«Галактика сақшылары» қазақша сөйледі

Алматыда «Болашақ» қауымдастығы және «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанатының тікелей қолдауымен қазақ тіліне аударылған «Галактика сақшылары» блокбастерінің тұсаукесері өтті.
Marvel студиясының бұл өнімін дубляждауға «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» демеушілік көрсеткен. Бұл айтулы шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен «Болашақ» қауымдастығының өкілдері және өнер жұлдыздары қатысты. Салтанатты тұсаукесер рәсіміне арнайы келген партия өкілі осымен тоғызыншы фильмді қазақ тіліне аударған болашақтықтардың жұмысына ерекше тоқталып өтті.

«Болашақ» қауымдастығы осымен төртінші жыл қатарынан «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Голливуд кинокомпанияларының үздік деген фильмдерін қазақшаға аударып келеді. Бұл жобаның бір ерекшелігі – туынды тікелей ағылшын тілінен аударылады. Шетелде оқып, жаңа технологияның қыр-сырын меңгерген жастарымыз бүгінде еліміздің ұлттық мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосып жатыр. Елбасы білім мен ғылым ел болашағының кепілі екенін жиі айтады. Расымен де, біз жаңа технологияларды меңгеру арқылы, өзіміздің төл мәдениетіміз арқылы әлемге таныла аламыз. Ал ол үшін бізге тіліміздің қолдану аясын кеңейту қажет. Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясында айтқанындай, 11 жылдан кейін халықтың 95 пайызы қазақ тілінде сөйлеуі керек. Оған жету үшін тек мемлекет қана күш салып қоймай, барша қоғам жұмыла атсалысуы керек. Сол себепті, «Болашақ» қауымдастығы осы жобаны жасаған кезде «Өзіңнен баста» деген ұстанымды басшылыққа алуда. Бұл орайда Елбасының саясаты арқасында тілге қатысты біраз кешенді шаралар да атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, соңғы 8 жылдың ішінде қазақтілді балабақшалардың саны 4 есе өскен. Қазір мектепте 2,5 миллион бала оқыса, оның 1,6 миллионы қазақ тілінде сабақ алады. Бұл – орта есеппен алғанда 64 пайыз. Бұл – үлкен жетістік», — деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Партия тарапынан атқарылып жатқан игілікті істерге тоқталып өткен Б.Байбек: «Нұр Отан» партиясы төл мәдениетімізді дамыту мақсатында «Қазақстан Барысы», Бүркітшілер фестивалі, Айтыс, Көкпар сынды ірі жоба-ларға қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ фильмдерді қазақ тіліне аударуға кіріскен «Болашақ» қауымдастығының бастамасына да партия өз тарапынан қолдау көрсетуде. Өйткені «Нұр Отан» партиясының доктринасында қазақ тілін, мәдениетін, дәстүрін дамытуға ерекше мән берілген. Нәтижесінде, Уилл Смит, Джонни Депп, Анджелина Джоли сынды Голливуд актерлері қазақша сөйлеп жатыр. Мұны үлкен жетістік деп білемін. Бүгін көрерменге жол тартқалы отырған «Галактика сақшылары» – Голливудтың ең үздік туындысы. Бұл фильмнің қазақ тіліндегі алғашқы көрсетілімі еліміздің барлық аймақ-тарында тегін көрсетіліп жатыр. Мен көпшілікті озық технологиямен дайындалған бұл блокбастерді қазақ тілінде тамашалуға шақырамын» деп көпшілікті қазақша туындыны тамашалауға шақырды.
Тұсаукесер барысында қазақша аударылған фильмдердің кинотеатрларда ыңғайлы уақыттарға қойылмайтынын да тілге тиек етті. «Бұл тікелей өзімізге, көрермендерге байланысты. Сондықтан да біз балалары-мызды қазақ тіліндегі фильмдерге апарауымыз керек. Егер адамдар көп барып, сұраныс артатын болса, қазақ тіліне аударылған фильмдер ыңғайлы уақытқа қойылатын болады. Сондықтан біз жүрген жерімізде көпшілікті қазақ тіліндегі фильмдерді көруге үгіттеуіміз керек. Сол мақсатта бүгінгі көрсетілімге Мақпал Исабекова, Алмас Кішкенбаев және «Ринго» тобын арнайы шақырып отырмыз. Олар да әлеуметтік желі арқылы көпшілікті бұл туындыны қазақ тілінде тамашалауға шақырып, насихатын арттырады деген үміттемін» деді Бауыржан Қыдырғалиұлы.
Ал дубляжға қатыстырылған актерлеріміз өздерінің әрбір сөзді сараптан өткізіп, сапаға ерекше мән бере отырып жұмыс істегенін айтты. «Көпшілік дубляжды мәнерлеп оқу деп түсінеді. Бірақ бұл – қате түсінік. Өйткені ағылшын тілі орыс тілінен екі есе жылдам. Ал орыс тілі болса, қазақ тілінен екі есе жылдамырақ. Сондықтан да кейде фильмнің үш секунды 4 сағат уақытымызды алған кездер де болды. Оның үстіне біз мәтінді оқығанда, көріністі көрмейміз. Шын айтсақ, бұл картинаны енді тамашалағалы отырмыз» деді дубляж актерлері.
333Ал енді кинотуындының өзіне тоқталайық. Фильмді қазақ тілінде тамашалауға балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары да арнайы шақырылыпты. Комедиялық фэнтези жанрында түсірілген туындының қазақша нұсқасы бүлдіршіндеріміздің көңілінен шыққан секілді. Жалпы, Жұлдызды Лорд, Гамора, Ракет, Крут, Дракс сынды кейіпкерлердің әрбір қазақша айтылған сөзі көрермендерді бей-жай қалдырмағанын олардың күл-кісінен аңғардық. Яғни дубляж сапасы өз деңгейінде. Аударма кейіпкерлердің іс-қимылына дөп түскен. Дыбыстың көріністен қалып қойып немесе озып кетіп жатқан тұстарын байқамадық. Бұл орайда қазақ актерлерінің жұмысы да көңілден шыққанын айта кету керек. Бас кейіпкерлерді дыбыстаған Тимур Пиязов, Ержан Жарылқасынов, Гүлназ Әуесбаева, Руслан Сеңкебаев, Бейбіт Қамаранов, Бауыржан Қаптағай секілді актерлеріміздің дауысы кейіпкерлер образына толықтай үйлеседі.
Аудармашылар бүгінде жастарымыз жиі пайдаланатын сленг сөздерді де сәтті қазақшалаған екен. Бізге берген бір сұхбатында дубляж режиссері Тимур Балымбетов қазақ тілінде сленг сөздердің сирек қолданылатынын, сол орайда ол сөздерге қазақша баламасын табу қиынға соққанын айтқан еді. Сондай-ақ жас режиссер бұл сөздерге алғашқыда құлақ үйренбеуі мүмкін екенін де ескерткен. Десе де аударма көңілден шықты. «Кейбір эпизодтарда қазақ тіліндегі дубляж түпнұсқадағы мәтіннен де жақсы шықты. Біздің жоба жастар назарына ілікті және қазақ тілін дәріптеуге септігін тигізді. Қазірдің өзінде қазақ тіліндегі трейлерді көрген интернет-пайдаланушылар біздің фильмнен алған сөйлемдерді өз сөздерінде қолданып жүр» дейді режиссер. Жалпы, «адамды жылату оңай, күлдіру қиын» деп жатады. Ал көрерменге фильм мазмұнын қазақша жеткізе отырып күлдіру одан да қиынырақ. Сол тұрғыдан алғанда, тіл жанашырларының бұл жұмысы жоғары бағаға лайық. Тіл жанашырларының жұмысы жұлдыздарымыздың да көңілінен шығыпты.

222Алмас Кішкенбаев, әнші:
– Ең бастысы, ойымнан шықты! Қазақтілді голливуд фильмін алғаш та-машалап отырмын. Аударма ұнады. Қазақ тілінде дубляж өте сапалы жасалған. Фильмнің дубляжы бүкіләлемдік беделді студияда жазылып, өңделген. Сол себептен менің елімде дәл осындай сапалы дубляждалған фильмнің көрсетіліп жатқанына қуаныштымын және барлығын дәл осы фильмді көруге шақырамын.

 111«Ринго» тобы:
– Қазақ тілінде көрген фильмдерімнен тек «Менің атым Қожа» фильмі ғана есімізде қалыпты. Ұзақ уақыттан бері қазақ тілінде кино көрмеген едік. Мұны соңғы 10-15 жылдан кейін көріп тұрған фильміміз десек де болады. Біздің көңілімізден шықты. Өте қызықты болды. Соңғы кезде анонстардан көріп жүрген жақсы фильмдердің қазақ тілінде шығуына тілектеспіз. Егер мұндай кинолардың қатары көбейетін болса, міндетті түрде тек соларды тамашалауға баратын боламыз. Барша жұртты осындай қазақ тіліндегі тамаша фильмді көруге шақырамыз.
Залдан шыққан көрермендердің көңіл күйінен комедияның сәтті ау-дарылғанын, толық көңілдерінен шыққанын аңғаруға болатын еді. Мұны болашақтықтардың, қазақ тілінің жеңісі деп білеміз.

Сабина ЗӘКІРЖАНҚЫЗЫ

«Ақжүніс-Астана» журналы

Сайтымыздың жаңа мақалаларына жазылыңыз

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

3 пікір

  1. Prednisolone Over The Counter online pharmacy Cephalexin 11 Pound Puppy

  2. best online casinos for video poker
    online casino for us players
    online casino software vegas technology

  3. cheap levitra in uk
    vardenafil
    buy cheap generic levitra online

Пікір жазу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*


− 5 = 3

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>