Меруерт ТҮСІПБАЕВА, әнші: Мінезім өзіме ұнайды…

Меруерт Түсіпбаева

Меруерт Түсіпбаева, әнші, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты

– Қатты қорқақ бола тұра, Еларнадағы «Фобия» жобасына қатысуыңыздың сыры неде?
– Біріншіден, ұйымдастырушылардың ұсыны-сына «жоқ» деп айта алмадым. Бағдарламаның басында қатты қорыққаныммен, артынан барлық тапсырмаларын беріле орындадым. Тіпті, өзіме-өзім танқалып жүрмін. «Көштен қалып қоймау» амалы мені қатты ынталандырды. 13 адамның ішінен, 4 адам болып финалға жеттік.
– Жобадан алған әсеріңіз…
– Терең ыдыстан құрт-құмырсқа, бақа-шаянды аузыңмен алып, басқа ыдысқа ауыстыру оңай шаруа емес. Өзімнің батылдығыма, жиіркеншектігімнен арылғаныма таңқалдым. Жылан қолымды тістеп, кәдімгідей қанатып тастады. Сол түні төсегімнің басынан жыланның ысылдаған дауысын естіп, шошып шыққаным бар.
– Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясынан ұстаздық қызметтен кеткеніңізді білеміз. Бүгінгі күнделікті жұмысыңыз не?
– Қазіргі уақытта Қыздар педагогикалық университетінде сабақ беремін. Өнер академиясында 2 жыл жұмыс жасағаннан кейін кетуге мәжбүр болдым. Себебі, жастарға жол бермей, жанұшыра өмір сүріп жүрген кейбір зейнеткер апайларымызбен тіл табыса алмадым. Кейбіреулері маған «орнымды осы алып қояр ма екен?…» деген қорқынышпен қарағанын жасыра алмаймын. Өмір болғандықтан бәрі де болады, өмір – күрес. Әйтсе де қазіргі күні басқа оқу орнына келіп, өзімнің еңбекқорлығым мен жауапкершілігімнің арқасында өз орнымды таптым.
– Кандидаттық жұмысыңызды өзіңіз жазғаныңызға күмәнмен қарайтын әріптестеріңізге айтарыңыз бар ма?
– Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймын. «Су ішкен құдығыма түкіруден» аулақпын, дегенмен, интеллектісі, яғни парасат-пайымы тым төмен әріптестерімнің баршылық екенін айта аламын. Тіпті, кей әншілер ток-шоуларда Американың қазіргі президентінің атын да атай алмай жатқандары бар ғой. Ол кісілермен салыстырғанда өзімді интеллекті биік әнші санаймын. Мен оқыған кейбір классиктердің кітабын атасам, кейбір әріптестерім «ол кім?» деп сұрауы мүмкін. Екі тілде білімімнің жеткілікті екеніне сенімдімін.
– «Қимай сені барамын», «Ақ жауын», «Сен кеткен соң», «Жан аға» әндерінің «ізбасарлары» неге көрінбей кетті?
– (күлді) Себебі, қазір ешкімге ғашық емеспін. Ол кездері, расында, бір адамға құлай ғашық болдым.

Меруерт Түсіпбаева

Меруерт Түсіпбаева

– Ол кісіге қолыңыз жетті ме?
– Жоқ… Сезімім де өшті… Бірақ ештеңеге өкінбеймін. Ең бастысы, қазір мені сүйетін адам бар. Негізі, жауапсыз махаббаттың тұсында ғана хит әндер көп туады екен.
– Тым талғампаз болу өнерде тоқырауға әкеліп соқтыратын сияқты…
– Талғампаздық – менің ең үлкен мақтан ететін қасиетімнің бірі. Ол тек қана көмек береді деп ойлаймын. Өз басым, өмірде талғамы жоқ адамдардан қорқамын.
– Мінезіңізге өкпелі адамдарға айтарыңыз бар ма?
– Расында, кей адамдар «Меруерттің мінезі тік, бетің бар, жүзің бар демей айта салады» деп ренжіп жатады. Жас кезімнен орыстардың арасында өстім, «Мен қазақпын! Мен Меруертпін!» деп, бергенін қолынын, бермегенін жолынан алып, арпалысып өстім. Ол мінезім қаныма сіңіп кеткен. Ұнатқысы келген адамдар ұнатсын, ұнатпағандары тағы өздері біледі. Себебі, 41-ге келген шағымда ол адамдар үшін өзгергім жоқ. Өз мінезім өзіме ұнайды. Менімен тіл табысатын адамдар да бар.
– Бірақ олар өте аз шығар?
– Иә, аз. Олар менің адал достарым, сүйікті жанкүйерлерім.

Баласы Нұрғиса

Баласы Нұрғиса

– Зерттеуімше, сізге қойылатын сұрақтың 80 пайызы отбасының, қайта тұрмыс құрудың айналасында екен. Шаршатпай ма?
– Әбден шаршатты. Ол кісілерге көсіліп жауап беретіндей кімге тиемін? (күлді). Бүгінгі күні мен қатарлас жігіттердің басы бос емес, одан қала берді қазіргі жігіттердің көбісі көгілдірлерге, қызтекеге ұқсайды. Жігіттер мінезсіз, әлсіз, тіпті, «альфонс» (қыздың есебінен күн көруге, баюға ұмтылатындар) болса, олардың қолына өмірімді қалайша сеніп тапсырамын? Одан да өмір бойы жалғыз өткенім артық емес пе?!
– Соңғы кезде нендей нәрсеге қызығушылығыңыз оянып жүр? Мүмкін тағы бір тіл меңгергіңіз келіп жүрген болар…
– Қазір бір ғана ой-арманым, мұрат-мақсатым – баламның болашағы. Мен ішпегенді ішсе екен, мен жүрмеген жерлермен жүрсе екен, мен білмегенді білсе екен деп, жатсам-тұрсам соның тілеуін тілеймін. Баяғыда 13 жасымда суға батып, бір өлімнен қалғанмын, аквафобиям бар. Сол үшін баламды 5 жасынан суда жүзуге үйреттім. Балықтай жүзетін болды. Математикаға шорқақ болдым, ағылшын тілін білмедім. Балам қазір оларды бір кісідей біледі. Коньки тебу қолымнан келмеді, баламды соған баулыдым.
– Жалғыз қалғанда ойыңызға не оралады?
– Жалғыздыққа әбден үйренген адаммын. Тіпті, жазда 3 ай бойы балам да үйде болмайды. Егер жалғыздықта құлазымаймын деп айтсам, өтірікші болғаным. Кәсібіме ризамын. Күнде думан, күнде той… Алайда осы күйбең тірліктің бәрінен шаршап, жалығып, барлығынан бас тартып, жиіркенетін сәттерім болады…
– Ондай кездері не істейсіз? Бір жылап алып тұрып кетесіз бе?
– Жоқ, мен ешқашан жыламаймын. Құдай жылатпай-ақ қойсын. Ондай кездерде достарыммен бірге түнгі клубтарға барып билеймін. Кейде мені клубтан көріп қалған адамдардың екі көздері төртеу болады (күлді). Болмаса басқа қалаға, тіпті, басқа мемлекетке кетіп қалатын да кездерім болады. Психологтардың «орта ауыстыру» термині осы тұста көп көмектеседі.
– Өнер академиясын бітірген соң біраз жыл Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып жұмыс істедіңіз. Театрды сағынасыз ба?
– Өнер академиясында студенттермен атқарған жұмыс барысында театрға деген сағынышым оянды. Оны жасыра алмаймын. Театрдан ертерек кеткенімді ұғындым. Шынымды айтсам, актриса ретінде өзімді ашып көрсете алмадым. Материалдық жағдайымды жақсарту мақсатында театрдан эстрадаға кетуге мәжбүр болдым.
– Қазір жағдайыңыз жақсарды. Қайта театрға шақырса барар ма едіңіз?
– «Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман». Қазіргі күні көңіл толатындай жас артистер театрға ағылып жатыр ғой. Олармен жағаласып қайтемін?!
– Журнал оқырмандарына айтарыңыз…
– «Ақжүніс-Астана» журналы бір жасқа толыпты. Тәй-тәй басқан қадамдарыңыз құтты болсын! Құдай журналдың 10-20-30… жылдық мерейтойында немеремді ертіп келуге жазсын!
– Сырлы сұхбатыңыз үшін алғыс айтамыз!

Сұхбаттасқан
Айдана АЛМАН

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

9 комментариев

  1. Жадыра :

    Меруерт жаксы анши .жаксы минези .мысалы;менинде минези осы кисиге уксайды .

  2. Меруерттің сұхбаты ұнады. Бірден білініп тұр, мінезі тік, тура айтатыны. Баласына жасап жатқан істері өте керемет, әрбір қазақ солай өз өмірінен сабақ ала білсе, заман оңға басар еді. Әсіресе, жігіттер туралы ащы да болса шындықты айтыпты.Арманына жетсін.

  3. рысжан Маратбеккызы :

    сухбатты жаксы берипти ,,иа Арманы орындала берсин

  4. Баянауылдың қызы ғой. Сіңлісінің де даусы керемет. Бірақ сахнаға шықпайды мұғалім болып жұмыс жасап жүр.

  5. бедергул :

    жақсы әнші

  6. озиме унайды жаксы анши бирак катты танымал емес

  7. Қосак :

    Интеллекті әнші екенін жоққа шығармаймын. Мінез де керек қой, ел алдында жүргесін. Әндері керемет еді, даусы күшті болмаса да, шынай жүрекпен айтатын болғасын ба.

  8. Меруерт :

    Меруерт Түсіппаева танымал… Бірақ не істейтіні түсініксіз… Қандай ән айтады? «Жан аға» деп майысатын әнін білем. Көздерін ойнатып, шынымен де даусымен емес журегимен айтатын шығар.Әйтеуір «Менің еркектерім» деген кітап жазып жатырмын дейді… Танымал,ерекше қылықтарымен, миға сыйымсыз,әңгімелерімен…

  9. Zithromax Children Dosage generic cialis Achat Baclofene En Ligne Viagra Canadian Pharmacy Mastercard

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


3 + = 8