Өмірдегі махаббат

444Өмірдегі махаббат, өлеңдегі махаббат, жылт етпе махаббат, көрсеқызар махаббат, ессіз махаббат, азапты махаббат, ақымақ махаббат, үнсіз махаббат, платонның махаббаты…
Махаббаттың түрі көп екеніне көз жеткізу үшін кө-ө-ө-п өмір сүру керек екен. «Бұл айтып тұрғаныңның бәрі де махаббат емес, жылт етпе сезім, нағыз махаббат біреу ғана болады» деп, менімен дауласа кетсеңіз де болады. Бірдеңе деп уәж айтып, тағы бірдемені дәлелдемек болармын, алайда бір ақиқат бар: сезім бар жерде махаббат та бар, әркім оны әлі жеткенше сезіне алады. Өресінің жеткен жеріне дейін көтере алады, түйсінеді, не болмаса байқамай өте шығады, махаббатын сөндіреді. Сөйтіп санада туған махаббат санада өледі.
Егер махабатты сапасына қарай сұрыптау керек болса, оның нарқын көтеретін сол адамның биіктігі, адамгершілігі ғана екенін түйсіну үшін де жылдар керек.
Махаббат – бұл бір жаныңа шуақ себетін жарық сәуле. Сол адамның кейде өмірде болғаны үшін ғана бақыттысың, тек сол болсын, тек сол толсын деп бәрін тәрк етіп, көлеңкемнің де кесірі тиіп кетпесін десең, онда – махаббаттың бар болғаны. Өтірік махаббат, шын махаббат деген болмайтын шығар. Ол ақша емес қой, жалғанын жасап алатын. Өмір бойы ізденетінің сияқты, бұл сезім де жетілдіруді, аялауды, кешіруді күтеді. Өйткені, оның да қызғаныш, «өзімдікі ғанасың» дейтін өктемдігі, өкпесі, қамқорлық күткен қатпарлары бар емес пе? Нағыз махаббатта ойдан құрастырылған ештеңе де болмайды. Бұл сенің – тағдырың, пешенеңе жазылған өз рахатың мен азабың. Ол сенің ең жақының, тіпті әйел болсаң – әкең сияқты, еркек болсаң – анаңдай қамқоршың, әлде жан досыңдай етене адам. Сен оны бүкіл болмысыңмен, көзіңнің қиығымен де, ту сыртыңмен де көре алатыныңды мойындашы. Ол сенің қасыңда болғанда ғана жаның жай табады, жоғалғаның табылғандай, рахат күй кешесің. Бір жағынан азатсың, бір жағынан ережесі жоқ ойын сияқты. Оң жағыңнан Ай туып, сол жағыңнан Күн шығып тұрғандай. Ал адам Күннен не талап етуші еді. Күннің бар болғаны үшін, шуағын шашып тұрғаны үшін де қуанбайсың ба?!
Егер де сен махаббатта жаңылыссаң, онда сен оны жәй ойлап таптың деп есептей бер, яки болмаса оның махаббат не махаббат емес екенін ажыратуға өмірлік тәжірибем мен ақылым жетпей қалды деп ойлай бер. Әсерге бөлену, өткеннен өш алу, алдамшы сезімдер мен неше түрлі махаббат хикаялары мен ғашықтар жайлы ертегілерге еліктеп, жаңылысу ғажап емес. Махаббат баспен ойлағанда ғана баянды болады деген қағидаға да алданбай-ақ қойыңыз. Жүрегін тыңдамаған нар жігіттердің де махаббатты бақай есептің жолына құрбандыққа шалып, күндердің күнінде бармақ тістеп жылағанын көресің…
111«Ана қызды алсам – ақылды, шешесі – сабырлы, әкесі – ауқатты сияқты» деп, шын мәнінде жаны қалап тұрған «шошақай» қызды аттап кеткен азаматтың ғұмыр бойы біреудің қорасына байланған бұзау сияқты байыз таппай өткенін сан рет сіз де көргенсіз. Өйткені, ол өзінің рухани меншігіне қолы жетпей кеткен адам. Махаббат ұзақ өмір сүрсе де, қысқа қайырылып қалса да – махаббат. Өзімшіл бір сезім. Сүйдің бе – сүйдің. Ешкімнен рұқсат сұрамайсың, ешкімге де, тіпті сол адамның өзіне де бағынбайтын сезім бұл.
Осы жерде «Жүрек әрекеттің соңында жүреді» деген сөзді еске алыңызшы. Махаббат қандай болса да, ол нақты бір істерде сыналып, шыңдалады. Нағыз махаббат деп жүргеніміз де сол, жүзеге асқан махаббат. Аяланған, іздері-сұрары бар сезім. Әйтпесе, өзім деген адамды билеп-төстеуге көшкен кезімізде неге «сүйетініңді дәлелде!» деп шыға келеміз. Ол сонда не істеу керек, бар жиған-терген байлығын сенің алдыңа әкеліп төгу керек пе, әлде сен үшін жардан секіру керек пе? Өзің қалай дәлелдер едің? Міне, осы жерден бастап сезім емес, қарым-қатынастар басталады. Сондықтан да біреулер үшін махаббат – сыйлықтар, екінші біреулер үшін – бірге болған бақытты сәттер.
Түрлі-түрлі шүберек бар, біреуі – табиғи жібек, біреуі – жасанды жіптеп, бірақ, аты – мата, екеуін де ел киіп жүр. Бірақ, қасиеттері мүлде басқа. Сезімді арқалап жүргендер де осылай шығар. Жас та, жасамыс та басына түссе ғашық болады. Бірақ, неге екені, 15 жасыңда біреуді ессіз сүйсең үй салып, бала тууды, тіпті, тіршілік қамы туралы титтей де бас қатырмайсың. Ал 45 жасыңда біреуді ұнатып қалсаң ше? Жүз жерден махаббаттан басың айналып тұрса да, бірінше кезекте ол адаммен қалай өмір сүруді, бай-бақуатты болуды ойлайсың.
Өмірдегі махаббат сонда қандай болады? Махаббатты сынау үшін бірге тұрып көрген жөн дейтіндер бар. Мысалы, мен бір-бірін сүйетін жұпты білемін. Екеуі анда-санда ұрысқан кезде айқай-ұйқайды былай қойғанда, тәрелкелер ұшып, жылап-еңіреп, біраз жерге барып тоқтайды. Бір қызығы, «үйлері төңкеріліп жатқан» осы ерлі-зайыптылар сол күні-ақ татуласып алады. Біреуі жылап тұрғанда, екіншісі жанынан келіп сүйкеніп, сипалап, үнсіз кешірім сұрайды.
222Сол сияқты, келесі бір отбасы бар. Кейде екеуі бірдеңеге келіспей, бір-біріне қабақ шытып қалатыны бар. Түкке тұрғысыз нәрсеге бұрқылдасады да, апталап сөйлеспейді, қатты кетсе айлап төсектерін бөліп салады. Қолдарынан келсе үйдің есігін екі қабырғадан да шығарып алғылары бар, бірақ, «ел не дейді», «ағайын білмесін, көршілер көрмесін…» Тіпті, мына өмірде бірін-бірі көргісі келмей, іштей ұмытуға ұмтылғандарын өздері де байқамайды. Әйтеуір, бұл жұп бір шаңырақтың ішінде бірге өмір сүруге мәжбүр.
Сондықтан да себепсізден-себепсіз бір-біріне сүйетінін айтып, жылына бір рет келетін мерекені күтпей-ақ, қуанту үшін әйтеуір бір сыйлығын сүйретіп әкелетін ғашығыңнан асқан өмірдің қандай ғанибеті бар?! Өйткені, сәт сайын сен оның санасында барсың…
Махаббаттың белгілері де осы. Айлап-жылдап ет жақындарын ұмытқан адам ұнатқан адамы үшін мыңдаған шақырымдарды артқа тастап, ай сайын, күн сайын ұшып кетуге бар.
Жуырда менің бір сүр бойдақ досым өзінің ғашықтық дертіне ұшырағанына, махаббатын жолықтырғанына оп-оңай диагноз қойды.
– Махаббат маған дәл бүгін және осы сәтте керек екендігін ұқтым. Және мен бірінші рет сол қызды қызғанатынымды білдім. Бұрын кездескен бикештердің қасында ұзақ тұрақтамауға тырысатын едім. Сытылып кетуге жұмыс та, себеп те табылатын. Өмірімде бірінші рет, керісінше, мен оны қасымнан жібермеу үшін жүз түрлі амал-айла іздестірдім. Себепсізден-себепсіз сыйлық беріп, күн сайын туған күні болса екен деп тіледім. Махаббат деген осы ма? – деп сұрайды.
Ақиқатына келгенде, өмірдегі махаббат осындай емес пе деп тағы да жауап іздеп отырсам, әлеуметтік желіге Мирас Қадырмұрат дейтін жас ақын: « Мен сені бұрынғыдай сағынбаймын» дейтін жаңа өлеңін салыпты:

…Махаббат –
Жүректегі отты өлеңім,
Ендігі маған сенің жоқ керегің.
О, Муза!
Өшірді де тазалады,
Қайғысын нала басқан тот дененің.
Алмасып,
бағы келіп, зары кетер
Өмірде басымыздан бәрі де өтер.
Сезімсіз суық мына жүректе қан,
Бос дүние,
Махаббатсыз бәрі бекер.
Өмірім –
таза кітап, ашады ақ бет
Жүрегім мына менің – Шах, абат бек.
Бір анық жақын ара қатынастың,
Айтуға келмес бәрін «Махаббат» деп…

P.S. Ойым қайта астаң-кестең болды. Сонда махаббаттың да мерзімі  болғаны ғой?..

Айнаш ЕСАЛИ,
«Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері,
ҚР Журналистер Одағы
сыйлығының лауреаты

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

7 пікір

  1. сайран :

    Жақсы жазыпты

  2. гулжанар :

    Jaksi makalalar bar eken.sizderge tabis tilimin

  3. рысжан :

    Керемет! !!

  4. Нуржайна :

    Керемет оте керемет макалалар бар екен сиздерге улкен рахмет! Казирги биз секилди жастарга улкен бираз ой туйетин маселе екен.Сиздерге коп коп рахмет!!!

  5. Меруерт :

    Соңғы кездері махаббат жайлы шым шытырық ойлар мазалап жүр еді, мына мақаланы оқып отырып сол сұрақтарыма біраз жауап тапқандай болдым. Алғысымды айтамын, рахмет!

  6. Даулет Серiкбай. :

    Бир отириги жок рас айтасыз.

  7. Мен 39 жаста ол 30 жаста болган. Бир ауылда турамыз. Катты жаксы корем. Ол мени менен кем жаксы кормейди. Ол турмыста. менин де отбасым бар. Екеумиз ушин де отбасы биринши орында. Ешкашан тосектес болган емеспиз. Типти толком сойлескенде емеспиз. Осылай мен 46 га ол 37ге келдик. Жети жыл. Онын козинен абден сагынып кажып шаршаганын маган деген махаббатын корем оган карап турып озимди айнадан коргендей болам. Кейде тан калам не деген мыкты кыз! Екеумиздин абыройымызды ойлап кашып журеди. Кездейсок кедесип калсак катты киналамыз. Айелдер шаршап кеттим деуши еди.сол сиякты жети жыл бойы куниге соны бир корсем риза болып жургеннен .тунимен соны ойлап жатканнан шаршадым. Оны бирдеме кылып алып алсам екеумиз гана бакытты.баскасына обал болатынын тусингеннен гана шыдап келе жатырмыз.не деген таусылып битип калмайтын махаббат! Бул азап па басыма тускен. Суйем олип суйем.онын жагдайы кандай сыртынан гана бакылаим. Жолдасы жаксы адам. Менин немерем бар. Сонымен айналып бир уакыт тынышталам. кездесип каламыз.оте киын.кошип кетсемде комектеспес. Мен умыткым келгенине бес жыл болды.жылай жаздап жазып отырганыма караганда омир бой омирим осылай бос откени гой. Согы рет оссылай оган айттым бекр айттым жанын одвн сайын жаралап нем бар еди катты окинем. Молтилдеп козинен жас агып бурылып тагы кетти кашып. Кездеспеудин канша жолын издесек те баскаша болммайды. Садик биреу .еки кун жолдасы.еки кун ози алып келеди.кайтады.ал мен алып бармасамда болар еди.бирак барам .ойткени еки кун кормей калсам мен ушин ..жеткизе алмаим. Бир гана созим суйем мен баскалардан озгеше суйем. Тунимен сойлесип шыгамыз (оймен)сурактар коямыз. .бир кызыгы кездескенде сол суракты сурамай ак жауабын гана айтамыз. адамдар жан жагымызда журсе козбен ак жауап берип бир биримизди тусинемиз. Бир апта кормей калсак кадимгидей екеумиз канша растояниеде турсак та бир биримизди коргенимз ушин езумизбен жай гана кулип кадалып карап турамыз.екеуизге салса осылай тан атканша турса да бакыттымыз. Мен ендиги акылымнан адасып жынданаин дедим. Мен оган титтей де соз келтиргим келмеиди.достарым коп.сол ушин ишуди де тастадым катты ишип койып омириме ренжип бир боктап барын жайып салуга дайынмын.сол ушин ишпеймин. Суйем. айта бергим келеди. Кушактап турып кулагына талай айттым .менде сени суйем деп айтшы деп зорга айткыздым жети жылда бир рет.кулагымнан кетпейди. Олда баласын жолдасын жаксы кореди мен де силаймын отбасымды. Не истеймин халайык .бир мен билмейтин ем бар шыгар…

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


+ 5 = 7

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>