Жүре бер шаңырақтың құты болып…

Анаға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген қанатты сөз бар. Анаға арналған жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмайтыны анық. Өз бақытын, қуанышын перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анамыз – Алматыдағы №84 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Қамырақынқызы Нұржанды 50 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Анашым! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксек те аз болады. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Ана бақыты мен Ұстаз бақытына қатар кенеліп жүре беріңіз!
Мінезінің міні жоқ – майда қоңыр,
Бір жымиса, кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе дархан дала,
Айырмасын шаттықтан, қайран, өмір.
Мейірімнің нұры тұнып жанарыңа,
Қарайсың әкеміздің қабағына.
Балаларың бақытқа бөленеді,
Жүзіңнен күннің нұры тамады да.
Үйіңнен күн жоқ қонақ толастаған,
Күй шалқып, отауыңда жарасқан ән.
Ананы атам қазақ пір санапты,
Нұр жүзіңнен бұл фәниде жан аспаған.
Анажан, түсір күткен келініңді,
Жоғалтпа ұрпағыңа сеніміңді.
Жүре бер шаңырақтың құты болып,
Ай, жұлдызға жазайын есіміңді!..

Тілек білдірушілер:
Балалары Ұлан, Мөлдір, Назерке, Ақбота
және жұбайы Еркін

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

4 комментария

  1. ordering cialis online legal
    viagra without a doctor prescription
    buy cialis online new zealand

  2. download full autocad 2017
    autodesk autocad
    where are autocad hatch patterns stored

  3. cialis for sale in the philippines
    buy viagra
    cialis pills look like

  4. quality cheap meds pills cialis
    cialis generic
    buy cialis generic online

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


− 6 = 2