Ұлттық тарихымызды ұлықтайық

«Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек…
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен
алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз…
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық…»

Н.Ә. Назарбаев
«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауынан

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының ұлттық тарихына жаңаша үңілетін кез жеткенін әркез айтып жүр. 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» атты кітабының жарыққа шығуы, Елбасы өзінің тікелей бастамашылдығымен 1995 жылы «Тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» құжатының қабылдануы, 1997 жылды «Жалпыұлттық татулық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы деп жариялануы, 1998 жылды «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы», 1999 жылды «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы», 2000 жылды «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялауы біздің бұл сөзімізге дәлел. Ал «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек», деумен бүкіл бір халықтың, оның ішінде тарихшылардың алдына жауапкершілігі бұрынғыдан әлденеше ауыр талайлы міндеттерді жүктеді. Бұл – өз кезегінде ұлт рухын асқақтататын ірі іс-шаралардың ұйымдастырылуына жол ашты. Солай екен, маусымның 6 жұлдызында Астана қаласындағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің ұйытқы болуымен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомоствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өткен болатын. Отырысқа жалпы Президент әкімшілігінің, министірліктердің жауапты қызметкерлері, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, белгілі тарихшылар, жазушылар, тарих факультеттерінің декандары мен кафедра меңгерушілері, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысқан еді.
Мемлекеттік хатшы Марат Мұхамбетқазыұлы «Ұлттық тарихи жадыны сақтап қалу – өз-өзіңді сақтап қалудың жалғыз жолы» тақырыбындағы баяндамасында:
– Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қоғам дамуының жаңа замандағы жаңа белесінің бірқатар сауалдарына жауап табумен бірге, ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау. Бұл құндылықтар осы заманғы, болашаққа ұмтылған құндылықтар болуға тиіс. Олар мынау жаһанданып, ашығын айтқанда, ұлттық өзгешелігімізді шайып бара жатқан әлемдегі біздің ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға тиіс. Олар ұлттың мәдени кодын: тілін, руханиятын, дәстүрлерін, мәдениетін сақтауды қамтамасыз етуге тиіс, – деген еді. Тарихшылардың басын қосқан бұл кеңес ұлттық тарихымызды қайта зерделеу арқылы елдік мүдде-мұратымызды, идеялық тұтастығымызды, мызғымас бірлігімізді, болмыс-бітімімізді, өзіндік санамызды жаңғырта отырып, жасампаздыққа құлаш ұру; өзімізге ғана тән, елдік ерекшеліктеріміз аңқып тұратын тарихилық жадымызды асқақтатуды әрбір қазақ азаматының парызы екенін сездірді.
Содан бері көп уақыт өте қоймаса да, ұлттық тарихты зерделеу мақсатында білек сыбана іске кіріскен тарихшы-ғалымдар бірашама деректердің көзін ашты, алыс-жақын шетелдердің мұрағаттарында сақталған қазақ халқына қатысты тарихи мағлұматтарға қол жеткізді. Талай мыңжылдықтарға созылған қазақ халқының қалыптасу үдерісін жеткілікті деңгейде зерттеуде Сақ мәдениеті, Қаңлы мен Ғұн дәуірі, ежелгі түркі мемлекеті мен қағанаттарына ерекше назар аудармау мүмкін емес. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан және әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Динара Күмісбекова «қазақ жерін мекен еткен ежелгі тайпалардың тарихын зерттеуде археология, антропология ғылымдарының орны ерекше» екенін айтады.
– Оңтүстік өңірінің тарихы терең, шежіресі бай. Ұлттық тарихымызды, дүниежүзілік тарихты білу үшін, ең алдымен, туған өлкеміздің тарихын терең әрі жан-жақты меңгеруіміз қажет, – дейді ол. – Осы мақсатта 2012-2013 оқу жылынан бастап «Өлкетану», «Қаңлы мемлекетінің тарихы мен археологиясы (б.з.д. II ғ. — б.з. IV ғ.)», «Оңтүстік Қазақстандағы тас, қола, ерте темір дәуіріндегі ескерткіштер», «Мәдени антропология», «Қазақтардың көшпелі өркениеті», «Қазақстандағы этнодемографиялық үдерістер» деген пәндерді енгізіп отырмыз. Жуырда ғана Арыс өзені жағасындағы Күлтөбе қалашығынан саз балшықта кестеленген Қаңлы жазуының табылуы және онда мемлекеттік маңызы бар ақпараттардың болуы тарихымыздың аз зерттелген, сыры толық ашылмаған ежелгі дәуірін қайта зерделеуге және білімдерімізді тереңдетуге мүмкіндік ашты. Күлтөбе қалашығы орнынан бірқатар құнды артефактілердің, атап айтқанда, ойын асықтарының, сармат белгілері бар керамиканың, балшықтан сыланған қаңқа арқылы құрастырылған бағананың табылуы сол дәуірдің өзінде күрделі сәулет өнерінің болғандығын көрсетеді. Отан тарихын, өлке тарихын толыққанды зерттеу үшін өз еліміздегі және шетелдердегі тарихи деректер мен материалдарды жинақтап, жүйелеу өте маңызды. Осы мақсатта кафедра профессоры, тарих ғылымдарының докторы Сәбит Жолдасов Мәскеу, Орынбор, Омбы, Ташкент, мұрағаттарында, Қытайдың Шыңжаң қоғамдық академиясында болып, өңір тарихына қатысты материалдарды жинақтап, елге алып келіп, солардың негізінде өзінің «Өлкетану», «Оңтүстік өңірінің тарихы» атты сүбелі еңбектерін жазып, оларды ғылыми айналымға түсіріп отыр.
Халқымыз 1929 жылға дейін араб харіпін пайдаланғаны және барлық жазбаларымыз бен рухани құндылықтарымыз сол харіпте жазылғандығы тарихтан белгілі. Мұрағаттардағы том-том қағаздар беті ашылмаған күйі жатыр. Ал Қытай еліндегі мың жарым миллионнан астам отандастарымыз әлі күнге дейін «төте араб» харіпін пайдаланады. Қытайдағы қазақ тарихшылары қазақ тарихына қатысы бар біздің дәуірімізге дейінгі ежелгі жазбалар мен тарихи құжаттарды сол харіппен аударған. Бірақ оны оқитын тарихшылар некен-саяқ деуге болады. Мұндай құнды дүниелерді ел игілігіне жарату тарихшыларға үлкен міндет жүктейді, сондықтан да мұндай қиындықтарды шешу үшін кафедра жанында С.Жолдасовтың ғылыми жетекшілігімен «Тұран» үйірмесі құрылды. Оның мүшелеріне «төте араб» харіпі үйретіліп, олар осы харіпте жазылған Қытайдан әкелінген қазақ тарихына байланысты материалдарды аударып, мақалалар жазып, оларды баспасөз беттерінде жариялап, оқырмандардың қызығушылығын тудырып отыр.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында көтерілген мәселелер Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты ұжымына да үлкен серпіліс беріп, ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруға және Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи-мәдени дамуын ХХІ ғасыр талаптары негізінде тиянақты зерделеу жұмыстарына бір кісідей атсалысуға жігерлендіріп отыр, – дейді тарихшы ғалым Динара Күмісбекова.

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

2 комментария

  1. Балта Сейдахметулы :

    ултымыздын тарихы бизге керек

  2. Amoxicillin Liver Damage Forum Viagra Alcool viagra cialis Stemigra Sildenafil Citrate 100mg Description Of Amoxicillin 500mg Capsules Tadalafil Generic Vs Cialis

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


8 − = 3