Сіздің тілегіңіз неге орындалмайды?

zemlyaӨйткені сіз шын тілемейсіз, бар жан-тәніңізбен қаламайсыз, тек миыңыздың бір клеткасымен ғана армандайсыз да қоясыз. Ол арманның орындалатынына өзіңіз күмәнданасыз, өзіңізді сендірмейсіз…

Психологтар таңғажайып жаңалық ашты: Сыйыну, дұға жасау, шынайы тілек тілеу арқылы адам өз-өзін гипноздап, ерекше жетістікке жете алады

Өзіндік гипноз арқылы өз арман-тілектеріңе жетуге және жарқын болашақты қалыптастыруға бола ма?

Өзіндік гипноз арқылы адам өз денсаулығы мен ішкі жандүниесін, эмоциясын, өзі туралы ой-пікірін, көзқарасын жақсартып, бағасын арттыра алады екен. Сонымен қатар, боркеміктігі, әлсіздігі жойылып, өз-өзіне деген сенімі артып, психологиялық тұрғыда жігерлі, ешкімге тәуелсіз бола алады.

 Өзіндік гипноз – арнайы қызметкерлердің, биліктің жоғары өкілдерінің міндетті оқу бағдарламасына кірген.

 Арнайы психологиялық зерттеулер – өзіндік гипноз арқылы кез-келген адам әлдеқайда әдемі, әлдеқайда жолы болғыш, әлдеқайда табысты бола алатынын көрсетті.

Өзіндік гипноз адамға қалай әсер етеді? Расымен, адам өзіне тек сәттіліктер мен жақсылықтарды магнитше тартатын бола ма? Өзіндік гипноз арқылы жарқын болашақты бағдарлауға бола ма? Өзіндік гипнозды қалай қолдану керек?

zemlya2Психологтар осы сұрақтарға жауап тапқанын айтады. Және жүздеген адамдар осы гипноз арқылы өз өмірлерін таңғаларлық бағытқа өзгерткен.

Көбінесе сіздің арман-тілектеріңіз орындалмайды. Неге? Өйткені сіз шын тілемейсіз, бар жан-тәніңізбен қаламайсыз, тек миыңыздың бір клеткасымен ғана армандайсыз да қоясыз. Ол арманның орындалатынына өзіңіз күмәнданасыз, өзіңізді сендірмейсіз…

Арманға қол жеткізудің алғышарты – табиғаттан, жаратушыдан, тамырдан ажырамай, жүректі тазалау, пейілді дұрыстау. «Алла тағала әркімнің пейіліне береді» дегенді ешқашан естен шығармаңыз. Біреуге жамандық ойлау, біреудің қайғысына қуану, біреуді табалау, біреуді өсектеу – осы тәрізді жүздеген жаман ойлар мен іс-әрекеттер өз жолыңызды байлайтынын ұмытпаңыз. Жақсылық та, жамандық та жеті ұрпағыңызға дейін жетеді, сіздің бүгінгі істеген әр ісіңіз – жақсылығыңыз да, жамандығыңыз да болашақта бала-шағаңыздың алдынан шығады. Сондықтан жақсылыққа жету үшін, ең алдымен, өзіңіз жақсы болыңыз, алланы ұмытпаңыз, құдайдан қорқыңыз. Алладан шын тілеу, жақсылыққа шын сену, бар ой-арманыңызды жақсылыққа бағыттау, дұға-тілегіңізді, ой-мақсатыңызды соған арнау, жан-жүрегіңізді, бар болмысыңызды, ойыңызды, миыңызды тек сол арманыңызға бағыттау – барлық тілегіңіздің орындалатынына шын сену – міне, осыларды жасай алсаңыз, бәрі де сіз қалағандай, сіз тілегендей болады.

Сіз өзіндік гипноз арқылы:

—          Тиісті ақшаға немесе сыйлыққа қол жеткізе аласыз;

—          Лотерея билетінен немесе конкурста ұтысқа ие боласыз;

—          Жүрегіңіз іздеген жалғыз сыңарыңызды кездестіресіз;

—          Психологиялық тұрғыда жігерлі, қайратты, ешкімге тәуелсіз бола аласыз;

—          Бүгінгіден әлдеқайда табысты боласыз;

—          Кез-келген жағдайдың жақсы боп аяқталуына ықпал ете аласыз;

—          Біреу үшін ең әдемі, ең тартымды бола аласыз;

—          Жағымсыз әдеттен немесе денсаулығыңыздағы қандай да бір кінәраттан  арыла аласыз;

—          Өмірге деген құштарлығыңыз артып, оптимистке айналасыз;

—          Басқа да кез-келген тілегіңізге жетесіз.

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

9 пікір

  1. Қосақ :

    Психологтар таңғажайып жаңалық ашты: Сыйыну, дұға жасау, шынайы тілек тілеу арқылы адам өз-өзін гипноздап, ерекше жетістікке жете алады — дегенге айтарым: біздің Ата-бабамыз бұл жаңалықты баяғыда ашып тастаған. Әруақтарға сыйынамыз, дұға жасаймыз, шынайы тілек тілейміз әлі де.

  2. Нургуль :

    Барлыгы да шынымен адамнын ишки сениминде

  3. Айнаш :

    Бұл жаңалық емес қой. Жақсы сөз — жарым ырыс, деген қазақта әлмисақтан бар. 3 мың ғасырлық фен-шуй ілімі де осы қағидатқа негізделген.

  4. рысжан :

    психолгтардын таппайтыны жок мумкин рас шыгар

  5. Гулмира :

    иә шынымен барлыө нәрсе адамның өзіндік ниетіне байланысты

  6. MEN BYGAN SENEMYN,YA BIR NARSEGE KOL JETKIZY YWIN EN BASTYSY JYREGYN TAZA BOLY TYIS,SONIMEN KATAR OZINDY JIGERLENDIRER KYW KAIRATYN BOLYI TYIS. GIPNOZDAY TASILINYN KOMEGY OTE KOP MEN ONY OZ AREKETTERYMNEN BAIKAIM.

  7. Нурдана Калдыбек :

    Расында да, тілектерімізді шын жүректен тілесек орындалады деп сенемiн!

  8. Галым Абдуалиев :

    Адам баласы катты армандап, сол үшін әрекет етсе, соған жетеді……..

  9. балау :

    иа,расындада адам оз максатына,арманына жетуi ушин,биринши озин сендиру керек.бул макала дурыс жазылган.маган унады

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


9 − 2 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>