Сакен Сыбанбай

2228 ақпан

«АТЫН ӨЗГЕРТТІ, ЖАРЫҚТЫҚ…»
«Баяғыда біреудің аты Керкеткен екен. Сол байғұс күндердің күнінде: «Қой, бала-шаға өсіп келе жатыр… Ата сақалымыз аузымызға шықты… Болмас… Көрге кетсем де, Керкеткен болып кетпейін», — деп қой сойып ауыл-аймағын шақырып, молдаға кітап аштырады. Атын «Бірнәстедин» етіп ел алдында бәтуаласқан. Тістерін щұқып, үйлеріне қайтқандарға көлденеңнен кездескен көк аттылар:
— А-ал, жол болсын, қайдан келесіңдер? — десе керек.
— Уа-а, мына Керкеткен ағаңнан…
— Жайшылық па?..
— Атын өзгертті, жарықтық. «Өзім Керкеткен едім, балаларым Керкеткенов болмасын, — дейді.
— Е, енді кім деп атайсыңдар?
Әлгілер әрі ойланып, бері ойланып естеріне түсіре алмапты. Дұрыстап тағы бір сұрап алайық деп, шыққан үйлеріне қайтып барса, Керкеткен де есімін ұмытып, дал болып отыр екен» (марқұм жазушы ағамыз Қази Данабаевтың «Шотай. Шоңтөбе. Балдәурен» хикаятынан)

* * *

7 ақпан

«Нурсултан Назарбаев высказал мнение относительно официального наименования республики.
— В названии нашей страны есть окончание «стан», как и у других государств Центральной Азии. В то же время иностранцы проявляют интерес к Монголии, население которой составляет всего два миллиона человек, при этом в ее названии отсутствует окончание «стан». Возможно, надо рассмотреть со временем вопрос перехода на название нашей страны «Қазақ елі», но прежде следует обязательно обсудить это с народом…»
Менің түсінбегенім: шетелдіктер «-стан» жалғаулы елдерге емес, «-ия» жалғауы бар («-стансыз») Моңғолияға қызығушылық танытқандықтан ел атауын өзгерткіміз келіп отыр ма? Ұсынысты ұқтым-ау, бірақ тұжырымдап айту, дәйектеу, яғни, формулировка ақсап жатқан сияқты.

* * *

26 қаңтар

«Ұлттық шоуды» көрдім (жалпы бағдарлама атауының өзі «Қазақстан» арнасында креатив әлсіз екенін байқататындай). Фариза апайдың шығармашылығына арналыпты. Түсінбегенім: апайдың өлеңдеріне жазылған Ә.Бейсеуовтің, Т.Бақтыгереевтің, Т.Досымовтың, Г.Әлімбекованың, Г.Шәмшиеваның әндері қайда? «Жақсы көру», «Сағыныш сазы», «»Мен саған ғашық емес ем», «Ағаларды сағындым», «Қыз монологы» нағып орындалмады? Неге бұлардың орнына жылуы жоқ, дәмі жоқ, нәрі жоқ әнсымақтар айтылып жатыр? Кім таңдаған? Кім сұрыптаған? Фариза поэзиясы осындай өлімтік әуендерге лайық па еді?.. Күйдім әбден((((

 

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

3 пікір

  1. Қосақ :

    Жақсы ашылған айдар екен, құтты болсын! Ең өзекті, ұтқыр жазылған, әдемі әңгімелер күтемін. Әлеуметтік желілерде небір ой-пікірлер баршылық.

  2. Numeros De Propecia viagra online Finasteride Prezzo Propecia Generico

  3. Nolvadex Dosage For Epistane cialis Buy Doxycycline 100 Mg Online Rx

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


− 1 = 3

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>