Мақсат СӘБИТОВ, актер: Мен әкемнің орындалған арманымын

Мақсат Сәбитов, актер

Мақсат Сәбитов, актер

Белді театр – Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының маңдайалды актерларының қатарына бір деммен қосылған Мақсат Сәбитовтың қанжығасында салмақты рөлдер бар. Бұл күндері бірнеше отандық картинаға қатар түсіп жүрген актерды түсіру алаңынан сөзге тартқан едік… 

– Біздің ұлтымыз таланттарға кенде емес. Алайда, бірден еліміздегі белді театрдың белгілі актерына айналу актер біткеннің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Бұл орайда жолың болған сияқты…
– Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясын тәмамдар тұста режиссер Мұрат Ахманов біздің дипломдық жұмысымызды көрген екен. Ол кісі бірқатар студенттердің ойынына көңілі толып, Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Талғат Теменовке айтып барыпты. Содан кейін іле-шала ұстазымыз Дариға Тұранқұлова да театр басшысына хабарласып, талантты бірнеше студенті бар екенін көруді сұрайды. Біз жатақханада жатыр едік, «Отелло» қойылымында Отеллоны ойнаған менімен бірге Диего рөліндегі Дархан Сүлейменовті шақыртты. Содан Талғат аға бізді жаңа жылға дейін сынақ мерзімімен жұмысқа алатынын айтты. Осы төрт ай ішінде біз өзімізді көрсетуіміз керек болды. Дәл осы кезде Талғат аға Ш.Айтматов шығармасының желісімен «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбетті» қоюға кіріскен кезі. Сол кезде маған балықшының рөлі бұйырды, оған қоса «Болашақ» телесериалына түсіп жүргем. Екі ортада шапқылап жүргенде, сол рөлді шығартты. Бұл трагедиялық қойылымдағы балықшы жігіттің рөлі маған театрдағы баспалдақ болды. Кішкентай ғана кейіпкеріммен көзге түстім. Ал жаңа жыл қарсаңында балаларға арналған «Ер көжек» спектаклінен маған лақтың, Дарханға қозының рөлі тиіп, театрда қалатын болдық. Көп ұзамай Талғат аға П.Мерименің «Кармен» повесінің желісімен «Карменситаны» сахналауды қолға алып, барлық актерларды Хосе-сержанттың рөліне сынап көрді.

Мақсат Сәбитов

Мақсат Сәбитов

– Махаббаты үшін өзімен қоса үш адамды құрбан еткен ессіз ғашық сержантты сомдауға актерға қандай қасиет керек еді?
– Бізге бұл рөлдің жеңіл тигені – Маман Байсеркеновтің мектебінен өткендігімізден шығар. Мәселен, мен ойнаған Отелло қара нәсілді, өте қызуқанды, ыстық жақтың адамы. Осы рөлді төрт жыл бойы меңгердім. Кез-келген кейіпкердің қасиеті актерға жұғады. Менде де қызуқандылық пайда болған сияқты. Өмірде кейде белден басып жіберетін кездерімді байқаймын. Бірақ, Хосені шығаруыма Отеллоның көп септігі тиді. Испандықтар да қызуқанды халық. Осы мінез маған енді керек болды. Қыз көрмеген жас жігіт сыған сұлуына қалай ессіз ғашық болғанын білмей, өзімен бірге үш бірдей адамды жер жастандырады.
– Хосені түсінуге бола ма?
– Өмірде Хосе жасаған қадамға бара алмас едім. Үш бірдей адамның қанын жүктеуге жүз жерден ғашық болсам да дәтім жібермес еді. Пьесадағы Хосені бір жағынан түсінуге болады.
– Кейін мен сенің Хосе-сержантқа мүлде қарама-қарсы Жәкула болысты бейнелегеніңді көрдім. Бұл деректі фильмге қалай келдің?
– Біздің Семей өңірінде «Жәкуланың қызылтасы» деген тас бар. Мен өзі Ақсуаттың жігітімін. Туған ауылым «Қызыл есікке» келе жатқанда осы тас өткен-кеткен жолаушылардың көзіне шалынады. Бала күнімізде Жәкула Күшікұлы – халықтың саналы тобынан шыққан белгілі тұлға екенін еміс-еміс еститінбіз. Сонау ХІХ ғасырдың 90 жылдарында Омбыдағы мединститутқа барып оқыған, көзі ашық адам. Он жылдан астам болыс болған білімдар Жәкула халыққа жасаған жақсылығымен, әділдігімен құрметке бөленген. Жәкула кәмпеске кезінде жер-жерде бұрқ ете қалған шаруалар көтерілісіне іштартты деп айыпталып, ұсталатын болған соң амалсыз шекара асып, Шәуешек жаққа бой тасалайды. Алайда, аңдыған оқ Жәкула Күшіковты бұл жақтан да іздеп табады…
Кейін ұрпағы Асқар елге оралып, атасына ас бермек болады да, журналист Болат Мүрсәлімге хабарласады. Ойласа келе, Жәкула болыс туралы деректі фильм түсірмекші болып актер іздестіре бастайды. Болат Мүрсәлімнің ойына сол кезде мен сап ете қалыппын. Ол кісі мені студент кезімнен таниды, қолында тұрғаным бар. Суретімді Жәкула болыстың суретімен қатар қойғанда ұқсастық тауып, мені осы рөлге шақырды.
– Актердың сәтті таңдалғанына ризашылық айтуға тиіспіз. Ал қазір режиссер Ақан Сатаев түсіріп жатқан «Бауыржан Момышұлы» картинасында генерал Сабыр Рахимовты ойнап жатқаныңнан хабардармыз…
– Бұған дейін де Ақан Сатаевтың «Болашақ» фильміне түскен едім. Жалпы режиссер, ассисенттер өздерінің танитын, жағдайын білетін актерларды кастингке шақырады. Бастапқыда Сатаев мені Есенов дейтін солдаттың рөліне бекіткен. Жұмыстың басталуына бірнеше күн қалғанда түсіру алаңына барсам, осы картинаға тапсырыс берген «Хабар» телеарнасы генерал Сабыр Рахимовтың рөліне мені бекіткендерін айтты. Сабыр Рахимов – Бауыржан Момышұлының оң қолы болған, тарихи тұлға.

Мақсат Сәбитов - Хосе ролінде

Мақсат Сәбитов — Хосе ролінде

– Сені Сабыр Рахимовтың рөліне «Жаужүрек мың бала» фильмі біртіндеп жетектеп алып келген сияқты? Сатаевпен жұмыс істеудің ерекшелігі қандай?
– «Мың баладағы» эпизодтық рөліммен Сатаевпен әріптестігім басталды. Ең бастысы бұл кісі актерларға ерік береді. Тәртіп болмаған жерде таланттың да еш мән-мағынасы болмайды. Рөліңді дұрыстап ойнамаудың өзі күпірлік. Сатаев актерлардың жанын да түсінеді, жағдайын да жасайды. Төбеңде шатырың, жаныңда шәйің қайнап, астыңда орындығың дайын тұрады. Бас-басыңа бір-бір ассистент десем, артық емес шығар. Осыдан кейін жаман жұмыс істеуге хақымыз жоқ…
– Сатаев тәртіпті жақсы көреді дейсіз. Өнердің тәртіпке бағынбайтын кездері де болады ғой?
– Ол кісі өнер адамдарының кейбір еркеліктеріне кешіріммен қарай алады. Бір байқағаным, актерларды өте сыйлайды, бәрінен жоғары қояды. Егер актерға сенім артып, көтермелемесе ол күткен деңгейден қалай шығады?! Мен басқа да сериалдарға түсіп жүрмін, режиссерлардың бәрі актерларына мұндай жағдай туғыза алады деп айта алмаймын.
– Түріктердің де бір сериалына түсіп жатқан жоқсың ба?
– Өткен жылы Нұриддин Өзел деген түрік режиссері «Әке серті» деген фильмді түсірді. 16 бөлімді бұл картинаның басы жап-жақсы басталды да, соңы сұйылып кетті. Түрік режиссері қазақ продюсерлерімен қаражат жағына келісе алмай, 4-5 сериясын түсірген соң кетіп қалды. Арғы жағын Виджихи Энер деген оператор түсіріп, ақыры картина оңбады. Бұл сериалда мен басты рөлдердің бірін ойнадым. Дегенмен, сол режиссер арқылы Түркияға тартып кеттім. Есіңізде болса, бұрын «Қазақстан» ұлттық телеарнасында түрік режиссері Абул Кадыр Жайлан Эденің «Асау жүрек» деген фильмі жақсы жүрді. Басты рөлде Кенан Имирзаоглу ойнады. Осы фильмді түсірген режиссер қазақтар мен түріктердің байланысы, туыстық қарым-қатынасы туралы «Шынайы өмір» деген көп сериалы картина түсіріп жатыр. Қазірге 16 бөлімі түсірілді. «Әке серті» маған түрік сериалдарына жол салып берді.

Мақсат Сәбитов жары Әйгеріммен

Мақсат Сәбитов жары Әйгеріммен

– Актерлық мамандықты – өнер деп те, бір жағынан тағдыр деп те айтуға болар. Осы соқпақты таңдағаныңа өкінбейсің бе?
– Әкем ауылдың оқымаған артисі. Домбырасы, баяны, гитарасы бар. Барлық музыкалық аспапта ойнай алады. Біз дүниеге келмеген, әкем үйленбеген тұста Ақсуат жаққа Алматыдан театр келеді. Қай театрдың гастролі екенін білмедім. Олар ауылдағы көркемөнерпаздар ұжымындағы менің әкемнің өнерін көріп, Алматыға алып кетіп бара жатқан жерінен әжем қуып келіп, әртістің өмірі құрысын деп, кері алып қайтады. Сол әңгімесін әкем айтып беріп еді: әкем, әжем және Алматыдан келген режиссер отыр дейді. Әжем: «Баламды өзіме қайтарып бер». «Неге? Бұл баланың болашағын көріп тұрмын, тағдырын біліп тұрмын, актер болады» десе, әжем: «Бұл менің жалғыз ұлым» депті. Режиссер әкеме қарап шынымен жалғызсың ба десе, әжем әкемнің санынан шымшып алады. Құдайға шүкір, әжемнің бес ұлы, екі қызы болған ғой. Бірақ, әкем амалсыз басын изейді…
Алайда, әжем осы ісіне өкініп өтті. Қайраттың жолын кескен менмін деп айтып отыратын. Сонымен әкем ауылда тракторист болып қалды. Одан кейін ол кісі іштей бір баласы актер болса деп армандайды. Оны бізге айтпайды. Бірақ, мен өз ынтаммен Алматыға өнер іздеп аттандым. Ешкім жолыма кесе-көлденең тұрған жоқ. Осыдан бес жыл бұрын анам өмірден озды. Әкем екеуі әңгімелесіп отырып, айтады екен: «Қайрат-ау, арманың орындалды ғой» деп. Актер болғаныма өкінбеймін. Расында, мен әкемнің орындалған арманымын…
– Өнерге келу үшін алдымен оған ғашық болу керек. Ол да бір сұлу қыз сияқты, артынан ересің, өміріңді арнайсың. Бірақ, онымен бақытты болар-болмасың белгісіз…
– Бастапқыда «Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер – театр» дегенді білмейміз. 2002-2003 жылдары «Бауыржан-шоуды» көріп, мәз болып, солар сияқты сахналық скетчтерде ойнауды ғана көксеп жүрген кезіміз болды. Кейін 11 сыныпта жүргенде шешеммен қосылып ораза ұстадым. Сонда имам уағыз айтады. «Алладан, әсіресе Қадір түнінде, жаңбыр жауып тұрғанда шын сұрасаң, орындалмайтын тілегің болмайды. Жаңбырдың әрбір тамшысымен періштелер түседі, міндетті түрде тілегің қабыл болады» деді. Сол жылы Қадір түнінде жаңбыр жауды, қолымды аспанға созып тұрып: «Е, Аллам, мен актерлық өнерді меңгерсем екен!..» деп тіледім. Ақиқатында, Құдайдан шын тілесең, қайтарылмайды екен. Әйтпесе, менде ол кезде алып бара жатқан өнер де жоқ еді, өте бұйығы, ұялшақ бала болдым.
– Қазір де «Бауыржан-шоуда» ойнауды армандайсың ба?
– Адам өзгереді. Маман Байсеркеновтің курсына келген соң ұстазым ұстанымымды өзгертті. Таза өнерге баулыды.
– Өзіңмен сыралғы емес адам, сені Отеллоның да, Хосенің де рөлінде елестете алмайды. Біртоғалығың бар. Бұл сауалды қойып отырғаным, тығылып жатқан қабілетіңді Талғат Теменов те ашты деп ойлаймын.
– Біз Маман ағамызға үйреніп қалғанбыз ғой. Жастар театрына келген соң Теменовтың тезінен өтуге тура келді. Қарым-қабілетімізді ашты. Үлкен рөлді сеніп тапсырды. Ол кісі мүләйімсіп тұрғанды ұнатпайды. Алдында алмас қылыштай жалаңдап тұруың керек. Екі-үш спектакльге қатысқан соң Талғат ағаның да жұмыс тәсіліне бейімделдік.
– Ең болмаса бір рөліңді әкең көрді ме?
– «Карменситаның» премъерасы жүріп жатқанда әкем Алматыға келді. Менің театрдағы тұңғыш басты рөлім – Хосені көрді. Оған дейін менің үлкен қалада қандай тіршілік кешіп, не тындырып жүргенімді білмейтін. Спектакль біткен соң келіп, маңдайымнан иіскеп, ризашылығын үн-түнсіз білдірді. Көзіне жас келгендей болды. Мен мұнысын «балам, алға жүре бер!» деген ишара сияқты қабылдадым.
– Оқырмандарды отбасыңмен таныстыра кетсең…
– Жарым Әйгерім Бектауова, мамандығы есепші. Екі қызым бар – Наз 1 жастан асты, ал Наркесім екі айлық.
– «Артистердің жұбайларына қиын…» деген сөз халық аузында айтылып қалады, Әйгерім сізді қызғанбай ма?
– Алғашында, әрине, түсінбей қиналған сәттері болды. Кейін «роль», «образ» деген мәселені түсінген соң, қазір менің рольдеріме жанашырлықпен қарап, қолынан келгенше қолдау танытады.
– Әңгімеңе рахмет!

Әңгімелескен Айнаш ЕСАЛИ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

10 комментариев

  1. Косак :

    Бізде сонда, сериал түсіретін режиссер де жоқ па, әлде, «аулдағының аузы сасық па?!»

  2. ақмарал :

    жақсы жазылған

  3. viagra men cheap
    viagra tablet
    cheap viagra canada online

  4. order viagra mail
    viagra online
    generic viagra cheap canada

  5. buy cheap viagra online
    buy generic viagra online
    order viagra prescription

  6. cheap viagra toronto
    cialis tablets
    order viagra prescription

  7. can you buy viagra boots
    viagra england
    cheap viagra cialis online

  8. cheap viagra brisbane
    viagra sale
    buy viagra cheap online

  9. buy cheap viagra online uk
    best price for viagra
    cheap-generic-viagra erfahrung

  10. viagra buy women
    viagra without doctor
    buy viagra walgreens

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


5 + = 7