«Жақсының аты өлмейді…»

111Құрметті «Ақжүніс-Астана» журналы!
Адам өмірінде ата-ананың орны бөлек. Отбасы – перзент бойында сүйіспеншілік пен мейірімділік қалыптастыратын қасиетті шаңырақ. Сол себепті, шариғатта отбасының екі тірегі – әке, шешеге айрықша мән беріледі. Алла Тағала Құран Кәрімде ата-анаға үнемі жақсылық жасауды, ата-ананы аялауды бұйырады екен. Адамзат баласы үшін ата-ананың ақысы айрықша. Ата-анаға құрмет көрсету парыз әрі шексіз сауап. Сондай-ақ, ата-ананы бұл дүниеде құрметтеумен бірге, олар өмірден өткен соң да, оларды еске түсіріп, айтқан өсиеттерін бұлжытпай орындау керектігі айтылады. Олар үшін дұға жасап тұру перзенттік борышымыз.
Құдай қаласа, жолдасым екеуіміз жуырда қос тойды қатар тойлағалы отырмыз. Алайда, қазақта «өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар ғой. Шаңырақ шаттығын ел-жұртпен бөліспес бұрын, ата-анамызды еске алып, ол кісілердің әруағына құран бағыштадық. Ұлағатты ата-ана туралы жылы естелігімізді өздеріңізбен де бөлісуді жөн санадық.
Менің атам – жолдасымның әкесі Гадиев Асқар Ұлы Отан соғысына қатысып, «Курск» доғасында танк әскерінің құрамында соғысқан екен. Ұрыс даласында ауыр жарақат алып, елге оралған. «Сталинград майданында көрсеткен ерлігі үшін», «Жеңістің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. Саржыра ауылында марқұм атамыздың атында көше бар. 1994 жылы 4 желтоқсанда ауылда салтанатты жиын болып, жаны жайсаң атамыздың өмір жолы, еңбек жолы туралы әкімнен бастап, бүкіл ел-жұрт зор тебіреніспен айтып еді. Марқұм атамыз туралы жылы естеліктер айтылғанда біздің де көңіліміз марқайып қалғаны бар. Үлкен жиынның соңында ас беріліп, палуандар күресі ұйымдастырылған еді. Ағайын-жұрттың атамызға деген құрметі ерекше екенін көрдік.
Ал енем Айсақызы Қайшыкен 12 бала тәрбиелеп өсірген батыр ана, «Алтын алқа» иегері, тыл ардагері еді. Жарықтық енем: «11 балам бір төбе, Ғұсман жарығым бір төбе» деп отыратын. Әр сөзі үлгі, әр ісі өнеге болған, қарапайым да кемеңгер марқұм енем маған «құт келін» деген ат беріп кетті, ол кісінің ақ батасын алдым.
«Жақсының аты өлмейді» деген ғой. Ата-енем жақсы адамдар еді. Ұрпағына ақ батасын беріп кетті. Ол кісілердің аты өшпес үшін, ұрпағының санасында жаңғыру үшін біз де баларымызға ата-әжелері туралы әңгімелеп береміз. Олардың жарқын бейнелері әрқашанда біздің есімізде қалады.
Жатқан жерлері жарық, топырағы торқа болсын!

Балалары мен немерелерінің атынан
Аида Ыбырайқызы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс
Ілмектер: ,

2 пікір

  1. KenntupeTror :

    Compare Amoxicillin And Azithromycin online pharmacy Buy Amoxicillin Tablets

  2. Kelchoolo :

    Comment Durer Plus Longtemps viagra Generic Finasteride Skin

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


6 + 3 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>