Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ: Адал еңбек табысқа жеткізеді

Қызылорда қалалық  мәслихатының депутаты:

Қызылорда қалалық
мәслихатының депутаты:

«Тиыннан теңгенің құралатындығын» кәсіптің нәсібін көріп отырған Ғалымбек Жақсылықұлының өмір тәжірибесінен анық аңғаруға болады. Ғалымбек Жақсылықұлы 2005 жылдан бері «Каратэ-до және күрес өнері» федерациясының директоры, «Каратэ-до» шығыс жекпе -жегінің қара белбеу иегері, «Каратэ-додан» Қазақстанның 2 дүркін чемпионы. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік төсбелгісімен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен, Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласы әкімдерінің Алғыс хаттарымен, бірнеше грамоталармен, дипломдармен марапатталған.
Сұхбаттасушы кейіпкердің өмірлік тәжірибесі қаншалықты мол, айтары көп, мінезі ашық-жарқын болған сайын әңгіме өрнегі де әдемі болары анық. Біздің Ғалымбек Жақсылықұлымен болған әңгімеміз солай өрбіді…

– Туған жер, өскен ортаңыз туралы айтып беріңізші…
– Мен 1977 жылдың 12 сәуірінде Арал ауданында дүниеге келдім. Әкем – Жақсылық Зиманов елге еңбегі сіңген қайраткер, ұзақ жылдар бойы Арал ауданының ауылшаруашылық саласында басшылық қызмет атқарған. Анам – Науат Зиманова мен үшін жүрегі теңіздей терең дара жан. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған. Ата-анам алты баланы өсіріп, жеткізді. Мен үйдің сүт кенжесімін. 3-сыныпқа дейін Арал қаласындағы мектепте білім алдым. Одан кейінгі мектеп қабырғасындағы өмірім қазіргі Қызылжарма ауылдық округінде жалғасты. Бала кезімнен сурет салып, оны-мұны шимайлап бейнелегенді ұнататынмын. Сол кездегі еңбек пәніндегі ең сұраныстағы өнер – қаңылтыр бетіне бедерлеп, ағашқа күйдіріп сурет салу еді. Сондай-ақ көзге ерекше көрініп, көңілге қонымды сәттерді фотоаппаратқа түсіріп алуды қатты ұнататынмын. Сурет дегеннің өзі адам өмірінің қайталанбас адемі сәтін естелік ету емес пе? Мектепте топ болып билейтінбіз. Бір күні бірнеше жігіт аппақ көйлекпен, қара галстук тағып, еденде олайда-былай домалап «брейк» биледік. Ақ көйлегіміз қаншалықты қап-қара болғаны есімнен кетпейді… Есте қалған ескі мектептің шұрқ тесік еденіне талай рет аяғымыз да кіріп кеткен… Мендегі балауса балдәурен, бақытты шақ, міне, осындай жарқын сәттерімен есімде қалыпты.
– Қызметтегі баспалдағыңызды саралап беріңізші, кәсіпте бүгінгідей жетістікке қалай қол жеткіздіңіз?
– Бала кезімнен спортты жанымдай жақсы көрдім. Бұл салаға деген қызығушылығымды ардақты асыл әкем оятқан болатын. Күн көзі көрінбей ерте оянып жүгіретінбіз. Одан кейінгі спорттағы жетекшім Бақберген Әлімбетовтың жаттықтыруымен «Каратэ-додан» 2001 жылы Кентау қаласында өткен «Қарабелбеу» үшін күресте осы мәртебеге ие болдым. Осындай жетістіктердің арқасында ынта-жігеріммен мен де бірнеше шәкірт тәрбиелеп, біраз табысқа қол жеткіздік. Сол кездегі шәкірттерімді қай жерде болсын зор мақтанышпен айтып жүремін. Олардың қатарында «Каратэ-додан» 5 дүркін Қазақстан чемпионы Мақпал Қожамбетова, бүгінгі күні спорт шеберлігіне үміткер Анар Өткелбаева, Жапонияның ашық чемпионатының чемпионы Әлібек Орынбасаров бар.
Мен қай кезде де адал еңбек қана адамды шынайы жетістіктерге жеткізе алады деп ойлаймын. Еңбектің наны қашанды тәтті ғой. Бұл күнге дейін мен қарауыл да болдым, қоғамдық көліктерге кассир де болып халыққа қызмет көрсеттім, жаттықтырушы, 1996-98 жылдар аралығында өңірлік телеарнада қылмыстық істердің ашылуының басы-қасында жүріп журналистік репортаждар да жасадым. Қайбір жылдары көпшіліктің сүйіп жейтін тағамы – кәуәпты өз қолыммен жасап сатуды да кәсіпке айналдырып көрген болатынмын. Бірақ пайда мардымсыз болды. Сөйтіп, Қызылжармада өз күшімізбен дүкен салып, саудамен айналыстым. Кәсіп дейтін алып әлемге менің алғашқы қадамым осылай басталған екен.
– Сіздің басқаруыңыздағы «Аквалайн» суы қала халқының біраз бөлігін қамтып отыр. Суды сүзіп, тазартып сату идеясы қалай туды?
– Су – тіршілік нәрі. Суы таза елдің денсаулығы да, тіршілігі мардымды болмақ. Бұл талай жылдардан бергі зерттеу нәтижесі. «Аквалайн» ЖШС-нің жұмысы 2003 жылы басталған еді. Ол кездері таза судың ағзамыз үшін қаншалықты маңызды екенін біле бермейтінбіз. Дәрігерлер біздің өңірімізде бүйрек, бауыр ауруларының өршіп тұрғандығы туралы жиі айтып, дабыл қақты. Мен алғаш рет өңіріміздегі ауызсудың тазартылғаннан кейінгі өңін көргенімде кәдімгідей таңқалдым. Жалпы, республикамызда Қызылорда мен Атырау өңірінің су сапасы сын көтермейді. Суды сүзіп, тазалап сату туралы алғаш ойлағанда пайдадан гөрі халықтың денсаулығы алаңдатты. Өңіріміздегі таза суға деген сұранысты алғашқы болып «Аквалайн» қалыптастырды десем қателеспеймін. Алғашқыда жұмысты қарқындап алып кету қиын болды. Тіпті сол кездері бізде жұмыс телефоны, компьютер, техника да болған жоқ. Аллаға шүкір, бүгінгі күні шаруамыз ілгері басып, 428 метр тереңдіктен шығарып, халыққа адал еңбек етіп, таза су ұсынып отырған жұмысшылар қатары 60 адамға жетті. Жыл санап қызмет көрсету сапасын да ілгерілетіп келеміз. Біз үшін ең бастысы – тұтынушылардың талабына сәйкес келу, көңіліндегісін дөп басу. Елбасымыздың Республикалық «Алтын сапа» байқауында «Алғыс хатпен» марапатталдық. Бұл біз үшін үлкен мәртебе, еңбегіміздің еш кетпегені. Ішкі сенімі мықты, ынтасы зор кәсіпкер үшін табыстың әрбір тиыны қымбатқа бағаланады.
5555– Қайырымдылықпен айналысасыз ба?
– Қайырымды іспен адамның жандүниесі нұрланып, тазарып, рахатқа бөленеді емес пе? Қолыңнан келсе көмек сұрағанға қол ұшін бергенге не жетсін?!. Бүгінгі күнге дейін қанша жанға, қандай сомада көмек көрсетіп, қолдау танытқанымды нақтылап айта алмаймын. Бірақ шығармашылық баспалдақта немесе спортта жетістікке қол созған талапты жас өрендерге қолдау танытуды кейінге қалдырған емеспін. Әлсізге қол ұшын созсаң, көмекке зәру адамға шарапатың тисе, сол ізгі ниетің қашанда қайтымды болады. Ішкі әлеміміздегі мейіріміміз ешқашан сарқылмаса екен деймін.
– Отбасыңыз туралы айта отырсаңыз…
– Әйел қашанда шаңырақтың шаттығын арттырып, берекесін келтірер, бір мезгілде бәріне үлгеруді шебер меңгерген, қашанда жан-жағына мейірім-шуағын төгетін керемет жан ғой. Менің жан-жарым Салтанат та сондай жан. Құрған шаңырағымыздың астында Әлен есімді бір ұл, Аружан атты бір қыз тәрбиелеп отырмыз. Жақсы бала тәрбиелеу үшін жақсы ата-ана болу парызымыз. Сондықтан өзіме үлгі болған әкемнің ізін жалғап, мен де қамқор, білікті, қайсар, ақылшы болуым керек. Заман талабына сай Салтанат та жеке кәсіптің жүгін арқалап жүр. Алғаш танысып сыр ұғысқан сәтіміз кеше болғандай есімде ыстық сақталған. Екеуміз бір партада отырған курстас едік. Махаббат деген алып күштің арқасында оның маған лайықты өмірлік серік болатындығын аңғардым. Еңбектегі жетістігіме жан-жарымның да үлесі бар. Ол маған қашанда үлкен сенім артып, қолдау білдіріп отырады.
111111– Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
– Нарық заманында демалыс үшін бос уақыт табу қиын мәселе болып кеткен секілді. Мен ақпарат құралдарын жіті бақылап, әлеуметтік желілерде отырғанды жөн санаймын. Осылайша ел арасындағы өзекті жайттарды біліп, оны шешуде қарапайым халықтың пікірімен санасып, таразылап отырамын. Бүгінгі күні тың идея үшін мүмкіндік мол десем қателеспеймін. Өйткені ақпарат алмасуға шектеу жоқ. Сонымен қатар, әлемнің белгілі бизнес өкілдерінің, саясаткерлердің кітаптарын оқып шығуға уақыт бөлемін. Ақпараттан құлағдар, білімі бар адам көш соңында қалмайды. Ілгерілеп отыруға талпынады. Өмірлік тәжірибе бір ғана кітапта жазылмаған, бір ғана сынақ, қиындықпен келмейді. Ол ұзақ ізденіс, толассыз кеңес арқылы пайда болмақ. Сондықтан елмен етене жақын араласып, ақсақалдармен ақылдасып, пікірлерін біліп отыру да перзенттік міндетім деп білемін. Жайсаң әңгімемен көңілім жайланып, көпті түйіп қайтам. Одан қалса, спортқа көңіл бөлгенге не жетсін!.. Бойдағы қажетсіз артық энергия, стрессті жеңіп, рухты қалыптастырушы спорт қашанда жан серігім болатын, солай болып қала бермек.
– Жақында өңірдегі кәсіпкерлермен Америкаға барған едіңіздер. Алыс сапардан не түйдіңіз?
– Иә, өркениеттің көшін бастаған алып елге тәжірибе алмасып, өзін-өзі басқару жүйесіндегі жаңалықтармен танысу үшін Америкаға барған едік. Депутаттық қызмет жағынан елімізден 15 адам, Сыр өңірінен 3 адам болып бардық. Белгілі сенаторлармен пікір алмасып, ой бөлістік. Біз қазақ елі тәуелсіздігімізді алғанымызға небәрі 20 жыл болғанымен, біраз биікті бағындырдық. Енді, міне, өркениеттің көшін бастаған 30 елдің қатарына енуге талаптанып отырмыз. Бір байқағаным, қазақтың бауырмалдығы мен қонақжайлығына ешбір ел тең келе алмайды екен. «Туған жердің күні де, түні де ыстық» деген сөз сол кездегі біздің басымыздан кешкен сағыныштан туғандығын түсіндім. Америкада жүріп, қазақтың қазы-қартасы, құрт-майын сағындық. Ет асып жеуге құмарттық. Содан ойдағыны іске асырмақ ниетте қазан іздеп таппай, үлкен кәстрөлге ет астық бұрқыратып. Біз асқан еттің дәмін таңырқай татқан америкалықтар қазақ үшін нәрлі, тойымды, ыстық тағамның қаншалықты маңызды екендігін аңғарғандай. Еттің сорпасына дейін тамсана ішкенін қайтерсіз?!. Сонда жүріп сағынышымызды басу үшін қазақ эстрада жұлдыздарының әнін ұялы телефоннан тыңдап, елжіреп, егіле жылағанымыз бар. Туған жердің қасиетті топырағына жетер еш нәрсе жоқ екен бұл фәниде.
– Өз-өзіңізге қалай баға бересіз?
– Өз-өзімді мақтай алмаймын. Маған сеніп, жасақталған бағдарламама үміт артқан, депутат етіп сайлаған халқымның алдында міндетім биік, ұстанымым бөлек. Жақсы істі соқыр көріп, саңырау ести алады. Сондықтан байқампаз, сыншы халық қана әділ бағаны береді. Ешкім де бұқара халықтан асып кете алмайды. Мен тек ісі нақты, берері мол, әділ де қарапайым азамат болып қалсам болғаны.
– Шынайы әңгімеңізге рахмет!

Гүлназ БИСЕН
Қызылорда

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

9 комментариев

  1. Дәулет Серiкбаев :

    Осындай азаматтарымыз көп болсын.

  2. legal buy viagra online
    viagra without doctor
    how do you order viagra

  3. buy medication without an rx
    canadian pharmacies online prescriptions
    lloyds pharmacy online

  4. mobile online roulette debit card
    online casino real money
    best casino apps for iphone 5

  5. generic cialis buy uk
    tadalafil cost
    discount generic cialis canada

  6. cute pdf writer download windows 10
    upgrade to windows 10
    windows 10 home iso image download

  7. Prix Xenical Au Maroc Buy Kamagra Buy Kamagra Quick Delivery online pharmacy Generic Viagra Deals Viagra Without A Doctor’S Approval

  8. windows 10 home download microsoft store
    microsoft office 365
    windows 10 professional 64 bit download microsoft iso

  9. safe place buy cialis online
    generic cialis tadalafil
    buy cialis safely

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


3 + = 7