Ерліктің өшпес даңқы

222Ұлы Жеңіс күні! Бұл – 69 жыл бойы бейбіт өміріміздің бастауы, адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыстың аяқталған ақжолтай күні. Жастай ұрысқа аттанып оққа ұшқан, арманда кетіп, топырағы жат елден бұйырған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды еске алып, ұлықтау күні.
Бұл Жеңіс – қас дұшпанға бірге аттанған жүздеген ұлт пен ұлыстың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған бірліктің арқасында келді.
Бұл Жеңіс – әке мен ана, аға мен іні, апа мен қарындас үшін, қара орман қалың ел үшін қиындық пен сынға түскен миллиондаған боздақтардың қанымен келді. Сондықтан да Ұлы Отан соғысында жанқиярлықпен соғысқан жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес.
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы Жеңіс күніне орай ардагерлеріміздің ерлік істерін жастарға үлгі тұту, жастарды отаншылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу, аға ұрпақтың ерлік жолдарына деген мақтаныш сезімдерін ояту мақсатында «Ерліктің өшпес даңқы» тақырыбында ардагерлермен кездесу кешін ұйымдастырды. Шара Отанымыздың болашағы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған әкелеріміз бен аталарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
333Кештің қонағы Соғыс және Еңбек ардагері, кітапханамыздың тұрақты оқырманы Қожанов Айнағұл ата жастарға өткен өмірінен сыр шертті. «Мен 1942 жылы қараша айында, 17 жасымда әскерге алындым. Бізді 7 ай әскери дайындықтан өткізіп, 1943 жылы маусым айында майдан алаңына соғысқа жіберді. Оқ пен оттың арасында жүрген кезді еске түсірудің өзі оңай емес. Бәрі де күні кешегідей көз алдыма келеді. Бүгінде ойлап қарасам, «40 жыл қырғын болса да, кебенек киген келеді» деген рас екен. Көретін жарығым болған соң, өлім сепкен оқ пен оттың ортасынан аман-есен елге оралып, бүгінгі бақытты күнге жетіп отырмын. Құдайға тәуба! Ұрпақтарыма, өскен ортама, халқыма, Отаныма ризамын. Менің еңбегімді елеп, қартайған шағымда облыс орталығынан үш бөлмелі үй берді. Менің көрген бейнетімді сендерге көрсетпесін, бақытты болыңдар балаларым, тек сендерге ақ батамды беремін» деп ақ тілегін білдірген Айнағұл атамыз сұрапыл соғыс жылдары туралы жас ұрпаққа әңгімелеп берді.
Қожанов Айнағұл ата соғысты 1945 жылы Германия түбінде аяқтап, Мәскеу қаласында 3 жылдай жауынгерлік міндетін атқарып, елге 1948 жылы мамыр айында аман-есен оралған. Өзінен басқа тағы 8 ағасы қан майданға аттанған, бірақ бірі де елге оралмаған.
111Соғыстан кейін Айнағұл ата Алматы байланыс электротехникумын бітіреді. Еңбек жолын Қарабұтақ аудандық байланыс бөлімшесінде электротехник қызметінен бастаған ол пошта бастығының орынбасары қызметіне дейін адал да табысты еңбек еткен. 40 жыл бойы Жарқамыс байланыс бөлімшесінде пошта бастығының орынбасары қызметін атқарып, құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан. «Отан соғысы» ордені, «Почетный радист СССР» төсбелгісімен, «Тың жерді игеруге қатысқан еңбегі» т.б. көптеген медальдармен марапатталған. Қазіргі таңда 89 жастағы соғыс ардагері немере сүйіп, шөбере көріп, ұлы Қазболаттың қолында Ақтөбе қаласында тұрады.
Кездесу кешінде Ақтөбе облысының Мемлекеттік мұрағатының құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің меңгерушісі С.А.Книжник соғыс басталған сонау 1941 жылдың 22 маусым күні 20 мыңнан астам адам қатысқан жалпы қалалық жиналыс болып, сол күні-ақ өз еркімен соғысқа сұранған 300-дей өтініш түскенін айтса, сол мекеменің қызметкері С.Ж.Төремұратова құңды құжаттар, соғыс жылдарындағы суреттер мен хаттармен таныстырып, мұрағат туралы көптеген мәліметтер берді. Сарғайған майдангерлерден келген үш бұрышты хаттарды жас ұрпақ қолдарымен ұстап, көздерімен көріп, үлкен әсерде болды.
444Ал кітапхананың тұрақты оқырманы, зейнеткер С.С.Жалмұхамбетов соғыс жылдарындағы халықтың аянышты өмірі, балалардың ауыр тағдыры туралы әсерлі естелігімен бөлісті: «Соғыс басталғанда мен 4 жаста болдым. Әкем 39 жасында майданға аттанды. Ол аман-есен елге оралғанда менің жасым 7-де еді. Сол кезде әкеме деген сағыныштан ішқұса боп жүрген мен, әлі есімде: «Әке, мен сені енді соғысқа жібермеймін, енді соғысқа кетпеші!..» деп жылап, мойнынан жабысып құшақтап алдым. Әкеме деген қатты сағынышымды осылайша білдіріппін…» дей келе, бүгінгі бақытты да бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды, жастарға әркез ашық аспан, жарқын өмір тіледі.
Шара барысында Айнағұл атамыздың кішкентай немересі Байтөре атасының ерлігін мақтан тұтатынын жеткізіп, «Мен қазақпын» атты өз арнауын көрермендерге паш етті. Кітапхана оқырмандары М.Зейнел мен Қ.Талмырзаев, «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Ә.Жақсылық Жеңіс туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыса, №37 орта мектебінің оқушысы А.Қонақбаев Қазанғаптың «Құс қайтару» күйін, «Егемен елім» әндерін орындап берді.
Қорытынды сөз алған С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы директорының орынбасары А.М.Қырымқұлова кездесуге келген соғыс ардагерлерімен бірге, жиылған көпшілікті, қала тұрғындарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. «Бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған батыр аталарымызға бас иеміз. Сіздердің ізбасар-
ларыңыз болу – біз үшін үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік» дей келе, елге тыныштық, қонақтарға зор денсаулық тілеп, ардагерлерге мерекелік сый-сияпат жасады.
Сонымен қатар, мерекелік шара барысында «Желбіре, Жеңіс жалауы!» атты кітап көрмесіне кітапханашы Н.Бердіғалиева шолу жасап, «Ешкім
де, ешқашан да ұмытылмайды!», «Жеңісті жақын-
датқандар» атты фото-шежіре слайд көрсетті.
Біз Отан соғысының оқ бораған даласында қаза тапқандардың рухтарына бас иіп, тағзым етеміз. Олардың даңқты ерліктері жүрегімізде мәңгі сақталады.

Рысжан ҚАРАҒҰЛОВА,
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық
әмбебап-ғылыми кітапханасының
меңгерушісі

«Ақжүніс-Астана» журналы

 

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


5 + = 13

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>