төрт қасиетіне қарап ал» дейді ғой. Сол қасиеттердің барлығын бір Дананың бойынан тапқандай болдым. Аузынан Алласы түспеген текті де сұлу қыз болғанына қызықтым. Оған мінезінің биязылығын қосыңыз. Әңгімесімен, қылықтарымен мені өзіне шын ғашық қыла білді. Осы тұрғыдан алғанда алғашқы да соңғы махаббатым – Дана.

Әділ мен Дана

Әділ мен Дана

– Ол кісіге берген ең үлкен сыйыңыз?
(ойланды) Көп қой, қайсыбірін айтайын… Данаға не керек болса, соның барлығын алып беруге дайынмын.
– Өнерде жүрген жігіттер жар таңдағанда көбінесе үйде отырып, бала тәрбиесімен айналысатын әйел болғанын қалайды. Ал сіздің таңдауыңыз неліктен әншіге түсті?
– Мен де Дананы кездестірмей тұрып, сондай ойда едім, «әншіге үйленбеймін» дейтінмін. Бірақ қазір кезінде қателескенімді аңғарып отырмын. Дананы жақсы көргендіктен мен бәріне дайынмын. Бір-бірімізді өте жақсы түсінеміз. Ән таңдау, киім жобалау жағы болсын, бір-бірімізге ой қосып отырамыз.
– Шаңырақтың беріктігі үшін қандай да бір қағиданы ұстанасыздар ма?
– Ең алдымен үлкен түсіністік керек. Адам бір-бірін шынайы сүйсе, кешірімді болады және бәріне шыдай біледі. Әйел адам күйеуі үйге келгенде жылы шыраймен қарсы алып, дәмді тамағын дайындап, туған-туысқаның келгенде қабақ шытпай қарсы алып, бойынан тектілігі көрініп отырса, ал еркек әйелінің жағдайын толығымен жасап, әлпештеп, алақанында аялай білсе, тату-тәтті жанұя деген сол болар. Жалпы, үйді үй қылып отыратын әйел адам ғой. Біздің ұстаным – осы.
– Сізге бұл айдардың кезегін журналдың алдыңғы санында Мирас аға Бекжанов ұсын-ған болатын. Ал сіз кімге ұзатқыңыз келеді?
– Мен әңгіме кезегін Саят Медеуовке ұсынсам деп отырмын. Ол кісінің балғын балалыққа саяхаты, бала кездің риясыз таза көңілі, мөлдір махаббат сезімі туралы әңгімелері маған ғана емес, оқырмандарға да қызықты болар еді деп ойлаймын…

Сұхбаттасқан
Айдана АЛАМАН

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

13 пікір

  1. Мереке Сапаргул :

    Жауабынызға ризамын)))

  2. рысжан Муратбеккызы :

    Жаксы жауап берипти!!!!

  3. Бедергул :

    өзім осы әншіні жақсы тыңдаймын әндери әдемі

  4. бул анши жаксы анши коп шыкпайды гой

  5. Салтанат Бегулина :

    Қазақ эстрадасында Әділ мен Дана керемет дуэт болса, өмірде үлгі боларлық отбасылық жұп. Адил негизи оте сауатты берген сухбатты.Озинин бойында таза казак жигитине сай касиети,минез кулкы бар екени байкалып ак тур.Дана ханымнын да жеке андери оте адеми.Жалпы маган унайды.Табысты,бакытты,гумырлы отбасы болсын!!!

  6. айнур :

    жақсы әнші әнде әдемі орындайды

  7. "Қаңғыбас қазақ" :

    Нағыз өнер иесінің дүниемен ісі болмайды, дүние қумайды…

  8. Қазақбай :

    Әділ Сламхан Қытайда көшеде жататын алқаш болған екен ғой.Ол Қазақстанға келіп, тегін жасырып, «айхайлаған әнші болады» дегендей айхайлап жүр екен ғой.Ол алқашқа бұйырғаны «сасыған етке, борсыған май» дегендей өзінен он жас үлкен біздің елдің, бір кәрі қызы бұйырған екен ғой…байғұс-ай…

  9. Касымхан :

    Мына сайтта модерация болу керек кой. Елiм-жерiм деп келiп, онерiмен халыктын ризашылыгына боленiп журген апталдай азаматты каралауга жол берiлмеу керек. Адiл Сламхан Казакстанга келмей турып та Кытайдагы кандастарымыздын арасында онерiмен танымал болган. Екен гой, деген екен дей бермей, фактiлермен сойлеу керек.

  10. Дана Маханбаева :

    Казакбай Сиз олай жазатын кандай кукыныз бар?Бириншиден Адил елге танымал курметти анши болган Кытайда, Казакстанга елим жерим деп келген ержурек азамат!Сиздин алкаш деуге кандай какыныз бар ?Екиншиден он жас улкен емес мен одан он жас кишимин жане аллага ризамын осындай азаматпен кездестиргенине.Ушиншиден осылай ашкерелеп жазганыныз ушин сизди сотка беремиз.

  11. Levitra Rezeptfrei In Osterreich viagra Pharmacy24online

  12. KenntupeTror :

    Propecia Hipertension cialis Acheter Priligy 30mg

  13. Kelchoolo :

    Cialis Viagra Overnight Delivery cialis Cialis Professional Generique 20 Mg

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 3 = 12

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>