Саят МЕДЕУОВ, әнші: Жанатбек пен Сержанға ренжімеймін…

Саят Медеуов

Саят Медеуов

Саят Медеуов – қазақ эстрадасының жарық жұлдызы. Өнер өлкесіне өзіндік қолтаңбасымен, қоңыр даусымен енген әнші. Елге халық әндері арқылы кеңінен танылған ол қазір көптеген әншілермен дуэт болып ән шырқап, әнсүйерқауымның көңілінен шығып жүр. Ол Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен Әзірбаев ауылында дүниеге келген, сол ауылда өскен.
Біз бүгін Саятпен бірге оның балалық шағына саяхат жасап қайттық…

– Ата-анам, бауырларым ауылда тұрады, – деп бастады Саят әңгімесін. – Балалық шақ туралы тәтті естеліктер көп қой… (аз-маз ойланып): Бала кезімде «Советский Саят» деген атым болды. Сосын «Сакабай» дейді, «Шоколад» дейді («Цветіме» қарап айтқандары ғой – С.М.) Бала кезімде атым көп болды.
– Бала кезде ештеңе емес, бірақ қырыққа келіп, ел ағасы болатын жасқа жеткеніңізде де құрдастарыңыз сізді жиі «жүндейді». Мысалы, концерт сайын Жанатбек пен Сержан дүйім жұрттың алдында бір емес, екі емес, қайта-қайта сіздің «цветіңізге» тиіседі. Ренжімейсіз бе?
– Иә, мен ештеңе демегесін достарым ойнай береді. Кезінде «Кененнің әні – Бозторғай, Орындайтын – Қара торғай» деп те шақырған сахнаға. «Кененнің әні – Көкшолақ, орындайтын – Қара шолақ» деп те айтты. «Қазақ эстрадасындағы ең аппақ әнші» деген атақ та берді. Ренжімеймін. Қазақта «құрдастар қалжыңы» деген керемет дамыған, ерекше өнер түрі деп есептеймін…
– Айып етпеңіз, ойыңызды бөліп жібердім, балалық шағыңызға қайта оралсаңыз…
– Иә, «қайран балалық шақ» демекші… Әкемнің шөп шабатындығы, жалпы еңбекқорлығы әлі күнге дейін көз алдымда. Сол еске түседі. Біз де шөпке баратынбыз. Әкеміздің «Газ-59» деген мәшинесі болды, шөптен келе жатқанда сайдан бізді түсіріп кетеді. Сайдан ауылға қарай жүгіреміз, жер сағыз тереміз. Қоңыр сағыз деп те атайды. Шөптің тамыры кәдімгі. Оны рахаттанып шайнаймыз. Ол кезде топырақ та, су да таза. Қолы-
мызды кесіп алсақ, аяғымызды шиша тілсе, топырақ сеуіп қойып жүре беретінбіз. Каны бірден тоқтайтын, тез жазылатын. Ол кезде адамдардың пейілі де, ниеті де таза еді. «Соқырішек болып қаламыз- ау, ішке құрт түседі-ау» деген ой болмаған. Оны қойшы, ауылға әкелетін қара смаланы да шайнайтынбыз. Ол тіске жабысып, сосын оны тістің арасынан ала алмай азапқа

Саят Медеуов

Саят Медеуов

түсесің… Сымтемірден мәшине жасап алып, онымен жарысып ойнайтынбыз. Бесікарбаның дөңгелегіне сыммен ілмек жасайтынымыз тағы бар. Артынан қуалып жүреміз сосын. Жолдан өткен трактор, жүк машиналарына жабысып алып «кататся етеміз». Көшедегі металдарды, қағаздарды жинап өткізетінбіз. Біздің бала кезімізде “томпақ пірәндік” болды. Соны бәріміз «әкелші, әкелші» деп бір тістеп жей беретінбіз. Үсті-басымыз шаң-шаң болып, беті-аузымыз жарылып, жалаң аяқ, жалаң бас, қу бұтақты ат қылып, күндіз-түні бір тынбай, дала кезіп жүре беретінбіз. Сосын шаршап келіп анамыздың қазанға пісірген ыстық кеспе көжесін ішетініміз ойыма түседі. Махаббат Бигелдиев деген ағамыз мені жақында қазақ үйге қонаққа шақырды. Сол кісі тура сондай кеспе көжені пісіртіпті. Тура баяғы анам пісіріп беретін көженің дәмі! Көже ішіп отырып көз алдымда өзімнің балалық шағым кино лентасындай өте шықты.
– Алғаш мектепке барған кезіңіз есіңізде ме?
– Ұмытып қалыппын. Бойымның кіп-кішкентай болғаны ғана есімде. Мектепте бұзық болдым демеймін. Себебі, әкемнің тәрбиесі қатал болды. 6-7 сыныптарға дейін жақсы оқыдым. Кейін артқы партаға ауыстырылдық та, сабақты да ысырдық қой. Өйткені, «жақын оттың жылуы қатты» дегендей, мұғалімге жақын отырсаң – қорқасың, оқисың, белсендірек боласың. Ал артқы жақта көзден таса болған сайын тығылып отырып сабақ оқымайсың.
– Қай пәндерді жақсы оқыдыңыз?
– Ән сабағы, дене тәрбиесі, еңбекке баулу. Кез-келген баладан сұрасаң осыларды айтатын сияқты. Себебі, оңай сабақтар ғой.
– Әнді бала кезден айтасыз ба сонда?
– Жоқ, бала кезде ұяң болдым. Бірақ әнді жақсы көрдім. Құлаққа сіңіп жүрді, яғни тыңдап өстім. Кенен Әзірбайұлы бізге ағайын болған адам екен. 1976 жылы дүние салған. Мен 1973 жылы туылғанда әкем мені апарып батасын алыпты. Сол батаның арқасы шығар, осы күні өнерде жүрмін. «Батаменен ел көгерер» дейді ғой, тәубе!

Саят Медеуов

Саят Медеуов

– Кезінде мектеп оқушыларын жазғы демалыста әр түрлі жұмысқа араластырады екен. Жүзім не мақта теру, картоп жинау деген секілді. Сіз атсалыстыңыз ба?
– Жоқ, мен ондай жұмыстарға барған жоқпын. Бірақ біздің мектепте «Тимуровшылар командасы» деген болды. Ол дегеніңіз – мектеп оқушыларының үлкен қариялар мен ақ жаулықты аналардың, жалғызбасты аналардың, жағдайы жоқ, денсаулығы жоқ жандардың үйлеріне барып көмектесуі. Үйлерін ақтап, есік-терезелерін жуып, жинап, есік алдындағы шөптерін жұлып, тезектерін теріп, қиларын аударатынбыз. Бір кесе шәйін беретін, соған қуанамыз. Баталарын алатынбыз. Қазір қарап отырсам, соның өзі үлкен тербие екен.
– Артқы партада отырдым дедіңіз. Артқы жақта у-шу көп болады ғой. Хат жазу, лақтыру дегендей…
– Иә, ондай кезеңдер көп болды. Бірақ өз басым махаббатқа қатысты хаттар жазбаппын. Көбісі «сабақтан кейін қайда барамыз?» деген хаттар болған. Үйдегі тәрбие қатты болды да, мен көп шықпайтынмын.
– Хат жазбағаныңыз – мектеп кезінде ешкімге сезіміңіз болмағандықтан ба?
– Солай шығар. «Саят+Сара», «Саят+Гума» деген жазулар тақтаға да, партаға да жазылды. Соны көріп жынданасың, қырылысуға дейін барасың. Ол кезде сондай еді, біреуге жақындап сөйлесең, «қосулар» басталатын. Балалық қой бәрі де. Қыздарды ұнатқаным жоқ, өте жақсы сыйластығым болды.
– Репертуарыңызда біршама махаббатқа қатысты әндер бар. Сондай әндерді орындаушының махаббат сезіміне ерік бермеуі, ғашық болмауы мүмкін еместей…
– Дүние махаббаттан жаралған ғой. Демек, махаббат туралы әндердің болмауы мүмкін емес. Ән ұнағасын репертуарыма қосамын, себеп іздемеймін ол үшін. Бірақ репертуарымда тек махаббат жайлы әндер ғана емес, термелер, халық әндері, сондай-ақ әке, ана, туған жер туралы әндер де жеткілікті.

Біздің елдің жігіттері...

Біздің елдің жігіттері…

– Тіпті ғашық болмадыңыз ба?
– Бала кезде болмаса да, есейген шақта тәтті сезімдерді басымнан өткердім. Бірақ ол менің меншігімде ғана. Жүрек түкпірімде сақталатын дүние. Жалпы мен махаббат туралы айтпаймын, айтқан да емеспін.
– Ендеше, сол кездегі жастардың махаббаты пен қазіргі махаббат жайында айтып беріңізші.
– Ол кезде бір қызға сөз айту, оған хат жіберіп, одан жауап алу – кәдімгідей үлкен жұмыс еді. Өз басымнан өтпесе де білемін ғой. Жігіт хатты өзі апарып бере алмай, досына береді. Ол досы да бере алмауы мүмкін. Қызға құрбысы арқылы жетеді әйтеуір. Жолда ол хаттың бұрмалануы да ғажап емес. Себебі, ол қызға бір ғана жігіт ғашық болмайды дегендей. Басқа жігіттердің қолына түссе, әрине ол хат бұрмаланады. Ол кезде қызға қол жеткізудің осындай қиындықтары болатын. Жігіт қызға барып ысқырады, қыз шыға ма, шықпай ма тағы беймәлім. Әкесінің төбесі көрінсе, жігіт ол үйдің маңына тіптен жоламайды. Керемет тәрбие. Қызға жақындау оңай емес-тін. Әрең, қиналып жеткесін махаббаттың қадірі болады ғой. Ал қазір махаббатта ондай өткелдер жоқ. Жігіт телефонмен хабарласады не “смс” жібереді. Қыз атып шығады немесе жауабын жаза салады. Ортада дәнекер жоқ. Ұялы байланыс дәл осы мәселеде кері әсерін беріп жатыр. Жігіттің қызға, қыздың жігітке, жалпы адамның қадірін кетіріп болды. Баяғыда бір кісі «наннан қадір кетті, жылқыдан қадір кетті» деп жылаған екен. «Неге?» десе, «техника шығып нан көбейгелі, наннан қадір кетті, көлік шыққалы аттан қадір кетті» деген екен. Сол айтқандай, ауыр еңбек, маңдай термен келмеген дүниеден қадір кеткен заман болды… Махаббаттан да қадір кетті. Жігіттің мойнына қыз асылған тұста қандай махаббат, қандай қадір болсын?
– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен
Эленора ӘМІР

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

6 пікір

  1. Балалық шағымды еске түсірді. Осындай өткен өмірін шынайы жазғанды ұнатамын.

  2. рысжан Муратбеккызы :

    Саят Медеуов.салмакты анши берген сукбаты озме унады

  3. Жадыра :

    Дурыс айтасыз.жаксы пикир калдырган.

  4. Бедергул :

    жақсы әнші бұл

  5. Бахыт :

    Ия жақсы ұнады маған Саят керемет әнші

  6. "Қаңғыбас қазақ" :

    «Советский Саят», «Сакабай»), әнің әдемі, өзің одан да керімсің! Сұхбат — супер!!!

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


− 1 = 4

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>