Жолы болмайтын жігіт…

444Кез келген әйел ақылды, сабырлы, иманды, ержүрек, ертеңіне пана болатын азамат туралы армандайды. Алайда, өмірде ешқашан жолы болмайтын еркекке тап болуымыз да мүмкін ғой.

Әрине, жолы болмайтын жігіттердің алдымен асып бара жатқан арман-мүддесі түгілі, тұрақты жұмыс орны да болмайды. Жақсы өмір сүруге деген құштарлықты былай қойғанда, мұндай адамдардың бойынан аздаған романтиканы да таба алмайсыз. Бір қызығы, бұл адамдар төрт құбыласы сай, бәрі жетіп тұрған сияқты кейіп танытатыны несі?!.

Әйелінің, туысқандарының, қала берді көңілдестерінің тапқан-таянғанына күн көріп жүре беретіндерді өзге ағайындар «альфонс» десе, қазакең бұрын «жанаяр» дейтін. Енді ел арасында қылжаққа айналған жаңа термин бар. Жарының тапқанымен тамағын асырап жүргендерді «МӘА» дейді, таратып айтқанда: «Мені әйелім асырайды».

Әлдебір жанкешті әйелдер «уақытша қиналып жүрген» еркекті елдің қатарыны қоспақ болып тыраштанады. Енді біреулер дағдарысы ешбір бітпейтін адаммен одан әрі өмір жалғаудың қажеттігі жоқтығын түсініп, дер кезінде басын босатып алады. Ал бірақ, ғұмырын жатыпішер еркек үшін сарп еткен алтын басты әйелдер де жеткілікті. Жолында одан артық адам кездеспегендіктен, жалғыз қалудан қорқатын әйел байғұс бұған да көнеді. Бірақ, жалқау, тоғышар, санасыз адамды өзгертем деп ойламаңыз. Анасы бұл еркекті басқа етіп қайта туып бермесе, болмаса ғайыптан намысы оянып ғажайып болып кетпесе, оның жолы болмағаны болмаған.

333Әрине, ер-азаматтың басына не келіп, не кетпейді. Өмірдің уақытша талқысын жеңіп шығатын жігіттердің жалауы желбірей бергей!.. Алайда, сәтсіздігі қыр соңынан қалмайтын, екі адамның бірімен тіл табысып, тұрмысын тұрақтатуға ұмтылмайтын, ашуланшақ, сарыуайымға салынғыш, қалтасының түбі тесіктерге тек қана жоғарыдағыдай диагноз қоюға болады. Күйеуінің басына бір іс түсіп, жазықсыз жұмыстан қуылып, бәсекелестікпен бағынан айырылардай болса, ол қиыншылықты еңсеруге, еркегіне қолдау танытып, жігерлендіруге жақсы әйелдің ақылы жетеді. Бұл жерде әңгіме басына күн туған азаматтар жайында емес.

Бір қызығы уәдесі тұрлаусыз, жұмысы тұрақсыз, алдына мақсаты жоқ  жолы болмайтын мұндай жігіттер осы жүрістері үшін намыстанбайды. Мұндай жағдайда «Жақсы әйел жаман еркектің басын төрге сүйрейді» дейтін тәмсіл тіпті орынсыз. Одан да «Адамды адам еткен – еңбек» деп, адам маймылдан жаратылғанын өзінше дәлелдеген құдайсыз Дарвиннің іліміне сүйенген әлдеқайда өтімді. Егер адамның өзінде өмірден өз сыбағасын алуға деген мақсат-мүдде болмаса, өзі алға ұмтылмаса, ондай еркекке ата-анасы да, аяулы жары да, уақытша дос-жарандары да көмектесе алмайды. Тағдырына осындай тұрлаусыз адам бұйырған талай жақсы әйелдің өмірі қор болып жүргенін кім жоққа шығарады?!. Жұмыстан қалжырап келіп, үйдің қалған тірлігін тындырамын, балаларды аяғынан тұрғызамын дейтін әйелдің мұндайда бірінші қорғаушысы, панасы еркек болуы тиіс емес пе? Алайда, күні бойы диванда жатып теледидар көруден не ұйқыдан жалықпайтын жатыпішер жүйке жұқартуды әбестік деп есептемейді. Өйткені, ол – «еркек». Әйелге қоқан-лоққы көрсетіп, иесі бар екенін еске салып тұру керек қой.

Сонда кім кімді сүйреп жүр? Мәселен, мына бір отбасын мен әлімсақтан білемін. Күйеуі еш жерде жұмыс істемейді. Егер жұмыс табыла қалса да, екі-үш айдан артық ол жерде тұрақтамайды. «Өй, қойшы, ол жұмыс маған қол емес екен, ондай жұмыс істеу ұят тіпті» дей салатынына құлағымыз үйренген. Есесіне ертесіне-ақ жақсы жұмыс табылып, жас кезінде армандаған кәсібіне қол жеткізіп, отбасын жарылқап тастайтыны туралы уәдені күнде үйіп-төгеді. Бір қызығы, осы мақсатына жету үшін шөптің де басын сындырмайды. Күндері бір сыдырғы өтіп жатады. Әйелі екі жерден табыс табады. Ол жұмысқа кеткен соң, керіліп тұрып, дайын тамақты ішеді, теледидар көреді. Газет оқығансиды, сыралатады. Арасында кейде азық-түлігімен артынып-тартынып, көлік кептелістерінен жұмыстан кешігіп келетін әйелінің тамағы дұрыс шықпай қалса басына әңгіртаяқ орнатады. Қолынан түк келмейтін адам екенін айтып, ақырып, бақырып, бала-шағаның берекесін кетіреді.

222Бір қызығы, мұндай арамтамақтан ажырасуға кеңес бергендер  табыла қалса, үйін асыраймын деп түгі қалмаған бейшара әйел, мен оны тастап кетсем құриды деп қорғаштап шыға келетіндігін түсініп көр. Салқын сыраны, дәмді тамақты жақсы көретін еркектің алдымен ақылы емес, қарны өсетіні сөзсіз. Жұмыстан жанталасып келіп, баланың сабағына, үйдің тамағына үлгере алмай жатқан келіншегі көмек сұрай қалғандай болса, ошақтың қасында тұру еркектердің ісі емес екенін әрине, ол біледі. Сондықтан бойы еңгезердей, қарны қампиған, тамақтың дәмдісі мен киімнің жақсысын ажырата алатын мұндай еркекті не үшін аяуға болатындығын түсініп көріңіз. Және әйелі оны сүйетіндігін де айтады. Ал ол әйелін, бала-шағасын сүйе ме? Сүйсе мойны ырғайдай болып жүрген әйелінің иығынан неге түспейді? Мұндайда әйелдің жалғыз қаламын-ау деген қорқынышын махаббатпен байланыстырудың жөні бар ма?

Жоғарыдағы жатыпішер еркектің жалғыз артықшылығы – жарының көзіне шөп салмайды. Әйелінің айтуынша солай. Алайда, мұны артықшылық деуге келмес. Жұбайының көзіне шөп салып, қыз-келіншектермен қыдыру үшін қарынды кетіру керек, қалтада ақша болу қажет, жуынып-шайынып, қырынып, қуаттанып көшеге шығу керек. Бұл да жұмыс қой! Ол бұл қадамға адал болғанынан емес, жалқаулықтан бармайтынын түсіндіруге тырысып көрсек, қисық әңгіме болып шығады екен.

Бұл махаббат па? Жолы еш болмайтын осындай тағы бір таныс бар. Қашан көрсең де бір істі соңына жеткізіп, оңдырған емес. «Бір күні өмір бізге де бетін бұрар» деп жүрген осы адамды сан жылдардан кейін қайта жолықтырдым. Ол әлі де еш жерде жұмыс істемейтін болып шықты. «Қатын асырап жатыр ғой» деп күледі. Жолы болмайтындардың қатарынан жатыпішерлердің санатына толықтай көшкенін мойындайды.

Психологтардың айтуынша, мойыннан түспейтін мұндай күйеу – әйелдің ақыл тоқтатқан-тоқпатпағанын анықтайтын тест сияқты. Жаһандық бұл мәселенің екі жағы бар. Неге мықты әйелдер рухы әлсіз еркектерге өмірін арнайды? Және мұндай әйелдер жолы еш болмайтын жарының қылықтарына ұзақ жылдар шыдайды? Бір жағынан, мұндай мезальянсты бірін бірі толықтыру қағидасымен де түсіндіруге болар еді. Әлеуетті әйел – әлсіз еркек, әйтеуір, өзін толықтырып тұрғанын іштей түйсінеді. Бірақ, мұны бірден түсіну қиын. Дегенмен, мұндай қосақтар алғаш танысқанда бәрі керісінше болады екен. Ондай еркектер көксеген қыз қолына түскенше бәрін жасайды.

Әдетте, әлсіз еркектердің әлі бірінше әйеліне жетеді, нәп-нәзік жарын билеп-төстеп, айтқанымен жүргізу арқылы өзіне өзі көңілі толып, еркек сықылды тоқмейілсіп жүреді. Көп әйелдер жылдар өте келе есі кіреді, ақыл тоқтатады, тағдыр қандай тоғышарға  байлағанын білгенде кетуге мәжбүр болады. Аузы күйген мұндай қыз-келіншектер кейін жақсы азаматтардың өзіне де жолауға жүрексінеді.

Айнаш ЕСАЛИ

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

9 пікір

  1. Жадыра :

    Оте жаксы пикир.

  2. сайран :

    бұдан не пайда

  3. рысжан :

    жақсы жазған

  4. жаксы адам :

    керемет, оте магыналы жазба

  5. Vardenafil Hcl cialis Discount Direct Legally Acticin Cheapeast Medicine No Doctor

  6. KenntupeTror :

    Purchasing Discount Zentel In Internet With Free Shipping cialis buy online Ialis Sans Ordonnance En Belgique

  7. a cheap viagra
    viagra 100mg
    cheap viagra vipps

  8. online casinos that accept american express gift cards
    online casino real money
    usa approved online casinos

  9. viagra sale new york
    viagra generic
    viagra cheap no prescription

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


1 + 7 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>