Табиғат жаратылысына іріткі түсті

111Ел болып етек жеңімізді енді жия берген тұста мәдени-қоғамымызда бірнеше былықтың басы қылтия бастады. Батысқа еліктеудің әбден шынар құзына жеткен жастарымыз сұмдық әрекеттерге бой алдыруда. Қыздан қылық, ұлдан ұят кетті. Бәлкім, нағыз «тойып секіру» дегеніміз осы болса керек… Аллах Тағала «Ақиқатты танып білсін, ғылым-білім үйренсін, ізгілікті іс қылсын» — деп пендесіне пейіл мен ес берді. Ал кей жастарымыз сол есті қайда жұмсап жүр?… Қоғамда орын алып жатқан көгілдір, лесьбианка, трансвистит сынды арсыздықты қалай ауыздықтауға болады?!
Бұл – жазылмай жүрген жаңалық, айтылмай жүрген әңгiме емес. Әйтсе де, қозғаушысы бар да, қорытындысы жоқ дүние болып отыр. Аузы бар айта алатын, тәртiбi бар тәрбиелей алатын, қолы бар қорғана алатын қоғам бесiгiнiң берекесiне, ошағының отына жауапты жандарымыз үнсіздік танытуда. Дінді де шеңберлеп жатқан тұста неліктен көгілдерлер әлеміне қол сұғылмай жатқаны таңқалдырды. Әлде «Өлетініне үш күн қалғанда ғана қозғалатын» қазақы қағидамен әбден ушыққанда ғана қарсы әрекетке көшеміз бе? Осы тұрғыда «Апам да аң-таң, мен де аң таң…» күй кешіп жүрміз…
Психотерапевттердің сөзіне сүйенсек мұндай жыныстық ауытқушылықтарға бой алдыру туа пайда болса – ауру, ал жүре пайда болса азғындыққа, нәпсіқұмарлыққа жатқызуға болады. Негізінен 20 мен 25 жас аралығындағы жастар көбіне осындай әрекеттердің құрбаны болады екен.
Бір жынысты махаббатты заңдастырып, неке қиюға рұқсат берген Ұлыбритания, Нидерланды секілді елдерден «тәрбие», «үлгі» алуға әуес біздің гейлердің соңғы кездері қоғамда жасырын түрде өзара некеге тұрып, отау құра бастауы көптеп көрініс бере бастады. Ең қызығы, гейлердің ішінде интеллекті жоғары дәрежеге көтерілген білімді, әдепті, зиялы жігіттер көп. Оған дәлел ретінде тіпті артына із қалдыра білген өнегелі адамдарды да тарихтан білеміз. Бүгінгі күні мектептегі ағай мұғалімдердің аздығын, жалғызбасты аналардың көптігін ескерсек, қайда барса әйел тәрбиесін көріп, қызтекелік өмірді таңдаған гомосексуалистерді ақтап алғысы келетіндер де жоқ емес.

333Олар есіріп барады…

КТК телеарнасындағы «Давай, поженимся» бағдарламасының кезекті бір шығарылымында көгілдір жігіт қонаққа келіп, өзінің ойымен бөлісіп, қызтеке екенін кәдімгідей мақтанышпен баяндап, гейлер өмірін жарнамалап кеткен болатын. Бағдарлама жүргізушілері де оны қолдап «көпшікті аямай қойды». Прайм-тайм уақытта барша қазақ тамашалайтын бағдарламаның жастарға беріп жатқан тәрбиесін ары қарай өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз…
Қазақстанда қонақта болған Еуропаға танымал чехиялық режиссер Петер Серж Бутко «Алматының қызтекелері» атты деректі фильм түсіріп кеткен болатын. «Боратқа» «серік» табылды дей беріңіз. Одан бөлек тіпті отандық кино өнімдердің өзінен-ақ (атын атап түсін түстемей-ақ қоялық) зинақор әке, безбүйрек бала, бейәдеп әйел, ақымақ әже, қарындасымен көңілдес аға образдарымен әбден таныс болып жүрген жоқпыз ба?! Рас, мүмкін біз білмейтін қоғамның көлеңке тұстары сондай шығар?! Алайда, кино таза өмірді суреттемей, керісінше адамға рухани азық болатын тәрбиенің бастауы емес пе?!
Өткен жылы көгілдір атанып жүрген ресейлік әншілер елімізге гастрольдік сапармен келгенін білесіздер. Концерттерін Алматы, Астана қалаларында дүркіретіп тұрып өткізіп кетті. Ал Петропавл қаласына барған кезінде мешіт имамдары қала әкімшілігіне өтініш хат жазып, концертін қойдырмаған болатын. Жастарымыздың басым көпшілігі астаналарымызда екенін ескерсек, әншілерге еліктеушілердің қатары көбейіп кетпесіне кім кепіл?!

222Сандарды сөйлетсек…

Лесбиянка, гей, бисексуалдар мен трансгендер құқығының қорғалуын және іс-әрекеттерінің заңдасуын талап етіп, шеру ұйымдастыру әдетке айналды. 2002 жылы Кельн қаласында өткен шеруге 1,2 миллион адам қатысса, 2005 жылы Сан Паулуда өткен гейлер шеруіне 2 миллион адам атсалысқан. Осы сияқты тағы бір шеру 2009 жылы қазан айында АҚШ-та өтіп, біржыныстылар арасындағы некені заңдастыруды Ақ үй мен Капитолий әкімшілігінен қатаң талап етті. Нәтижесінде Ақ үй басшысы Барак Обама бұларға еркіндік беру жайлы мәселе көтеруге мәжбүр болды. Рига қаласында өткен қызтекелер мен лесбиянкалар, траннссексуалдардың 650 адам қатысқан 8-ші шеруінде біздің көк Ту желбіреп кетіп бара жатқанын да көрдіңіздер. Бұл қазақстандық қызтекелердің халықаралық аренада жоғары мәртебеге қол жеткізуінің белгісі. Алматыда оншақты, Астанада үш гей клубы ресми түрде тіркелген және Қарағанды сияқты бірнеше облыс орталықтарында бар. Қазір бұлардың қатары күн санап артып келеді. 2005 жылы еліміздегі тәртібінен тін кеткендер (лесбиянка, гей, трансгендер) бірігіп Алматы да қоғамдық ұйып құрып, оны заңды түрде тіркеуден өткізді. 2005 жылы еліміздегі гомиктер саны 112 мың болса, 2009 жылы 209 мыңға жеткен. Тек Астананың өзінде 2400 гей бар екен.

Үмбетке өсиет…

Пайғамбарымыздың хадис шәрифтерінде: «Қылықтары еркекке ұқсайтын әйелге және әйелге ұқсайтын еркекке лағынет болсын!» (Бұхари) деген. Ол аз десеңіз, «Еркекке ұқсауға тырысатын әйел және әйелге ұқсауға тырысатын еркек менің үмметімнен емес!» (Имам Ахмед) деген тағы бар. Ислам ұғымында ер адам өз жынысынан шыққан ер адаммен жыныстық қатынас жасауға ұмылған сәтте, бүкіл ғарыш қорқыныштан дірілдейді екен деген түсінік бар. Ал періштелер болса, Алла Тағала күнәһар пенделердің жаман ісіне қаһарланып, ғарышты жарып жіберер деп қатты шошып, қиналады екен. Біле білсек, қазіргі гомосексуализм дегеніміз осындай зор күнә. Сондықтан да бүгінде мұражай жәдігерлеріндей азайып бара жатқан жауырыны қақпақтай, мінезі салмақты, тепсе темір үзетін, бірсөзді, намысты жігіттеріміз бен қылықты қыздарымызды азғын қауымды жайлаған азғындықтан аулақ болсын деп тілейік! Ұлтымызды рухани мешелдікке душар болудан сақтау сіз бен біздің ортақ парызымыз.

Айдана АЛАМАН

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

3 пікір

  1. Меруерт :

    Әрбір саналы адам қоғамның осы дертінен ұрпағын аман сақтау керек. . .
    Айналдырған аз ғана уақыт ішінде әбден азғындап біттік аууу ((((

  2. Багдат :

    Оның бәрі политика әдейі жасалып отырған нәрсе. Жер бетінде тепе-теңдікті сақтау үшін жер бетінде халық кобеймес үшін жасалып отыр. Казактың санын көбейту керек дейміз біз қазақ халқы онсызда аз халықпыз сонда қалай көбейеміз. Билік неліктен осымен күреспей бейжай қарап отыр. Осыған нүкте коятын билік қашан келеді. Кеш болмай тұрғанда токтату керек бұл бей-берекетсіздікты

  3. Иззетқожа :

    Асалоумаликом осы жазғанымды оқып отырған оқырмандар, егер адам балсы өзі білми істегені кешіріледі, ал біле тура коре тура істегендеі кешірүге лайықты емес. Сондықтанда Аллахтың алдында күнасіз, иманды болып жыйылайық. Ар-намыссыз болып, ақыл-оисыз болып, сана-сезімі пəс ои түисігі жоқ болып қосылғанша. Барша мусылман баласының коңіліне иман берсін Алхамдулилаһ.

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


1 + 5 =

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>