Өмірқұл АЙНИЯЗОВ: Тентек болған жоқпын…

111– Аға, сіздің балалық шағыңызға бір сапарлап қайтайықшы…
– Мен 1978 жылы «Сыр елі – жыр елі» саналатын Қызылорда өлкесінің Қазалы деген ауданында дүниеге келгенмін. Бірақ сегіз айлығымда ата-анам мені ата-әжеме берген екен. Сондықтан да мен кемпір-шалдың баласымын. Әли атам мен Зибагүл әжем Арал ауданындағы Шөміш деген ауылдан. Мектепке барғанша Аралдың суын ішіп, дәмін таттым. Сол жерде балалық шағым өтті. Сол кісілердің тәрбиесін көрдім. Шаңырақ құрғанымда да келіндерін сол киелі қара шаңыраққа түсірдім. Әлі күнге ата-анамды «аға-жеңеше» деймін. 4-ші сыныпта ата-анамның қолына Қазалыға келдім, онда 9-шы сыныпқа дейін болып, кейін Ақтөбе қаласындағы музыкалық колледжге кеттім. Оны бітірген соң Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясына оқуға түстім. Сосын филармонияға жұмысқа тұрдым. Содан бері елдің алдындамыз. Шүкір, еңбек жолымыз жалғасып келеді.
– «Атасының баласы» болған жақсы ма? Шал-кемпірдің баласы болудың бала тәрбиесіне, баланың болашағына пайдасы көп пе, зияны көп пе?
– Меніңше пайдасы да, зияны да бар сияқты. Өзімнің көзқарасым бойынша, бала туған әке-шешесін іздейтінін білемін. Сондай жағдай өзімнің басымнан өтті. Сол үшін бала ата-анасы жайында біліп өсуі керек. Шал-кемпірдің бауырында өскен кей бала өзінің туған ата-анасы кім екенін білмей өседі, әке-шешесі туралы айтпайды, айтқызбайды, «аға-жеңеше» деп жүрген адамдары өзінің туған ата-анасы екенін кеш біледі. Білген кезде есеңгіреп қалады. Мен бұған қарсымын. Бұл дұрыс емес. Ал шал-кемпірдің баласы болғанның бір пайдасы – өзгешелеу болып өседі, шамалы жинақы, ақылдырақ, алғырлау болады. Үлкен адамдарша ой түйетін, шешім қабылдауға келгенде тиянақты, өз бетінше өмір сүруге бейімделе алатын, орысша айтқанда «самостоятельный» болатын сияқты. Мен де өз баламды ата-әжесіне бір жасынан бастап бердім.
555– Өзіңіздің басыңыздан сол жайтты өткізе отырып, сондай қадамға бардыңыз ба?
– Студент кезімізде үйленгенбіз. Нұртуғанды бір жасқа толар-тол-масында ауылға жібердік. Содан мектепке баратын жылы қолымызға алдық қой. Бізге бағып берді десек артық айтпаймын. Бірақ басымнан кешкен жайттар болғаннан соң, бірден ата-анама шарт қойдым. «Бізді әке-ана деп атасын, әке-шешесінің Алматыда екендігін біліп өссін. Айтып жүріңдер, суреттерден, теледидардан көрсетіп қойыңдар» деп. Солай өсірді. Сосын бізге де, балама да қиын болмады. Атасы мен әжесін өте қатты жақсы көреді. Демалысқа қалай шығады, лагерьлерге бармай, алды-артына қарамай, ауылға тартып отырады. Әжесінің қасында жатқанды жақсы көреді. Бауырмал. Қалада өскен балаларды көріп жүрміз ғой, ауыл десе көздері бақырайып кетеді. Менің балам ондай емес.
– Өнерге деген қызығушылығыңыз қашан оянып жүр?
– Жастайымнан құлағыма жыр-термелер сіңген. Мектепке барған шағымнан-ақ жаттауларды әнге қосып айтатынмын. Әкемнің інісі Өтепберген ағам жыршы, термеші кісі болды. Сол кісінің ықпалы болды десем артық айтқандық емес. Өнерге қызығушылығым сол кезден бастау алды. Ағамның қасында көп жүрдім. Содан құмарттық. 4-5 жасымда домбыра тартуды үйреніп алдым да, 5-6 жасымда жыр-термелерді жатқа айтып жүрдім. Мектепте бес жыл баяннан дәріс алдым. Ең бірінші орындағаным – Нұртуған жыраудың «Қанеки, тілім, сөйлеші» деген термесі болатын. Ауылда қой кезек деген болады ғой, атпен қой бағатынмын. Аттың үстінде жүріп Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» деген әнін айқайлап айтып жүріп дауысымның бар екенін сол кезде сезіндім. 7-8 сыныптарда оқып жүргенде ойша кәдімгідей репертуарымды реттеп жүретінмін. Жаттаған әндерімді бірінен соң бірін айтып қой қайыратынмын.
222– Онда мектептің жұлдызы болған шығарсыз?
– Иә. 1990 жылы 6-сынып оқып жүргенде Алтын деген қарындасым екеуміз Рабиға Аманжолова жүргізетін «Әнші балапан» байқауына келіп өнер көрсеттік. Сол үлкен демеу болды. Бізді теледидардан көрсетті. Мектепке танымал болдық. Жақсы нәрсе ғой. Мектеп ұжымы, әкеміздің жұмыс орны магнитофондар сыйлаған. Оның өзі бойыңдағы өнерді шыңдауыңа септігін тигізеді. Сол байқауда бірінші рет «тірі әртіс» Ақжол Мейірбековты көргенім бар. Кейін Роза Рымбаеваны көргенде тебіреніп, толғанып «мен де ел танитын әнші болсам» деп армандадым. Сосын Қыдырәлі Болмановтың шығармашылығын өте қатты жақсы көрдім. Сөйтіп арманды мақсатқа айналдырдық.
– Консерваториядан бір-ақ шықтым деңіз…
– Иә, консерваторияда Сәуле Жанпейісовадан әннен сабақ алдым. Колледжде күйді оқыдым. Мектепте, жоғарыда айтқанымдай, баян сыныбында оқыдым. Мұның бәрі маған жан-жақты болуыма көмегін тигізді.
– Әдетте шал-кемпірдің баласы ерке, шолжаң, тентек болатын сияқты… Сіз мектепте қандай оқушы болдыңыз?
– Тәртіпті, таза жүретін бала болдым. Тентек болған жоқпын, сабақты жақсы оқыдым. Үш деген баға болған жоқ, «ударник» болдым. Алгебра, геометрия деген сабақтарды аса түсінген жоқпын, сонда да үш алған жоқпын. Қазақ тілі мен әдебиетін, биологияны жақсы көріп оқыдым. Есте сақтау қабілетім мықты болды да, мұғалімнің айтқанын кітаптан оқымай-ақ қайта айтып беретінмін. Сабақты жақсы оқығанымнан 6-шы сынып оқып жүргенімде Қырымдағы «Артек» деген лагерьге жолдамамен жіберді. Ол кеңестік кезеңдегі нөмірі бірінші лагерь еді, оған барған да арманда, бармаған да арманда. Сол лагерьде демалып келдім. Оған мектепте жақсы оқитын, үлгілі, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын оқушылар ғана жолдама 333алатын. Үш ай бойы демалдық. Ауыл баласына ол жерлерді көру арман ғой. Мен сол лагерьге кеткен кезде ауырып жатқан әжем: «Мен босқа жатқан жоқпын, Өмірқұлымды «Архивке» жібердім», – дейді екен, «Артек» дегенді айта алмай. Ең өкініштісі, мен лагерьден келгенше әжем қайтыс болып кетіпті.
– Келген соң қандай күйде болғаныңыз есіңізде ме?
– Бала болсам да қайғырғанымды білемін. Іздедім. Жыладым. Маған жұбату сөздерін айтқандарын білемін. Араға жеті жыл салып атам да өмірден өтті. Әке дейтінмін ол кісіні. Домбыра ұстамаса да жыр-термелерді шумақтап төгіп отыратын. Ауылда ол кісіні «Жаяу жырау» дейтін. Ақкөңіл, жайдары жан еді. Өмір-бақи балық аулаған шаруаның адамдары болатын. Бойымдағы қазақылық, титтей де ізгі қасиет болса, ол маған сол кісілерден дарыған деп айта аламын.
– Сол ауылыңызға жиі атбасын бұрасыз ба?
– Иә, барып тұрамын. Қара шаңырақта Өтепберген ағам тұрады. Біздің кезімізде думанды ауыл сияқты көрінетін. Есейіп кеткеннен соң ба, қазір басқашалау сияқты. Қоңырқай тіршілік етіп жатқан ауыл.
– Ауылға барғаныңызда не есіңізге түседі?
– Ауыл баласына ойындары еске түседі ғой. Ол көшелерде ізіміз қалған. Көп ойнайтынбыз, ауыл-ауылды аралап іздейтіндей тығылыспақ ойнайтынбыз. Және «Ортан күрек» деген ойынымыз болды. Асық, ләңгі ойнайтын едік. Суға барғанды жақсы көретінбіз. Пішен оруға барамыз. Шөп шабу науқаны бір не бір жарым айға созылады. Кешке пішеншілерге тамақ пісіретін қазан-ошақтың астына от жағуға ертіп апаратын. От жаққанға емес, сол жақтағы көлге барғанға мәзбіз. Сол жақта жүріп жүзуді үйрендік. Көп бала жиналатын. Әйтеуір сол маң базар сияқты қайнап жататын.
– Ал сол кездегі махаббат жайында не айтасыз?
– Алғашқы сезімдер, ғашық болу, хат жазу дегендердің барлығы басымнан өтті. Ең бірінші Гүлнар деген қызға ғашық болдым, бірақ ол маған қараған жоқ. Хаттарды қыздардың кітаптарының арасына, гардеробта тұрған киімдерінің қалтасына талай салдық қой. Әртүрлі әдемі моншақтар сыйлайтынбыз. Бірақ оның бәрін ғашықтыққа балай алмаймын. Әйтеуір бір қызға моншақ беру міндет сияқты болып тұратын… Сосын мектепте жүргенде қабырғаға Митхун Чакроборти мен Брюс Лидің суреттерін қиып алып жапсыратынмын. Сол есімде қалыпты. Альбом жасайтынмын. Тәтті күндер барлығы да… Алыста, тым алыста қалды…
– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Эльенора Әмір

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

69 комментариев

  1. Дәулет Серiкбаев :

    Өте жақсы әншi.Дауысында жыраулардың үнi бар деген баға берiлген әншi.

  2. Жадыра :

    Оте жаксы пикир .улгили жаксы анши.

  3. I really like what you guys tend to be up too. This kind of clever work and exposure!
    Keep up the great works guys I’ve included you guys to my
    own blogroll.

    Look into my web blog: removalist

  4. Қуаныш Қармақшы өлкесінен :

    Жақсы əнші. Əндері керемет. Дауысы ерекше. Əжесінің баласы болдым дегеніде ұнады. Өзім ата-əжемнің баласымын. Ауыл деген керемет дүние. Осы пікірді Өмірқұл ағамыздың өзі оқуға мүмкіншілігі бар ма.

  5. Алибек Тайшыбаев :

    Омиркул братан кателеспешиш сен Шомиш ауылынансынго мен Камбаш ауылынанмын осы еки ауыл да Арал ауданына кирет.Казалыга емес.Сени менин папам таним дит кезинде коп жумсадым мени кошеден корсе кашат дит.

  6. buy viagra jelly uk
    viagra without a doctor prescription
    buy viagra paypal accepted

  7. cheap viagra online usa
    buy generic viagra
    cheap viagra vipps

  8. prescription drugs online without
    canadian pharmacies shipping to usa
    online prescriptions

  9. viagra sale phone
    viagra generic
    best site order viagra

  10. Wilhelmina :

    buy real cialis cheap
    cialis prices
    buy cialis miami

  11. cheap brand cialis online
    tadalafil
    cialis pills from india

  12. Aaronswemy :

    wh0cd42719 Lasix

  13. Aaronswemy :

    wh0cd42719 Lasix

  14. Aaronswemy :

    wh0cd144876 valtrex

  15. Douglassnano :

    [url=http://gestalt.dp.ua/user/adecforha1972/]girlmeetsbulgaria.com[/url]a

  16. [url=http://labfibril.com/user/stapelceacur1984/]whyblackpeoplemeethere.com[/url]

  17. Davidfinny :

    kamagra us website
    [url=https://www.kamagrajellyk.com/]buy kamagra[/url]
    kamagra oral jelly kaufen schweiz
    buy kamagra
    kamagra 100 chewable tablets

  18. RobertFlibe :

    kamagra 100mg tablets for sale
    [url=https://www.kamagrapos.com/]kamagra oral jelly[/url]
    kamagra 100mg tablets
    buy kamagra oral jelly
    cheap kamagra 100mg tablets

  19. Davidfinny :

    kamagra kopen amsterdam
    [url=https://www.kamagrajellyk.com/]kamagra jelly[/url]
    kamagra gel directions
    kamagra oral jelly
    kamagra kopen nederland

  20. Aaronswemy :

    wh0cd42719 home

  21. Aaronswemy :

    wh0cd144876 lasix

  22. WilliamSob :

    For example, it will often make sense for someone earning $50,000 a year without a le portefeuille bitcoin online large portfolio to forgo an investment advisor altogether, unless there are some behavioral advantages that lead to better outcomes or the convenience is simply worth it, as it is to many people, instead opting for a handful of well-selected, low-cost index funds.

  23. GlennApoto :

    cialis generic best price
    cialis coupon codes
    onhoxte@mail.ru
    cialis prices walmart

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


− 5 = 1