Галош пен сланцы

SONY DSCБір күні галош (Г) пен сланцыдың (С) айтысып жатқанының үстінен түстім:

Г: Осы сен-ақ қалмайды екенсің!

С: Неге қалам, кім аяқтандырады сонда 10 млн қазақты?!

Г: Оу, міне, мен тұр емеспін бе?!. Бір Одақтанбыз дегендей. Сосын сенен бір иіс шығады, осы…

С: Сені көп киген кісіде де «русский дух» деген пайда болатынын айтып қоялын. Сосын сенің не керегің бар Қазақстан деген жерінің жартысы дерлік батпақ Ресей емес қой. Құрғақ жерде слансиден артық не бар, шіркін!

Г: Елдің бәрін майтабан қылып болып, сөйлейсің-ау еще…

С: Ау, көке, менің майтабаным сенің ревматизміңнің қасында жіп есе алмай қалуы мүмкін.

Г: Давай, былай етейік, қыста – мен, жазда – сен. Ал көктем-күзде алма-кезек дегендей… Бұл қазақ екеумізге жетеді, таласпай-ақ қоялық. Сосын бұл елдің 40 пайызы тек менің тілімде ғана сөйлейтінін біле жүргейсің.

111С: Кезек жөнінен келісе жатармыз. Ал сен бұл елдің мұнай-газының 40 пайызы менікі екенін ескере жүр…

Г: Осы қазақтың қаншасы галош-сланси сипатты екен, есептеген жоқсың ба?

С: Есептегенім жоқ, қазіргі ахуал өзгермесе, «біздіктер» көбеймесе – азаймайтыны анық қой. Сосын, сен Кедендік Одақты пайдаланып өзіңді жөнді-жөнсіз тықпалауыңды қойсаңшы, жұрттың бәрін туберкулез, ревматизм қылып болдың.

Г: Өй, ол аурулардың бәрі сосын сіздерге барып емделеді ғой, қалтаңа юань түсірген қайта маған рахмет айтпайсың ба?!. Одан да келген-кеткеннің бәріне сапасыз кәкір-шүкіріңді арқалатып жібергенді өзің де азайт.

С: Оның несіне сасасың, шекара қазір сіздің қолда емес пе?

Г: Әй, давай, шекара жағына барыспай-ақ қоялық, а…

Осы кезде мен аяқ астынан түшкіріп қалып, өзімді байқатып алдым. Түшкіргенімді ести тұра әлгі екеудің біреуі де «сау бол!» деп айтқан жоқ. Мен, жалпы, галош-слансиді тек дәретханаға барғанда киіп жүр едім. Ерегіскенде, енді тіпті кимей қоямын-ау осы. Аю мен аждаһаның жылағанын естімегелі көп болды….

Нұрлан СӘДІР

 

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

1 пікір

  1. Айдын :

    Жон-жосыксыз скактар жазылмаса екен, журек айныйды

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


7 + = 16

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>