Интернет арқылы балаға қандай қауіп төнеді?

интернетҚандай да бір баннерді кездейсоқ баса қалсаң немесе қандай да бір сілтемеге кірсең, өте арсыз және қауіпті небір сайттарға тап боласың. Бүгінгі таңда жастар арасында белең алған келеңсіздіктердің бастауы да – осылар.
Мұндай сайттарға кіруге тыйым салынған.
АЙНАЛАЙЫН, ЖАС ҰРПАҚ!
Олар үшін сендердің миларыңды жаулап алу түк емес.
Осыны ұмытпаңдар!!!

Порнография
Ар-ұяттан жұрдай, дөрекі де құсқың келетін көріністер. Тазалық пен құпиялық, адалдық пен тұрақтылық, сүю мен күю тәрізді шынайы эмоциялық сезімдерді өлтіріп, табиғи дамуды тежейді, адами қасиеттерді өлтіреді.

Депрессияға түскен жастар ағымы
Бұл ағымдағы жастардың небір суреттері мен іс-әрекеттері, сөздері интернетті жаулап алған. Оны оқыған, көрген бала денедегі тыртық немесе татуаж – ең көрікті сән үлгісі, ал суицид – бар болғаны мәселеден құтылып, тығырықтан шығу жолы деп сенеді.
Секта
Виртуалды сұхбаттасушы бала санасына еніп, ой-пікіріне, өмірге деген көзқарасына ықпал етіп, өз соңынан ертуі оп-оңай.

Танысу сайттары, әлеуметтік желілер, блогтар мен чаттар
Виртуалды қарым-қаты-нас адам бойындағы шынайы, реалды қарым-қатынас қабілетінжояды, бала кезден бойымызға сіңген табиғи және коммуникативті білімді «өлтіреді».

Нашақорлық
Интернетте анаша, мари-хуананың «пайдасы» туралы небір жаңалықтардан көз сүрінеді. «Шөпті» қалай дайындап, қалай пайдалану туралы кеңестері арқылы көптеген наркотоптар өздері-нің түпкі арам пиғылдарын жүзеге асырып отыр.

Экстремизм, фашизм
Діни экстремистік ағым-дар өз қатарларына жастарды тартып, көбею үшін интернеттің бар мүмкіндігін барынша пайдалануда.

Еңлік Бақытқызы

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

2 694 комментария