Ауру адам сау адамның басынан тәж көреді

333«Жүре берсең – көре бересің» деген рас қой. Тірі жүрген адам тіршіліктің барлық қызық-шыжығын тауысып тастағандай көреді. Бірақ, алға қадам басқан сайын түк те көрмегеніңді түйсіне түсесің.
Бақыттың кілтін іздеп жүрген барлық адам оның бір кілті және басты кілті – денсаулықта екендігін білуі тиіс.
Осыдан он шақты жыл бұрын еді. Бірде жақын бір досыммен сырласып отырып: «Тек балаларым аман болсын, басқа қиыншылықтың барлығын көтеремін» деп күпірлік айтып жібердім. Және мұны шегелеп, қайта-қайта қадағалап тұрып айтқаным да есімде. Әрине, бұл кез-келген ананың бала-шағасы ауру-сырқаудан, бәле-жаладан аман болсыншы дейтін тілегі ғой.
Алайда, араға аз ғана айлар салып бір іссапардан қатты ауырып оралдым. Бастан өткермей адамдарда осыншама қараулық болатынын қайдан білгенсің?! Кімге керек болғаны бір Аллаға аян, менің тамағыма қоршаған көп «достардың» бірі дәрі қосып жіберді-ау…
Сол күндері менің жаным ауырып жатыр ма әлде тәнім сырқат па, білмейтін едім. Өң мен түстің арасында азаптандым. Аяқ-қолым көпке дейін икемге келмеді. Дүниеден баз кешіп, қара су да тата алмай торығып жатқан кездерімде тіпті, балаларымның бар екенін де ұмыттым. Олардың не ішіп, не жеп жатқанымен де ісім болмады. Бір бірімен қуаласып ойнап жүрген ботақандарымның де менімен ісі жоқ. «Жанбөлек» деген осы екен. Кереуетте кірпігімді де қимылдата алмай жата бердім. Бүкіл өмірдің қызығы ада қалды. Сол күндерде тек орнымнан тұрсам, осы сынақты жеңсем деп тілегеннен бөлек менде мақсат-мүдде болған жоқ. Тыраштанып жиған еш дүнием маған керек болмады. Ең әдемі көйлектерім де мені қызықтырмады. «Мен кез-келген қиындықты көтерем» дегенім күпірлік болып шықты. Басыңа түскен сынақты еңсеруге Алла саған күш-қуат бере ме, Жаратқан иеміз бізді қолдай ма – бұл бөлек тылсым екен.
111Мен сол кезде ғана бақыттың кілті – денсаулық екендігіне анық көзім жеткен. Аяқ-қолың бүтін болып, ешкімге тауқыметіңді артпай, ішкенің тамағыңнан өтіп ойнап-күліп отырсаң – одан артық не керек? «Ауру адам сау адамның басынан тәж көреді» деген тәмсіл текке айтылмағанына осылай көзім жетті.
Осы арада мына бір оқиға есіме түсіп отыр. Журналистерге де жұрт мұң-мәселесін айтып келіп жатады. Бірде біздің редакцияға протез аяғын сүйретіп бір жігіт келді. Бастапқыда газеттен көмек сұрап келген жан шығар деп ойлағанмын. Бірақ, бұл жігіттің жайы мүлде бөлек болып шықты.
Алматыға Жамбыл облысынан «жаңа аяқ» салдыруға келген Ғани Есентайұлы мына жалғандағы жақсы адамдарға, сүйіп алған адал жарына, қала берді адамгершілігінен айырмаған Алла тағалаға алғысын айтуға келіпті. Келерін келгенмен, әңгімесін неден бастарын білмей абдыраған Ғани, «бар айтайын дегенім осы қағаздын ішінде» дегендей, торкөз оқушы дәптерінің парақтарын ұсына берді.
Өндірдей жігітті абайсызда опық жегізген оқыс оқиғаның ұзын-ырғасы төмендегідей. Бұдан біраз жыл бұрын, яғни 1988 жылдың көктем айында Ғани егін алқабына сутасығыш мәшинемен су әкетіп бара жатады. Жастығы, албырттығы болар, мәшине абайсызда жолдың шетіне шығып кетіп, сасқалақтап, көлікті кілт бұрып жібергенде, судың екпінімен Ғани көлікті игере алмай қалады. Көз алдында төңкеріліп бара жатқан дүние…
Есін бір жиғанда жерде жатқанын біледі, еш жері де онша ауырмайтын сияқты. Тек оң аяғы тызылдап, қан сорғалап жатқан сияқты. Сол сәттегі қанға бөгіп жатып, оның есінде қалғаны – «біткен жерім осы екен-ау» деп, шағал топырақты уыстап жылағаны. Әскерден жуырда ғана келген, жиырмадан енді ғана асқан қыршындай жігіт есі кіресілі-шығасылы жатып, біреулердің келіп, оң санын байлап, ауруханаға жеткізгенін де еміс-еміс біледі. Дәрігерлер жамбасы сынған, оң аяғы езіліп, қуығы жарылған жігіттің өмірін алып қалу үшін қолдарынан келген көмекті аямапты.
Жарық дүниенің есігін қайта сығалап ашқанда көргені – оң аяқ тізеден жоқ, қуық бір түтікке тәуелді болған…
222«Бәле қайда, бассаң аяқ астында» деген осы. Мына тірлікте мұнан да қайғылы, бұдан да қиын оқиғалардың өтіп жатқанын білетін жігіттің айтайын дегені де бұл емес екен. Ең бастысы – мына жалғанда жақсы адамдардың бар екенін жұрттың есіне салу. Ол Жаратқанға 12 мүшесінің бірін алғанмен, сана-сезімін алмағанына, адамгершілігінен айырмағанына тәубе айтады.
Мүгедек өмірдің алғашқы кезеңіне көндіге алмай жүргені де есінде. Сол жылы қыркүйек айында Алматыға жасанда аяқ салдыруға келеді. Қырсық шалғанда қуығының тігілген жері ашылып кетіп, екі жерден дәрет алып жатқан жігіттің науқасын әпкесі айттырмай сезіп, жедел жәрдем шақырады. Ауруханаға алып- ұшып бара жатқан жедел жәрдемнің ішінде әпкесі Катяның: «Әлі-ақ жақсы болып кетесің, шыда, жаным. Сен жігіт адамсың!» деп маңдайын сипап басу айтқаны, баласындай айналып-толғанғаны, өмір сүруге қайрағаны – дәл сол сәттерде оған кәдімгідей шипа болған секілді.
Алайда, Ғанидың бағы алыстап кетпеген екен, қол созым жерде оны айналшықтап, сағаттарын күтіп жүріпті. Күндердің күнінде жоғары білімді, Алматыдағы ЖенПИ-ді тәмамдаған бүлдіршіндей қыздың өзінің жары болуға келісім беретінін кім білген. Алматыға келгенде әпкесінің таныстыруымен Қалиланы ұнатып жақсы көрді. Екеуі келісіп, отау құруды ұйғарғанда қайыненесінің қарсы болғанын да біледі. Ғанидың сол кездері көңіліне мұң ұяласа да, болашақ енесінің көңіл-күйін ұққан-ды.
– Менің дәп сол кездері оңған қылығым жоқ еді. Оң аяғымның жоқтығына, басқа да ауру-сырқаттарыма қарамай арақ дегенге үйір болып жүр едім. Осының бәрін біле тұра, Қалила менің жартым болуға келісті, қиын сәттерде маған тіреу болды. Марқұм, екінші анамыз, қайын енемді айтам, маған әруағы риза шығар. Әйелімді азамат ретінде қолымнан келгенше құрметтеп, ренжітпеуге тырысумен келемін. Қазір үш баламыз бар. Екі ұл, бір қыздың әкесімін. Зайыбым Қалила мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Өзіміздің 10 гектар жеріміз бар, – деген еді сол жігіт.
Сол жылдары Ғани жеке шаруа қожалығының атын, қиын кезде жақсылығын аямаған әпкесінің баласының есімімен, әрі ісіміз де берік болсын деген ниетпен «Берік» деп атапты. Жер-ананы жастанып жатып, жеңіл автокөлігімен отбасын біреуден ілгері, біреуден кейін асырап жүрген, алдағы күндерден де үміті мол азамат адам баласына өкпесі жоқ екенін айтқан. Жердің тілін игерген еңбекқор жігіт жұрт жылына екі рет оратын жоңышқаны үш рет орып алып жүр екен.
Әкеге қыз бала жақын болатын болу керек, әлде сағынғаны ма, тек кішкентай қызының қылықтарын көп айтты.
– Көктем шығып келе жатыр, тағы да өзіміздің бөліп алған жерімізге жоңышқа, пияз егіп, үйлі болудың әрекетін жасау керек, балалар да өсіп келеді, – деп қояды Ғани. – Тек өткен жыл жағдайымыз аздап болыңқырамады. Оның үстіне жасанды аяқ та тозып, жарамай жүрген еді. Қаражат жетіңкіремеген соң «Аса» селолық округінің әкіміне барып мән-жайды түсіндіргенде ол кісі сөзге келмей, аудан әкімі атына өтініш жаздыртып, ол кісілер қаржылай көмектерін де, адами ақыл-кеңестерін да аямай, Алматыға аттандырып салды. Алайда, осының басы-қасында жанашыр болып жүрген өз зайыбым еді. Мектептен алатын аз ғана жалақысын қолыма ұстатып, «алдыменен аяғыңды түзетіп ал, қалғанын құдай жеткізер» деп шығарып салды, – дейді Ғани мына дүниедегі ең жақын адамдарына алғыс сезімін ақтарып.
Алматыға келіп, «жаңа аяғымен» Медеу баспалдақтарымен жоғары өрмелеп, табиғаттың сұлулығын тамашалап, мына жалғанда адамгершілігін жоғалтпаған жандардың болғанына және бола беретіні үшін Аллаға мың алғыс айтып, өмірге деген құштарлықпен ауылына, өзінің туған Асасына кетіп бара жатқан Ғани осылай деген.
Намысы бар, қажыр-қайраты бойындағы азаматтың әлі өзі армандағандай кең сарайдай үй тұрғызып, оның айналасын мәуелі бақ етіп, бақытты өмір сүре беретініне бар жан-тәнімізбен сенгіміз келді. Өйткені, ол өмірді сүйеді! Денсаулықтың қадірін біледі.
Өзіміз де аңғара бермейміз, жақсы күндерде бір бірімізге жақсылық тілегенде: «Баянды бақыт, зор денсаулық болсын» дегенді қосарлап айтатыныз тегін емес қой.

Айнаш ЕСАЛИ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

52 пікір

  1. Қазақтың бір қызы :

    Мақалаңыз мәнді мазмұнға толы әрине…Қазақ біткеннің бәрі сіз сияқты ойда болса жақсы ғой.Бірақ,АДАМ БАЛАСЫ БАСЫНА ТҮСПЕЙ,шекесіне тимей,ЕШТЕҢЕ БІЛМЕЙДІ!!!Соны ұмытпасақ, жақсы болар еді.Әйтпесе,түсінер ем,көмектесер ем деген бос сандырақ!

  2. Ia Ainash karagim, bir esinde saktalarlik kiyndykti basinan keshken ekensin… Negizi adam ozinin et pen suiekten jaralgan pende ekenimizdi umitpaganimiz duris-au … Kop korgender aitadi 32 tisten shikkan sozge abai bolu kerek dep. Koripkel kisiler de aitilgan soz «materiliazuetsia» dep.
    Keremet !!! Minau jigit erkektin erkegi eken. Urpagin jailgir azamat.Kosagimen kosa agarsin dep jaksi tilek aitain.
    Rakhmet.Sau salamat bolyp, bakuatty omir surinizder.

  3. Kelchoolo :

    Albuterol Vials Without A Prescription cialis online When Will Alli Be In Stores Again

  4. cheap herbal viagra pills
    viagra for sale
    buy viagra uk boots

  5. bsolution :

    Purchase online safe http://www.brandssolution.co.uk/uploads/160_120/pharmacy/filmet.html where to buy tablets in chennai.

  6. 777 best online casinos
    casino real money
    play online roulette real money

  7. gyogyszertar online :

    online rendelés recept, http://www.amarasdance.com/v2/wp-content/gyogyszertar/zyloric.html — recept nélkül rendelése.

  8. gyogyszertar online :

    online rendelés olcsón, http://www.videoexplorers.com/wordpress/wp-content/gyogyszertar/litalir.html — természetes tabletta ára.

  9. sverigapotek :

    alternativ göteborg, http://sverige-apotek.life/cognitiv.html , generic online in USA.

  10. stopdrinkingnorth.co.uk :

    Where can I buy over the counter in new york http://stopdrinkingnorth.co.uk/wp-content/uploads/2017/01/pharmacy/emep.html#cheap_emep buying in europe.

  11. monumental partnerships :
  12. lezersonderzoek.com :

    kaufen online apotheke http://lezersonderzoek.com/nphf/apotheke/ventmax.html generika preis apotheke.

  13. ines rojo :

    Livraison rapide officiel http://inesrojo.com/swf/pharmacie/klismacort.html prix France pharmacie.

  14. stalbridgeplayers :

    Acheter canada http://www.stalbridgeplayers.net/wp-includes/pomo/pharmacie/phenytoin.html peut on acheter duen Espagne sans ordonnance.

  15. UK DotPeak :

    Donde puedo comprar panama http://www.dotpeak.com/assets/farmacia/ciflot.html sin receta llega a España.

  16. East Devon UK :

    Generica en mexico http://eastdevonremovals.co.uk/SpryAssets/farmacia/amoxiline.html se puede comprar sin receta.

  17. Love Opticians :

    Venta de en venezuela http://loveopticians.co.uk/wp-includes/pomo/farmacia/levetiracetam.html se necesita receta para comprar en Chile.

  18. Vetbentinc :

    backers for payday loan opperations — http://personalnerloan.org/ a payday loan [url=http://personalnerloan.org/]find personal loan[/url] ’

  19. eloquentflowers uk :

    comprare generico con paypal http://eloquentflowers.co.uk/img/slides/farmacia/enatec.html acquista in farmacia.

  20. Karmatara Trade :

    prezzo in svizzera http://karmatara.org.np/userfiles/file/farmacia/norvir.html acquisto generico pagamento in contrassegno.

  21. Gghngeorge :

    calculate interest loan — http://paydayacevt.com/ fast online payday loans [url=http://paydayacevt.com/]payday cash loan[/url] ’

  22. VrbyExcalt :

    30 day payday loan — http://loansvtna.org/ business cash advance loans [url=http://loansvtna.org/]payday loans[/url] ’

  23. LmmnInilk :

    100 guaranteed payday loan — http://personalervxv.com/ online loan [url=http://personalervxv.com/]quick personal loans[/url] ’

  24. HhhjExpege :

    debt management programs small personal loans guaranteed personal loans [url=http://personalacrb.org/]quick personal loans[/url] ’

  25. Kndtabarse :

    erectile dysfunction viagra viagra online order cheap viagra [url=http://viagraveikd.com/]viagra online[/url] ’

  26. cialis dosing cialis generic order generic cialis [url=http://cialisovnas.com/]cialis online[/url] ’

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


8 + = 15

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>