Мақтаған қыз «Тойбастарда» бүлдірді

немесе Тамақты қорлаған телеарна555

1988 жылы мектепте оқып жүрген кезімде әкем Кеңес: «Жанар Айжанова деген жас қыз қазақтың қара домбырасымен сахнаға шығып, құйқылжытып Шәкәрім Құдайбердіұлының «Анадан алғаш туғанда» деген әнін айтқанда,  көрермендер ұйып тыңдады, ризашылығын білдіріп құшақ-құшақ гүл сыйлап жатты…» деп сыртынан сүйсіне мақтағаны әлі күнге есімде.

Арадан 26 жыл өтіпті, сол марқұм әкем мақтаған Жанар Айжанова әпкеміз, Айгүл Иманбаева қарындаспен бірігіп «КТК» телеарнасынан «Той Bast star» деген бағдарламаны басқарып жүр. Күні кеше, 15 наурыз кешқұрым телеарнаны қосқаным сол-ақ еді, әлгі бағдарлама жүріп жатыр екен. Сахнаға бір жігіт өлең айтып шықты, артынан екі қыз келіп басынан бір табақ борщты құйып жіберді, артынан бір қыз келіп басынан екі литр коланы асықпай құйды. Өлең айтып тұрған жігіт ешқандай қарсылық көрсетпей, одан бетер тамақтың үстіне секіріп билеп, өлеңін жалғастыра берді.  Одан кейін сайқымазақтың киімінде бір жігіт шығып, өлең айтып тұрған жігіттің бетіне қолындағы тортын жақты. Қызыл сары красканы құйды, құстың жүнін үстіне төкті. Кей наданға сол да қызық… Залда отырған парықсыз көрерменмен қосыла Жанар мен Айгүл бетін басып екі құлағы езуіне жеткенше күлді. Кола құйған қыз өлең айтқан жігітке «алғыс хат» тапсырды.

Ән айтқан жігітке «Бәрекелді, жарайсың нағыз жігіт екенсің» деп Айгүл мен Жанар  айтып жатты. Бұл не? Тойынғандық па? Әлде азғындағандық па? Қалай түсінуге болады? Құдайым-ау!.. Нанның ұсағын теріп қоятын қазақ бүгінде тамақтың үстіне би билеп, ән айтатын болған ба? Мұндай парықсыздық әлемнің бірде-бір елінде жоқ шығар.

4441931-32 жылдары ашаршылықтан 4 миллион қазақ қынадай қырылып еді. «Қарны тойғанда, қарның аш кезді ұмытып кетесің» дейтұғын біздің ауылдың ақсақалдары. Бұлар масқарапазды «Американский пирог» деген фильмнен үзінді қып алғанға ұқсайды. Сол кинода үйленіп жатқан ерлі-зайыптылар бір-біріне пирог жағып мәз болады. Ол – кез-келген азғын ойына келгенін істеп, аузына келгенін айтатын АҚШ емес пе? Ал  бізге не жорық? Біз қазақ деген, дастархан мәдениеті мен асқа деген құрметі ерекше зор Орта Азияда тұратын мұсылман елі емеспіз бе?

Бүгінгі қазақ телеарналарын бет-аузын қисаңдатқан жәркелеш әзілкештер, күлмейтін нәрсеге күлдіремін деп өзі де әуре болатын, жұртты да әуреге салатын сайқымазақтар басып алды. «Жаңалықтардан» көретініміз қыз зорлау, сәби өлтіру, көлік апаты, адам тонау. Осының бәрі қазақты ойсыз, түйсіксіз, жабайы, азғын ұлтқа айналдыру үшін әдейі жасалып отыр ма деген де ойға кететін болдық кейде. Әлгіндей бағдарламаға қатысушы жігіттер мен қыздар да өңкей өзіміздің қаракөздер. Осы бағдарламаны еліміздің миллиондаған жастары көрді, олар кімдерді үлгі тұтып, кімдерге қарап өсетіні түсініксіз. Әлгі бағдарламаға қатысушылар мен кейіпкерлердің бәрі дерлік, ешқандай ата-ананың тәрбиесін көрмеген, ешқандай ұстаздың алдында болмағандай әсерде боласың. Біресе орысша, біресе қазақша сөйлейді, сахнадағы мәдениет, ел алдындағы мәдениет, инабат  дегеннен жұрдай. Не болса, соған қол  шапалақтап, бет алдына ыржалақтай береді,  шетінен ойсыз жастар, тіпті мәз-мәйрам. Қазір бүкіл қазақ осындай арзанқол әжуаға мәз болатын ұлтқа айналып бара жатқан сияқты. Әдеби, мәдени талғамнан жұрдай боп барады.

Осындай «шоуларды» ойлап тауып жүрген бағдарламашылардың мақсаты, расында, қазақ халқын топас, дүбәрә, надан,  мәдениеттен жұрдай етіп көрсету сияқты. Бұлар бүгінде көзі ашық, көңілі ояу  қазақтың ар-намысын таптап, наразылығын тудырып отыр.

3332013 жылдың қараша айының 23 жұлдызында өткен құрылтайда Дулат Исабеков ағамыз «қазақты азғындату үшін құпия институттар өте жақсы жұмыс істеп жатыр» деп еді, бірақ ешкім оған құлақ аспады. Телеарналардағы парықсыз қаптаған бағдарламалар да солардың жымысқы саясаты секілді.

Қазақтың киелі ұлттық тамағы – етіне тиісіп, «Бешбармақ шоу» деп бір бағдарламсымақ шығарды, енді «Той best star»… Алғашқыда  атының өзінен шошып едік. Осыдан кейін, өз басым,  «біз әбден тынған халық екенбіз» дедім ішімнен, түнімен ұйықтамай шықтым. Балаларымның болашағына алаңдадым.  Әкем жатса-тұрса «Жанар Айжанова әнді өте жақсы айтады» деп мақтап отыратын. Кезіндегі ибалы да инабатты, қазақтың салт-дәстүрі десе жанын беруге дайын болған Жанарға бүгінде не көрінген?!. Жылтыңдап, ыржың-ыржың етіп, біресе «Бешбармақ-шоуда» жүреді, біресе «Той best star»… Басқа-басқа, Жанар эфирге бүйтіп шыққанша, мүлде шықпағаны артық еді, ел алдында өзінің абройын ғана емес, қазақтың қадірін кетіріп тынды…

Кезінде Әбубәкір Кердері бабамыз:

«Қызды көркем жаратқан,

Мінездің ауыр салмағы.

Осы күннің қыздары,

Жалтақ-жалтақ қарайды,

Біреуде бардай алмағы.

Оның аты қыз емес,

Шайтанның ұшқан қаңбағы» демеуші ме еді.

Егер телеарналарда берілетін хабар-ошар, әртүрлі көрсетілімдерді іріктеп, сұрыптап отыруды қолға алмаса, қазақ өзін-өзі осылай-ақ, өз телеарналары арқылы-ақ құртатыны сөзсіз. Және телеарна басшыларын тездетіп ана тілін, ата-баба дәстүрін, ұлттық рухты бірінші орынға қоятын адамдардан тағайындайтын күн туды.

 Жұмамұрат  Шәмші,

тарих  ғылымдарының  кандидаты

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

23 пікір

  1. Дәулет Серiкбаев :

    Тобылғы сай,Жiгiттер жаман iстi кәсiп етпе деген әндерiн сүйiп тыңдаушы едiк,Ұят болмасындағы ибалы келiн Айгүлдi де танымай қалдық.Айгүл де Жанар да бүлдiрдi.

  2. Ереке :

    Копшиликти надан деп айтканызга жол болсын, бул багдарламаны менде коремин менинде нАдан болганымба. Казак халкын бир кишкене макулык балага уксатканыныз кызык екен. Халкым керегин туйер, жаманын шыгарып тастар, оз елегинен откизер. Бул багдарлама казактын омири кызыгы — тойды корсетеди. Ани, бии, асабасы, осеги тагы бар. Кунде урлык — зомбылык, атыс-шабыс корсетеди дейсиз. Бул казыргы когамнын басты дерти. Оны корсетпегенде айтпаганда, жылы жауып койамызба? Жаман жол, сапасыз медицина, ауыз су тапшылыгы онсызда жабулы куйде тур. Казакстан телеарналарында ресейдин анайы багдарламалары, турыктын напсисын тие алмаган кыз жигиттердин омирын сипаттайтын хикаялардан гори, Сиз айткан бос кулки багдарламаларды корем, себеби ол менин омириме жакын. Бул макаланыз тырнак астынан кир издеу емеспе? Алде Жанардай аншинизден айырылган кынжылуынызба? Бул тек кана менин жеке пикирим, рахмет

  3. рысжан Муратбеккызы :

    Екуиде катырды барин

  4. Райхан :

    Мұндай мағынасыз-мәнсіз бағдарламалар көбейіп кетті десек те болады… Жұмамұрат Шәмші ағаның айтқанына толықтай қосыламын… «орыс ойына келгенін істейді» деуші едік… жеткен жеріміз осы болғаны ма? Ереке сонда елімізде болып жатқан түрлі жағдайларды осындай парықсыз дүниелермен жылы жауып қойған дұрыс болғаны ма?

    • Ереке :

      Сиз мени дурыс тусинбегенсиз ау, шамасы. Кайта бир окып шыгыныз. Жукеннин гой бул, неге бизздин реалды омиримизди корсетеди деп кынжылатын, жауып койайк деп отырган. Мен бул когамнын дертин айтуды макулдаймын.

  5. раушан :

    Шамши аганын созинин жаны бар. дос жылатып айтады, душпан кулдирип айтады демейме халкымызда.

  6. Кайрат :

    «Той best star» багдарламасын толыгымен Ресей мамандары тусiредi. Сондыктан олар бiздiн менталитетiмiзге жат нарселердi коп насихаттайды. Бул жерде Жанар мен Айгуль тек кана орындаушылар. Бiрак олардын азаматтык сана-сезiмi бар болса бул багдарламага арзан танымалдык ушiн туспеген болар едi, бояушы-бояушы дегенге сакалын боямай… Кiна арна басшылыгынан-оз мамандарымызга сенбей, сырттан мамансымактарды шакыртуында. Ал бiздiн аншiлер эфирге шыгу ушiн, басына борщ куйса да, бетiне торт жакса да кемсiтуге конiп тур. Жанар мен Айгульдi жургiзушiлiкке тандауы бекер емес сиякты. «Наша казаша» багдарламасымен шала-казактарды, жастарды казакылыктан арытып, ендi орта жане одан жогары жастагы буынга кiрiскен екен.

  7. Жадыра :

    ибалы келін Айгүл де, сызылып ән салатын Жанар да «жұлдыз» ауруына шалдыққандар деп білемін, сахнада тамақ төгіп, оған беталды жоқ, ыржаңдап күліп кімге не өнеге көрсетіп жатқандары??

    • Назерке :

      Оте орынды айттыныз, Жумамурат ага. Биздин елимиз, халқымыз курдымга кетип барады. Елинин қамын ойлайтын қазақ кашан туар екен?! Ана тележобага келер болсақ, бугин мен де бир санының узиндисин корип калдым. Айгул мен Жанарыңыз адептен жұрдай болган секилди. Жас урпак соларға карап бой тузейди гой. Не деген ойсыз адамдар еди? Кикылдап, шикылдаган жагымсыз кулкилеринин ози неге турады? Оте жиіркенішті.

  8. ия,адамды ойландырады осынын барi,

  9. Еңлік :

    Расында, осындай жеңіл-желпі бағдарламалар қаптап кетті. мағынасыз, мақсатсыз, сапасыз, талғамсыз. Әншілерден де қадір кетті. Бәрі «далбасалап» жүр. Себебі, биліктің өзі «далбасалап» қалды. Өкінішті…..

  10. Назым :

    Бағдарламаның форматы соны талап еткен шығар. Қазіргі кезде қайда барсаң, жоғары басшылар болашақтың шетелден оқып келген түлектері. Олар елдің менталитеті түгілі тілін түсіне бермейді. өдері қазақ тілі түгілі, орыс тілін менсінер ме екен? Осындай форматтағы бағдарламаны ұсынып отырғаны үшін солар жауап бергендері дұрыс деп ойлаймын, бірақ оларға бәрі бір

  11. Гулжаз :

    Саны бар сапасы жок багдарламаларга шектеу коятын кез жетти дегенменен кун санап артып барады. Айгул мен Жанар комакты каламакы ушин келискен шыгар багдарламага тусуге. Нарык заманында сананы каражат билеп тур емес пе

  12. Жанар :

    Жұмамұрат Шәмші ағамыз дұрыс айтады да жазады. Сахна -ол киелі ғой соны түсінбей жүрген біздің әншілеріміз қазақты қорлап жүр осындай істерімен.

  13. Men byganga dein ol bagdarlama jaily oilanbappyn,kazir bayrimizdyn makalasyn okip otrsam ol kisinyn oyi ote orindy eken,jalpy jobasyn kaldirsada bagdarlamanyn barisina ozgerister engizy kerek syakty,birak arine ozderi biledy goi.

  14. Сәуле :

    Кейбір әншілеріміз заман ағымына ілесеміз деп өздерін жоғалтып ала ма деп қорқамын,Жанардың тағы бір тамақ пісіру жөніндегі бағдарламаны жүргізгенін көріп қатты ұялдым, тыңдармандарының жанында сызылған дауысымен ,қазақылығымен қалғаны дұрыс еді-ау деген ойда отырдым.Дауысын қатты шығарып сөйлегені ,дауысының ащылығы -басқа адамды көргендей болдым.

  15. Мұхит Ықылас :

    Бәрін қойшы, осы Жұмамұрат Шәмші деген азамат соңғы уақытта қазақ тілі баспа сөзінде бірінші деңгейлі тілшілердің қатарынан ойып тұрып орын алып келеді. Жазғандары сапалы, мағыналы, жан-жақты, тартымды қазақы нағышта көркем әдебиетпен көмкерілген сөз саптауы керемет стилі жеңіл қарапайым тілмен жеткізеді. Оқыған адам ләззәт алады. Өткенде академик Қирабаев туралы тамаша мақаласын оқып разы болдым.
    Енді мына Жанар мен Айгүлді керемет сынапты. Бұл мақалаға сын айтудың өзі ыңғайсыз. Кеудесінде жүрегі бар адам селт етеді. Дені сау адам таақтың үстіне би билеу мен өлең айту барып тұрған сорақылық. Құдайдың өзі сақтасын. Бәрекелді Жұмамұрат баса бер сені қазақ халқы қолдайды.

  16. Коркем :

    Айгул не !стесе о !стес!н,Жанардын оган косылып, одырандаганы ерс!-ак.Сыйы кетт!.

    • Жазира :

      Жанар апайды бурын менде жаксы коруши едим. Осы багдарламасынбагдарламасын коргесин конилим калды. Осек айтып, бет алды жыртындау бизге тан емес. Ондай багдарламаны жауып тастау керек!!!

  17. Жұлдыз Әбіл :

    Рейтинг жинау үшін емес, саннан сапаға көшетін күнде келер инша Алла…

  18. Ахметова Марал :

    Кеше бір отырыста дастархан басында қазақтың қазіргі руханияты туралы сөз болды. Көп әңгіме болды, сонда осы мақаланың авторы Жұмамұрат Шәмші туралы да көп мақтады газет журнал оқыйтындар. Соны жазып алып үйге келіп Google-ден іздеп тауып алдым. Мақалаларын оқып шықтым. Кәдімгідей риза болдым ол кісіге. Рас айтам қыздар. Мынау тамаша дүние жазылған. Біз кім болып барамыз, қазаққа қатысты ар-намысын оятатын рухты жігіт екен. Әрбір мақаласын плинтрден шығарып оқушыларыма апарып бердім. Рахмет сізге Жұмамұрат Шәмші сіз біздің көзімізді аштыңыз. Табыстар тілейміз.

  19. KenntupeTror :

    Propecia Nioxin Follicle Booster viagra Worldwide Levaquin Price

  20. Kelchoolo :

    Viagra 100mg 12 Tabl cialis buy online Kamagra Oral Jelly 5gm Sildenafil

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


4 − = 1

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>