Ұлту ҚАБАЕВА: «Табалдырығың таза болса, жамандық жуымайды»

111«Алтын балалық» айдарының келесі кейіпкері – әнші Ұлту Қабаева. Репертуарындағы «Ақ көбелек», «Бойтұмарым», «Сүйгендер жырлайды», «Көк көлдегі кештер» әндерімен танымал. Сондай-ақ,  жары әнші Рамазан Стамғазиев екеуінің дуэттері арқылы халыққа жақсы таныс…

– Ұлту апай, сіздің есіміңіз ерекше. Кім қойған? Туған жер, өскен ортаңыз туралы айта отырсаңыз…
– Үйде үш қыздың кенжесімін. Әжем менен кейінгі өмірге келетін нәресте «ұл болсын» деген ниетпен менің атымды «Ұлту» деп қойған екен. Артымнан ұл туылыпты да. Бірақ, шетінеп кетіпті. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Қоссейіт ауылының тумасымын. 1967 жылы қаңтар айында дүниеге келіппін. Ауылымыз бұрын Восход деп аталған. Сол жерде балалық шағым өтті. 1974 жылы алғаш мектепке бардым. Онжылдықты 1984 жылы бітірдім.
– Бірінші сыныпқа барғаныңыз есіңізде ме?
– Биыл мектеп бітіргенімізге 30 жыл болды. Талай нәрсе өзгерді. Көп нәрсені ұмытып та қалдым. Әйтеуір, бірінші класта Панзат деген апайдың класына түскенімді білемін. Ол кісі бір жағынан жеңгем болып келеді. Шын аты солай ма, әлі күнге шейін білмейді екенмін. Әйтеуір бәрі солай атайды. Бастауыш кластарда оқып жүргенде менің «р» әрпіне тілім келмейтін. Айтпаймын, секіріп кетемін. Оны мұғалім байқайды ғой. «Әліппеден» «Р» әрпін өтіп жатқан күні «Ұлту, тақтаға шыға қой» деп тақтаға шығарды. Ракетаның суреті тұр. «Мынау не?» дейді. Үн жоқ. Қара терге түстім. Қатты қиналып тұрып: «Р-р-р-р-ракета» деп қалай айтқанымды өзім байқамай қалдым. Іштей қатты қуанып кеттім (күлді). Ол кісі олай етпегенде, «р» әрпін айта алмай достарымның арасында «сақау» атанып кетер ме едім, кім білсін?!. Апайыма, жеңгеме рахметімді айтып жүремін. Мұғалім зейін қойып жүрген ғой, менің сол әріпті айта алмайтынымды біле тұра тақтаға шығарғанына ризамын. Бұл да баланы дұрыс оқытудың бір тәсілі шығар… Активист болдым. Ең жек көретін сабағым – математика болды. Алгебра, геометрия дегендерді ұнатпаймын. Бір қызығы, Рамазан да математиканы ұнатпаған екен, бірақ баламыз Олжас – математик. Мектепте әдебиет, тарих секілді гуманитарлық пәндерді жақсы көрдім. Және дене шынықтыруды.
10553434_263519073833869_3611910259040110879_n– Бала кездегі, мектептегі қандай оқиғалар есіңізде? Қандай ойындар ойнаушы едіңіздер?
– Бала кезде, мектеп қабырғасында жүргенде бәрі керемет еді. Топ-топқа бөлініп алып «қызыл жалау» ойнайтынбыз. Сабақ біткен соң сөмкелерді бір жаққа жинаймыз да, ойынға кірісетінбіз. Кештің қалай батқанын байқамай қаламыз. «Тоғыз қалбыр» дегенді де көп ойнадық. Бір топ қиратады, екінші топ жинайды. Жүгірген кезде алдыма жан салмайтынмын. Бұл күнде бәрі сағыныш… Таза ауада шаңды бұрқыратып тұрып жүгірген қыздардың бірімін. Оған ешқандай өкінішіміз жоқ. Қазіргі қаланың балаларына жаның ашиды. Таңнан қара кешке шейін компьютер мен теледидардың алдында.
– Бала кезіңізде қандай әндер айтушы едіңіздер?
– Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнінен бастадық қой. Мен 4-ші класс оқып жүргенде Роза Рымбаева «Әлия» әнімен шықты. Сол Сейдолла Бәйтерековтың «Әлиясы» мені ауылға әнші қыз ретінде танытты. Біздің бір ауылдың өзінде соғысқа қатысқан аталарымыздың саны 40-50 болатын. Соғыс ардагерлеріне «Соғыстан қайтқан солдаттар» деп құрмет көрсетіп, оларға концерт қойып беретінбіз. Жеңіс туралы көп әндер айтушы ек. «Ана туралы баллада» әнін де орындадым. Пионер қатарына өткеннен кейін «Пионерлер әнін» айтатынбыз. Қып-қызыл галстукты тағып алып, пилоткамызды киіп дегендей. Костер жағамыз. Сол кездегі балаларды патриоттыққа тәрбиелейтін игі шаралар деп ойлаймын.
222– Балалық шақтан тағы қандай естеліктер есіңізде?
– Көркемөнерпаздар үйірмесіне, биге баратынмын. Қазір кеңес уақытын жамандап жатады ғой, бірақ қанша ауылда тұрсақ та, үлкен-үлкен клубтар, үйірмелер жұмыс істеп тұратын. Керек десеңіз, үлкен кітапханалар болатын. Кітапты қызығып, жақсы көріп, көп оқитынбыз. Қазір бала кездегі оқыған кітаптарымның көбісін ұмытып қалдым. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы менің бірінші оқығаным болды. Содан болар, керемет ыстық көрінеді. Қасым Қайсеновтың  «Жас партизандар» деген кітабын оқыдым. Әзілхан ағамыздың «Махаббат, қызық мол жылдарын» оқыдық. Мектепке апармай, түнімен оқитынмын. Қызығып, ішіне кіріп кетіп, таңның қалай атқанын да білмей қалатынмын. Әкем марқұм өтіп бара жатып: «Сен әлі ұйықтамағансың ба, қызым?» дейтін. Несіп Жүнісбайұлының Мексикаға барғандағы футбол жайында жазған кітабын оқыдым сосын. Кәдімгідей, доп теуіп, футбол ойнағандай әсерде болдым. Кітап оқығанда көз алдыңа сюжет келетін. Қандай кітап оқығанымыз жайлы бір-бірімізге айтатынбыз. Және оны әсірелеп айтасың. Сосын ол кезде кітап шықпай тұрып, жаңа шығармалар журналдарда жарияланатын. «Мәдениет және тұрмыс», «Жалын», «Жұлдыз» журналдары қолдан-қолға өтетін. Қазіргі жастар кітап оқи бермейді. Біздер сияқты кітап ақтармайды. Балаларым бастауыш сыныптарда оқын жүрген кездерінде қинап оқытатынмын…
– Ерке болдыңыз ба?
– Ерке болдым деп айта алмаймын. Кенже қыз болдым. «Үйдің кішісі болғанша, иттің күшігі бол» деген бар емес пе? (күлді).
– Мектептегі достарыңыз кімдер болып еді?
– Раушан, Қарлығаш, Дәмеш деген қыздар болды. Гүлшахан деген қыз болды. Әке-шешесі қатал болатын. Кештерге баратын кезде мен барып екі сағатқа сұрап алатынмын. Маған ғана жіберетін. Сөйтіп, екі сағаттан соң апарып тастайтынмын. Алтындай қыз өзі. Тұрмысқа шықпады-ау әлі. Соны уайымдаймын. 2004 жылы 20 жылдықта бәріміз кездестік. Арқа-жарқа болып, біраз әңгімемізді айттық, қызықтарды еске түсірдік. «А», «Б» класы деп бөлініп оқыдық қой. Басқа кластың балаларын танымай қалған кездеріміз де болған…
1240356_1397936013770341_1149717232_n– Кешкі отырыстар жиі болушы ма еді?
– Аса көп болған жоқ. Жоғары сыныптарда ғана, оның өзінде 23 ақпан, 8 наурыз, жаңа жыл сияқты айтулы мерекелерде болып тұратын. Ол күні әдеттегі үй шаруасын еселеп бітіретінмін. Бір жаққа баратын болсам: «Мама, не істейін?» деп анамның соңынан қалмайтынмын. «Болды» десе де, «тағы не істейін?» деп қоймайтынмын. «Тамақ істей салайын ба?.. Кір жуа салайын ба?..» деп жүгіріп жүретінмін. «Әй, осы сенің бір жаққа барғың келіп тұр-ау» деп ондайда сезіп қоятын. Жалпы біздің оңтүстіктің қыздарына тән ортақ жұмыс – таңертең ұйқыдан тұра салып есік алдын сыпыру. Таңғы астан бұрын тірлікті бітіретінбіз. Сосын барып таңғы асымызды ішетінбіз. Одан мен жамандық көрген жоқпын. Марқұм шешем айтатын: «Табалдырық тап-таза болып тұруы керек. Табалдырығың таза болса, жамандық сенің төріңе аттап кірмейді» деп. Осыны қатты ұстанамын. Табалдырығымыз таза, аяқ киіміміз жинаулы тұрады осы күнге дейін. 4-ші класта жүргенімде мамам бір жаққа кетіп қалды. Үйде жуас сиырымыз бар еді. Соны сауайын деп барып, теріс отырыппын. Баламын ғой, қайдан білейін?.. Сиыр бұрылып қарады да, бір тепті. Шелек басыма кигізіліп қалды. Әрине, қаршадай қыз қайдан сиыр саусын, менікі жай қызық көру, талпыну, пысықсыну болар… Содан кейін сиырға жоламайтын болдым…
– Мектептегі махаббат жайында айтарыңыз бар ма?
– Мектептегі махаббат, балалық махаббат бәрінде болады ғой. Менде де болған…  «Қызға кім сөз айтпайды, қымызды кім ішпейді?»
– Кімдерді үлгі тұттыңыз?
– Апайларымызды. Өнердегі аға-әпкелеріміздің барлығын үлгі тұттық десек болады. Ауылымызға Нұрғиса Тілендиев, Суат Әбусейітов, Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Лаки Кесоглу сынды өнерпаздарымыз келді. Эталон ғой бұл кісілер! «Құрманғазы» оркестрі келген болатын, кіші құрам болғанның өзінде 40-50 адам. Ине шаншар орын болмайтын. Қонақ үйлер жоқ ол кезде. Ауыл адамдары үйді-үйіне бөліп алып қонақ қылатын. Сондай кездерде сол тұлғалардың ән-жырларын, күйлерін, әңгімелерін тыңдадық. Мен ол кездерде 3-4 класс оқушысымын. Сол кісілерге қарап өстік.
– Сөйтіп әнші болғыңыз келді ғой?
– Иә. Әншілік анамнан дарыған. Анам Бибүш – қырғыздың қызы еді, әдемі әндер айтып отыратын. Негізі оқуға үш жылдан кейін түстім. 1987 жылы аудандық «Өскен өңір» газетіне «Алматыдағы эстрада-цирк студиясына өнерпаздарды шақырамыз» деген байқау жарияланды. Аудандағы, сосын облыстағы іріктеуден өтіп, эстрада-цирк студиясына оқуға түстім. Бүгінде Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі деп аталады. Өзім осы жерде қызметтемін. Екі жылдай болды, шәкірт тәрбиелеп жатқан жайымыз бар. Сол кезде жолым болатынын сездім. Ешкімді танымаймын ол кезде. Алла сәтін салды. Айтпақшы, сол кезде бір мұғалім: «Консерваторияға оқуға келіңіз» деді. Қанша жыл деп сұрағанымда, алты жыл деп айтқан. «Қойшы, алты жылда әнші болғанша, екі жылда әнші болмаймын ба?» деп осы оқу орнын таңдағаным есімде. Ол кезде оқу екі жыл болатын. Бітірдім. Тұрмысқа шықтым. Ана атандым. «Қорғаныс» министрлігінің оркестрінде, «Гүлдер» ансамблінде әнші болдым. 1996 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға түстім. Биыл магистратурасына оқуға тапсырып жатырмын. Оқуға ешқашан кеш емес қой. «Ұлды үйлендірдіңдер, қызды ұзаттыңдар. Енді екеуің не істейсіңдер?» деп бір досымыз әзілдеп еді. Ойланып, «оқып жатырмын» деп айтайын деп оқуға түстім (күлді).
– Өзіңіз неге көрінбей кеттіңіз? Шығармашылығыңызда не жаңалық?
– Көрінбей кетсем, концерттерге шақырмай жатқан шығар? Шақырған жерден қалмаймын. Тұрсынжан Шапай ағамыздың бір әнін, Қытайдағы қандастарымыздың әндерін жаздырдым. «Құстар», «Үрия-ай», Достарым»,  «Бір дос керек» секілді әндер репертуарыма енді. Жеке концерттерімізді өткізгіміз келеді. Әзірге қысқа жіп күрмеуге келмей тұр…  Кейде радиодан беріліп жатқан әндерді түсінбей қаламын. Әуенін де, сөзін де ұқпай қаласың. Зейін қойып тыңдасаң ғана әрең ұғасың. Осылай жалғаса берсе, қазақ әні ұзаққа бармай жоғалады-ау деген күдік бар.
– Әңгімеңізге рахмет. Биік белестер тілейміз!

Әңгімелескен Эльенора ӘМІР

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

3 пікір

  1. Amoxicillin Tooth Abscess buy viagra online Propecia Esterilidad

  2. KenntupeTror :

    Viagra Cialis Comparazione cialis Amoxicillin Human Dose

  3. Order Amoxicilina Medication Shop viagra Canadian Pharmacy Mail Order

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


− 3 = 4

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>