«ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ» елге жолдама алды

089c4a257047a40c211c94df610fcf331 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні «Қазақстан» Орталық концерт залында «Елбасы жолы» киноэпопеясының екінші, үшінші тарауларының таныстырылымы өтті. Фильмнің тұсаукесер рәсіміне халық көп жиналды. Араларында Үкімет мүшелері, Мәжіліс және Сенат депутаттары, белгілі ақын-жазушылар болды.
Қазақ кино өнері тағы бір тың туындымен толықты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әділеттің ақ жолы», «Ғасырлар тоғысында», «Еуразия жүрегінде» кітаптарының желісімен, сол сияқты, Мемлекет басшысымен қызметтес болған әріптестері мен достарының естеліктері бойынша түсірілген көркем фильм көрерменге жол тартты. Бұл фильм – 2011 жылы қазақ кино-қоржынына ерекше құбылыс болып қосылған, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы мен жасөспірім кезінен сыр шерткен «Балалық шағымның аспаны» атты биографиялық туындының жалғасы.

«Елбасы жолы» киноэпопеясы «От өзен» және «Темір тау» деген екі фильмнен тұрады. Көркем туынды басты кейіпкер — ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  қызығы мен қиындығы мол студенттік жылдары туралы сыр шертеді. Көркем фильмде кең сахарада Қазақстан өнеркәсібінің болашағы құрылып жатқан шақтағы мемлекеттегі айрықша тарихи құбылыстардың оның жеке тұлға ретінде қалыптасу кезеңіндегі маңызы қызықты сюжеттер арқылы баяндалады.

Жас Сұлтан туған ауылынан республикалық жастар құрылысына металлургтер қаласы Теміртауға аттанады. Ол жақтан Украинаның Днепродзержинск қаласына оқуға кетеді. Осынау өнеркәсіп орталығына айналған қалада ол жаңа достарымен танысады, жаңа мұғалімдер мен ұлағатты ұстаздар табады. Кейін оқуын тәмамдаған жас маман өз Отанына қызмет ету үшін Теміртауға оралады. Өзінің кәсіби еңбек жолын қарапайым металлург қызметінен бастайды. Осынау қиын жылдары жас Сұлтан қажыр-қайраты мен табандылығының, еңбекқорлығы мен күрескерлігінің арқасында Орта Азиядағы ең ірі металлургиялық комбинаттың басшыларының біріне айналады.

777Рүстем ӘБДІРӘШЕВ, режиссер:

– Елбасының 1958-1968 жылдар аралығындағы еңбек жолымен бір жарым жыл бойы «жүріп өттік». Екі толықметражды фильм дүниеге келді. Бір жарым жылғы материалдың барлығын қамту мүмкін емес. 200 сағаттық түсірілімді 3 сағатқа жинақтап, сыйдыру оңайға соқпады. Өте жақсы материалдар қоржынға кетті. Сол материалдардан кем дегенде тағы 4 телевизиялық көрсетілім шығаруға болар еді. Киноэпопеяға 100-ден астам әртіс жұмылдырылды. Түсірілім барысында небір қызықты оқиғалар да орын алды. Мәселен, Сұлтан Днепродзержинскіден кетейін деп қоштасып жатқан кезде жаңбыр жауады. Әрине, нөсер жаңбыр қолдан жасалды, бірақ кадрдің ішінде жарқ етіп шыға келген кемпірқосақ компьютермен салынған жоқ, ол шынында да солай болды.
Киноэпопеяның жалғасы болады. Бұл екі картина Елбасының билік шыңына дейінгі жолы баяндалса, жалғасында Президенттің билікке келу жолы және оның Қазақстан үшін жеткен жетістіктері суреттеледі…

888Нұржұман ЫҚТЫМБАЕВ, ҚР Халық әртісі:

– «Балалық шағымның аспаны» фильмін көрген болсаңыз, қаршадай баланың түн ортасында қарды белден кешіп, мектепке баратыны есіңізде шығар. Қиындыққа қарсы жүруге ол жастайынан үйренген. Анау жылынған кішкене оттың өзі бұл кісінің жүрегіне от болып, шоқ болып бітті.
Елбасы туралы фильмнің шығуы, мәні мен маңызы тарихқа керек. Тарихқа көз жүгіртсек, Президенттер туралы, прес-секретарьлар туралы, премьер-министрлер туралы дүниежүзінде талай фильмдер түсірілді. Соның ешқайсы есімізде қалған жоқ. Ал бүгінгі фильм, ең алдымен, еліне адал қазақ азаматы туралы. Кішкентай баланың дүниеге келген күнінен бастап, өзінің халқымен біте қайнасып, бірге өсіп, ержетуі, ел көрген қиындықты бірге көруі, тұлға болып қалыптасуы, содан кейін мемлекетті басқаруы – мұның бәрі Елбасымыздың өмірі ғана емес, қазақ халқының тарихы.
Фильмде бір көрініс бар. Жас Сұлтан алғашқы жалақысын ата-анасына жібереді, одан кейін де айлық алған сайын әке-шешесіне көмек болсын деп табысының бір бөлігін салып отырады. Ал әкесі мен шешесі ақшаны жұмсамай, жинап, Сұлтан үйленгенде ол қаражатты оның өзіне береді. Бұл әкенің балаға деген жүрегі. Баланың әке мен шешеге деген құрметі. Көрсетілім кезінде мен Нұрекеңе жақын отырдым. Нұрекең сол кезде маған қарап бұрылды да: «Әй, сен әкемді есіме түсіріп, жүрегімді езіп жібердің ғой» деді. Мен «рахмет, рахмет» дедім. Актерге содан артық бақыт бар ма?!. Мен сол нәтижеге жеткеніме қуандым.

111Нұрлан ӘЛІМЖАНОВ, актер:

– Елбасымыздың жүріп өткен жолы кім-кімге болсын қызық, Елбасы ролін сомдау кез-келген актерге бұйыра бермейтін сыбаға. Бұл орайда жолым болды деп ойлаймын.
Фильмді түсіруді Еуропадан бастадық. Мәскеу мен Рига қалалары, Украина, Беларусь Республикасы және Эстония елдерінде түсірілім жұмыстары жүрді. Әрбір эпизод үшін жан-тәнімізбен берілдік. Мен Президенттің рөлін ойнаған жоқпын, себебі ол жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы Президент емес, үлкен арманның қанатында жүрген жас жігіт еді ғой. Сол кезеңдегі оқиғалар арқылы Елбасының жігіттік жалындаған жастық шағын, досқа деген адалдығы мен қамқорлығын, ата-анаға құрметін көрсетуге тырыстым. Көшбасшы болған соң, жан-жақты болу керек. Ол кісі сол жылдардың өзінде ақылды, парасатты, жігерлі, сабырлы, алыстан меңзейтін көреген болғанын оның өмірінің сансыз көріністері айқындап жатыр. Ол достарына адал, ұлтын сүйеді. Мұның барлығы фильмде жан-жақты көрініс тапты.
Картина халыққа ұнайды деген сенімдемін, бағасын да халық бере жатар…

444Әбіш КЕКІЛБАЕВ, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы:

– Бұл туындыдан қарапайым халықтың арасынан қайнап шығып, елдің, жердің қамын ойлаған, сөйтіп заманының зор қайраткері дәрежесіне көтерілген азаматтың өмір жолын бағамдадық. Сондай-ақ, қайсар жігіттің қабілеті мен дарыны арқылы өндіріске белсене араласып, ондағы негізгі тұлғаның біріне айналған қазақ жұмысшысын көрдік. Бұған қоса, фильмде тек Елбасының ғана образы ашылып қоймай, оның жанындағы жас қазақ жұмысшыларының мінезі мен қабілеті, жалпы тұтас бір буынның өмір жолы жақсы өрілген. Сол дәуірде қазақ жастарының индустриялық даму мен осы жолда жеткен жетістіктерді терең түсініп, оның философиясы мен психологиясын жақсы меңгергені фильмде жақсы көрсетілген. Жалпы Елбасының отты өмір жолы арқылы халқымыздың өмірі түгел дерлік қамтылған. Қазақтың қайсар жігіті алда кездескен қиындықтардың бәрін жеңіп, қызмет жолында әбден ысылып, елдің азаматына айналған. Осыған қарағанда, көркем туынды өз мақсатына жеткен.
555Қуаныш СҰЛТАНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Елбасымыз туралы көркем фильм өте сәтті шығыпты. Көріп, риза болдым. Расын айтқанда, көркем дүние дегенмен, мен өз басым бұл фильмді тарихи кино деген болар едім. Өйткені, сол кездегі өмір шындығы, тарих шындығы бұрмалаусыз анық әрі нақты көрсетілген. Біз де сол дәуірдің ұрпағы болған соң, ол кезеңдердің оқиғалары мен адамдарының сол кездегі оқиғаларға көзқарасын, сондай-ақ өз қатарластарымыздың мінез-құлқын жақсы білеміз. Мен мектепті 1961 жылы бітірген болсам, бұл кісілер 1958 жылы Теміртауда болыпты. Расында да, ол кезде Теміртаудың атағы жер жарып тұрды. Сол кездегі алғыр жастар, жүрегінде алауы бар азаматтар Қазақстан Магниткасына баруға шынында да құштар болатын.
Менің қуанып отырғаным, тұтас киноэпопеяға айналған үш фильм жас өскін балаларға, өмір жолын таңдауға бет алған бозбала, бойжеткендерге үлкен үлгі-өнеге болары анық. Фильмді түсірушілер нағыз тарихи оқиғаларды Елбасы өмірі арқылы көрсете отырып, жас қазақ жұмысшыларының алғырлығын, қайсарлығын, ең бастысы – мықтылығын дәл бере біліпті. Мұны көрген әрбір жастың өзі де үлгі алады. Оттан да, судан да өте біліп, нағыз азаматтықтың шыңына шығып отыр.

111Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, мемлекет және қоғам қайраткері:

– Негізі өндіріс жайында көркем дүние түсіру қиын ғой. Сол жағынан алғанда қалай болар екен деп алаңдағанымыз бекер болып шықты. Қызығып кіріп кеткеніміз сонша, қалай аяқталғанын да білмей қалыппыз. Фильмді жасаған азаматтарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Ерліктің, еңбексүйгіштіктің, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі деп ойлаймын. Сонымен бірге әрбір көрермен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының еңбек жолынан өнеге алса, қандай ғажап?! Елден жеткен қарапайым қазақ жігіті уақыт сынынан өте келе, нағыз көшбасшыға айналды. Бұл – отансүйгіштікке, патриоттыққа шақыратын керемет туынды….
Әр ел өзінің ерлерімен мақтанады. Өйткені, елін сүйген ердің жолы елдің жолына ұласады. Әсіресе, мемлекет дамуына сүбелі үлес қосып, абыройын асқақтатып жүрген азаматтардың өмірі ұрпаққа үлгі. Ата заңын ұлықтап, Сарыарқа төсінен Астанасын сайлап, ядролық қарудан бас тартып, ұлттар достығын нығайтып, әлемдік көшбасшылыққа ұмтылған еркін елдің, қуатты мемлекеттің негізін қалап, іргесін бекітуші – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі де кейінгі ұрпаққа үлгі болары анық.

Дайындаған
Абзал НҰРМАҒАМБЕТ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

4 комментария

  1. Dominique :

    viagra buy switzerland
    generic viagra
    buy cheap viagra blog

  2. viagra buy now pay later
    viagra pills
    viagra buy in uk

  3. where can i buy real viagra online
    sildenafil citrate online
    cheap viagra au

  4. order viagra with mastercard
    viagra online
    order viagra pfizer online

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


− 1 = 8