Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

222 555Алма Әшімова,  студент:

— «Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа логотипінің мағынасы қандай?

Редакция:

— strategy2050.kz сайтындағы түсіндірмеге сүйенсек, «Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа логотипінің мазмұны бірлік пен ынтымақты білдіреді. Ол қазақтың ұғымындағы бірлік пен қауымдастық белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді. Біріншіден, логотиптің негізі – шаңырақты біз елтаңбадан да көре аламыз. Шаңырақ өз үйіміздің призмасынан көрінетін аспанның символы. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиямыз бар.

2050 Стратегиясының жаңа логотипінен қазақ киіз үйінің керегесін де аңғара аламыз. Керегенің мақсаты киіз үйді біріктіріп ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге белгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысуын аңғартады. Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігін, өзара татулығын байқаймыз. Өйткені, қазақстандықтардың барлығы тізе қосып әрекет қылғанда ғана ұлы белестерді бағындыра алмақ.
Стратегия символының негізі мемлекеттік елтаңба, шаңырақ, кереге, дархан дала көкжиегі, теңіздің шексіздігі, ағайынды жұрттың қол ұстасуы мен ел бірлігі.

* * *

111Қаракөз Алтай, студент:

— «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының негізгі міндеттері қандай? 

Редакция:

– «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту. Бұл бағдарламаның өзекті міндеттері: Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту; Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру; медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту; Саламатты өмір салтын насихаттау.
«Саламатты Қазақстан 2011-2015» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай негізгі жетістіктерге қол жеткізуді көздейді: халықтың өмір сүру ұзақтығы 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғаюы; өлім-жітімнің төмендеуі; туберкулезбен сырқаттанушылықтың төмендеуі; АИТВ инфекциясының таралуын азайту. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында осындай үлкен мақсаттарға жету үшін әртүрлі деңгейде қоғамдық-әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асыру жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік бағдарламалардың толық мәтінін www.akjunis.kz сайтынан оқи аласыздар.

* * *

SAMSUNG DIGITAL CAMERAАйғаным Тәуекел, 10 сынып оқушысы:

— Мұғаліміміз Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы туралы шығарма жазуды тапсырған еді. Осы идеяның мазмұнын түсіндіріп беріңіздерші?

Редакция:

-Айғаным, Президент Н.Назарбаевтың жыл сайын Қазақстан халқына өз Жолдауын арнайтынын білетін шығарсың. Жолдау арқылы Елбасы алдағы жылдарға мемлекеттік стратегиялық маңызы бар жоспар құрып, нақты бағдарлама жасайды, бүкіл халықтың алдына биік мақсаттар қояды, үлкен міндеттер жүктейді. «Мәңгілік ел» – Елбасының биылғы 17 қаңтарда жасаған Жолдауының түпкі идеясы. 12 беттен тұратын бұл Жолдау «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деген тақырыппен көптеген басылымдар мен интернет-ресурстарда жарық көрді.

«…Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! – дейді Елбасы. – Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек…»
Міне, Елбасы дәл осындай бір мақсат, бір мүддемен бір болашақты көздесек қана Қазақ елі – Мәңгілік ел болып қалатынымызды айтады.

* * *

444Азамат Жүсіпов, құрылысшы:

— «Жалпыға ортақ 20 қадам» бағдарламасы жүріп жатыр ма, аяқталды ма? Бұл бағдарламаның мен секілді жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға септігі тие ме?

Редакция:

— Азамат, Президенттің халыққа арналған әр сөзінде әр қазақстандықтың ахуалы, мүдделері қозғалып, халықтың көкейіндегі өзекті жайлар тап басып айтылатындығы сөзсіз. Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруды мемлекеттік саясаттың басты мақсаты ретінде белгілейді. Сіз айтып отырған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы уақытылы, көкейтесті және бағдарлы құжат ретінде танылып, әлеуметтік жаңғыртылудың 5 қағидаты мен 20 тапсырмасында әлеуметтік саясатының бағытын айқындаған болатын. Шыны керек, республикамыздың әр азаматына арналған бұл мақала қарапайым адамдардың көңілінен шығып қана қоймай, тіпті аздаған уақыт ішінде «халықтық» құжат ретінде де ерекшеленді. «Менің назарымдағы басты мәселе – әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету» сөздерін растай тұра, Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа бағдарламалық мақалада қоғамның әлеуметтік қырларын толықтай атап өтті – денсаулық сақтау, білім беру, еңбек, ақпараттандыру, еңбек қатынастары, мәдениет, спорт, жастар саясаты және т.б. Бұл мақалада әлеуметтік инфантилизмнің тежегіштік қасиеттерін айқын көрсетіп, еңбек идеологиясын қайта жаңғыртып, адамдардың өмірге деген қалыптасқан көзқарасын өзгерту ғана емес, сондай-ақ еліміздің айқындалған стратегиялық дамуындағы негіз болуға бағытталған жаңа қоғамды құруға үндейді. Өзіңіз айтпақшы, осы бағдарламаның негізінде мыңдаған адам қайта маманданып, мемлекет оларды тегін оқытып, нақты кәсіпті меңгеруіне жол ашты. Сіз де жергілікті әкімшілік арқылы құжаттарыңызды тапсырып, өз мамандығыңыз бойынша немесе басқа кәсіпке маманданып, жұмыс табуға мүмкіндігіңіз мол.

 «Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 7 = 8

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>