Ғалым Боқаш: …сөз басқа…

222
03.03.2014
Орта ғасырлардағы ауыл шаруашылық, жаңа замандағы индустриялық және қазіргі замандағы ғылыми-техникалық революцияны бастан кешкен және кешіп жатқан зайырлы һәм демократиялық мемлекеттің азаматтары ретінде мемлекет басшысын жалпыға ортақ қоғамдық-саяси талқылау алаңдарында өз атауымен «президент» деп атайық. Сосын президент ретінде конституцияда жазылған міндеттерін орындауды талап етейік. Егер конституциямызда «ақ патша», «Құдайдың жердегі көлеңкесі», «Қарасай батырдың қасиет қонған ұрпағы», «ақ мылтықтың аянымен туған ұл» деген сияқты баптар болса, және бұл ұғымдарға сәйкес ерекше мәртебесі мен құзыреттері айқындалып бекітілген болса, сөз басқа.

Егер ондай баптарды таба алмасаңыздар, онда Құдай жолдарыңызды берсін, барлық діни һәм поэтикалық риторикаларыңызды от басында, дос-жаран арасында айта беріңіздер. Бірақ тұрғындары түрлі діни және саяси көзқарас пен талғам ұстанатын Қазақстанның жалпыға ортақ қоғамдық-саяси аренасында бір-біріңізді шатастырмаңыздар. Конституция тілімен сөйлесек, сапалы, нәтижелі диалог құрамыз. Әйтпесе ортадағы тақтаға біріміз шахматтың тасын, біріміз дойбы тасын, біріміз тоғыз құмалақ, енді біріміз домино мен нарды тігіп ап, ал кейбіріміз тасбиықтың тасын шашып тастап, «менің жүрісім дұрыс» деп қызылкеңірдек болып дауласып отыра береміз;)

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс
Ілмектер:

1 пікір

  1. жазира :

    жақсы жазыпты

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


6 − 4 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>