Нұрлан Сәдір: Тезек

1331369219_kazakhstan

Көшенің қақ ортасында жалпиып жатқан сиырдың жапасын алғаш болып ауыл әкімі байқады.

Ауыл әкімі:

– Бұл не масқара?!. СЭС не қарап жүр?!

СЭС қызметкері:

– Е, бұл, жалпы, біздің жұмыс емес. Әкімшілік кодекс бойынша елді мекен тазалығын аумақтық инспектор қадағалайды.

Аумақтық инспектор:

– Мынаны тышқан, т.е қалай еді, кәк еткен адам емес, мал. Ал мал жөнінен ветинспектордан сұраңыз.

222

222

Ветинспектор:

– Әдетте дені дұрыс мал бұл жерге келіп жапаламаушы еді… жануар бір нәрседен, мүмкін жер сілкінісінен қатты үрейленген болу керек, ал бұл дегенің-төтенше жағдай. ЧС-ті шақыру керек. Сосын мынау уже кеуіп, тезек болып қалған, от тисе лап етейін деп тұр. 01-ге звондаса да артық етпейді.

ЧС қызметкері:

– Тіпті бұл ЧС болып санала қалған жағдайдың өзінде, экологияға қатысты төтенше жағдай, және, бір жағынан, жапа – экологиялық таза өнім емес пе?

Эколог:

– Мен адамдардан бір күндік жалақысын ұстап, түскен қаржыны жапаны арнайы полигонға көму үшін жұмсауды ұсынамын.

Топ ішінен біреу:

333

333

– Жетер сол жинағандарың да, қоймайды екенсіңдер!

Жолаушы:

– Мүмкін сиырдың өзін тауып алып, сойып, етін өткізіп, ақшасын қажетті шараларға жұмсармыз?..

Топ ішінен біреу:

– Бұл – жүгенсіздік, бетімен кеткендік.

Жолаушы:

– Тыға салайық бұл боқты.

444

444

Топ ішінен біреу:

– Бұның қып-қызыл коррупция!

Жолаушы:

– Мына топырақпен ойнап жатқан балалардың күрек-шелекшелерін тартып алайық та, атасына нәлетті көміп тастайық.

Топ ішінен біреу:

– Тартып алу дегенің рейдерство ғой.

Жолаушы:

– Әй, бұл іспен әйелдер айналыссын, атам заманнан бері қи-тезек солардыкі емес пе?

Топ ішінен біреу:

555

555

– Сіз не, гендер саясатына қарсысыз ба?

Жандарынан өтіп бара жатқан шетелдік:

– Бұл не дау, не бөле алмай жатырсыздар?

Бәрі жапа-тармағай:

– Біз мына…, қалай Сізге мәдениетті түрде түсіндірсек екен… ірі қараның үлкен дәретін қайда жіберерімізді білмей басымыз қатып жатыр.

Шетелдік:

– Мүмкін оны маған бере саларсыздар?

Бәрі жапа-тармағай:

– Құдай тілеуіңді берсін, алып кетші, ағатай!

Шетелдік сәл бір шетке шығып, тезекті әдемі орамаға салып, сыртына «ЖОҒАРЫ САПАЛЫ ТАБИҒИ ТЫҢАЙТҚЫШ» деп қатырып жазып, қайтып келеді.

– Сіздерге тыңайтқыш керек емес пе?

Бәрі жапа-тармағай:

– Керек, әрине.

Шетелдік:

– Міне, мынау менің есепшотым, ақша түсісімен тыңайтқыш сіздердікі.

Тобыр разы қалыпта бас изейді.

 

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

7 пікір

  1. Жулдыз Какенова :

    тусинген адамга улкен намек)))))))) жаксы жазылган

  2. рысжан :

    Оо кушти жазыпты !.)

  3. Райхан :

    Астарлы әңгіме деген осы! Керемет!

  4. назым :

    Тапқырлық! Рахаттанып күліп,риза болдым.

  5. KenntupeTror :

    Progesterone Hormone Replacement buy viagra online Achat Cialis Cheque

  6. Kelchoolo :

    Viagra Rezeptfrei Bankeinzug viagra prescription Normal Dose For Amoxicillin

  7. Kelchoolo :

    Zentel 400mg Where Can I Buy Best Website viagra Amoxicillin Cause Indegestion

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


3 − 2 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>