Ех, чемпион, чемпион!..

Ол олимпиадада рингте жұдырықтасып жатқанда, қарсыласын төмпештеген әрбір соққысына «әп, бәрекелді!.. ұр!.. соқ!.. аяма!..» деп мәз болыстық.

Оған тиген әр жұдырық өз басымызға тигендей қиналдық…

Ол чемпион болғанда бәріміз бөркімізді аспанға атып қуандық. Жүрегіміз жарылуға шақ қалды. Бір-ақ сәтте халық оны жақсы көріп, құрмет тұтты. Жас жеткіншектер боксер ағасындай болуды армандауға көшті. Қаншама қыздар ғашық болып, жүрек түкпіріндегі сезімдерін жасырын сыр ғып шерткен шығар…

Бірақ соңғы кезде чемпионға жараспайтын айтыс-тартыстың кейіпкеріне айналғалы, жүрегіміз Оны бұл тірлікке қимай, қынжылып жүрген жайы бар.

Бір сұхбатында Ол бүй дейді: «Әрине, егер материалдық жағынан қолдау көрсетіліп жатса, онда ол дұрыс. Өзге спортшыларға менен көбірек көңіл бөлінсе, мен қайта қуанамын. Материалдық жағынан болсын, басқа жағынан болсын. Өйткені, олар сол марапатқа лайық. Бірақ мұның бәрі уақытша. Үй беріп, көлік мінгізуі мүмкін. Алайда ертеңгі күні берілген мүлікті тартып алуы ғажап емес. Ең бастысы, сені халық сыйлап, құрметтесе болғаны. Ал өзгесінің бәрі өткінші дүниелер…»

Осындай сөз айтқан Ол неге айнып жүр? Неге дүние-боқ үшін ел алдында жиған асқақ абыройын аяқасты етті? Өзі сыйлаған сыйлықты өзі қайта даулау, тартып алмаққа әрекеттену ЧЕМПИОНҒА жарасатын тірлік пе?

ЧЕМПИОН  деген — ар-намыс пен іріліктің ең жоғарғы көрсеткіші болып елестейтін…

Әттең, егер  Ол қазақ тілін жақсы білсе, «малым — жанымның садағасы, жаным  — арымның садағасы» дегенді білер еді, түсінер еді, ЧЕМПИОН деген атының жолында бәрін садаға қылар еді…

Әлеуметтік желілер Ол туралы «төртінші баласына аяғы ауыр әйелімен ажырасты» деп жазыпты.

Әрине, Ол не істесе де, жеке шаруасы ғой. Дегенмен…

«…Әлі күнге дейін адамдар қасыма келіп алғысын білдіріп жатады. Мұны халықтың құрметі деп білемін және сол үшін өзімді бақытты адамдардың қатарына жатқызамын…»

Халық құрметіне бөленген бақытты адамды бақытсыздыққа, ұсақ-түйекке қимайды екенсің…

Жүрегім сыздап отыр…

Ех, чемпион, чемпион…

 

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

16 пікір

  1. Дәулет Серiкбаев :

    Сенбеп едiм.Ондай адам емес сияқты едi.Сонда да ниетiм түзу.

  2. БАКТЫБИКЕ-КУАТ :

    озбектердин барлыгы осылай

  3. арине менин улкен кателик шыгар, мумкин уят та шыгар бул кисини танымаганым, бирак бул кисинин аты — жони ким? кай чемпион бул?

  4. раушан :

    бизде сендик болмад ау

  5. рысжан :

    сеніп едік )ғой

  6. Айжан :

    Конилим калды((( еркектин еки сойлегени олгени. Сыйлады ма елдин козинше патерди дурыстап сыйлау керек! Айтпесе сыйламау керек еди Дауласпай…

  7. Nege katysty olai etkeninin akikatin bilmesek birdene deu kyin eken!!! Tek kudai akirin bersin!!!

  8. акжан :

    Сіздердің ешқай адамның сөзіне қосылмаймын қосылғымда келмейді Спортшы деген қауымды спортпен айналысқан адам ғана тусинеди Айсауле кешир бирак ол спортшылардын жагдайын айтты менин машинамды тартып алды олай булай маган акша болмеди деген жок ол ози корген киыншылыкты биз кормесе екен дид барлык жагдайы болса екен алансыз жаттыкса екен дид СИЗ БИРЖАКТЫ ОЙЛАНГАНСЫЗ ТЫМ ТОМЕН САНАААААА

  9. акжан :

    сиз жазган осы макаладан кординизба кагша адам ой туйеди булай ар нарсени жаза беруге болмайды менинше! Чемпионнан емес СИЗДЕН конилим катты калды,,,,,,,,

  10. сайран :

    не жазылсада бәрі жақсы жазылады маған ұнайды жазғандары

  11. Чемпионға пәтер сыйласа, аяғында тартып алмайтындай етіп бір жолата сыйлау керек. ал өзінің заңды пәтеріне бола соттасуы — ол оның құқы. Ол көптеген жылдар бойғы еңбек, күнделікті дайындықпен, төгілген термен келген пәтер. Бүкіл ғаламға Қазақстан атын асқақтатып шығарған боксерымыздан 1 пәтерді аяған мемлекет басшыларынан қайран қаласың осындайда. БАҚЫТ ЖАРАЙСЫҢ! СЕН НАҒЫЗ ЧЕМПИОНСЫҢ!

  12. best place to buy viagra online generic
    viagra without doctor
    buy viagra quebec

  13. order viagra canada pharmacy
    generic viagra
    viagra half pill

  14. order viagra no prescription
    viagra no prescription
    order real viagra

  15. Wilhelmina :

    viagra sale walgreens
    viagra pills
    ordering viagra online legal

  16. cialis discount australia
    cialis prices
    cialis sales history

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


1 + = 10

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>