Киелі мұраға тағзым

nurotan-news-1404554528Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында 30 елдің қатарына кіру мақсаты болатын,  ал  «Нұр Отан» партиясының  ХҮ съезінде  қабылданған Доктринада «ұлттық құндылықтарымыз  –  адам, отбасы, тарихи-мәдени мұраларға құрмет, қолдау көрсету. Жаһандану дәуірінде өзінің тарихының, мәдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық қана табысты өркендей алады» делінген.  Міне, осы  мақсатта  «Киелі мұраға тағзым» акциясы жүйелі түрден ауытқымай  биыл да  «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы өзінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау мақсатымен киелі орындарды аралап қайтты. Бұл акцияның тағы бір мақсаты – Елордамыздың 16 жылдығына арналды. Бұл акция билік партиясының республика аумағын қамтыған маңызды іс-шараларының бірі екені даусыз. Жастар мен партия белсенділеріне тарихи-мәдени ескерткіштерімізді танытуда өзінің өміршеңдігімен танылған бұл шара көпшілік тарапынан да зор қолдауға ие болғанын айта кетуіміз керек. Әуезов аудандық филиалы ұйымдастырған тарихи-мәдени саяхат кезінде көпшілік қауым Алматыға іргелес жатқан Қарасай және Жамбыл ауданында орналасқан мұражайларды аралап, Наурызбай мен Қарасай батырдың 6a8b20519c5499994d4e094e84c3dd87ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.  «Киелі мұрамызға тағзым» республикалық акциясы ел азаматтарын халықтың ұлттық санасының қалыптасуына маңызды элемент ретінде тарихи және мәдени ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелейтін, тарихи-мәдени мұраларымызды дәріптейтін маңызды іс-шаралардың бірі. Айтулы акцияға «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың, «Жас Отан»  жастар қанатының  белсенділері, журналистер мен  тарихшылар қатысты. Алматы облысы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерге тәу ету үшін жолға шыққан қауымға «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының төрағасы Бекқали Нұрғалиұлы Торғаев сәт-сапар тіледі. Сонымен бірге партия қатарына кірген бірнеше партия мүшелеріне партия билеттерін табыс етті.
Тарихи-мәдени ескерткіштеріміз бен мұражайларымыз ел тәуелсіздігінің басты белгісі. Кеңес заманында ел бастаған хандарымызды, бар өмірін ат үстінде өткізіп, ел қорғаған батырларымыз жайында өте аз білуші едік. Ата-баба ерлігі санадан өше бастаған сәтте тәуелсіздік таңы атып, өшкеніміз қайта жанғаны анық. Өткен тарихымызбен қайта қауышып, батырларымыздың ерлік пен өрлікке толы ерлік істерін кеңінен дәріптейтін күнге де қол жеткіздік. Тәуелсіздік жылдары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен еліміздің әр аймағында көптеген тарихи-мәдени ескерткіштерді тұрғызып, өткенге салауат айттық.
– Қазақ тарихының тамыры тым тереңде жатыр. Сондықтан біз өткенімізді толықтай ой елегінен өткізіп болдық деп айтуға әлі ерте. Алда әлі талай дүниелерді терең зерттеп, тарихи тұрғыдан өз бағамызды беруіміз керек. Алдағы уақытта тарихшы-ғалымдар зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізетініне сенімдімін. Әуезов аудандық партия филиалы да бұл істен шет қалмай Алматы қаласы іргесіндегі аудандардағы мұражайлар мен тарихи ескерткіштерге тәу етіп қайтуды жөн санап отырмыз, – деп аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Омаров Мұрат Сағатұлы  мырза  тілектестігін білдіріп, жол бастады.   «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының төрағасының  және кәсіпкер Омарова Айсұлу  Смаққызының   ақ тілектерінен кейін тарихи ескерткіштерге тағзым етуді көздеген «нұротандықтар» автобусқа мініп, Қарасай ауданын бетке алды.
111Мазасыз қала өмірінен мезі болған кезде тарихи-мәдени жорықтарға шығып, көңілді де, ойды да сергітіп тұрғанға не жетсін!.. 100-ге жуық  адамның арасынан әртүрлі маман иелерін табуға болады. Олардың басын ел тарихын танып-білуге деген ізгі мақсат топтастырғаны байқалып тұрды. Аудандағы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қаладан шыға бере құйқылжытып әнге басқанда, көпшілік қауым ілесе шырқады. Бұдан кейін ән шырқау эстафетаға айналып, аудандағы бастауыш партия ұйымдарының өкілдері кезек-кезегімен ән салғанына куә болдық. Осылайша әсем әнге елтіп отырып, Қаскелең қаласына кіреберістегі Наурызбай батыр ескерткішіне қалай жеткенімізді білмей қалдық. Батыр баба ескерткішіне «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров гүл шоғын қойып, тағзым етті. Ескерткіш барысында сөз алған партия белсенділері мұндай іс-шаралар жастардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыратынын айтты. Осы ретте Алматы қаласындағы партия белсенділерін «Нұр Отан» партиясы  Қарасай және Жамбыл аудандық филиалының қызметкерлері ерекше ықыласпен күтіп алғанын айта кетуіміз керек. Қарасай аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Кикемова Қарлығаш Шүленбайқызы, Ұзынағаш аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балтабек Базарбекұлы мен аудандық газеттің бас редакторы Өтесін Құбиев және қарт ардагерлер, мәслихат депутаттары қарсы алды. Бұдан кейін Қарасай ауданындағы «нұротандықтар» әріптестерін Қаскелең қаласындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайына қарай бастады. Мұражайда көпшілікті Елбасының ұстазы Сейітхан Исаев қарсы алып, Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы жайында әңгімелеп берді. Мұражайды тамашалаған көпшілік Елбасының балалық шағынан тәуелсіз Қазақстанның Президентіне дейінгі аралықтағы тынымсыз еңбегі жайында ғибратты мәлімет алды. Өз кезегінде көпшілік қауым Нұрсұлтан Назарбаев отырып тәлім алған парта мен өзге де тарихи құнды экспонаттар жанында суретке түсті. Бұдан кейін тарихи-мәдени саяхат Жамбыл ауданындағы Сүйінбай Аронұлы мен Жамбыл Жабаевтың мұражайында жалғасын тапты. Қос ақынның мұражайын армансыз аралаған алматылықтар алдағы уақытта қаланың іргесіндегі тарихи-мәдени ескерткіштерге балаларын ертіп әкеліп көрсететіндерін айтып, қауқылдасып жатты. Осылайша тарихи танымды жаңғыртуға бағытталған жорық түйінделді. Кеш соңында Мұрат Омаров Астананың 16-жылдық мерейтойына арналған  «Киелі мұрамызға тағзым» тарихи-мәдени экскурсияға  қатысқан азаматтарға  мақтау қағаздарын тапсырып, құрмет көрсетті.

Жеңісгүл САТАЕВА

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

3 пікір

  1. Best Price Generic Cialis viagra Metronidazole 200mg For Dogs

  2. KenntupeTror :

    Otc Amoxicillin buy cialis Cialis Achat Avis

  3. Kelchoolo :

    Finasteride Propecia Generica Y Sin Receta online pharmacy No Prescription Atomoxetine

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


− 3 = 3

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>