Журналист – қоғамдық пікір қалыптастырушы негізгі күш

Сауле АбединоваСәуле Төребаева: Қайда оқыдыңыз, оқуды қашан бітірдіңіз, еңбек жолыңызды қайда бастадыңыз?

– Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының театртану факультетін бітіргенмін. Мен институтты бітіргенде екі балам тым кішкентай еді, ұлым екіден енді ғана асқан, қызым 2-3 айлық шақалақ еді. Институтты бітірген соң біраз жыл жұмыссыз қиналдым. «Екі қолға бір күрек» демекші, айран-сүт те саттым, балмұздақ та саттым, үй күтушісі, тіпті вахтер болып та жұмыс істеген күндерім болды. Тек 2001 жылы ғана қағаз-қаламды қолға алып, мақала жаза бастадым, өз мамандығым бойынша жұмыс іздедім. Алғашында «Қазақ әдебиеті» газетіне мақалаларым жариялана бастады, содан кейін газеттің сол кездегі бас редакторы Жүсіпбек аға Қорғасбек мені «Мәдениет» бөлімінің меңгерушісі етіп жұмысқа қабылдады. Бес-алты айдан соң «Қазақстан» ұлттық арнасына жұмысқа шақырды да, өздеріңіз білетін «Ақжүніс» дүниеге келді.

Мұрат Елубаев: Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы журналистің орны қандай деп түсінесіз?

– Журналист – қоғамдық пікір қалыптастырушы негізгі күш деп ойлаймын. Өйткені журналистің жазғаны, айтқаны сол сәтте миллиондаған аудиторияға тарайды. Сондықтан журналистің жұмысы өте жауапты. Сондықтан журналистер барынша білімді және адал болуы тиіс. Көзі ашықтық басқа, көкірек көзі ашық болу бөлек әңгіме. Көкірек көзіміз ашық болса, біз алмайтын қамал қалмас. Бұл саланың мамандарына қыз-қыз қайнаған өмір мен соқтықпалы соқпақты тағдырдың ортасында жүруді жазған. Өзге үшін қуанып, өзге үшін қайғыру да біздің міндет, азаматтық борыш. Мамандығымыз соны талап етеді. «Төртінші билік» өкілдері болғандықтан шығар, журналистің ой-пікірімен өзгелер санасады. Бір сөзбен айтқанда, журналист деген – қоғамның айнасы. Журналист қандай болса – қоғам солай қалыптасады.

 Айжан Сағындықова: Журналистикадан басқа салаға ауысқыңыз келетін сәттер бола ма?

– Пайғамбарымыз бір хадисінде айтады: «Алла тағала өзіңе ризық табу үшін берген кәсібіңді тастама» дейді. Мен де әу баста ризығымды да, өмірдегі орнымды да осы журналистік кәсіптен таптым. Сондықтан бұл саладан алыстап ешқайда кете қоймаспын. Оның үстіне, «Ақжүніс-Астана» журналын жарыққа шығарғаныма екі жылдан енді ғана асты. Бір істі бастамаған соң, біраз жерге апару керек қой… Құдай қуат берсе, журналдың ғұмыры барынша ұзағырақ болуы үшін еңбек етемін.

Оқырмандар сауалына жауап берген
Сәуле Әбединова

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

1 пікір

  1. рысжан :

    Жақсы сұхбат берипти, апам

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


7 − 1 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>