Наурыз рухани есеп беру айы болса…

555Наурыз – Жақсылықпен егіз.

Наурыз – Арылу, Айығу мезгілі.

Наурыз – Ұлттық мінез. Ұлттық болмыс. Ұлттық өнер.

Ұлттық мәдениет. Ұлттық спорт…

Қазаққа ғана емес, күллі Тұран жұртына ортақ бұл мерекенің Жақсылығын қалай асырамыз? Қадірін қалай арттырамыз? Наурызды бүкіл Адамзат қуанышына айналдырудың жолдары бар ма?

222Жыл сайын Наурыз мерекесіне екі-үш күн қалғанда әрбір үй, әрбір мекеме, әр аудан, әр облыс – тұтас Республика Жаңа жылды қарсы алуға дайындалады. Дұрысы – дайындалған болады… Көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз, бірақ бұл – шындық. Мәселен, Иса пайғамбардың туған күнін (Жаңа жылды емес!) тойлау салтымызды аз-маз салыстырып көрейік. Кейінгісіне кемі екі ай бұрын әзірлік жасаймыз. Әрбіріміз киер киім, ішер ас, асар соғым, атар салют… қысқасы бес аспабымызды алдын-ала әзірлеудің қамына кірісеміз… Мейрамхана, кафелердің «тәуірін» іздеп сабыламыз, оған бірнеше ай бұрын тапсырыс береміз… Бірнеше күн қонаққа барамыз… Бірнеше күн қонақ күтеміз… Ескі жылды жарқ-жұрқ еткізіп шығарып салып, жаңа жылды (?) жарқ-жұрқ етіп қарсы аламыз. Өзіміз ғана емес, көзіміз де «от шашады…»

Ал Наурызды ше? Қателеспесем, осыдан жиырма жыл бұрын (Наурыз мерекесімен қайта қауышқан 1988 жылы – С.Ә.) наурыз көже туралы әңгіме айта бастап едік, әлі сол көженің айналасынан шыға алмай жүрміз. Дауым жоқ, наурыз көже – Наурыз мейрамының символы. Ұлттық брендке айналдыруға да болады. Бірақ Наурыз мерекесінің мән-маңызы көженің астында қалып қойған жоқ па? Наурыздың басқа да символдары бар емес пе? Американың Санто 888Клаусы мен орыстың Аяз Атасы, Ақшақарлары сансыз ертегі мен аңыздар арқылы өшпес, өлмес кейіпкерлерге айналды. Ал Қызыр ата мен Наурыз қыз ше? Олар туралы ертегі, аңыз жоқ па? Мектеп оқушыларының санасына ол кейіпкерлерді неге сіңірмеске? Жиырма жылдан бері әр мектеп, әр мекеме, әр ұйым… алаңдарда тігілген әрбір киіз үй «кімнің дастарханы мол?.. Мәртебелі қонақтардан кім келді?.. Кімнің қолы қай жұлдызға жетті?..» деген мәселе тұрғысынан ғана бәсекеге түседі. Әрі кетсе, орталық алаңдарда «ынтымағы мызғымас ұлттар мен ұлыстардың өкілдері» «өз еріктерімен» шеруге шығады, немесе театрландырылған көрініс пен концерт, дискотека қоюмен шектелеміз. «Хан мен қара теңелген», «құл құрықтан, күң сырықтан құтылған», «Самарқанның көк тасы еріген күн…» деген толып жатқан мақал-мәтелдер мен тіркестер осынау ұлы мерекенің мән-мазмұнын ұғындырып тұрған жоқ па?

Наурыздың символы саналатын ұғымдардың бәрін айналымға енгізер кез келді. Материалдық, тұрмыстық байлықтар ғана емес, сонымен қатар рухани құндылықтардың қадірін неге арттырмасқа?

Мысалы, бүгінгі таңда әкім-қаралардың халық алдында  есеп беруі дәстүрге айналды. Материалдық-қаржылық есеп. Сол есеп беруді неге осы Наурыз айының 666күн тәртібіне енгізбеске? Дәл сол сияқты, неге әр жылы рухани есеп бермеске? Ең алдымен әркім өз-өзіне: «Не істедім? Не тындырдым? Кімдердің көңілін қалдырдым? Кімнен көңілім қалды?..» Кешіре білмеген де, кешірім сұрай білмеген де айуандық. Адам өз жүрегінде өкпе-ренішті үш күннен артық ұстаса мұсылмандықтан шығады екен. Құранда солай жазылыпты. Сондықтан «өкпе» дертінен айығайық. Арылайық. Ескі өш пен кекті аластайық. Қарайған қанымыз бен ауырған жанымызды ағартайық. Тазарып, Жаңарайық. Наурызды рухани есеп беру айына айналдырайық, яғни мәдениет, руханият саласындағы бар іс-шаралардың қорытындысын шығарайық. Өткен жылдың ең үздік әнін, күйін, биін, жырын, термесін… әдебиет саласындағы үздік шығармаларды анықтайық. Театр есеп берсін. Кино есеп берсін. Үздік қойылым, үздік кино, үздік шығармаларды дәріптейік. Ұлттық спорт түрлерін жаңғыртып, дәрежесін асқақтатайық. Тіпті, Мемлекеттік сыйлық, «Халық қаһарманы» тәрізді ірі марапаттауларды осы айда тағайындайық. Бұл айда концерт залдары, алаңдар мен кинотеатр сахналары сауда-саттық орнына емес, рухани байлық үлестіру мекемесіне айналсын. Өйткені Наурыз – Рухани өрлеу баспалдағы! Наурыз – Табиғатпен тұтасу.

Қысқасы, бағаласаң – әз Наурызды бағала! Ұлықтасаң – әз Наурызды ұлықта!..

Біреу-міреудің көңілін қалдырып, ренжіткен болсам, ғафу өтінемін!

Өкпесіз Наурызыңызбен!

Сәуле Әбединова

«Айқын» газеті,

№49 (1230), 21 наурыз, 2009 жыл

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

6 пікір

  1. Дәулет Серiкбаев :

    Дұрыс идея екен.

  2. Жулдыз Какенова :

    Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні елімізге береке байлық әкелсін! Ақжүніс журналына шығармашылық табыс тілеймін!

  3. Лариса :

    Өзгенің мерекесін ұлықтауға құштар халық болғанымыз да…

  4. Бибігүл :

    Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен «Ақжүніс» журналының шығармашылық ұжымын құттықтаймын. Журналдарыңыздың рейтингісі жоғарылай берсін, елімізде-мереке, дастарханымызда-береке бола берсін.

  5. рысжан :

    келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын,,,,

  6. сапаргул :

    наурыз құтты болсын,,,,шығармашылық табыс тілейміз сіздерге

Добавить комментарий для Бибігүл Cancel

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 7 = 14

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>