Қуыршақ актрисалар

Өнер айдынындағы, әсіресе эстрада саласындағы шын таланттар қалтасы қалыңдар мен күңшіл мінез көреалмаушылардың қалқасында қалып жүргені белгілі. Соңғы 5-6 жыл көлемінде бұл үрдіс кино туындыларымыздан да көрініс таба бастады. Қой көзді, аққұба өңді, шашы иығына түскен, модель пішіндес, бет-әлпеті бір-бірінен аумайтын, актерлық қабілеттері де бір-бірінен «қалыспайтын» актрисалар… Тіпті, оларды әртүрлі картинадан көрсек те, «барлығында ойнаған сол бір қыз ба?» деп қалатынымыз жасырын емес. Неліктен?

Шындықтың төркіні алыстап, өтіріктің жүйрігі озып тұрған мына заманда шын таланттар мен нағыз мамандарды экран бетінен сирек көретініміз әмбеге аян. «Бармақ басты, көз қысты» қағидасы кино саласында да барынша белең алып кеткендіктен, әсіресе, жас актрисалар тарапына айтар сын көбейіп барады. Өнердің қынап танымас асыл қылыштары Әмина Өмірзақова, Фарида Шәріпова, Меруерт Өтекешовалар, бертін келе әр салада сыбағалы еңбек еткен Гүлнәр Досматова, тереңнен толғайтын Жанна Қуанышевалардың ізбасарлары «бүгінгі киноактрисалар» ұғымына өзгерістер мен «толықтырулар» енгізуде. Бұл үрдістің белең алуына оларды сол рөлге таңдаған режиссер мен продюсер кінәлі ме, әлде «өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деп жүрген актрисалардың өздерін жазғырамыз ба?
Режиссерлердің пікірінше, аталмыш жас актрисалардың киноға таңдалуы, бір жағынан, нағыз мамандардың тапшылығынан болса, екінші жағынан, ойнайтын образдарының сәйкес келуінде екен. Актер мамандығының жілігін шағып, майын ішетіндер әсте табылар-ау… Әйтсе де, ол кісілердің көбісі театр саласында оқытылғандықтан, нағыз кино рөлдерден хабары аз болып келеді-мыс… Сондықтан да режиссерлер өз фильмдерін жақсы шығару жолында актерларын «көшеден іздейтін» көрінеді.
Қалай десек те, бүгінгі тәуелсіз қазақ киносының ең басты ұстанымы өзге елді таңқалдыруға, жарнамалық маркетинг жағына басымдық беріліп жатқандығын мойындау керек. Актер алғаш кастингке келгенде оның қабілетіне қарағанда, модельдік параметрлеріне көбірек назар аударылады. Кез-келген америкалық фильмнің титрынан «Casting Society of America» деген жазуды көруге болады. Бұл дегеніміз, құрамында 350-ге жуық мамандар шоғырланған кәсіби кастинг ассоциациясы. Яғни, әр актер осындағы әр адамның көңілінен шықса ғана 222киноға қабылданады. Ал бізде сондай қатал іріктеу сыны болмағандықтан да экран бетін халық бір-бірінен айыра алмайтын қуыршақтар жаулауда. Бұл тұрғысында бізде Әсел Сағатова мен Қарлығаш Мұхамеджановалардың бейнелері жарнамалық жолға ұтымды болып тұр. Мысалы, Әсел Сағатова «Махаббат тәлкегі», «Рэкетир», «Мәңгүрт» фильмдерінде басты рөлдерді ойнайды, тележүргізушілік пен модельдік қызметтерді қатар атқарып жүр, сонымен қатар, бірнеше әйгілі сауда маркаларының келбеті болып табылады. «Махаббат тәлкегі» картинасындағы рөлі де көптеген көрерменнің көңіліне ұялай алмай, жай ғана орыс жігіттің жанында жүрген қуыршақ іспетті қабылданған болатын.
Актерлық салада арнайы білімі жоқ, тек түр сымбатының арқасында «өтіп кететін» сондай жас актрисалар түсірілім барысында кәдімгідей қиыншылықтарға тап болып, образ шығара алмау жолында жылауға дейін барып жатады. Бұл жағдай түсінікті де. Сол салада арнайы білім алып, мұрнына киноөнерінің, актерлық шеберліктің, актерлық техниканың иісі де бармайтындар қалайша режиссердің ойынан шығып, жүрегінен орын алатынына таңбыз. Ол қуыршақтардың көрермен талғамынан шығып, халықтың жүрегінен орын алуы екіталай. Кәсіби емес жас актрисалардан неге осы салада академия, университет қабырғаларынан тәлім алып, қабілетін ұштамайтынын сұрағанымызда, олар: «Біз бірден практика жасап көрудеміз. Ұзын-сонар лекция жазудың қажеті не, кітаптарды қаласақ сырттан-ақ оқимыз» деп ақталады. Осылайша, жылына оншақты ғана фильм түсірілетін Қазақстан кинонарығын өздерінің актерлық қабілеттерін сынап көретін сынақ алаңына айналдырып отыр.
Сондай-ақ, кейіпкерінің тағдырын, өмірін бейнелеу туралы, актерлық шеберлік туралы айтпай-ақ қоялық, кинода тек өздерінің сұлулығын көрсету үшін ғана жүргендей әсер беретін жас актрисалар сапына «Серпіліс», «Сталинге сыйлық», «Шегіртке» картиналарындағы Әсел Садуақасованы, «Әсел және оның достарындағы» Аружан 444Жазылбекованы, «Тыйым салынған махаббат», «Ағайындылар» фильмдеріндегі Жұлдыз Сапарғалиеваны, «Жаужүрек мың бала», «Жасұлан», «Балкон» фильмдерінде, сондай-ақ «Сыныптастар» мен «Ағайындылар-2» сериалдарында кәдімгідей қомақты рөлмен бой көрсеткен Әлия Телеборисованы, «А»-ға оралу», «Ликвидатор» және «Мамырдың жеті күні» фильмдерінде басты рөлдердің бірін ойнаған Қарлығаш Мұхамеджанованы, соңғы уақытта режиссерлерден көптеп ұсыныс алып, «Виртуалды махаббат», «Жүрегім менің – Астана» киноларынан, «Земский доктор», «Пираньи» атты ресейлік сериалдардан орын тапқан Бибігүл Ақтанды жатқызуға болады. Олар көрерменге жасандылықты көрсетуде алдына жан салмайды, бірін-бірі он орайды. Салдарында өздері де сенбейтін өтірік образдан өтірік кино туып жатыр. Мұндай «өтіріктер» қазақ киносын түбегейлі жарға жығып тынбаса болғаны деп алаңдаймыз.
Ішін-ара «Жаужүрек мың баладағы» Қорлан образындағы Құралай Анарбекова сынды, басқа сала өкілі болса да, өз рөлін ойнау барысында көптің көңілінен шыға білген актрисаның, одан бөлек «Ликвидаторда» клуб қызметшісі, «Аңыздар кітабы: құпия орманда» Сабина, «Астана – Жүрегім меніңде» Алина бейнесіндегі нағыз жас актриса деп бағалауға тұрарлық Айнұр Ниязовалардың еңбегін жоққа шығаруға әсте болмайды. Алайда, қалың топтың ішінде бірен-саран талаптылар мен таланттылардың байқалмай жүрген жайы бар.
Кинотүсірушілер осы айтылған сынның сиқына тура қарап, оң нәтиже көрсетсе, даму үстіндегі қазақ киносы да оңшалана түспек.

Айдана АЛАМАН

«Ақжүніс-Астана» журналы 

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

17 пікір

  1. Арайлым Рамазанкызы :

    Бұныңыз орынды ақ екен,дегенмен Әлия телебарисова жақсы ойнап жүр,Бажалар мен Вопреки всему киноларында трамаша ойнап шыөты

  2. ақбота :

    жақсы ойнасы болды ғой неси болсада

  3. рысжан :

    бұлар негізі жақсы ойнайды,,,,,

  4. арман :

    жақсы куршақтар десе куршақтар гой,,

  5. айнур :

    жақсы ойнасы болды гой қуршақ болсада ен бастысы халықажеткізсе

  6. айман :

    құршақтар барма бизде де

  7. "Қаңғыбас қазақ" :

    Қуыршақ қоғамда қуыршақ ойнамағанда кім ойнаушы еді? Қызық-ей…

  8. гаухар :

    керемет, дал тауып, журттын көкейін дегысын жаздыныз….Браво

  9. Жасұлан :

    Мақаланың көтерген мәселесі қазіргі таңдағы өте қызықты пікір туғызатын тақырып. Айтылған сыннан қорытында шығаратын кино режиссерлер болса? Мақаланы оқи отырып, қай актрисаның нағыз қуыршақ екенін дәлелдейтін нақты фактор таппадым, себебі санаулы ғана «қуыршақтар» айтылыпты. Мен тақырыпты қарап көптеген «қуыршақтар» туралы сөз бола ма деп едім. Ендеше, айтайын. 2006-2007 жылдары кино өндірісіне өзіндік қолтаңбасын әкеле жатыр, Қазақстан киносын жарқыратайын деп жатыр деген ұранмен Сиви Махмуди деген ханшайым пайда болған еді. Өзі жайлы фильм түсіріп, өзін аянышты халдегі образға салып бір фильм (фильмсымақ) жасады. Міне, нағыз қуыршақ осы қыз. Масқара, ол тіпті ұят болды. актерлік шеберлік, режиссерлік сапа дегенді былай қойғанда, «қуыршақ» дейтіндей түрі келіскен, көрерменге тартымды дейтін бет-әлпеті де жоқ ханшайымыңның. Соныі орнына өзбектің бір әдемі қызын ойнатса болар еді Сиви апам. Ақшаны далаға шашу не өзін масқаралау болды.Киноны қараған адам мені қолдар. Жақсы, басқа да қуыршақ актрисалар туралы айта отырайын. «Shine producsion» деп аталатын Баян Мақсатқызының түсірілімдерінде кездесетін тағы бір сылқым бар. Ол — Рано Умарова деген бикеш. Түр тұлғасы келіскен шығар, бәзбіреулер үшін. Бірақ, кешіріңіз, актерлік қабілеттен жұрдай тілін шайнаған ол бикешті киноға емес басқа жерге түсіру керек. Мүмкін Баян ханымға ұнайтын тип шығар ол биекштің образы, кім білсін? Аааа, ұмытып барам. көпшілікке Аша Матай деген атпен белгілі Ақбота деген сылқым ару бар бізде. Ол енді «телевизия жұлдызы», «әнші», «актриса» деген атақтарды қанжығасына байлағалы қашан? Телевизия жұлдызы дейін десең, ХХІ ғасыр көшбасшысы инттелектуалдық ойынын жүргізгенін көріп, ежіктеп әріптеп оқығанын қарағанымда жағамды ұстадым, бұл бір, әнші дейін десееем, барылдаған даусымен «қотыр торғайдың» әніне басады апам, бір мағыналы әні жоқ, әні жоқтан бұрын ән айта алмайды ғой әпкешім. Кино актриса десем, өздеріңіз көріп жүрсіздер, ол да жоғарыда айтылған Әсел Сағатовалардың бір сыңары. Тіпті өздері де ұялмайды екен, сірә солар. Бұл ару (Ашаны айтам) кереметтей тарихи «Біржан сал» фильмінде басты кейіпкердің (Ләйлі) образын сомдап, Біржан рөліндегі Досхан ағаның имиджіне нұқсан келтірді, менің ойымша. Досхан ағаның жанында басқа сұлу тұру керек еді негізі. Дегенмен, бұл «қуыршақтың» тасы өрге домалап тұр қазір, оны ешкім тоқтата алмайды. Айтпақшы, ұмытып барады екенмін. Кезінде бөркімізді аспанға лақтыра қуанған бір «ғажайып кино» дүниеге келіп еді, «Көшпенділер» деген. Сол фильмде «қуыршақтар» жоқ дейсіз бе? Бар, айтайын, Дильназ Ахмадиева деген тәтем отыр сол фильмде, неге отырғанын түсінбедім. Ол да тән сұлулығының арқасында кино саласында бағын сынады өзінше. Енді сол фильмде басты рөлді сомдаған Аянат Есмағамбетова деген қыз болған, (сол кезде қыз еді, қазір білмеймін, мүмкін келіншек, мүмкін үлкеееееен тәте) сол қыз қазір мүлдем жоқ. Сол қуыршағымызды шетелге кетті, киноның қыр-сырын меңгеріп келіп қазақ киносының көсегесін көгертіп, туын аспанға желбіретеді деп жарыса жазып еді кейбір басылымдар. Қайда? Аянат қайда, кино қайда, қыз қайда? Шетел асқан жұлдызым қазір шетелдік біреудің қасында ма, әлде шетелде «шемішке» сатып жүр ме, ешкім хабарсыз. Жалпы, осындай «қуыршақтар» көп бізде. Тек олардың күнінің қашанға дейін жарқырап тұратынын ешкім білмейді, себебі олар өздері де қашанға дейін жүретінін білмейді, өйткені оларда табиға талант пен қабілет жоқ, сенімсіз. Сондықтан қазақ киносында «қуыршақтар» дәуірі әзірге өрлеп тұр, алдағы уақытта да даму сатысын бастан кешірмек. P.S. Жоғарыда айтылған өз қабілеттерін барынша көрсетіп жүрген актрисалардың қатарына Аида Жантілеуова деген әпкемді қоссам ренжімессіздер.

  10. Жасұлан :

    Мақаланың көтерген мәселесі қазіргі таңдағы өте қызықты пікір туғызатын тақырып. Айтылған сыннан қорытында шығаратын кино режиссерлер болса? Мақаланы оқи отырып, қай актрисаның нағыз қуыршақ екенін дәлелдейтін нақты фактор таппадым, себебі санаулы ғана «қуыршақтар» айтылыпты. Мен тақырыпты қарап көптеген «қуыршақтар» туралы сөз бола ма деп едім. Ендеше, айтайын. 2006-2007 жылдары кино өндірісіне өзіндік қолтаңбасын әкеле жатыр, Қазақстан киносын жарқыратайын деп жатыр деген ұранмен Сиви Махмуди деген ханшайым пайда болған еді. Өзі жайлы фильм түсіріп, өзін аянышты халдегі образға салып бір фильм (фильмсымақ) жасады. Міне, нағыз қуыршақ осы қыз. Масқара, ол тіпті ұят болды. актерлік шеберлік, режиссерлік сапа дегенді былай қойғанда, «қуыршақ» дейтіндей түрі келіскен, көрерменге тартымды дейтін бет-әлпеті де жоқ ханшайымыңның. Соның орнына өзбектің бір әдемі қызын ойнатса болар еді Сиви апам. Ақшаны далаға шашу не өзін масқаралау болды.Киноны қараған адам мені қолдар. Жақсы, басқа да қуыршақ актрисалар туралы айта отырайын. «Shine producsion» деп аталатын Баян Мақсатқызының түсірілімдерінде кездесетін тағы бір сылқым бар. Ол — Рано Умарова деген бикеш. Түр тұлғасы келіскен шығар, бәзбіреулер үшін. Бірақ, кешіріңіз, актерлік қабілеттен жұрдай тілін шайнаған ол бикешті киноға емес басқа жерге түсіру керек. Мүмкін Баян ханымға ұнайтын тип шығар ол биекштің образы, кім білсін? Аааа, ұмытып барам. көпшілікке Аша Матай деген атпен белгілі Ақбота деген сылқым ару бар бізде. Ол енді «телевизия жұлдызы», «әнші», «актриса» деген атақтарды қанжығасына байлағалы қашан? Телевизия жұлдызы дейін десең, ХХІ ғасыр көшбасшысы инттелектуалдық ойынын жүргізгенін көріп, ежіктеп әріптеп оқығанын қарағанымда жағамды ұстадым, бұл бір, әнші дейін десееем, барылдаған даусымен «қотыр торғайдың» әніне басады апам, бір мағыналы әні жоқ, әні жоқтан бұрын ән айта алмайды ғой әпкешім. Кино актриса десем, өздеріңіз көріп жүрсіздер, ол да жоғарыда айтылған Әсел Сағатовалардың бір сыңары. Тіпті өздері де ұялмайды екен, сірә солар. Бұл ару (Ашаны айтам) кереметтей тарихи «Біржан сал» фильмінде басты кейіпкердің (Ләйлі) образын сомдап, Біржан рөліндегі Досхан ағаның имиджіне нұқсан келтірді, менің ойымша. Досхан ағаның жанында басқа сұлу тұру керек еді негізі. Дегенмен, бұл «қуыршақтың» тасы өрге домалап тұр қазір, оны ешкім тоқтата алмайды. Айтпақшы, ұмытып барады екенмін. Кезінде бөркімізді аспанға лақтыра қуанған бір «ғажайып кино» дүниеге келіп еді, «Көшпенділер» деген. Сол фильмде «қуыршақтар» жоқ дейсіз бе? Бар, айтайын, Дильназ Ахмадиева деген тәтем отыр сол фильмде, неге отырғанын түсінбедім. Ол да тән сұлулығының арқасында кино саласында бағын сынады өзінше. Енді сол фильмде басты рөлді сомдаған Аянат Есмағамбетова деген қыз болған, (сол кезде қыз еді, қазір білмеймін, мүмкін келіншек, мүмкін үлкеееееен тәте) сол қыз қазір мүлдем жоқ. Сол қуыршағымызды шетелге кетті, киноның қыр-сырын меңгеріп келіп қазақ киносының көсегесін көгертіп, туын аспанға желбіретеді деп жарыса жазып еді кейбір басылымдар. Қайда? Аянат қайда, кино қайда, қыз қайда? Шетел асқан жұлдызым қазір шетелдік біреудің қасында ма, әлде шетелде «шемішке» сатып жүр ме, ешкім хабарсыз. Жалпы, осындай «қуыршақтар» көп бізде. Тек олардың күнінің қашанға дейін жарқырап тұратынын ешкім білмейді, себебі олар өздері де қашанға дейін жүретінін білмейді, өйткені оларда табиға талант пен қабілет жоқ, сенімсіз. Сондықтан қазақ киносында «қуыршақтар» дәуірі әзірге өрлеп тұр, алдағы уақытта да даму сатысын бастан кешірмек. P.S. Жоғарыда айтылған өз қабілеттерін барынша көрсетіп жүрген актрисалардың қатарына Аида Жантілеуова деген әпкемді қоссам ренжімессіздер.

    • Айдана :

      Жасұлан, біраз пікірлеріңіз орынды. Алайда, тым артықтау кетіпсіз. Ол қалай да болмасын халық алдында жүрген адам болған соң, ашық ар намысына тиюге болмайды. пікірлереңізді мейілінше кәсіби тұрғыда берсеңіз дұрыс болар еді…

  11. Кәкімжан :

    Жасұлан бауырым ашынғаннан ашығын айтыпсыз, рахмет сізге. Солардың қатарынан көп адамдарға орын қарастырып тауып беруге болатын сияқты…..

  12. Жанерке :

    Әлия Телебарисовамен Қарлығаш Мұхамеджанова жақсы актрисалар! Жәнеде актриса болып қана қалу мақсат емес, басқада саланы меңгеруге болады! Рано бикештің рөлін дәл сондай қылып еш жан ойнай алмайды! Сондықтан шамалы кинодан бірнәрсе біліп алып сөйлесеңіздер!

  13. Жанерке :

    Кәмшат Жолдыбаева бикеш кей кәсіби актрисаларға қарағанда, өз образын жақсы алып шықты бар ойнаған фильмдері мен сериалдарында! Сол кісіні кино саласында көру көп көрерменге қуаныш пен ойналып жатқан образдың шынайылығын көрсететін «ощущение» әкеледі!

  14. KenntupeTror :

    Pill Small Order Brand Cialis Online cialis Buy Synthroid 50 Mcg

  15. Kelchoolo :

    Elevage Levitra cialis online Priligy Hilft

  16. Pyridium Best Buy Cheapeast Express Delivery online pharmacy Clomid Indication Clomiphene

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


8 − = 0

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>