Жаңа оқу жылына — жаңа мектеп

Маржан Мырзалықызы - Басшилі мектебінің директоры

Маржан Мырзалықызы — Басшилі мектебінің директоры

«Кез-келген ел өзінің келешегін  өскелең ұрпағымен байланыстырады». Н.Ә.Назарбаев

Міне, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Басшилі ауылында кезекті алғашқы қоңыраудың да сыңғыры естілді. Тап-таза тілекпен, қолдарына шоқ-шоқ гүл ұстап, алтын ұя мектептеріне асығып бара жатқан мектеп оқушыларының көңілдері көтеріңкі, жүздері жылы… Себебі, жаңа сабақ, жаңа мектеп, жаңа өмір…
Іргетасы 1958 жылы қаланған бұл мектепке, аталмыш білім ордасында ұзақ жыл еңбек еткен ұлағатты ұстаз Ысқақ Мұхамеджанов есімі берілген болатын. Биылғы оқу жылында 1-сыныпқа қабылданған 21 бүлдіршіннің қуанышында шек жоқ. Заманауи үлгіге сай салынған мектептің еңсесі биік, кең мәжіліс залы, спорт залы, мультимедиялық кабинет, кең де жап-жарық, жып-жылы сыныптар, асхана… қарасаң көзің тояды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050»
Стратегиясында білім беру саласындағы жұмыс-
тың басымдықтарын айқын көрсетіп берген болатын. Президент жүктеген басты міндеттер – педагогикалық құрамның сапалық деңгейін арттыру, педагогикалық білім стандарттарын жетілдіру, оқытудың тиімді жүйесін құру, дайындықтың жаңа сапаға көшуі, ғылыми-зерттеулердің әлемдік деңгейге шығуы т.б. Ақтөбе облысында осы мақ-
саттарды жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы «Білім күнімен» құттықтау үшін Басшилі ауылына арнайы атбасын тіреген Ақтөбе облысының әкімі Архимед Бегежанұлы айтты.

Басшилі мектебінің ашылу салтанаты

Басшилі мектебінің ашылу салтанаты

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «елімізді дамытудың басты факторы – білім беруді дамыту» екенін нақты айтты. Соңғы жылдары еліміз бойынша білім беру саласына көп көңіл бөлініп, облыс аумағында бірнеше мектеп жаңадан салынды, балабақшалардың қатары толықты. Биыл «Білім күні» облыс бойынша 7 ауданда 10 жаңа мектеп іске қосылды. Қазір осы заманғы талаптарға сай келетін 22 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін әлі үш мектепті пайдалануға беру жоспарымызда бар, – деді әкім өз сөзінде. – Жалпы, облыс аумағында үш ауысыммен оқитын мектептерді болдырмау, апатты жағдайда тұрған мектептерді жою кезек күттірмес мәселе. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың қарқыны мықты деуге болады. Мәселен, өткен жылы дәл осы кезде 10 мектеп жаңадан пайдалануға беріліп, облыс орталығында Назарбаев зияткерлік мектебін ашуға қол жеткіздік. Бұны үлкен жетістік деп қабылдауымыз керек. Бүгін Басшилі ауылы тұрғындарының қуанышына айналған мына зәулім білім ошағы алғаш рет есігін айқара ашып, жас бүлдіршіндерді қарсы алып тұр. Ауылдың қуанышына айналған жаңалықтарыңыз құтты болсын!.. – деген облыс басшысы мектеп ұжымына, ауыл тұрғындарына ақжарма тілегін арнады. Осылайша, облыс әкімі А.Мұхамбетов пен ауыл ақсақалы Қ.Дауылбаев мектептің тұсауын
кесіп, алғашқы қарлығаштары табалдырықтан аттады. Мектеп құрылысын жүргізген «Ақтөбеқұрылыском» ЖШС директорының орынбасары А.Үсенбеков мектеп директоры Маржан Жүсіповаға жаңа білім ордасының кілтін табыс етті.
Басшилінің жаңа мектебіне арнайы құтты болсын айта келген құрметті қонақтардың қатарында облыстық білім басқармасының басшысы Жанат Бақытжанқызы, аудан әкімі Серік Тілеулесұлы сынды халық құрметі бөленген азаматтар бар. Олар ауыл тұрғындарына, мектеп ұжымына және жас бүлдіршіндерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, жоғары жетістіктерге жетуде сәттілік тіледі. Білім күніне арналған салтанатты жиынға ауыл ақсақалдары және ардагер ұстаздар – Н.Махатова, Н.Үрістемова, Ә.Иманбаева, А.Қаражанова, А.Кенжебаева, Ж.Хангельдина ұстаздық ақ ниеттерімен жаңа мектеп ұжымына ақ жол тілеп, мектептің тұсаукесер тойында ақ батамен шашу шашты.
Жаңа мектеп басшысы, білікті маман, аталған мектеп түлегі Жүсіпова Маржан Мырзалықызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдап, алтын ұя мектебінде 20 жылдан аса қызмет етіп келеді. Маржан Мырзалықызы басқарған ұжымда оқу-тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылған, мектеп оқушылары жыл сайын аудан, қала көлемінде жақсы жетістіктерге қол жеткізуде. Екі қабатты зәулім ғимараттың құрылысы басталғалы игі істің басы-қасында жүрген аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрлыбек Мейірханұлына және «Ақтөбе құрылыс компаниясы» ЖШС-і басшысы А.Жүбекешовке ауыл тұрындарының алғысы шексіз. Сонымен қатар, «Көркейе бер, туған жер!» акциясына өз үлестерін қосып, жаңа мектептің ашылуына демеушілік көрсеткен «Тұғыр» ЖШС басшысы А.Айдаров, жеке кәсіпкер Н.Сағындықов, мектеп түлектері Е.Байғозин, Б.Берденов, С.Казиева, А.Кенжебаева сынды жанашыр азаматтарға: «Жасап жатқан істеріңіздің берекесі мол болсын!» дегеннен басқа айтарымыз жоқ.
«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан», «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Ұлы Абай айтқандай, ұрпақ тәрбиесіндегі ұстаздың орны ерекше. Ұлттың болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпағының қолында. Демек, ұстаздар қауымы соған лайық болып, білім мен тәрбиені қатар ұштастыра білсек, болашағымыздың жарқын да баянды боларына күмәніміз жоқ. Сондықтан мектеп ұстаздарына: «Бүгінгі заман талабына сай сіздер тәрбиелеп жатқан шәкірттеріңіз болашақта өткенін ұмытпайтын, салт-дәстүрін сақтайтын білімді де саналы, туған елінің төл перзенті болып өссін, тәрбиелі шәкірттеріңіз көбейіп, толағай табыстарға жетіңіздер! Қуаныштарыңыз құтты болсын!» деп туған жерге тілекші, ыстық ықыласымды білдіргім келеді.

Гүлжан БЕКЕНОВА,
Ы.Мұхамеджанов атындағы
мектептің түлегі,
қазіргі таңда Алматы қаласы
№169 мектеп-лицейінің директоры

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

1 пікір

  1. "Қаңғыбас қазақ" :

    Жас жұбайларға — жаңа үй дегендей, енді баспана көбейсе, шіркін!

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


4 + = 7

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>