Болат ЕРКЕНОВ: Дуальдік жүйеге көшу үшін мемлекеттің көмегі қажет

Болат Еркенов, №13 кәсіптік лицей директоры

Болат Еркенов, №13 кәсіптік лицей директоры

1978 жылы 30 қаңтарда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің шешімімен Алматы қаласында №2 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі тамақ өнеркәсіп мамандарын даярлау негізінде №2 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі тамақ өнеркәсіп мамандарын даярлау негізінде құрылды. Алғашқы кезде кәсіптік-техникалық училище болып ашылған оқу орны жылдан-жылға дамып, кеңейіп, кәсіптік-техникалық мектеп, одан кейін кәсіптік мектеп, 2007 жылдан №13 кәсіптік лицей дәрежесіне жетті. Биыл лицейдің құрылғанына 35 жыл болды. Бүгінгі таңда лицей «Алматы облыстық инновациялық колледжі» деген жаңа атауды иемденіп жатқан жайы бар. Көбінесе оқу орындарының немесе қайсыбір мекемелердің алдымен аты өзгеріп, сонан соң заты өзгеруі мүмкін. Бұл мекемеде, керісінше, алдымен заты өзгеріп, тек содан кейін аты өзгеріп жатыр. Бір сөзбен айтқанда, атына заты сай оқу ордасы. Мекеме басшысы Болат Есмұратұлы Еркенов мырзамен сұхбаттасқанда осыған көз жеткіздік…

– Болат Есмұратұлы, лицей «инновациялық колледж» деген жаңа атқа ие болып, құжаттары әзірленіп, мөрі дайындалып жатыр екен. «Инновациялық колледж» деген атқа мекемелеріңіз лайық шығар? Дайынсыздар ма?
– Біз бұған дайынбыз. Біздің лицейдің материалдық-кадрлық-техникалық базасы инновациялық бағытта жұмыс істеуге әбден лайық. Ұжым жаңа технологияны жақсы меңгерген, жаңашыл бағытта жұмыс істей алатын білімді де білікті мамандардан құралған. Біз жас ұрпақты жаңашыл бағытта оқытып-тәрбиелеуді, еуропалық стандарт талабына сай жұмыс істей алатын, әрі өзіндік қазақы өзегі айқын көрініп тұратын кәсіби мамандарды дайындауды мақсат етеміз. Атап айтар болсақ, төмендегідей салалар бойынша жұмысшы мамандарын оқытамыз:
— тамақтандыруды ұйымдастыру;
— нан-макарон және кондитер өндірісі;
— тігін өндірісі және киімдерді модельдеу;
— шаштараз өнері және сәндік косметика;
— дәнекерлеу ісі;
— қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Мамандарды дайындау 9-сынып және 11-сынып негізінде жүзеге асады. Дәріс екі тілде – мемлекеттiк және орыс тiлiнде жүреді. Лицейдің әдістемелік «Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы халықаралық дәрежеге сай мамандарды дайындау» тақырыбына сәйкес оқу үрдісінің жаңарған тәжірибесін қолдана отырып, еңбек нарқының талабына және халықаралық стандартқа сай жоғары білікті мамандарды дайындаймыз.

Лондонда өткен Бармендердің халықаралық жарысында 1 орын алған Жайбергенов Әлібек директормен бірге

Лондонда өткен Бармендердің халықаралық жарысында 1 орын алған Жайбергенов Әлібек директормен бірге

– Білікті мамандарды оқытып шығару үшін мықты база болуы шарт. Сіздерде бұл жағы қалай?
– Лицейдің материалдық, техникалық және кадрлық базасы кез-келген талапқа сай. Мысалы, оқу корпусында теориялық білім алу үшін 26 кабинет орналасқан (олардың ішінде: кәсіптік білім алу үшін жасалған кабинеттер – 11, жалпы білім беретін кабинеттер – 15); оқу өндірістік шеберханалар мен зертханалар – 12 (нан өнімдерін пісіру зертханасы, кондитер цехы, шаштараз цехтары, аспаздар зертханалары, тігін цехтары, пішу цехы, дәнекерлеу цехы); оқу бары, оқу мейрамханасы, оқу қонақ үйі, спорт залы, мәжіліс залы, кітапхана, оқу залы, жатахана, асхана т.б.
Лицейдің оқу-материалдық-техникалық базасы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге, қазіргі нарықтық экономикаға лайықты мамандықтарды меңгеріп шығуына мүмкіндік беретіндей жаңа оқу құрал-жабдықтармен жабдықталған. Әр кабинет, әрбір өндірістік зертханалар мен цехтар, шеберханалар теледидар, DVD, мультимедиялық проектор, компьютерлермен жабдықталған және барлық мұғалімдер мен шеберлер ноутбукпен қамтамасыз етілген. Біздің басты мақсатымыз – сапалы білім беру үшін жедел ақпараттық технология мен жаңа жүйелі компьютерлік техниканы енгізе отырып оқыту.
Өткен жылдан бері лицейде WEB-сайты құрылды. Бұл сайтта талапкерлер үшін ақпараттық тақта арқылы бүкіл лицейдің материалдық-техникалық базасы мен тарихи дамуы көрсетілген және интернетке шыға алады. Интернет-технологияның бір түрі – виртуалдық-әдістемелік кабинет (ВӘК), интернет жүйесіне қосылға электронды кітапхана жұмыс істейді. Лицейде біраз уақыттан бері Білім үрдісін басқару жүйесі (СУОП — БҮБЖ) қосылған. Бұл жүйе заманауи ІТ-технологиясы арқылы нақты оқу үрдісі туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етеді, оқу сапасын арттыруға ықпал етеді.

Халықаралық жарыста лицей оқушылары алтын медальді жеңіп алды

Халықаралық жарыста лицей оқушылары алтын медальді жеңіп алды

– Демек, балалардың алаңсыз оқып, жақсы маман болып шығуына барлық жағдай жасалған дейсіз ғой?
– Иә, студенттердің жан-жақты білім алуына, өз кәсібін терең оқып-үйренуіне, мықты маман болып қалыптасуына барлық мүмкіндік жасалған. Оқушылар да мұны жақсы түсінеді, өздерін әркез жақсы жағынан көрсетеді. Біз өз шәкірттерімізбен мақтанамыз. Әртүрлі жарыстарда жақсы жетістіктерге жеткен студенттеріміз аз емес. Атап айтатын болсақ: «Fashion KZ» жас дизайнерлер және модельерлер халықаралық конкурсында бірнеше номинация бойынша Гран-При; «Испан кухнясы» қалалық байқауында Гран-При және 1-ші орын; республикалық «Ең үздік әдістемелік қызмет» байқауында Гран-При; туризм бойынша қалааралық спорттық жарыстардан 1-ші орын; қалалық баскетбол спартакиадасынан 1-ші орын; Аспазшы мамандығы бойынша «Ең үздік өндірістік оқыту шебері» облыстық кәсіби шеберлер байқауында Гран –При; «Жылдың ең үздік оқу орны» байқауында 1-ші орын; «Алтын Дастархан» 8-ші халықаралық аспаздық өнер байқауында алты студент кіші алтын медальдар мен 1-ші орын, т.б. Біздің шәкірттеріміздің жеткен жетістіктерін санап тауысу мүмкін емес. Лондонда өткен Бармендердің халықаралық жарысында 1 орын алған Жайбергенов Әлібек есімін ерекше атап айтқан жөн. Оның өнеріне дүниежүзінің бармен-шеберлері тәнті болды.
– Мықты маман дайындап шығару бар да, оларды жұмыспен қамтамасыз ету бар. Қазір не көп, орта және жоғары оқу орындары көп, яғни сіздердің бәсекелестеріңіз жүздеп саналады. Колледж, лицей түгілі, небір жоғары оқу орындарында оқыған жас мамандардың көпшілігі бүгінде жұмыс таба алмай, далада қалғандай күй кешеді. Оқу ордаларының бәрі дерлік «біздің міндет

Қонақ күтуді үйренгіңіз келсе, біздің лицейге келіңіз!..

Қонақ күтуді үйренгіңіз келсе, біздің лицейге келіңіз!..

оқыту, ал жұмыспен қамтамасыз етуге міндетті емеспіз» деген позиция ұстанады. Сіздер өз шәкірттеріңіздің жұмыспен қамтылуын ойлайсыздар ма?
– Әрине, бұл біздің ең алдымен ойлайтын мәселеміз. Сол себепті сұранысқа сәйкес жұмыс істейміз. Яғни, тұтынушылардың тапсырысына сәйкес, олардың қажеттілігіне сай білікті, сапалы мамандармен қамтамасыз ету – біздің лицейдің міндеті. Осы мақсатта бірқатар мекемелермен әріптестік, серіктестік қарым-қатынастар жолға қойылған. Осыған орай, облысымыздағы және қаламыздағы кәсіпорындар базасы құрылған. Әлеуетті әріптестер біздің мамандарға қызығушылық танытатындай етіп жұмыс жоспарын құрамыз. Әріптестіктермен қарым-қатынас жүйесі практикадан өтуінен бастап, оқушылардың оқу барысында тәжірибеден өтуіне, жұмысқа тұруына көмек береді. Мысалы, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша лицей 100-ге жуық қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен («Палладиум», «Шаған», «Алтын айдаһар», «Тропикана», «Бамбардия кергуду» т.б.мейрамханалармен); «Нан, макарон және кондитер өндірісі» мамандығы бойынша – «Ақсай-нан» АҚ, «Беккер», «Алматы-нан» кәсіпорындарымен; «Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша – «Отырар» АҚ, «Мак-сервис» ЖШС кешендерімен; «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша – «Gaziza», «Ақбота», «Әлия», «Диана», «Шик», «Ламиндур», «Ару» шаштараз және сән салондарымен; «Газэлектрдәнекерлеуші» мамандығы бойынша – «Трансмеханизация» АҚ, «Электротранс» АҚ, «Стройсервис» АҚ, АПК «Райымбек», АПК «Сары бұлақ» кәсіпорындарымен; «Тігін өндірісі мен киімді модельдеу» мамандығы бойынша – «TOERE» ЖШС, «КазСПО-N» АҚ-мен келісімшарттар жасалған.

Лицей бітірушілер диплом қорғауда

Лицей бітірушілер диплом қорғауда

– Келісімшартта қандай мәселелер қамтылған?
– Келісімшарт негізінде кәсіпорын жаңа техника мен технологияларды меңгеруде практиканттар үшін қажетті жағдай жасайды, оқу бағдарламасы оқушылардың практикадағы жұмыс орындарына сәйкес келеді, кәсіпорын бөлімшелерінің құрылымы бойынша кәсіби практиканы өту графигін орындалуын қамтамасыз етеді. Оқуды бітіргенде ол оқушылар сол мекемелерде жұмыс істейді. Біздің мамандар жерде қалмайды, дипломын қолға алысымен оларды «қағып» әкетеді.
– Халықаралық стандартқа сай жұмыс жасай алатын мамандар дайындау үшін шет елдермен тығыз байланыста болу керек шығар?
– Әрине, шет мемлекеттермен де әріптестік байланыстар орнатылған. Бірнеше жылдан бері халықаралық әріптестік негізінде жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп келеміз. Техникалық және кәсіптік бағытта білім беруді ұйымдастырудағы негізгі жұмыстарымен танысу мақсатында Еуропа елдерінде болып қайттық. Олардың халыққа қызмет көрсету тәжірибесін үйреніп қана қоймай, өз ұлтымыздың табиғат-болмысына лайықтауға тырысамыз. Мысалы, 2009 жылы қызметкерлерді кәсіптік оқыту бағытындағы қоғамдық мекеме – Каунас орталығының директоры Лаймуте Анужене екіжақты қызметтестік қарым-қатынас туралы келісімшартқа қол қойды. Сол сияқты, 3 жылдан бері «Қазақстандағы Мәдени, Әлеуметтік және Білімді дамыту қоры» қоғамдық қорымен әріптестік қарым-қатынас жасап келеміз. Бұл қор өндірістік оқыту шеберлері үшін Мастер-класстар ұйымдастырып, өндірістік оқыту шеберлері және оқушылар үшін ақпараттық және дайындық жұмыстары мен жоғары дәрежелі тренингтер өткізеді. Сондай-ақ, бұл қор өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқытудың нәтижесінде қор талапқа сай сертификат береді.

Болат Еркенов түлектермен бірге

Болат Еркенов түлектермен бірге

– Қазақстанда дуальдік жүйеге көшу қажеттігін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев баса айтқан болатын. Бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіп отырсыздар?
– Иә, Елбасының бастамасымен біздің елімізге ең тиімді және бәселестікке қабілетті мамандарды дайындайтын техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңарту үрдісі басталды. Бұл жүйенің нәтижесінде, ең алдымен оқушылар үлкен көлемде қажетті практикалық тәжірибе алады, мамандығын меңгереді, яғни оқу орнын бітірген соң жұмыспен, ал өнеркәсіптік шаруашылықтар білікті мамандармен қамтамасыз етіледі. Нақты білікті кадрлар мен оларды оқу орындарында дайындау құрылымы, экономикаға қажетті, еңбек нарқының инфраструктурасын жетілдіруге, еңбек ресурстарын пайдалану деңгейін көтеруге мүмкіншілік береді.
Қазіргі кезде бізде дуальдік оқыту жүйесі элементтері қолданылатынын айта аламыз. Мысалы, 2 курста өндірістік оқыту өндірістерде ақылы өтеді, ал 3 курс оқушылары жұмыс берушінің ақы төлеуі барысында өндірістік практикадан өтеді. Бұл жұмыстың жалғасы ретінде уақытша жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасының орындалуы және оқудан бос уақытында тәжірибеден өтуі болып табылады. Бос орын (вакансия) анықталған кезде және өндірістің қажеттілігіне байланысты жақсы жұмыс істейтін оқушылар оқудан бос уақытында пратика өткен жерінде ақылы жұмысқа шақырылады. Мысалы, 3 курстың оқушылары көптеген мекемелерде аспазшы, даяшы, бармен, кондитер, дәнекер, нан пісіруші және шаштараз мамандықтары бойынша жұмысқа тартылды.
Оқу жылының соңында комиссия мүшелері ғана емес, жұмыс берушілер де бітіруші түлектердің біліктілігін анықтайды, сапалы оқудың бағасы беріледі. Содан кейін бітіруші түлектер кәсіпорынның өзіне тест тапсыру үшін шақырылады, қажетті балл санын жинағандар әңгімелесу барысында жұмысқа орналасады. Кәсіпорындар біздің оқушыларды лицейді бітірген соң жұмысқа орналастыруға дайын, сондықтан студенттер өзі оқып жүрген кәсібінің арқасында болашақта тұрақты жұмыспен қамтылатынын сезініп, қызығушылықпен оқиды, бітіргеннен кейін сол кәсіпорында қалуға тырысады. Бұл мотивацияның жоғарғы деңгейі. Бітірушілерді жұмысқа орналастырудың мониторинг қорытындысы 100% нәтижені көрсетеді. Дегенмен, дуальдік жүйемен оқытуға түгелімен көшу үшін мемлекеттің көмегі қажет. Мамандықтарды дайындау ісі бір бөлек, кәсіпорындармен келісу мүлдем басқаша, өйткені кәсіпорындардың көпшілігі студенттерді өз кәсіпорындарында оқытуға және қабылдауға әзірше дайын емес. Ол үшін қаражат бөлінуі керек. Дуальдік жүйе үрдісін кең көлемде меңгеру, ары қарай заңдарды жетілдіру және бірінші кезекте берілген салаға қатысты бизнес мотивациясын дамыту талап етіледі. Сөйтіп, маман біліктілігі жұмыс берушімен анықталып, еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесіне көшу өзекті мәселе болып табылады. Шетел компанияларынының тәжірибесіндегідей, қызметкердің еңбекақысы дипломына байланысты емес, оның біліктілігіне байланысты болуы тиіс.
Биылғы бітіруші түлектер мамандықтарына сай өз біліктіліктерін көрсету барысында үш жыл алған білімдері бойынша біліктіліктерін анықтайтын тест тапсырып, жақсы нәтиже көрсетті. Тест көрсеткіші бойынша оқушылардың білім сапасы – 100%, орта балл – 95 б. Осы нәтиже әр маманға жоғары төлемақы төленетін жақсы жұмыс орындарына орналасуына мүмкіндік береді.
Осылайша, оқытудың дуальдік жүйесін енгізу, бітіруші мамандардың сұранысқа ие болуы мен оларды жұмысқа орналасуын бұрынғыдан гөрі аса жоғарғы деңгейде қамтамасыз ету біздің еліміздің аймақтарында әлеуметтік-экономикалық нәтиже беріп отыр.
– Әңгімеңізге рахмет! Еңбектеріңіз жемісті болсын!

Сұхбаттасқан
Сәуле Әбединова

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 3 = 5