Назира ЗИЯШҚЫЗЫ: Болашақ бүгіннен басталады

Назира Зияшқызы

Назира Зияшқызы

Қай уақытта болмасын, біліммен бірге білікті, адамгершілікті талап ететін маңызды саланың бірі – бала тәрбиесі. Болашақ ұрпақ тәрбиесі өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. «Адамға бірінші кезекте білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне қасірет әкеледі» деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, ең бірінші адамға тәрбие керек. Сол жауапкершілікті қайыспай арқалап, саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған, қай уақытта да еңбек пен жаңашылдықтың ұйтқысы болып, адамгершілігі мен парасаты, білімі мен біліктілігі жоғары, ар-ожданы таза, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғысын арқалаған, қоғамның игілігі үшін қызмет етіп жүрген жандардың бірі – абзал ана, аяулы жар, білікті басшы, Алматы қаласы Алатау ауданындағы №168 балабақшаның меңгерушісі Назира Зияшқызының жөні бөлек.
Назира Зияшқызы 1969 жылы шілдеде Алматы облысы қазіргі Райымбек ауданы Шәлкөде ауылында дүниеге келген. Бұл ауылда республикамызға танымал талай азаматтар өмірге келіп, халқына адал жұмыс атқарған болатын. Атап айтар болсақ, бақилық болып кеткен Мәлікаждар Құлмұханбетов, Шарғын Алғазыұлы, Тілек Бәрмешұлы сынды ағаларымыз бен ақиық ақынымыз Мұқағалидың жан жары Лашын Әзімжанқызы, үздік ұстаз Аутбаева Раушан апаларымыз және қазір халқына адал қызмет етіп, ұрпаққа сапалы білім беріп жүрген ұстаздар Ақылбаев Әкпержан, Алғазиев Тілеухан, Сүгіров Сырым, Рысбаев Тұрсынияз сол ауылдың төл балалары. Киелі Шәлкөде өңірінде өмірге келіп, билік басында, ғылымда, саясатта және өнер саласында жүрген небір мықтылар аз емес. Назираның нағашы атасы Мәлікаждар Құлмұханбетов атамыз ең алғаш рет 1923 жылдары Шәлкөде өңірінде қазіргі Шәлкөде орта мектебінің іргесін қалаған зиялы жан болатын. «Тектіден текті туар, тектілік тұқым қуар, Тектілігі тектінің биіктен көрініп тұрар» деген қазақ халқының қанатты сөзі тегін айтылмаған болса керек. Талайға танымал, халқына қалаулы, еліне елеулі,

Назира Зияшқызы анасымен

Назира Зияшқызы анасымен

ұлтқа қызмет етудің үлгісі болған азаматтарды алтын бесігінде тербеткен киелі Шәлкөде өңірінде дүние есігін ашқан Назираның жақсы ұстаз болмауға құқы да жоқ сияқты. Ұлағатты ұстаздардың алдын көріп, тауға қарап талпынып өскен Назира Зияшқызының бойындағы батылдық, ұлтжандылық сияқты жақсы қасиеттер осы аталарынан жұғысты болса керек. Мектеп табалдырығын аттағанша аяулы әжесі Қарлығаштың мейіріміне шомылып өседі. Әжесі зерек немересін кішіге қамқор болуға, үлкенге қолқанат болуға тәрбиелеп өсірді. Назираның алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтынына және еңбекқор, өткір болып өсуіне әжесінің тәрбиесі көп әсер етсе керек. Шәлкөде ауылындағы С.М.Киров атындағы орта мектептің табалдырығын аттаған Назира Зияшқызы өзінің зеректігімен сыныптастарының алды болып қана қоймай, осы білім ордасының маңдайалды үздік оқушыларының бірі болады. Жастайынан патриоттық рухта тәрбиеленгені осы қара шаңырақта көрінді. Мектепте жүргенде-ақ қаршадай қыз Назира қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, осы аталған білім ордасының атын ауданға, облысқа танытуға септігін тигізді. Тек қана білім саласында ғана емес, ол өнерден де құралақан емес еді, би де билейтін, ән де айтатын, сонымен қатар, спорт саласында да жақсы жетістіктерге жетіп жүрді. Ол спортты әлі күнге шейін жанына серік қылып жүр.
Мектепті үздік оқыған Назира Зияшқызы арман қуып Алматыға келіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не түсіп, өзінің жүрек қалауымен таңдаған маман-дығын алып шықты. Назира өзінің бар білімін, өмірін бала тәрбиесіне арнайтынын әу бастан білетін. Ол ұстаздықтың қыр-сырын үйренуде ұстаздарының ізінен қалмай, ұзақты күн кітапханаларда отырып, білімін шыңдай жүріп, осы білім ордасын 1992 жылы тамамдап, еңбек жолын тәрбиешінің көмекшісі болып бастаған. Алғаш еңбек жолын бастаған жас маманның аздап жүрексініп, қобалжығаны рас. Сондай сәттерде оның жанына демеу болып, бар білгенін үйретіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, ақылын айтып, көңіліне сүйеу болған ұстаздарының алдында өзін әлі күнге шәкірт сезінеді. Ол жас та болса, ұжым алдында бірден абырой-беделге ие бола білді. Көп ұзамай-ақ тәрбиешілік жауапкершілікті өз мойнына алды. Адалдығы, ізденімпаздығы, еңбекқорлығы, бала десе ішкен асын жерге қоятын мейірбандылығы үшін оны әріптестері де құрмет тұтты.
Назира Зияшқызы 2008 жылдан 2011 жылға дейін №69 бөбекжай-балабақшасында әдіскер болып қызмет атқарды. Ысылған білікті де тәжірибелі маман ретінде 2011 жылдың қараша айында Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты «Дархан» ықшамауданында орналасқан №168 бөбекжай-балабақшасына меңгеруші болып тағайындалды.
Назира Зияшқызы жайлы айтқанда анасы Қаниа апай жайлы айтпай кету мүмкін емес. Кіндік қаны тамған жеріне, туған еліне, қала берді, күллі қоғамға қалтқысыз қызмет етіп, оның гүлденуі мен өркендеуіне атсалысу – кез-келген жанның перзенттік парызы емес пе? Сол перзенттік парызын адал атқарған жанның бірі – марқұм Қаниа апай еді. Ол кісінің

Назира Зияшқызы ұжыммен

Назира Зияшқызы ұжыммен

есімі сол ауданның үлкен-кішісіне таныс есім болатын. Қаниа анамыз балалар дәрігері болып қызмет атқарды. Жылы жүзді, өңінен мейірімділік есіп тұратын, ақжарқын келбетімен, ақкөңіл, кеңпейілділігімен бала жанын баурап алатын, науқасты ауруынан айықтыру үшін бар жағдайды жасап бағатын дәрігерге қай емделуші қызықпайды дейсіз. Қаниа апамыз сумкасын арқалап келе жатқанда алдынан жүгіріп шығып, ол кісіні бала атаулы тосып алатынбыз. Үйге келіп жымиып қойып, қал-жағдайыңды тәптіштеп сұрап, керек емін жасайтын. Қабақ шытып ұрсуды білмейтін. Қазір ойлаймын, әдетте дәрігер десе шыңғырып қаша жөнелетін бозөкпелер сол кезде Қаниа анамыздан неге қорықпай, керісінше, ол кісі келсе балалардың бәрі де базардан анасы келгендей қуанып алдынан шығатын десек, ол кісіде жүрек жылуы бар екен ғой. Әйтпесе өзіне ине салуға келе жатқан дәрігерден қорықпайтын бала болушы ма еді? Қазіргі заманның дәрігерлерінде жүрек жылуы жетіспей жататын сияқты… Ал Қаниа апай қайтқан кезде біраз жерге дейін соңынан еріп барып, қол бұлғап тұрып шығарып салатынбыз. «Алладан кейінгі құтқарушы ақ халатты періште» деуге боларлық дәрігер қандай мақтау сөзге де, алғыс сезімге де лайық. Қаниа апай сондай «Гиппократ антына» адал болған ақ халатты абзал жан еді. Қаниа апай өмірге 5 ұл-қыз әкеліп, ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырған аяулы ана болды. Ерінен ертерек жесір қалған Қаниа анамыз перзенттеріне әкелерінің жоқтығын білдірмей, ешкімнен кем қылмай, жанұяның бар ауыртпалығын жалғыз өзі арқалап, ұл-қыздарын қатарынан қалдырмай оқытып өсірді. Назираның анасы осындай абзал да ардақты жан еді. Сондай ананың тәрбиесін көрген Назираның да жүрегі мейірім мен ізгілікке толы десек қателеспейміз.

Ән сабағы көңілді...

Ән сабағы көңілді…

– Балабақшамыз 2011 жылы жаңа үлгіде салынған, заманауи стандартқа сай, 320 орындық, 16 топтық, – дейді Назира Зияшқызы балабақшамен таныстыра жүріп. – Балдырғандардың жан-жақты өсіп-жетілуіне барлық жағдай жасалған. Мамандар да жеткілікті. Балабақша ұжымы өте ұйымшыл, ауызбіршілігі жарасқан жастардан құралған. Жоғары білімді тәрбиешілер мен ұлағатты ұстаздар еңбек етіп жүрген тәрбие отауы.
Тәрбиенің тал бесігі балабақша табалдырығынан бастау алады. Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бәрі тәрбиеден басталады. Көпшілік ата-ана баласының дені сау, тамағы тоқ, киімі бүтін болғанына көңілі толып, оның бойына жастайынан жақсы қасиеттерді қалыптастыруына мән бермейді. Осындай мәселелер қазіргі таңда кең етек алып барады. Қабілет-қарымы, ой-санасы дұрыс қалыптаспаған бала өсе келе ата-анасын әртүрлі қиындықтарға душар ететін оқиғалар да қоғамда орын алып жүргені рас. Ал бұл қиындықтарға жол бермеу үшін біздің балабақша тәрбиешілері алдына жан салмай, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», білек сыбана кірісіп, бар білген ілім-білімін жас ұрпаққа жалықпай үйретіп келеді. Әдіскер Дүйсенбаева Зухра Жылқыбайқызы, педагог-психолог Шарапиева Рая Задамқызы, шаруашылық меңгерушісі Шидиева Қызғалдақ Жазыбекқызы, тәрбиеші Маматжанова Гүлмира Кәкенқызы бар күш-жігерлерін салып еңбек етіп жүрген біздің маңдайалды қызметкерлеріміз, – деп Назира Зияшқызы өз ұжымын әркез мақтан тұтатынын жеткізді.
Бұл балабақшада оқу-тәрбие жұмыстары тек мемлекеттік тілде жүргізіледі. Ең қуаныштысы, ұлттық орталықта күніне бірнеше сағатын өткізетін бүлдіршіндер ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре алады, ата-баба ерліктерін, халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін бала түсінігіне сай дәрежеде үйренеді. Ұлттық құндылықтарды сыйлайтын ұрпақ тәрбиелеп жатқан ұжымның басшысы Назира Зияшқызы жұмыс барысында ең алдымен, заңды, одан соң Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдаулары мен стратегиялық жоспарын, Елбасымыздың тапсырмаларын, мемлекеттік бағдарламаларды басшылыққа алатынын айтады. Сонымен қатар, ол №168 бөбекжай-балабақшасында «Нұр Отан» ХДП-сының Бастауыш партия ұйымы жұмыс істейтінін жеткізді. Ұйым төрайымы Маматжанова Гүлмира Кәкенқызы Елбасымыздың үндеулерін, жолдауларын ата-аналар мен жергілікті тұрғындар арасында насихаттап, балабақшада түрлі іс-шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болады.
– Ертеңгі күнге деген, болашаққа деген қадам бүгіннен басталады. Ұлт болашағы – бүгінгі өсіп келе жатқан осынау жас бүлдіршіндеріміздің қолында. Бүгін біз оларға қандай тәрбие, қандай бағыт-бағдар берсек, ертең олардың да келешегі солай қалыптасады. Тәрбиенің алтын діңгегі балабақшадан бастау алады. Тәрбиенің қайнар көзі балабақшада. Ел ертеңін ойласақ, бүгіннен бастап ұлттық қорғанымызды берік сомдауымыз керек. Ал ұлт болашағының негізі – тәрбиеде. Білім мен тәрбиені егіз ұғым деп білемін, екеуін қатар алып жүруге міндеттіміз, – дейді ұжым басшысы. – Бала өсіп келе жатқан жас шыбық секілді. Шыбықты қалай бағып-қағып өсірсең, балаға да сондай күтім керек…
Назира Зияшқызы өзінің азаматтық тұлғасының берік қалыптасуына, бүгінгі жетістіктеріне ата-ана тәрбиесімен бірге, өз уақытында дұрыс тәлім-тәрбие беріп, жол сілтеген марқұм Раушан апайының еңбегі ерен болғанын ерекше сағынышпен еске алады.
– Раушан апайға мың да бір рахмет, жатқан жері жайлы болсын… Ол кісі шәкірт жанын айтқызбай түсінетін психолог, керемет ұйымдастырушы, ұлағатты ұстаз болатын, сабақ түсіндіргенде шәкірттері бір жалықпайтын, Раушан апай бәрімізді ұйытып, өзінің жанына үйіріп алатын. Өмірге құштарлығы зор еді. «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» деген екен А.Македонский. Міне, ұстазға деген құрмет, берілген керемет баға. Мен де ұстаздарымды осылай бағалаймын…
Мемлекетіміз білім саласын оңтайландырып, оған кететін қаржыны көбейтіп жатыр. Қай кезде болмасын, қиындыққа мойымай, өз ісіне адал берілген, тіпті, 90-шы жылдардың өліара шағында бір тиын айлық алмай тегін жұмыс істеген, білім саласының, бала тәрбиесінің ауыр жүгін мойнына арқалаған ұстаздар қауымы – бас июге тұратын нағыз аяулы жандар. Сондықтан да оларға көрсетілетін құрмет, айтылар алғыс шексіз болуы тиіс. Рухы биік, білімді ұлт қана ұлы мұраттарды бағындыра алады.
Адал еңбек адамды қашанда биікке көтеріп, мерейін асырады емес пе? Соған сай біздің кейіпкеріміз талай марапаттарға ие болды. Назира Зияшқызы әлі күнге дейін өзімен бала кезде құлын-тайдай бірге өскен сыныптас ауылдастарымен қол үзбей араласып тұрады. Солардың ішінде Назира Зияшқызының өзіне ұқсаған осы қоғамның дамуына өзіндік үлес қосып жүрген жолдас-жоралары аз емес. Назира Зияшқызы Тайпанова бүгінде ұжымды басқарып, өзінің білікті ұйымдастырушы, қабілетті де қарымды басшы екендігін көпшілікке ісімен дәлелдеген абыройлы абзал жан. Ол әлі талай жас маманға үлгі болары анық. Назира Зияшқызы бүгінде үш перзент тәрбиелеп отырған абзал ана, аяулы жар.
«Жақсымен өткен әр күнің,
Жасыңа қосқан жыл болар.
Еліңе қосқан үлесің,
Ұрпаққа кейін жыр болар» демекші, бойында өнері, кеудесінде намысы, ойында биік мақсаты бар осындай аяулы жандар көп болса, ертеңгі қазақ елінің де еңсесі биік болмақ.

Әли БАТЫРХАНҰЛЫ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

42 комментария

  1. Nosipren Cialis Canadian Pharmacy Pediatric Dosing For Amoxicillin cialis price Cialis From Canada Le Viagra Generique Existe T Il

  2. Aaronswemy :

    wh0cd312724 retin a

  3. Кирилл Афанасьев :

    Здравствуйте! Тестируем международный сервис по автозаработку на инвестициях. Минимальные вложения. С высоким ежедневным доходом.
    Подробнее http://sitehearts.com/1mtva

  4. Aaronswemy :

    wh0cd312724 Cialis

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 4 = 8