«Көп әйел алу»: астарында не жатыр?

111Қазіргі кезде біздің қоғамымызда көп әйел алуды жақтаушылар мен жақтамайтындар лагері екіге бөлінді. Жақтайтындардың көбісі ат төбеліндей биліктің тұтқасын ұстағандар  және оның ішінде кейбір қоғам қайраткерлері де бар. Олардың соңғы кезде шектен шыққаны соншалықты, газеттерді айтпағанда, олар теледидарда  сексуалды нәпсіқұмар екенін ашықтан-ашық мойындап және өздерін айғырға теңеп, өздерінің хайуанаттар әлеміне жақын туыс екенін осы іс-әрекеттерімен дәлелдеді.  Ең таңқаларлығы, осы істермен ақ сақалды ағаларымыздың айналысатыны өкінішті. Олар өздерінен кейінгі жастарға үлгі  болудың орнына, керісінше, жастарды да бұзуда.

Нағыз мұсылман деп, өз нәпсісін тыйған адамды ғана айтуға болады, тыя алмағандарды  имансыздардың қатарына жатқызуға болады.  

Кімде-кім жұрттың барлығына жария етіп «мен нәпсіқұмармын немесе сексуалдымын» десе бұл нағыз өзінің шыққан тегінің төмен екенін баршаға паш ету. Егерде адам осы нәрсені түсінбесе, онда оны осы қатты адасушылығы үшін, тек аяу ғана қалады.

 Табиғи және дұрыс жыныстық өмір тек қана заңды отбасының қарым-қатынасы негізінде құрылуы керек. Ал басқалары азғындықтың өз масштабына жеткен табиғи апат. Біз өркениетті елдердің қатарына қосыламыз  деп жүрміз, сонда біз қай іс-әрекетімізбен қосыламыз? Алға дамудың орнына кері кетіп, орта ғасырдағы өміршең емес, ескірген заңдарды қайта жаңғыртқысы келетіндердің түпкі мақсаты не?   Қазақ халқының қамын ойлағансып немесе санын көбейтеміз деп осыншама төмен құлау бізге қажет пе? Жас кезінен өмірдің  қиыншылығы мен ыстық-суығын бірге көтеріскен өмірлік жолдасы, досы немесе  өз  әйелінің құқығы мен намысын аяққа таптап, сатқындық жасаған ел ағаларына неге біз билікті сеніп тапсыруымыз керек, осындай адамдар бүгін өз отбасына опасыздық жасаса, ертең елін, жерін сатпайтынына кім кепілдік бере алады? Сондықтан осындай адамдарды билік басына жолатпау керек.

33Кейбіреулер «мен көп әйел алып, құдайға қарсы тірлік істеп жатқаным жоқ» деп қайта-қайта өзін ақтауда. Айтатындары – Ислам діні көп әйел алуға рұқсат еткен және бәрі де шариғат жолымен істелуде деп бөсетіндерін қайтерсің?!. Ислам дінінде немесе Құранда бір-бірінің құқығын басып-жаншу арқылы, зорлық-зомбылық істеңдер деп  айтпаған немесе әйел мен еркектің құқықтары тең дәрежеде екені көрсетілген. Осыны жоққа шығарушылар жалған хадистердің негізіне сүйенуі мүмкін, осы жалған халистердің түпкі мақсаты ӘДІЛЕТТІ ИСЛАМ ДІНІН әдейі қасақана халыққа әділетсіз етіп көрсету және Құран сөздерін бұрмалап өздерінің жалған хадистерін Құранға жапсырып қою. Міне, осы жалған хадистерді басты ұраны етіп алғандар  әйелдердің Құдай алдындағы тең дәрежелері мен құқығын аяқ астына таптап,  өз бетінше осындай іс-әрекеттерге баруы нағыз құдайсыздықтары емес пе?

Біз осы нәрселерді – «қара түнекті» жақтаушылардың бүкіл адамзатқа қарсы қылмысы деп қабылдауымыз керек.

Сосын сіздер соңғы кезде байқадыңыздар ма, осы тақырып әркез  көтерілгеннен кейін, айрандай ұйып отырған отбасылардың шырқы бұзылып және ерлі-зайыптылардың ажырасуы еселеп көбейетіні және жетім мен жесірлердің де саны бірден күрт өсіп көбейетіні анық байқалуда.

Кейбіреулер Пайғамбарымыздың бірнеше әйелі болған деп уәж айтады. Мүмкін осы дінбұзарлар өздерінің нәпсіқұмарлықтары мен педофильдіктерін ақтап алу үшін Пайғамбарымызды да әдейі нәпсіқұмар етіп көсеткілері келген шығар? Ия, менің дәл осы жерде осы дінбұзарлардың айтқан сөздеріне күдігім бар. Естеріңізге бір нәрсені сақтап алыңыздар, Пайғамбарлық дәреже тек барлық жағынан өз нәпсісін тиған адамға ғана тиесілі. Өздерінің қара күйелерін қасиетті Пайғамбарымызға да жаққысы келетіндерін қайтерсің?!                

22Сонда сіздер ғарыш эволюциясының шынжырын 7-8 ғасырға кері айналдырғыларыңыз келеді ме ?

Мейлі дінде, саясатта болсын, әділетсіз заңдарды – тек әділетсіз адамдар ғана ойлап табады.

 «Қазақстанда әйелдер саны еркектерге қарағанда әлдеқайда көп» деп жалған статистиканы таратқаннан кейін  еркектердің ақылдысы, ақымағы, наданы бар демекш, жаппай әйелдерді сыйламау, құрметтемеу, аузына келгендерін айта салу әдеті пайда бола бастады, олардың онсыз да аз емес өзімшілдік эголарын одан сайын құтырта түсті, бір әйел мен бір-екі ай тұрып оны «талақ» деп тастай салып екінші және үшінші әйелдерімен бір үйде, бір бөлмеде хайуандар ұқсап жата беру, жаппай індетке айналуда. Міне, осындай жалған статистиканы таратар алдында жоғары билік басындағы ағаларымыз ойлануы керек еді. Айтыңыздаршы, қай елдің еркектері біздің қазақтың еркектері сияқты «бізде әйелдер көп деп» бүкіл әлемге байбалам салып айқайлауда. Не нәрсеге мастансаң, соған зар қыламын деген Жаратқан Иеміздің ескертуін ұмыттыңыздар ма? Әлде біздің қазақтың еркектері  өз қыздары мен әйелдеріне, аналарына қас жау ма?

   Жан-жақтарыңызға қараңыздаршы, біздің жерімізге мыңдаған шет елдің бойдақ азаматтарының келуі жылдан жылға артпаса, кеміп отырған жоқ, осылардың алпыс пайызы қазақтың қыз-келіншектеріне үйленген, көбісі азаматтық некемен өмір сүруде, санақ кезінде осы қыз-келіншектер заңды некеде болмаған соң, күйеуге тимеген бойдақ болып жазылып кетеді екен және шалы өлген 65 пен 80-нің арасындағы апаларымызда бойдақтар тізіміне еніп кетіп отырады екен. Сонда бір еркекке 2-3 әйел келеді  деулері, әрине, жалған ақпарат.  Ал енді ең соңғы статистикаға сүйенсек, керісінше, 20 мен 35 жас аралығындағы үйленбеген ер жігіттердің саны әйелдерден әлдеқайда артық болып шыққан.

444Баспасөз беттерінде, теледидарда кез-келген мақаланы оқысаң немесе көрсетілімдерді көрсең еркектер  тек қыздар мен әйелдер туралы теріс ой пікір мен мін тағу және өсек айтудан әйелдерді жолда қалдырды және милары осыған ғана жетеді. Ия « Міншіл болу үшін жоғары білімнің қажеті жоқ, надан болсаң жетіп жатыр». Сонда бұлар білім мен ілім жолына қашан түседі? Қымбат уақыттары тек өсек айту мен нәпсі қууға кетіп жатыр.

 Жоғары билік басында отырған ағаларымыз бір нәрсені айтар алдында мың рет ойланып барып оның халықтың санасына оң немесе кері әсер етуін әбден зерттеп барып айту керек. «Ілімің болмаса уағыз айтпа, сананы бүлдіресің» демекші, өткенде бір мәжіліс депутаты некеге тұруға 14 жастан бастап рұқсат етейік деп қойып қалды, онда педофильдерге және оқушылардың азғындауына  жақсы жағдай жасап беретін болыппыз ғой.

 Сондай-ақ, қазіргі кезде қыздарымыздың шет елдік азаматтарға көптеп күйеуге шығып жатқанына таң қалудың қажеті жоқ. Осындай іс-әрекеттерден кейін, әрине, намысы бар қыздар біреудің екінші немесе үшінші әйелі болғысы кемегендіктен, шетелдік азаматтарға күйеуге шығуға мәжбүр.

Кей кезде маған мынандай ой келеді: осы нәрселерді арам пиғылды біреулер қасақана әдейі астыртын ұйымдастырып отырған жоқ па? Немесе  осындай жолмен қазақтың қыз-келіншектерінің  рухын сындырып, аяқ асты етіп, еліміздің быт-шытын шығарып, қазақ халқын жоқ қып жіберу саясаты жатқан жоқ па ? Естуімше,  бір елді соғыссыз алу үшін ең алдымен әйелдерінің рухын сындыру керек екен немесе әйелді құлату керек, одан кейін еркегін құлату түкке де тұрмайды екен.

Ия, бізде екінші әйел алу мәселесі көтерілсе еркектердің көпшілігінің кәрісі де, жасы да делебесі қозып шыға келеді, олар өздерінің нәпсісінің құлы болып кеткені соншалықты, көптеген жылдар бойы отасқан жұбайын табан астында бір нәпсісі үшін ар-намысын таптап құрбандыққа шалып жібереді, не деген сатқындық, төмендік, бейшаралық десеңші!..

Міне, осындай қауіпті іс-әрекеттер қазір қоғамымызда жаппай індетке айналуда. Сонда жоғары билікте отырған ел, халық сайлаған депутат ағаларымыздың тоқтау айтуға жарамағаны ма?

 Жетер енді, еркек қауымы, әбден сайқымазақ болғандарыңыз, әлі де кеш емес, естеріңізді жиыңыздар, өз қыздарыңыздың, әйелдеріңіздің, аналарыңыздың намысын қорғаңыздар. Не деген жабайылық, заман тынышта жап-жас қыздарымызды  қарынбайлар мен шалдарға екінші және үшінші әйел ретінде беріп отыра береміз бе? Намыс қайда?.. Қазақты көбейткілері келсе басқа жолдары да көп қой, ынталандыру сыйлықтары, балаға төленетін ақшаны бірнеше есе көбейту, тағы басқа осы сияқты нәрселер. Егерде кімде-кім елге халыққа, қоғамға  зияны тиетін «көп әйел алуды заңдастыру» заңын қолдап осы мәселені көтерсе, онда ол адамды  қазақ халқының жауы ретінде қабылдауымыз керек және өз нәпсілеріне ие бола алмаған моральдық азғындау жолына түскен, тек өздерінің қара бастарының қамы үшін елді, халықты шулатып жүрген адам бейнесіндегі сексуалды айғырларымызды өз үйірлерімен қоса «барса келмес аралына» жер аудару керек және осындай адамдарды елдің, халықтың тағдырын шешетін билік басынан қуып аластату керек, өйткені олардың билік басында отыруға ешқандай моральдық құқықтары жоқ.

Мысалыға Түрік мемлекетінде көп әйел алу фактісі мемлекетке, қоғамға кері әсер еткеннен кейін, оған заң негізінде  қатаң тыйым салынған.

Енді ғарыш заңы бойынша осындай жабайы іс-әрекеттердің соңы не нәрсеге әкелгенін және  әкелетінін  байқайық.

Бастама. Екі Ғарыш. Әлемнің негізгі көрінісінде – Екі Бастама. Рух пен Материя, Ақыл мен Жүрек, Аталық пен Аналық.

Сондықтан әйелге өмірдегі  рөліне орын беріп, оның мәңгілік өмірсерігі  – еркектің қасынан  орын алуы керек. Барлық  ғарыш ұлылығы екі қосындыдан басталады.(Аталық пен Аналық энергиясынан тұрады).

 Ғарыштың заңы бойынша негізгі болмыс тіршілік тең бағалы екі бастамаға сүйенеді. Осы екі бастама бірін-бірі  кемсіте алады ма?!    

  Барлық бастан өткізген және болып жатқан табиғи және ғарыштық апаттар, қайғы қасіреттер ғасырлар бойы әйелдерді кемсітіп қорлау, құлдыққа салу тағы басқа осы сияқты іс-әрекеттердің  айтарлықтай деңгейде болу салдарынан орын алуда. Ең қорқыныштысы сол, кейбір халықтардың адамгершілік пен көргенділік ұстанымдарының өте төмен сатыға құлап, әйелдерді құлдық тәуелділікте ұстауы, оның түп негізі  ауру мен азғындыққа әкеліп соқтырды. Әйел ең зор  адамдық артықшылық мүмкіндіктерінен айрылып қана қоймай, сондай-ақ әйел шығармашылық ойлардан және рухани құндылықтар, құрушы-шығарушы жұмыстарына араласу мүмкіндігінен де айрылды. Ол тек қана теңдік құқығынан айрылып қоймай, барлық елдердегі сияқты, ерлермен тең дәрежедегі білім алу құқығынан да айрылды. Ғарыштың  заңы бойынша әйел тең құқылы бола тұра, соған қарамастан оған өз қабілеттілігін арттыруға, білімге, қоғамдық құрылымдарды құруға және мемлекеттің өміріне араласуына жол бермеді. Дегенмен де құл-әйел әлемге тек құлдарды ғана әкеле алады. Ал «Ұлы Анадан Ұлы Бала туады» деген сөзде өте терең ғарыштық-ғылыми негіз жатыр. Өйткені ұл бала көптеген қасиеттерді жиі анасынан алады және, керісінше,  қыздар – әкелік күштің мұрагері. Ғарыштың әділдігі зор! Әйелді қорлау арқылы, еркек өзін қорлады! Міне осыдан кейін мардымсыз-жұтаң ергежей саналы  еркектердің жаппай көбею  көріністері және ақыл-ойларының рухани кедейленіп, майдалану салдарынан данышпан еркектердің тапшы болу себебін осыдан іздеу керек.

   Қазіргі кездегі болып жатқан жантүршігерлік қылмыстардың барлығы мүмкін болмас па еді, егерде екі бастау о баста теңдестірілгенде?  Адамзатты және планетаны құтқару тек әйелдің ғана қолында. Сондықтан әйел өзінің мән-мағынасын сезініп және өзінің ұлы  тапсырмасын адамзаттың тағдыры алдында жауапкершілікпен атқаруға дайындалуы керек.  Ана – өмір беруші, сондықтан өзінің балаларының тағдырын басқаруға құқығы бар. Әйел-аналар дауысы адамзаттың тағдырын шешуші жоғарғы билік орындар қатарынан естілуі керек. Ең алғаш сана дәнін бала өміріне ана салмайды ма? Сондай-ақ барлық алға талпынулар мен қабілетке  бояу мен рең, сапа мен бағыт беруші  ана емес пе? Бірақ әйел-ана мәдениетті ойлау қабілеті мен адами тіршілік тәжісінен айрылғаннан кейін, адамдардың бойында неше түрлі өте төмен көзсіз құмарлықтардың дамуы қарқындап арта түсті.  Осы нәтижелердің көрінісі қазіргі кезде айға таңба басқандай өмір сүріп отырған қоғамымызда ойып орын алуда.

   Қазақтың  ұлы  мақалында: «Әйел бір қолымен Бесікті тербетсе, екінші  қолымен  Әлемді  тербетеді» деген осы даналық сөзде ойлана алатын адамға өте терең Ғарыштық-ғылыми негіз жатыр. Осы сөздерден кейін Ғарышта, Ғаламда, Әлемде әйелдің рөлі төмен деп тоты құс сияқты сайрай берудің қажеті жоқ. Егерде кімде-кім осы жаңа дәуірде әйелдермен санаспай, ескі шовинистік түсініктермен, көне көзқараста қала беремін деп ойласа, онда  мейлі, ол әркімнің өз құқығы.

 Бірақ  ғарыш заңы алдағы уақытта  ондай түсініктерге жол бермейді және осы тепе-теңдікті бұзған адам, мейлі ол еркек болсын, мейлі әйел болсын, ғарыштың заңымен жазаланатыны сөзсіз. Өйткені осындай өте төмен қараңғы түсініктер ғасырлар бойы адамзаттың эволюциясын тежеп келді. Сондықтан ер азаматтар осы жағдайларды саралай келе, осының мәнін терең түсініп, әйелдердің қадір-қасиетін көтеру арқылы өз санасына және еліміздің рухани  даму эволюциясына  көмектесіп қоймай, ол  адамзат үшін игілікті іс жасаған болып есептелінеді.

Сондықтан, ерлер, белді бекем буып, жалған намыс пен жалған наным-сенімдерді саналарыңнан лақтырып тастап, түнектен жарыққа шығып, нағыз еркекке тән батыл ойлар мен батыр істер істеңдер. Қазақ халқы мен адамзаттың рухани дамуы үшін  надандық пен түнекті жеңу  шайқасы  жолында еш нәрседен аянып қалмауымыз керек. Біз түнекпен шайқасу арқылы елге, әлемге жарық беріп  шынайы бақытқа қол жеткіземіз.

 Нәпсіқұмарлықтың нағыз от алып тұтануын өмірге енгізген – теріс жүйені қолдаушылар. Олардың түпкі мақсаты – адам жанының көптеп бүлініп, моральдық іріп-шіріудің, сондай-ақ осындай ақаулардың пайызын ұлғайтып және өздеріне қосып алу. 

Дұрыс эволюция адамзатты ессіздіктен арылтады.

Көп әйел алушылық сені құтқармайды да және рухани көтермейді де. Сондықтан тек әйелдерден ғана мін іздей бермей, «біз, қазақ еркектері қандаймыз және өз  қыздарымыз бен әйелдерімізге лайықтымыз ба?» деген сұрақтар көкейлеріңізде неге туындамайды? Қыз-келіншектер мен әйел қауымының алдында мәртебе, абыройларыңызды сақтап қалғыларыңыз келсе, қапыда қалмаңыздар мырзалар! Бұл сіздерге беріліп отырған ең соңғы  мүмкіндік.

  Ардақ Ашимова                   

 

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

27 пікір

  1. Мейрхан :

    автор,мақаланы жазудың алдында тақырыпты кең түрде қамтып жазыңыз, мына жазба бір жақты көзқараспен жазылғаны көрініп тұр

  2. Салтанат Салтанат :

    Cендер 10 жылдан бері осы тақырып көтеріліп отырған кезде әйелдердің пікірімен келісіппе едіңдер, анау алжыған шал демограф кәрі қыздардың атынан өзі сөйлеп өзі төн пішіп талай намысымызға тисе де індемедік, бір екі кәрі қыздың пікірін тыңдап алып бүкіл Қазақстанның қыздары мен әйелдерінің тағдырын шешетін ол кім өзі. Олардың сөзіне қарасаң әйелдер мен қыздар еркектер мен жігіттерге зар сияқты ғой, кім айтты сендерге еркектер аз деп, мысалыға менің жасым қырықтың ол жақ бұл жағында күйеуге тием десем маған проблема емес кәрісіде, жасыда, ақшасы көбіде, тақыр кедейі де бар, тіпті әлі үйленбеген жігіткеде тұрмысқа шығамын десем де ешкім кедергі бола болмайды, бірақ мен күйеуге тигім келмейді, талғамыңа сай келмеседе қиын ғой, оның үстіне өз бостандығым өзіме ұнайды және бақыттымын. Сендер өздеріңнің нәпсі құмарлықтарыңның проблемасын біздің сыртымыздан бізге бай боламыз деп шешпеңдер, бізге біреудің байлаулы құтырған өгізі керек емес, сосын өңкей құлдарды өмірге әкелеміз бе,оданда саны емес сапасы дұрыс болғаны жақсы. Мына жақтан Ресей мына жақтан Қытай жерімізді алып қояды деп қорыққанымыздан өңкей сапасыз құлдардың санын көбейткенде не ұтамыз, ертең сол тексіздер еліне жау болмайтынына немесе елді тонап-тонап шет елге оларда тайып тұрмайтынына кепілдік бересіңдер ме… Мың жерден мейлі әр еркек қырық қатын алсада саны жағынан жүз ғасыр өтседе Қытайды басып оза алмайды және оның жартысынада жете алмайды,әрине бұның барлығы құр далбаса және масқаралық.Оданда аз болсақта РУХЫ мықты, білімді ұрпақ тәрбиелейік және өзімізде осы нәрсеге ұмтылайық сонда ғана Рухы мықты халықтан басқа елдер аяқ тартады.

    • өте дұрыс, пікіріңізге қосыламын! осыған дейін екі әйел алуды жақтаушылардың бірі мен едім, дәл осы мақаладан соң көзқарасым 180 градуска өзгерді.

    • Азамат Ахметов :

      Қазіргі таңда қоғамда бұл тақырып өте өзекті мәселеге айналып отыр. Осы тұрғыда айтарымыз, көп әйел алуға мүлдем болмайды деп үзілді-кесілді қарсы шығу да, көп әйел алуды діннің негізгі талабы іспетті жаппай уағыздау да астамдық екені. Көп әйел алу – батыста қатты сынға ұшыраған тақырып. Алайда көп әйел алушылықты алғаш ойлап тауып, заңдастырған ислам діні еместігі ақиқат. Ислам келгенге дейінгі, әлемдегі әйел затының жағдайы баршаға мәлім. Ол кезде әйел затша саудаланатын, қанша әйелмен үйленем десе де еркектерге шек қойылмайтын. Әйелді қалаған уақытында қалаған адамына сатып немесе айырбастай салатын. Тіпті, көне Грек және Рим мәдениеттерінде әйелді адам деп те есептемеген. Ефлатонның пікірінше, әйел бір қолдан екінші бір қолға өтіп жүре беретін ортақ мүлікке жатады. Ескі қытай мәдениетінде әйел заты адам саналмағандықтан, оған айдар тағып, ат та қойылмайтын болған. Тіпті, батыс философтары «Әйел заты жалпы адам ба, жоқ па? Адам болса, оның жаны бар ма, жоқ па? Бар болса, оның жаны ер адамдардың жанындай ма, жоқ әлде жануарлардың жандарына ұқсас па?» деген тәрізді адам шошитын ой-пікір таластарын да тудырған.[1] Міне, әйел баласының жағдайы осындай жан түршігерлік қорлыққа толы бір заматта Ислам діні әйелдердің абзал жаратылыс екенін түсіндіріп, оған ерекше баға берді. Оны заттықтан адамдыққа, қорлықтан ардақты деңгейге көтерді. Тіпті, «Жұмақ – аналардың табанының астында» деген сыры терең, сыны биік ұстанымға бас идірді. Жоғарыда айтқанымыздай, ислам келмес бұрын әйелдермен үйленуде шектеу жоқ еді. Ер кісі қанша әйел алам десе де өз еркінде еді. Ислам осы шексіздікті төртеумен шектеді. Өзінің сыршыл күрделі талаптарын қойды. Олай болса, бұл да исламның әйел баласына жасаған жақсылығы десек артық айтқандық емес.

  3. kandai teren masele kozgalgan. Orindi takirip. Aftormen tolyktai kelisemin. Zharaisiz!

    • Азамат Ахметов :

      Екіншіден, төрт әйел алудың діндегі орны парыз яки уәжіп емес. Яғни, әрбір мұсылман ер кісі көп әйел алуға міндетті емес. Көп әйел алу, бар болғаны, кей жағдайларға байланысты адамдарға берілген рұқсат қана. Бұған қоса көп әйел алудың өзіндік күрделі шарттары мен талаптары бар. Мысалы, екі әйел алғысы келетін кісінің ең әуелі оларды бағып-қарайтындай жағдайы болуы тиіс. Мұнымен қоса, әйелдерінің арасында қара қылды қақ жарардай әділдік тең қарым-қатынас құруы керек. Яғни, біреуіне жылы шырай танытып, екіншісімен суық қарым-қатынас жасау, біреуінің жанында көп болып, екіншісінікінде аз уақыт қана болу секілді көңілдеріне кірбің салар әділетсіз араластықта болу дұрыс емес. Біреуіне жағдай жасаса, екіншісіне де жағдай жасауы керек. Ал мұндай талаптарды орындай алатындардың саны өте аз екені айтпаса да түсінікті. Ардақты Елші (с.ғ.с.): «Екі әйелі бар кісі әйелдерінің береуімен артығырақ қарым-қатынас жасап, әділетсіздікке жол беретін болса, ондай адам ақырет күні бір иығы төмен салбыраған күйде келеді»-деп әйелдерінің арасында әділетсіз қарым-қатынас жасаған еркектің ақыреттегі аянышты жағдайын білдірген. Алла Тағала «Ниса» сүресінде: «Егер әйелдер арасында әділдік жасай алмаймын деп қорықсаңдар онда біреуі жеткілікті…» деген.

      Ал енді ислам дінінің көп әйел алуға рұқсат етуінің өзіндік бірқатар себептеріне тоқталайық. Ер адамдардың саны әйел адамдарға қарағанда әжептеуір аз. Оның себебі, ер адамдардың қазалы оқиғаларға көптеп душар болуында. Мысалы, соғыстарда, жол апаттарында, тағысын тағы басқа жағдайларда ер адамның көптеп қаза табатыны сөзсіз. І-ІІ дүниежүзілік соғыста миллиондаған ер адамның қаза тапқанына тарих куә. Қаза тапқан бұл ер кісілердің артында көзі жәутеңдеген бірнеше баласымен аңыраған жас әйелдері жесір қалды. Осы мыңдаған, миллиондаған жесір қалған әйелдердің де үйленіп жанұя құратын ер адамның, жас бүлдіршіндеріне қамқорлық көрсетер әкенің қажет екені сөзсіз. Екі әйел алуға рұқсат жоқ жағдайда бұл мәселе қалай шешілмек? Қорғансыз аналар мен бүлдіршіндер кімге аманат?

      Қазіргі таңда көптеген елдерде соғыс болмаса да әйел санының ер адамдардан әлдеқайда басым екені белгілі. Осының салдарынан көптеген бойжеткендер уақытында үйлене алмай үйде отырып қалуда.[2] Әрине, бұл қыздардың да үйленгісі келетіні, ана болуды аңсары, белгілі біреудің қамқорлығын, өмірдегі тірегін іздері хақ. Ал бұл мәселелер заңды түрде әрі жауапкершілік шеңберінде шешілмеген жағдайда қоғамда түрлі келеңсіз жайттардың етек алары сөзсіз.

  4. Бибігүл :

    Көп әйел алу арқылы қазақтың санын көбейтеміз деу құр бекершілік. Одан да бір әйелден туған балаларыңа дұрыс тәрбие бер, қазақ әйелінің жағдайын жаса, сонда сан да, сапа да , биік рух та болады.Мақала дұрыс жазылған, толықтай қосыламын.

    • Азамат Ахметов :

      Бұлардан да жиі кездесетін бір жағдай – ер адамның екі әйел алуға мәжбүр болу жағдайы. Перзент сүйгісі келетін ер азамат некелескен әйелі дүниеге бала алып келе алмайтын бедеу болған жағдайда не істейді? Бірінші әйелімен ажырасып, басқамен үйлене ме? Яғни, сәби дүниеге әкеле алмағандығы үшін онсыз да жарым көңіл жүрген әйеліне опасыздық жасап, оны талақ етіп, басқа біреумен қол ұстасып кете бармақ па? Жоқ әлде әйелін де далаға тастамай, оған күйеу әрі сүйеу болып екінші бір әйелмен некелесе ме? Әрине, бұл тұста ақылға да, ар-ожданға да қонымдысы екінші таңдау екені сөзсіз. Осы жерде бірінші әйелімен де ажыраспасын, екінші әйел де алмай жүре берсін деген ой туындауы мүмкін. Алайда, бұған барлық азамат көне алмайды ғой. Әр адамның өзінше бір әлем екені де ақиқат. Өмірде өз белінен перзент сүю сияқты арманы бар адам мақсатына жетпей байыз таппасы және белгілі. Тіпті, екі-үш бала емес, ұрпағының көп болғанын қатты қалайтын еркектер де кездеседі.

      Сондай-ақ, адам баласы өмірде әр түрлі жағдайға тап болады. Мысалы, әйелі айықпас дертке шалдығып, күйеуіне дұрыс қарай алмайтындай жағдайға душар болса, ер азаматтың тағы да екінші нұсқаны таңдағаны абзал емес пе?

  5. Жолымбет :

    Көтере алмайтын шоқпарды несіне белге байлайсыңдар? Исламда полигамияға оң жақта отырып қалғандар мен жесірлікті болдырмау үшін рұқсат берілген. Бұл жезөкшелікті жоюдың да жеңіл жолы..Сосын дініміз көп әйел алуға күштемейді. Жағдайың көтерсе ғана аласың. Онда да барлығына бірдей қарай алуың қажет..Бұл әйелді қараусыз қалдырмаудың Илләхи шешімі..Қараусыз қалғаннан ғой қазір небір азғындықтың көкесін көрсетіп жатыр..

    • Жолымбет дұрыс айтасыз сіздің сөзіңіз орынды. Осы мақаланың басын оқып бастап бірден білдім әйел затының жазғанын оқымай қойдым ары қарай. Исламда Шамаң жетіп жағдайың келсе 4 әйелгедейін рұxсат берілген . Дініміз ислам болғансоң біз одан асып кетпейміз. Қолыннан келген еркек алады Екінші әйелді , қолыннан келген әйел әпереді екінші әйелді. еркегі тұрып әйел сөйлегеннен қорқу керек . Сіздер әйел заттары бұл мәселені талқыламайақ қойсаңыздаршы егер мұсылман болатын болсаңыздар.

  6. Бірді-бірге қосып, былшылдап кетіпсіңдер. айтарға сөзім жоқ!

  7. рысжан :

    көп әйел алудын қажеті не біреуіне дурыс қарап асыраса болды емеспе көп әйелді алып алып кайсына қарайды )))

    • Азамат Ахметов :

      Жоғарыда айтылған жағдайлар болмаған күннің өзінде де көп әйел алуға ислам діні рұқсат етеді. Олай дейтініміз, бірінші әйелін жақсы көрумен қатар көңілі басқа әйелге де бұрып тұратын адамдардың да кездесері сөзсіз. Себебі, барлық адамның табиғаты, жаратылысы бірдей емес. Кейбір азаматтардың жыныстық қабілеті мен құмарлығы артықтау келеді. Бұған қоса, бірінші әйелі көңілінен шықпай қалуы да әбден мүмкін. Көп әйел алуға тыйым салған жағдайда мұндай күйдегі адамдар әйтеуір бір жолын тауып алғашқы жұбайымен ажырасып тынуы немесе жасырын көңілдес тауып, шариғат тыйған зина сияқты харам істерге баруы бек мүмкін. Сөйтіп, Жаратушының алдында – күнәһар, ал бала-шағасының алдында – екіжүзді болады. «Біреу біліп қоя ма?» деген күдікті ойдан құтыла алмағандықтан, психологиялық тұрғыдан мазасыз болады. Ол ол ма, көңілдес әйелдерді тек өткінші төсек ләззаты үшін ғана пайдаланғандықтан, олардың да абыройы айрандай төгіліп, әркімнің қол жаулығына айналары белгілі. Екі ортада тірі жетім қорғансыз сәбилер мен олардың қорланған шешелері қалады. Бүгінде көп әйел алуға үзілді-кесілді тыйым салған европа бұнысымен қаншама әйелдермен жасырын түрде төсектес болуға, яғни көңілдестік пен ойнастықтыққа, жезөкшеліктің етек алуына, мыңдаған балалардың әкесіз дүниеге келуіне, сансыз түсік тасталуына көз жұмып қарауда.

  8. сайран :

    көп әйелді алғанда дурыс шығар кәрі қыздар саны азаяады

  9. Салтанат Салтанат :

    Кәрі қыз дейді ау бейшаралар, сендер кәрі кыздардың көп екенін қай жерлеріңмен бал ашып білдіңдер.Біздің Қазақстанның статистикасына сеніп немесе алжыған, суайт,бір-ақ кісінің айтқанын істейтін демографтарға сенесіңдер ме, сенетін адамдарды тапқан екенсіңдер, көзімізді ашқалы құлағымызға жалған ақпаратты жалықпай ілуде. Осы көп қатынды заңдастыру біреуге керек боп отыр, ал қалғандары соның кукласы болып рол ойнап жүр. Егерде осы заң күшіне еніп кететін болса бұл дегеніміз Қазақ халқының жойылуына әкеп соқтырады, неге десеңіз онсызда мына қоғамымызда надандардың саны жетіп артылады, одан кейін осы надандар одан сайын надандана түспей ме. Жас қыздардың намысына арына тиетін сөзді кез-келген имансыз шалдар мен еркектер екінші немесе үшіншісі қатыным болшы деп қарқылдап күлетіндер саны көбейіп және осы сөзді намыс көрген арлы қыздарымыз өз-өзіне қол жұмсамайтынына кепілдік бересіңдер ме? Осы қыздардың көз жасы мен өлімі, обалы мен қарғысы қырық ұрпаққа дейін өтетініне сенімдімін.Төменгі жерлеріңмен ойламай ақыл-парасатпен ойлаңдар.Егерде осы заңды кімде-кім қолдаса қарғысқа ұшырасын.

    • Азамат Ахметов :

      Бұл шындықты батыстық ғалым Густав Ли Вон: «Мұсылмандардың көп әйелмен некелесуі – заңды түрде бір әйелмен некелесіп, жасырын түрде көп әйелмен көңілдес болып жүре беретін европалықтардан әлдеқайда артық»[3] деп ашық мойындаған.

      Иә, көп әйел алудың ислам дініндегі үкімі – парыз не уәжіп емес. Тек кейбір жағдайларға байланысты рұқсат етілген жол ретінде ғана қарастырылады. Жоғарыда айтылғандай, көп әйел алудың өзіндік күрделі шарттары мен арнайы талаптарының барын ескерер болсақ, көп әйел алудың әркімнің батылы жете бермейтін жауапкершілігі зор іс екенін байқаймыз. Бұған қоса, ер кісінің екі жанұяны бірдей басқаруға қабілеті жеткіліксіз болса немесе екінші әйел алған жағдайда бірінші жанұяның шаңырағы шайқалар болса, мұндай іске барудың өзі қатерлі әрі жауапкершілігі де ауыр. Сондықтан үйленетін адамның өз жағдайын, жанұясының әрі қоғамының ахуалын, тыныс-тіршілігін есепке алмастан мұндай қадамға баруы мүлдем дұрыс болмаса керек-ті.

  10. Айымторы :

    Дәл осындай саналы адамның санасына құйып беретін, санасызды ойлауға бағыттайтын тұщымды материалды оқымағалы көп болып еді. Ризамын. Көп болған жерде сапа болмайтыны белгілі. Біреу де болса, саналы да сапалы баланың болғаны жөн. Бұл мисыздардың миына бірдеме кіру үшін бірдеңе етіп серпілту керек шығар, не болмаса, саналарын ашатындай гипноздан арылту керек шығар, әйтеуір бір амалын табу керек. Негізінде, амалы бар ғой, соны көретін, соны сезетін жүрек болса. Тек…. ойлануға енжарлық танытатынымыз қынжылтады.

  11. Жәнібек :

    Қыздардың бәрі қарсығой масқара! Сапалы ұрпақты өсіру сендердің қолдарыңда, Абай атамыз Құнанбайдың тоқалынан туған сапалы ұрпақ керек болса, жалғыз абай емес мұндай мысал жетіп артылады. Ата-бабаларға тіл тигізбеңдер, олар көп қатын алмағанда сендердің бұл өмірде болу болмауларың екі талай еді ақылдылар өңкей. Тигілерің келмесе тимеңдер ешкім күштемейдіғой. Көңілдері жарасып бірін-бірі тауып жатқандады қарғап нелерің бар, қабылданса қабылдансын заң, сендердің ештеңелерің кетпейді оған.Бұрыңғыдай қызбен келіспей малға сатып алғалы жатқан ешкім жоққой. Қарғағыларың келсе бір жыныстыларды қарғамайсыңдарма, тапқан екенсіңдер қарғайтын нәрсені.

  12. Д!лда :

    Б!р!нш! ер-азаматтарымыз оздер!н оздер! асырап алсыншы

  13. Мейіржан :

    Ей жігіттер босқа сөкпеңіздер. Бұл жерде қыздардікі дұрыс. Қыздардың жолы қашан да жіңішке. Қыз бала əділдікке бір табан жақын. Ал əлемде əділетсіздіктің жолы кең болғандықтан, əділдік жолы жіңішке, əрі, тар боп келеді. «Тар жол тайғақ кешу» дегеніміз сол. Біз қазақ болсақ олар да қазақ. Кезінде олар да жауға қарсы бізбен бірге найза алып, қатар соғысқанын Елбасы талай айтқан. Əлде елбасына қарсы шығасыңдар ма?! Бәріміздің де анамыз бар емес пе!? Бір басқа бір мойын да жетеді.

    • Азамат Ахметов :

      Мейіржан еркек басыңмен сенікі не?
      Әйелдер сөйлесе бір жөн. Сенікі ұят енді. Осы сөздеріңмен қатыныңның қас-қабағына қарап,айтқаныңнан шыға алмайтының көрініп тұр..

      Бірінші саған Құраннан дәлел келтірейін..
      Ниса сүресінің 3 аятында:

      Егер (үйленгенде) жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар немесе қолдарыңдағы күң де болады. Әділетсіздік болмауға жақынырағы осы.,-деген…

      Екінші ата бабамыз шариғаттан әрі аттамаған.. Абай атамыз да, Құнанбай атамыз да 2,3 әйелден алған.. сонда бұлар діннен хабары жоқпа? Көптеген ақындарымыз;батырларымыз көп әйел алған…
      Пайгамбарымыздын өзі 9 әйел алған…

      Кезінде иманды аналарымыз куйеулерине 2-ши айел оздери алып беретин болган.

      Ал бул жердегі бөсіп откан әйелдер ақылды болғандығынан емес, имансыз болғандығынан осындай сөздер жазып отыр..

      Сол сендер сияқты қатынның сөзін жақтағыш, қатынынан қорқатын,сөзі өтпейтін слабый еркектердің кесірінен әйелдер жетім, балалар жесір қалып жатыр..

      Сол еркектер катынынан корыкканнан мысық құсап тыгылып катындарга барып зина қылады…ей сен еркек болсан корыкпай соны некелеп алмайсынба?

      Сенин еркектик касиетин кайда? Уйдеги 1 катынга создерин отпейди, жау шапса елди калай коргайсындар?

      Сол адал жолмен 4 айел алуга карсы болып журген еркектер,
      Харам жолмен 40 айелмен зина кылып тастады уже…

      Сол катындарга барып зина кылганда Алладан корыкпайды,
      Ал сол айелди адал некелеп алуга катынынан коркады..
      Міне заман калай озгерген!!!

      Куранда айтпаган деп отыргандар..сак болыныздар!

      Кураннын 1 аятын жокка шыгарган адам діннен шыгып кетеді. .
      Андамай сойлеймін деп мусылмандыктан шыгып кетіп, кафир болып калып журмендер..

      Алланын діні жайлы айтканда Алладан коркындар..
      Ойларына келгенди жазбандар..
      Алла сендерге хидаят берсин

  14. Ермек :

    Егер әйел от басында 40 жасқа дейін аналық парызын өтеп 4 бала туып бере алмаса, онда күйеуінің жағдайы келіп екінші әйел аламын десе, заңды түрде рұхсат етілуі керек.

  15. Қанат :

    Ассаламуалейкум! Бұл мәселеде Пайғамбарымыздың (с.а.с) көп әйел алғаны рас. Оны дәлелдейтін кітаптар да, сахабаларымыздан жеткен хадистер де жеткілікті. Исламда мұсылман адамға төрт әйел алуға рұқсат бергені де өтірік емес. Мақаланы жазбас бұрын Ислам дінін, Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірін оқып зерттеу керек еді. Мүмкін басқаша жазар ма едіңіз деген ой ғой. Шариғат бойынша әйелдің еркектен бір саты төмен екендігі де рас. Көп әйел алудың жақсы жақтары да жетерлік. Мысалы, еркектер басқа әйелдерге көзін сүзіп, зинақорлыққа бармас еді. Бұл қоғамның ең басты дерті қазіргі. Өйткені әр әйелінің алдындағы міндетін өтеу керек қой. Екіншідін өзіңіз айтпақшы шынымен демографиялық жағдай түзеледі. Қазіргі қыз-келіншектеріміздің көбі ары кеткенде 2-3 бала тууға шамалары жетеді. Ары қарай денсаулықтары жарамайды. Үшіншіден, қазақтың қыздары шетелдік келімсектерге ерге шықпас еді. Олардан туылған бала бәрібір қазақ болып жарытпайды. Қазақта жақсы мақал бар: «Жиен ел болмас»-деген. Осындай таяз ойлайтын аналардан қалай елдің қамын жейтін ерлер туылсын. Балаға берілетін қасиеттердің 80-пайыздан астамы ананың сүтімен, аналық мейірімнен, аналық тәрбиеден берілетінін менен жақсы білесіз. «Тектіліктің төресі Зере анамыз, Құнанбайды дәретсіз емізбеген. Атаның бойындағы тазалықтан, Абай туды тектілік негізбенен»!-деп ақын ағалар жырлап жүр емес пе. Бұлай жұртқа ақыл айтып қыздарды азғырғанша Исламды оқыңыз, біліңіз. Сосын барып жан-жақты қарастырып жазыңыз. Қатты айтсам ренжімеңіз. Ащы да болса шындық.

  16. жанерке :

    оте дурыс айтылган.толыктай келысемын.

  17. жанерке :

    Расымен, кунделыкты теледидардан корып журген жалган акпараттар, карапайым халыкты алдап кана келеды.Ел ышынде, мактан тутарлык агаларымыздын шын бейнесын оз козыммен корген сон, дурыс жолда журмыз ау деп, быржактылык козкарастарды бастарына сынырып алган бауырлардын да кунделыкты ысын козбен корген сон, (арине копшылыкке топырак шашпайын), адам созынен емес, ысынен байкау керек екенын айткым келеды.шаман жетып шалкып жатсан,токалга ашекей буйыммен шашылганша, томен жагдайлы каншама жесыр отбасы толып жатыр.быр буйымнын кунына, бырнеше булдыршынге 4 сезон киымын алып берып, тобедегы кудайдан сауап жина дегым келеды.теледидардан агаларымыздын токалдары ашык, мадак рекламага айналып кетты.сондай канжылататыны созсыз….арине, акша не дегызбейды?

    • Перизат :

      Біздің қазиргі еркектер көп әйел алу мәселесін көп қозғайды, бурынғы кездері адамдар түрлі ауру сырқаттардар ерте кеткен. жас келін еліне қайтпас үшін оны әмергерлікпен інісіне бала шағасын бағу үшін алып берген, ал қазір еркектердін көксегені жас қызға үйлену, ол әділ ме, алсын баласын асырай алмай журген жесір әйелден, қазіргілер біреудін бала шағасын бақпас, ислам дінін жамылып жас әйел алу ойлары, мұнда ешқандай теңдікті сақтау деген әйелімді таптаймын деген ой жоқ. Екі әйел алып екеуін бахытты қылып отырған ерлерді көрген жоқпын. Бұрынғы аналарымыздың көкейінде не болғанын аллам біледі, қазақта бекер айтпаған «Күндес» деп токал мен бәйбішені.

  18. Шоқан :

    Ардақ былшылдаған екен, екінші əйел алудың өз шарттары бар.Мəселенің басқа жақтарыда көп қой, олар туралы еш нəрсе жазылмаған. Екінші не үшінші болуға да келісер ем деп жүрген қыздар қаншама.»Бірінші»нің түсінігі кең болса, сосын ер азамат əділ болса бəрі де дұрыс болады. Тек ғана көп əйел алу шариғатта міндет екен деп қате түсінбеу керек, оның өз шарттары бар, соларды жан жақты оланып жасау керек. Ол оңай мəселе емес.Жеке өзім екі əйел алуды қолдаймын.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


3 + 5 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>