Ұлттық тарихты зерделеуде ЖҰРТ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛДЫ

Өркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, мәдениетімен,
ұлтын ұлықтаған ірі тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің
алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады.
Сөйтіп, тек өзінің ұлттық жол тарихы мен мәдениеті
арқылы ғана басқаға танылады.
Н.Ә. Назарбаев

111Астанада ҚР Мемлекеттік хашысы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының III отырысы басталды.

Марат Тәжин, ең алдымен, алғашқы отырыстан кейін ұлттық тарихты зерделеу бойынша алға қойылған міндетердің қалай орындалып жатқанына тоқталды.
– Жас тарихшылар қауымдастығы құрылды. Жоғары оқу орындарында білімді кадрларды және тарих мамандары бойынша докторларды даярлауға қажетті мемлекеттік тапсырыс көлемі едәуір артты.Ұлттық тарихтың өзекті мәселелеріне арналған «Мәңгі ел» тарихи көпшілік журналының алғашқы саны дайындалды. Бұл журнал ғылыми қауымдастық пен қоғам арасын өзара байланыстыратын ақпараттық көпірге айналатын болады, – деді Мемлекеттік хатшы. Оның айтуынша, шетел мұрағаттарын зерделеу жөніндегі қажырлы жұмыс жалғасын табуда. Ғалымдардың алғашқы тобы Ресей, Қытай, Иран, Ұлыбритания және Түркия елдерінде болып қайтты. Аталған зерттеулердің қорытындысы бойынша ХVІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша едәуір мұрағат құжаттары жиналды.
– Қазіргі уақытта бұл материалдар мұқият зерделенуде. Осылайша біз алға қойған мақсатымыздың оң нәтиже бере бастағанын қанағатпен айта аламыз. Бірақ жұмыс қарқынын төмендетіп алуға болмайды. Алғашқы табыстарымыз бізге жұмысты одан әрі жандандыра түсуге серпін беруге тиіс, – деді Марат Тәжин.
666Жиын барасында сөз алған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құлмұхаммед ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі міндеттердің ақпараттық-насихат барысы туралы баяндады.
– Біздің министрлік осы «Халық тарих толқынында» атты айдар аясындағы жұмысқа елдегі барлық дерлік бұқаралық ақпарат құралдарын жұдырықтай жұмылдыра білді. Соның нәтижесінде, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін және мемлекет меншігіндегі БАҚ-тардан басқа жекеменшік басылымдардың да Қазақстандағы телеарна, радио, интернет қауымдастығындағы ақпарат құралдары да белсенді қатысты. Атап айтсақ, қысқа мерзім ішінде яғни, 5-маусымнан бүгінгі күнге дейін 2 170 материалдар жарық көріп үлгерген. Оның ішінде 524-і телеарналардың өнімі екен.
777Демек, бұл дегеніміз қалың бұқара арасында тарихқа деген көзқарас өзгеріп, оған қызығушылық артып, ел арасында жақсы көрініс тауып отыр деген сөз, – деді министр.
Ал өз кезегінде сөз алған Білім және ғылым министрі А. Сәринжипов мемлекеттік жоғары оқу орындарында 19 дербес Қазақстан тарихы кафедрасы қалпына келтірілді және құрылды деп мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа кафедралардың кадрлық әлеуеті профессорлық-оқытушылық құрамның 128 бірлігін құрайды, соның ішінде 9 ғылым докторы, 73 ғылым кандидаты бар. Кафедралардың дәрежелілігі 64 пайызын құрайды екен. Ал мұнда көзделген негізгі мақсат, бұл кафедралардың қызметі тарих пен оқиғаларды жүйелі ұғынуға оң септігін тигізу болмақ.
Жалпы бүгінгі таңда елімізде Қазақстан тарихы кафедралары 59 жоғары оқу орынында, соның ішінде 9 ұлттық, 31 мемлекеттік, 1 халықаралық, 9 акционерлік, 9 жеке жоғары оқу орындары қалыпты қызмет етіп келеді. Ал жиында сөз алған Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі Меруерт Әбусейітова:
– Египет, Иран, Түркия, Өзбекстан, Қытай, Үндістан мен Ресейге және Ұлыбританияға барған тарихшы ғалымдардың іссапарлары барысында түркі Хорезмшахтары тарихы, моңғолдар, ұйғырлар, барлық мұсылман билеушілері тарихы, Шыңғысхан, Әмір Темір, тарихы бойынша құнды мұрағат материалдары, сондай-ақ Бодлеан және Британ кітапханаларында, Қытайдың Тұңғыш тарихи мұрағатында, Үндістанның Рампур қаласындағы Әмір Раз кітапханасында, Хайдарабад қаласындағы Саларджанг мұражайында, 555Қалмақ Республикасының Ұлттық мұрағатында сақталған шығыс қолжазбалары айқындалып, көшірмелері әкелінді, – деп мәлімдеді.
– Қазақстанға Қытайдың Тұңғыш тарихи мұрағатынан қазақ тарихына қатысы бар Цин империясының мұрағат құжаттарының көшірмелері жеткізілді. Бұл құжаттар 1730 жылдың соңынан 1911 жылдың ортасына дейінгі кезеңді қамтиды және қазақ-қытай саяси, сыртқы саяси және экономикалық өзара қарым-қатынастар тарихын ашып көрсетеді. Қазақ билеушілерінің көрші мемлекеттер билеушілеріне жазған хаттарының ішінде Абылай ханның, сұлтан болат ханның, Уәли сұлтанның және басқа да қазақ хандары мен сұлтандарының жазысхан хаттары туралы айрықша мәліметтер елге жеткізіліп, ұлттық тарихи құндылықтар қатарына қосылуда, – деді Меруерт Қуатызы.
Осы отырыста Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы шет елдердің мұрағаттарынан табылып жатқан құнды дүниелерді елге жеткізу бір бөлек те, оны одан әрі өңдеу, ұқсату, пайдалану бөлек мәселе екенін мәлімдеді. Негізінен, табылған деректі жай ғана пайдалана салу ол жұмыстың бер жағы ғана. Оны өзіміздегі және өзге де деректермен салыстыра отырып, түпкілікті зерттеу керек. Мүмкін олар біржақты жазылған дүниелер ме? Міне, осы мәселелерді індете зерттеу тарихшылар қауымының екінші тынысының ашылуын талап етеді.
– Тағы бір ой, мен мысалы, әдебиетшімін. Ал Абылай ханның хаттары табылды деп оқтын-оқтын айтып келе жатқанымызға он бес жылға таяп қалды. Осы ретте жеке азамат ретінде бір сұрақ мазалайды. Осы Абылай ханның хаттары күні бүгінге дейін не себептен жеке бір жинақ ретінде шықпай келеді? Осы мәселеге бүгінгі жиын баршамызды тағы бір табан жақындата түсті, – дейді Дихан Қамзабекұлы. – Сонымен қатар, бізде өз мамандарымызды даярлау жұмысы ішінара қайта жүйелеуді қажет етеді. Шынын айту керек PhD-дің ғылыми дәрежесі бастама ретінде көтеріліп келді де, енді оның да бір қиындықтары қабаттаса кетті. Мысалы, ғылыми дәреже алғысы келген жас ізденушілер өз мақалаларын халықаралық журналдарда жариялау керек деген талабы бар. Осы жерде жас ғалымдарымызды өзіміздің ортамыз, өз қоғамымыз мойындап жатса, жастарға артық міндеттеме жүктемей-ақ, ғылыми дәреже беруіміз керек деп ойлаймын. Бұл жерде шет елдік журналдарда жариялану керек деген ұстаным, бүгінгі таңда көкейкесті мәселеге айнала бастады. Жасыратын ештеңесі жоқ, мысалы, әлемге әйгілі Гарвард университетінің өзінде мұндай талап қойылмайды. Біз өзімізді өзіміз қысып, осындай бір жүйесіздеу шарт енгізіп жібергенбіз. Ал екінші бір қырынан қаралуы тиіс мәселе, осы «Mangi el» журналының 222шығуынан зор үміттенуге болады. Үш тілде шығатын басылым арқылы өз тарихымызды әлемге насихаттаймыз.
Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин жиынды қорытындылай келе, қуанышты хабарды жеткізді. Оның мәлімдеуінше, биылғы қазан айы қазақ елінің тарихында маңызы зор шараларымен есте қалмақ.
– 5-6 қазан күндері Көкшетауда Абылай ханның 300 жылдығы атап өтіледі. Айтулы оқиғаға қатысуға ниет білдірген Ұлттық комиссияның барлық мүшелері тізімге енгізілді. Тарих кафедралары басшыларының барлығын қамтыдық деп ойлаймын, – деді Мемлекеттік хатшы жиын соңында. – Ал 25 қазанда Төле бидің мерейтойы Тараз қаласында тойланбақ. Төле биге арнап, Тараз қаласында ескерткіш ашылады, – деді Марат Мұханбетқазыұлы.

Дайындаған Абзал НҰРМАҒАМБЕТ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

3 пікір

  1. cheap car insurance online
    [url=http://carxxinsurancexx.org/]auto insurance quotes[/url]
    cheap insurance for cars
    cheapest car insurance

  2. is it safe to order viagra online
    generic viagra
    buy viagra no prescription uk

  3. buy viagra tablets
    generic viagra
    buy viagra tablets uk

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


7 + 7 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>