Кеш кірген ес

Егер естеріңізде болса, «Ақжүніс-Астана» журналының №6-7, 2012 санында бақыт іздеп шыққан апалы-сіңлілі үш қыз туралы хикаяны баяндағанбыз. Ол тәмсіл маған агентпен келген болатын. Осы жолы электрондық поштамен «осы хатты тоғыз адамға таратсаң бақытты боласың» дейтін тағы бір оқиға келіпті. Меніңше, біздің тағдырымыз бір Аллаға, сосын өзіміз жасаған қадамдарымыз бен қылықтарымызға тәуелді. Сондықтан әдетте мұндай мантраларды таратып әуре болмай-ақ, өшіріп тастайтынмын. Алайда, соңғы келген мына бір тағылым тектес оқиғаны өшіре алмадым. Аударып көрейін. Оқып шығыңыз…

* * *

«Үйге қайтып келсем әйелім кешкі аз әзірлеп жатыр екен. Дастархан жайып жатқан келіншегімнің қолынан ұстап, бір әңгіме бар екенін айттым. Ол сабырлы қалпын жоғалтпай, жаныма жайғасты. Жүзінде мұң бар, бірақ асығыс болғандықтан, көптен көкейде жүрген шешімімді созбалақтамай айтып салдым.

– Біздің ажырасуымыз керек, – дедім сабырлы болуға тырысып. Менің «мәлімдемем» әйелімнің ащы айғайын туғызуы тиіс деп күткендіктен барлық әңгімеге әзір сияқты едім. Алайда, ол сол ойға шомған қалпы:
– Неге? – деді.
Үнсіз қалғаным шамына тигені байқалды. Ал ішімде Лизаны сүйетінім сайрап жатыр. Өз әйеліме баяғыда салқын тартқанмын. Біздің жұбайлық өміріміз тек оны аяғандықтан ғана жалғасып жатқандай еді.
Ал келесі күні үйге әдеттегіден әлдеқайда кеш оралдым. Әйелімнің түнделетіп үстелде не жазып жатқанын білуге де мұрша болмады. Дайын тұрған тамақты жеуге әлім келмей, төсекке қисая кеттім. Күні бойы Лизамен өткізген қызықты шақтарым шаршатса керек, бірден ұйықтап кетіппін.
Таңғы асқа оянғанда әйелім өзінің ажырасуға қатысты талаптарын дайындап қойыпты. Шындап келгенде айтарлықтай ештеңе де жоқ, ойлана тұруға қосымша мерзім де сұрамапты. Бар болғаны – алдағы бір айымызды барынша қалыпты өткізуіміз керек. Әйелім тек бір ай ғана бірге сыйласып тұруға барымды салуды өтінді. Және мұның себебі өте қарапайым болатын. Өйткені, бір айдан кейін ұлымыз емтихан тапсыруы қажет еді. Жарымның «осы айда ажырасып, баланың сынаққа дұрыс дайындалуына кесірімізді келтірмейік» деген уәжіне бірден келістім. Осыдан кейін әйелім тағы бір өтініші бар екенін білдірді. Мен ұрыс-керіссіз, оңай ажырасатынымызға қуанып тұрғандықтан, оның қандай тілегі болса да орындауға әзір едім.
Осыдан кейін жаныма таяған келіншегім жаңа үйленген кезімізді, тойдан кейін жатын бөлмемізге көтеріп апарғанымды еске алуымды сұрап, дәл сол күнгідей бір ай бойы жатын бөлмеге көтеріп апарып тұруымды ғана қалайтындығын айтқаны. Ал мен ол ақылынан алжаса бастады деп ойладым. Басыма бостандық алу үшін соңғы бір айда осы талабына көнуге тура келді. Әйелімнің біртүрлі болып көрінген осы өтінішін бірінші күні орындағанымда аздап қобалжып, өзімді аса ыңғайсыз сезінгенім рас. Өйткені, соңғы жылдары төсекте де суынып кеткен біздің арамызда ешбір байланыс жоқ болатын.
Бәрібір ажырасатынымызды тағы да ескертіп қойып, келесі күні де жатын бөлменің есігіне дейін көтеріп апардым. Қопаңдап шешесін көтеріп кетіп бара жатқан мені көріп, ұлымның ішек-сілесі қатып күлгені. Қолын шапалақтап мәз болған балам:
– Рас па, өтірік пе?!. Әкем анамды көтеріп жүр!.. Тағы да көтеріп жүрші, – деп, қайтадан қонақ бөлмеге дейін апартқызды. Әдеттегіден оншақты қадамды артық жүрген жолда әйелім нәзік сыбырлап:
– Балаға ажырасатынымызды білдіруші болма, – деді. Мен басымды изеп, көңілімнің бұзылып кеткені. Әйелімді есіктің қасына келгенде ақырын қолымнан түсірдім…
Ертеңіне ол әдеттегідей жұмысына жетіп алу үшін аялдамаға қарай аяңдады. Мен де жалғыз өзім кеңсеге қарай қозғалдым. Осы оқиға келесі күні де жалғасты. Мұнан кейін таңертең ұлым тұра салып, мамасын көтеріп, жұмысқа шығарып салуымды мереке сияқты күтетін болды. Әкесінің шешесін көтеріп жүргені оның өміріндегі маңызды оқиғаға айналғаны байқалатын еді.
Бүгін де бізге қуана қарап тұрған баламызды әйелім қасына ымдап шақырып алып, құшырлана бауырына басты. Ал мен неге екені белгісіз, өзімді ыңғайсыз сезініп теріс бұрылып кеттім.
Содан кейін әйелімді көтеріп алып, қонақ бөлме арқылы есікке қарай жүрдім. Ол ажыраспайтын адам сияқты, еркелей жымиып, білегін еш жасандылықсыз мойныма асты. Үйлену тойынан кейін дәл осылай маған қуана еркелеп, қос қолымен мойнымды қапсыра құшақтап алған күн сияқты. Бірақ, келіншегімнің жүдеп кеткені соншалықты, жерден қаңбақ сияқты оңай көтеріп алдым. Осыған менің көңілім түсіп кетті.
Міне, соңғы міндетімді атқаратын күн де келді. Бұл жолы мен оны әдеттегіден ұзағырақ көтеріп тұрып, біздің жұбайлық өмірімізге осы жылулық жетіспегенін байқамағанымызды айттым. Әйелім үнсіз мұңайды. Ұйқыдан жаңа оянған есерсоқ сияқты көңілім қатты құлазыды. Ұл мектебіне кетті.
Ал мен жұмысыма келіп, көлігімнің есігін де жаппай кеңсеге асығыс кірдім. Егер бір сәт аялдап қалсам шешімім өзгеріп кететін сияқты. Баспалдақтармен жылдам көтеріліп, Лизаның кабинетіне кірдім.
– Кешір мені, менің әйеліммен ажырасқым келмейді, – дегенім сол еді, Лиза шошып оянғандай, бетімді шапалақпен осып жіберді. Одан кейін ол есікті тарс жауып, еңіреп жылауға көшті. Ал мен есігі әлі ашық тұрген көлігіме қайта келіп, гүл сататын дүкенге кеттім. Ең әдемі гүлдестені таңдап едім, гүл сататын қыз дестенің қағазына қандай тілек жазғызатынымды сұрады. «Кешір! Мен сені өмірімнің соңғы сәтіне дейін, ажал айырғанша күнде көтеріп жүремін!» деп жаз дедім. Сатушы қыз күлімдеп менің айтқанымды жазып берді.
Кешке қарай өз үйімнің табалдырығын қайтадан имене аттадым. Гүлімді құшақтап, жатын бөлменің есігін ашқанда – төсекте оның өлі денесі жатыр еді…
Осы сәттегі менің жан азабымды жеткізу мүмкін емес. Жынданып кете жаздадым. Мен соңғы жылдары Лизамен әуейі болып жүргенде әйелімнің рагы асқынып бара жатқанын байқауға да мұршам болмаған ғой. Науқасымен алысып, соңғы күндері таяғанын сезген әйелім, ең болмаса, баламыздың жүрегін жараламауды ойлаған ғой. Егер дәл осындай сәтте мен онымен ажырасып жатсам, ұлым мені кешірер ме еді?! Жарымның мені, тым болмаса, перзентіміздің алдында жексұрын етпей өмірден озуға бел байлаған ақылына тәнті болдым. Қалай болғанда да баламыз үшін мен – сүйікті жар, сүйкімді әкемін…
Бақыт дегенің – сенің мойныңа асылған балаң мен жарыңның жұп-жұмсақ алақаны екен-ау. Диван айналасында кәмпит қағазы шашылып, күлше үгітіліп жатса неге ашуланамыз? Бұл біздің ең бақытты кезеңдеріміз. Ең бақытты адам – аяулы жары мен бауыр еті баласы бар адам деп айтар едім».

Айнаш ЕСАЛИ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

17 комментариев

  1. рысжан Муратбеккызы :

    Керемет!!

  2. Не деген ақылды келіншек! Өмірде болған оқиға болса, иманды болсын дегім келеді .

  3. Жадыра :

    Оте жаксы пикир .

  4. ақмарал :

    керемет

  5. ақмарал :

    жақсы тақырыптар бар екен

  6. Арайлы :

    Жүректі ауыртатын жай екен…

  7. Арайлы :

    Жүректі ауыртатын жай екен…

  8. Болат :

    қазақ «қолда барда алтынның қадірі жоқ «деп бекер айтпаған…

  9. Жаннат :

    Көзімдегі жасты , зорға тоқтаттым. Өкінішті екен. Осы ер азаматтар некеге тұрғанда «өмірімнің соңына дейін қасында боламын» деп ант береді де, басқаға көзі түсіп,айнып шыға келеді. Түсінбеймін, неге олай?

  10. нури. :

    соз жок.керемет

  11. Бир жылап алдым. Не деген керемет статья!!!

  12. cheap viagra pills for sale
    viagra without prescription
    viagra buy shop

  13. order viagra india online
    viagra generic availability
    buy viagra in mexico

  14. online pharmacy without scripts
    canada pharmacies
    Online Pharmacies

  15. cheapest cialis in uk
    tadalafil generic
    cialis tadalafil 20mg tablets

  16. viagra sale south africa
    viagra online
    buy viagra in the usa

  17. viagra sale dubai
    generic viagra online
    cheap viagra sale

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


9 − 5 =