Ел еңсесі – егемендік

111Осыдан төрт жыл бұрын, Тәуелсіздіктің 18 жылдығымен халықты құттықтау сөзінде Елбасымыз Н.Назарбаев: «Тәуелсіздік бізге, ең алдымен, той тойлау үшін емес, ой ойлау үшін керек. Тәуелсіздіктің тайғақ кешулі жолында алдымыздан шығатын асу-асу белдер де болады. Ұлттың ұлан асуында ұйытқи соғатын желдер де болады. Сол асу-асу белдерде белімізді талдырмауымыз керек. Сол ұйытқи соғатын желдерде ұлы мұраттарымызды ұмыт қалдырмауымыз керек. Нағыз тәуелсіздікке қиын істе тәуекелге бара алатындардың ғана қолы жетеді» деп еді.

Мен де бүгін тәуекелге барып, біраз ой білдірсем деймін…

Елбасымыз айтқандай, «Тәуелсіздігімізді алған жылдары көп нәрсе басымыздан өтті, көп нәрсеге қол жеткіздік». Саясатта болсын, экономикада болсын, әлеуметтік яки мәдени сала болсын, ауыз толтырып айтар жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. Оның бәрін тізбектеп шығудың қажеті жоқ. «Аюдың тоғыз әні бар, Айтатыны бәрі – бал» дейді қазақ, тәтті өмір, тоқ өмір туралы, бал өмір туралы бұған дейін айтылған сөздерге толық қосыламын, сондықтан оларды қайталап жатпайын.

Бүгін балын ұсынған өмір ертең уын да ұсынарын айтсам деймін. Осы жылдары өзгеріссіз қалған «қазақтың жаны» деген бір мәселені айтсам деймін…

Иә, ғасырлар бойы еңсесін көтере алмаған ел едік, егемендігімізді алып, еңсемізді тіктедік. «Құдай бұйырса – пайғамбар «қыңқ» демейді» дегендей, құдайдың өзі берген егемендікті құдайдың өзі ғана тартып алмаса, өзге ешкім тартып ала алмайды деп сеніммен айта аламыз ба? Сенімнен гөрі көңілде күдік көп. Әлі де етек-жеңіміз ашық-шашық. Шекарамыздың қалай қорғалып тұрғанын жалғыз Челах ісі тайға таңба басқандай көрсетіп берді. Өзге көрші елдер шет аймақтарына, шекараның маңайына халқын тығыз орналастыруға жанын салады, біз, керісінше, шет аймақтардың бәрін тастап, орталық қалаларға ойыстық. Ауылдар қаңырап бос қалды. Бұл – бір.

222Ерте ме, кеш пе, жаханданудың дауылы жайпап тастайтын түрі бар. Аман қалғымыз келсе, өзіндік болмысымызды, табиғатымызды сақтауға міндеттіміз. Қазір қазақ болуға, қазақша сөйлеуге намыстанатын сатқындар бар. Ауылдың қиян түкпірінен кеше келіп, бүгін орысша шұбарала сөйлеп, «мен қазақпын!» деуге ұялатындар бар. Жастарды былай қойып, орта буын, аға буын қазақтың ішінде жалғыз ұлының немесе жалғыз қызының тілін орысша шығарғандар бар. Олар маған дос емес. Олар қазаққа дос емес. «Тұғырына саңғыған – сұңқар оңбас, Үйірінен қаңғыған – тұлпар оңбас» дейді қазақ. Құлдық психология, «кемтарлық комплекс» бізді жегі құрттай іштен мүжіп жеп жатыр. «Кемтарлық комплекс» дегеннің не екенін түсініп отырған шығарсыздар – «комплекс неполноценности». Бұл психологиядан арылмай, қазақ екеніңе мақтанатындай сезім күшеймей, өз тілімізде сыбырламай, дауысымызды биік мінберлерден шығарып, анық, ашық, таза сөйлемей егемендігіміздің құны көк тиын. Бұл – екі.

Мемлекет деген не? Егемендік деген не? Тәуелсіздіктің құны қандай? Егемендік деген, мемлекет деген – ең алдымен, заң емес пе? «Өз өзімізге қожамыз, өзгелермен тереземіз тең елміз» деген Атазаңымыз емес пе? «Римге келген соң, Римнің заңдарын орындауға тура келеді» дейді екен итальян мақалы. Біз дәл солай «Қазақстанға келген соң Қазақстанның заңын орындауыңа тура келеді» деп талап ете аламыз ба? Өзіміз орындай алмай отырған заңды өзгеден қалай талап етеміз? Заң – халық пен билік арасындағы үйлесім. Заңға хан да, қара да бағынады. Президентіміздің «Заңның алдында бәріміз бірдейміз» деп айтқаны бар. Заңымыз әрқашанда әділетті болсын! Құран Кәрімде «Ақиқат бар жерде әділдік бар» дейді. Ақиқат дегеніміз, бүгінгі біз үшін – заң. Сіз бен бізге ортақ заң. Ендеше сол заңды орындауға, заңға бағынуға әрбір қазақстандық міндетті. Орыс та, кәріс те, ұйғыр да, өзбек те, неміс те, 136 ұлттың бәрі де! «Шындық жоқ жерде өтірік шайқап жүреді, ол барда байқап жүреді» деген сөз бар. Әділдік, шындық жоғалған сайын, өтіріктің шайқап жүрген жайы бар. Бұл – үш.

333«Құдай өзі бере салған тәуелсіздік» десек те, тереңге үңілсек, тәуелсіздіктің құны бізге тым қымбатқа түскен жоқ па? Ғасырлар бойы төгілген ата-бабамның қаны, елім деп еңіреп өткен Исатай мен Махамбеттей ерлердің армандары, Ахмет, Ілияс, Бейімбеттердің ұлы мақсаттары, желтоқсаншы қыршын жастардың өрлігі – бәрі осы жолда құрбан болмап па еді? Сол тәуелсіздігімізді қара басының құлқынына айырбастап, Ахаңдардың «елге болсын» деген байлығын тонап, елін де, жерін де сатып кеткендерді «сатқын» дегеннен басқа не деуге болады? «Жасырып жаман іс істегеннен гөрі – әйгілеп қайыр сұраған жақсы» дейді халқымыз, сол қарақшы-алаяқ-ұрылардан көшеде қайыр сұрап немесе арба сүйреп жүрген қазақ – мың есе артық, солар бізге дос, туыс. Сабыр Адай айтқандай, «сол қазақ менің жалғызым…»

Тәуелсіздік жылдарында ондаған ұлттық компаниялар, ондаған институттар, жүздеген мектептер мен балабақшалар салынды. Экономикамыз қарыштап алға дамыды, саяси аренада Елбасы Н.Назарбаев халықаралық деңгейде өзі де танылды, елді де танытты.

Қуатты да бай мемлекет бола алатынымызды өзімізге де, өзгеге де дәлелдедік. Алайда, қазақ тілі мен ділі, дәстүрі мен болмысы мұражай экспонаты, ескіліктің сарқыншағы болып тасада қала берсе, қазақтың жаны жазушы Тұрсынжан Шапай айтқандай – бықсып күйіп жатса – дамыған саясаттан, өскен экономикадан, 22 жылдық Тәуелсіздіктен не қайыр? Жетімнің күйін кешіп, шалажансар жүрген қазақтың жанын не бар қылайық, тірілтейік, не мүлде жоқ қылайық… Қазақ тілінен, қазақ дәстүрінен, болмыс-менталитетімізден мүлде бас тартайық та, ірі бір бағдарлама қабылдап, артқа алаңдамай, қазақпын деп егіліп-езілмей, тек алға – жахандану процесіне бел шеше кірісейік. Екінің бірі.

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Адал армандарға бірге барайық! «Ел еңсесі – егемендік» десек, ендеше, бүгежектеп бұға бермей, еңсемізді тіктейік! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Сәуле ӘБЕДИНОВА

«Ақжүніс-Астана» журналы

*Суреттер ғаламтордан алынды

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

5 пікір

  1. KenntupeTror :

    Zithromax Z Pak Dosage cialis online Drug Store

  2. Kelchoolo :

    Cialis Dolor De Ojos cialis Kamagra Sildenafil Citrate

  3. Clomid Avec Internet buy cialis Il Viagra Italiano

  4. cheap viagra no rx
    generic viagra online
    viagra buy now pay later

  5. cheap viagra uk no prescription
    viagra generic
    viagra for cheap

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


7 − 4 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>